Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы «_10_» наурыздағы
№ 61 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
2017 - 2021 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы
Мемлекеттік органның миссиясы: мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.
Мемлекеттік органның пайымы: халықтың қажеттілігіне сай келетін тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі.
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару
1-стратегиялық бағыт. 1. Халықтың денсаулығын нығайту
Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлемнің дамыған
30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі «Қазақстан − 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының басты мақсатына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі заманауи және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру арқылы азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған.
2015 жылы Қазақстн Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аяқталды. Оның негізгі жетістігі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72-ге дейін жоғарылату (2014 жыл – 71,45, 2013 жыл – 70,85), жалпы өлім-жітім көрсеткішін 1000 халыққа шаққанда 7,48-ге (2014 жыл – 7,57, 2013 жылда – 7,98) дейін төмендету болды.
2017 жылғы деректер бойынша халықтың жалпы өлімі 1000 адамға 7,15 құрады.
Халықтың туу кезінде күтілетін өмір сүру ұзақтығы
Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Өлім – жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылатын қан айналымы жүйесі ауруларын (бұдан әрі-ҚЖА) белсенді анықтау нәтижесінде ҚЖА сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2016 жылы 2413,0-ден 2017 жылы 2595,7-ге дейін ұлғайды (2015ж. -2429,7). Жүргізілген жұмыстың нәтижесі ҚЖА – дан өлім-жітімді 2015 жылы 193,8-ден 2016 жылы 178,9-ға дейін, 2017 жылы 174,8-ге дейін төмендету болып табылады.
Өлім себептерінің құрылымында екінші орында қатерлі ісіктер болып табылады. 2016 жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің 100 мың тұрғынға шаққанда 199,1 – ден 2017 жылы 197,9-ға дейін (2015 жылы-207,7) төмендегені байқалады.
Республиканың барлық өңірлерінде кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтерді құру халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. 2017 жылы республикада 87,9 мыңнан астам кардиохирургиялық операциялар мен интервенциялық араласу жүргізілді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,4% – ға көп – 85,0 мың (2015 ж. - 75,0 мың). Алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын асқынулар мен өлім-жітім деңгейін айтарлықтай төмендетті, бұл толыққанды еңбекке және белсенді өмір сүруге қайтарылған науқастар санының өсуіне алып келді.
Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, химиопрепараттармен қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар қатерлі ісіктерден өлім-жітім көрсеткіштерін 2015 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 92,0-дан 2016 жылы 88,16-ға дейін және 2017 жылы 83,9-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Үшінші орында аурушаңдық, уақытша еңбекке жарамсыздық және өлім құрылымында, сондай-ақ мүгедектікке алғашқы шығу бойынша жарақаттану қалып отыр. Жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі – ЖКО) өлім-жітімді азайту жөніндегі Ведомствоаралық шаралар шеңберінде, оның ішінде ЖКО-да зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету жүйесі жетілдірілді – Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 40 ауданаралық травматологиялық бөлімше ұйымдастырылды, олар қазіргі заманғы диагностикалық және емдеу құралдарымен жабдықталған. Нәтижесінде жазатайым оқиғалар мен жарақаттардан өлім 100 мың адамға шаққанда 2015 жылы 82,04-тен 2016 жылы 75,05-ке дейін, 2017 жылы 69,4-ке дейін төмендеді.
Әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсартуға, оның ішінде аурулардың алдын алуға, ерте анықтауға және оларды сауықтыруға бағытталған іс-шаралар жалғасуда.
2016 жылдың қорытындысы бойынша нәресте өлімінің көрсеткіші 8,3% – ға төмендеп, 1000 тірі туылғандарға шаққанда 8,59 құрады (2015 жылы-9,37), 2017 жылы 7,93 құрады.
Алайда 2016 жылдың қорытындысы бойынша ана өлім – жітімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 12,7 құрады (2015 жылы-12,5), 2017 жылы 12,5 құрады.
Халықтың жұқпалы және паразиттік аурулармен сырқаттанушылық көрсеткіші 2017 жылдың қорытындысы бойынша 100 мың тұрғынға 315,9 көрсеткіштен аспайды және 100 мың адамға шаққанда 311,26 құрады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша жедел ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық көрсеткіші 4% – ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 66,3 құрады (2016 жылы – 69,13, 2015 жылы – 75,86) ротавирустық энтерит 7,3% – ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 8,36 құрады (2016 жылы – 9,02, 2015 жылы – 9,49), қызылша 61,5 есе төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 0,01 құрады (2016 жылы – 0,69, 2015 жылы-13,34), кене вирустық энцефалит 31,8 % - ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 0,19 құрады (2016 жыл - 0,27, 2015 жылы – 0,23), тері лейшманиозы 27,4% - ға өсіп, 100 мың адамға 0,74 құрады. (2016 жылы – 1,01, 2015 жылы – 0,14), тұмаумен 17,82%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға 10,17 құрады (2016 жылы – 12,28, 2015 жылы – 6,87), энтеробиозбен 12,7%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға 61,14 құрады (2016 жылы – 70,02, 2015 жылы – 66,54), сальмонеллезбен 9,2%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға 6,18 құрады (2016 жылы – 6,85, 2015 жылы-7,87).
Республикада туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйінде қалып отыр, осылайша, туберкулезден сырқаттану мен өлім-жітім 2015 жылы 58,5-тен 2016 жылы 52,7-ге дейін және 2015 жылы 4,1-ден 2016 жылы 100 мың тұрғынға 3,4-ке дейін төмендеді, 2017 жылдың қорытындысы бойынша сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға тиісінше 52,7 және 3,0 құрады. Сонымен қатар, Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – БЖИ) 2016-2017 жылдарға арналған есебіне сәйкес «туберкулездің таралуы» («Tuberculosis incidence») факторы бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша өз жағдайын 2015 жылмен салыстырғанда 11 позицияға жақсартты (140 елден 101-орын) және 138 елдің ішінде 90-орын алды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі-ДДҰ) деректері бойынша Қазақстан АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің шоғырланған сатысында тұр (халықтың 0,16%, орташа әлемдік көрсеткіш – 1,1%, Қазақстан Республикасы жататын Шығыс өңірде – 0,8). Өткен 2017 жылы халық арасында АИТВ таралуы 0,2-0,6 шегінде қалады және 0,2% құрайды (2016 жылы – 0,196, 2015 жылы – 0,18%). Елімізде халықтың осал топтары арасында профилактикалық бағдарламалар табысты іске асырылуда. Мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі ДДҰ ұсынған және БҰҰ-ның ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (UNAIDS), инъекциялық есірткіні қолданатын тұлғаларға арналған «зиянды төмендету стратегиясы» іс-шаралары болды.
Халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын сақтауда қант диабеті маңызды рөл атқарады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша скринингтік тексерулер жүргізу барысында анықталуды жақсарту нәтижесінде 2015 жылмен салыстырғанда қант диабетімен сырқаттану 16% – ға артып, 2016 жылы 200,3 құрады (2015 жылы-100 мың тұрғынға 172,7), 2017 жылы 100 мың тұрғынға 204,2 құрады. Науқастар қант диабеті бар науқастар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемін (бұдан әрі – ТМККК).
Жоғарыда көрсетілген оң өзгерістерге өлім-жітімнің негізгі себептері болып табылатын аурулардың алдын алуға, ерте анықтауға және емдеуге бағытталған кешенді шаралар айтарлықтай ықпалын тигізді (қанайналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар, бала өлім-жітімі).
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді.
Кәсіпкерлік субьектінің әкімшілік кедергілерін қысқарту мақсатында Заң шеңберінде ерекше тәртіппен өткізілетін ХАССП («Hazard Analysis and Critical Control Points» (HACCP) жүйесін (қауіпті факторларды талдау және бақылаудың сыни нүктелері) тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында енгізген кезде, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің қорытындылары бойынша оң нәтижелерін алу кезінде эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді тексерулерден босату көзделген.
ХАССП жүйесін енгізу және аудиттің оң нәтижелері объектінің тәуекел дәрежесін бағалауға ықпал ететін болады және сәйкесінше объектіні ерекше тәртіппен өткізілетін тексерулерден босату өлшемшарт болады.
Жалпы республика бойынша 2017 жылғы 1 маусымға хабарлау тәртібі бойынша 32 заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит қызметін бастады.
Бұдан басқа, Заңға сәйкес, бақылаудағы объектілердің жалпы санынан 56,0% құрайтын эпидемиялық маңыздылығы едәуір объектілер ерекше тәртіппен өткізілетін тексерулерден толығымен алынды және қызметін жүзеге асырудың басталуы туралы хабарландыру сипатына ауысты.
Республиканың ішкі нарығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарының сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімді өткізу сатысында оны іріктеу жолымен өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіледі.
Сондай-ақ, әкелінген өнім мен берілген, тіркелген, әкелінген өнімге сәйкестігін растау бойынша мойындалған құжаттардың арасындағы мәліметтерді салыстыруды талдау негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарының бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін камералды бақылау жүргізіледі.
Өнімнің қауіпсіздігі мониторингінің қорытындысы бойынша 2017 жылы 42 540 өнім сынамалары іріктеліп алынды және зерттеу жүргізілді (2015 жылы – 15151, 2016 жылы – 40796), оның ішінде Техникалық регламенттердің тиісті емес талаптары анықталған – 4392 сынама немесе 10,3% (2015 жылы – 3934, 2016 жылы – 5872). Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 1300 нұсқама міндетті түрде бұзушылықтарды жою тәртібін түсіндіре отырып, берілді (2015 жылы – 1326, 2016 жылы – 1791).
Ұйғарымды уақытылы немесе тиісінше орындамағаны үшін 308 әкімшілік материал сот органдарына жіберілді және іс қозғалды.
14,5 млн. теңге сомасының сәйкес келмейтін 79,7 тонна өнімі сатылымнан алынды.
Камералды бақылау шеңберінде сыртқы экономикалық қызметтің 84 қатысушысына қатысты талдау жүргізілді, оларға 31958 мың тауар позициясын (ойыншықтар, тамақ өнімдері, көлік құралдарының компоненттері) мәлімдеді, оның ішінде сәйкестікті растау рәсімдері өткен деректер базасында барлығы 468 құжат болды.
Ұйғарымдарды орындамағаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың 20-на қатысты материалдар әкімшілік сотқа берілді, бүгінгі күні оның 14-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 14 шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі уақытша тоқтататылды.
Халықтың хабардар болуы үшін Министрлік: тыйым салынған және қауіпті өнімдердің, сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін, жосықсыз сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының тізілімін жүргізуде.
2017 жылдан бастап өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде өнімді өткізу сатысында техникалық регламенттер талаптарының сақталуына бақылау жүргізу жалғасуда, сондай-ақ бақылау көтерме және бөлшек сауда объектілерін тексеру шеңберінде жүргізілді.
Құзыреті шегінде, Министрлік Кеден одағының 14 техникалық регламент талаптарының сақталуын бақылауды толық жүзеге асырады, оның ішінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде – 8, парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі – 1, жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі – 1, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі – 1, қаптаманың қауіпсіздігі – 1, балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі – 2. Басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып, Кеден одағының тағы 15 техникалық регламентін бақылау жүзеге асырылады.
«Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру зерттеу мониторингін жүргізе отырып, йодталған ас тұзын және йод қосындыларымен байытылған басқа да тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау жолымен жүзеге асырылуда.
Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен бастап, Министрлік Қазақстандағы байланыс нүктесі - Кодекс ретінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Алиментариус Кодексі комиссиясымен және басқа да халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту тәсілдерін жүйелендіру бойынша жұмысты жалғастыруда.
2016 жылы ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі Дүниежүзілік банк (бұдан әрі –ДБ) және ДДҰ сарапшыларының ұсынымдары негізінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру бойынша жұмыс басталды, ол халықаралық тәжірибеге сәйкес инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды басқару бойынша, денсаулық сақтауды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қалыптастыру функцияларды біріктіреді.
Осылайша, аталған уақытта қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру мүдделі орталық мемлекеттік органдар арасында шеңберінде азаматтардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы өкілеттіктердің ара-жігін ажырату бойынша мәселесі пысықтауда.
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік органдардың арасындағы халықтың эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 222 бұйрығы бекітілді.
Пилоттық жоба шеңберінде Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы базасында қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту бөлімшесі ашылды.
2016 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі –Мемлекеттік бағдарлама) іске асыру басталды, ол денсаулық сақтау саласында ЭЫДҰ елдерінің стандарттарын кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарлама алдыңғы мемлекеттік бағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында (бұдан әрі – Стратжоспар 2025) көзделген міндеттерді іске асыруға бағытталған.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) деңгейінде негізгі аурулардың басымдығын және оларды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізіледі. АББ пациентпен әлеуметтік келісім шарт жасасу негізінде дербестендірілген уақытылы есеп, профилактика және білікті медициналық көмек көрсету көзделеді. АББ 7 пилотты өңірдің 23 МСАК ұйымында (Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары) енгізіледі.
АББ қатысушылары және диспансерлік есепте тұрған адамдар үшін емханаларда кезектілікті азайту мақсатында амбулаториялық деңгейде мемлекет кепілдік берген дәрілік препараттарды алуға рецепт жазу тәртібі оңайлатылған. Мейіргер бірден 3 айға дейін дәрілік препараттарға (қымбат тұратын дәрі-дәрмектерді қоспағанда) бір рецепт жазады. Қазіргі таңда бұл тәртіп барлық МСАК ұйымдарында енгізілген.
Өлім-жітім құрылымының 50%-дан астамын қанайналым жүйесі, қатерлі ісіктер, жарақаттар, босандыру және балалар құрайды. Бұл ретте, аталған 5 ауру тобын емдеуге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі – ТМККК) бағытталған қаражаттың жартысынан көбі жұмсалады. Осы орайда, Мембағдарлама шеңберінде ауруларды емдеуге және елдегі демографиялық ахуалға айрықша әсер ететін жағдайға басым назар аударылады.
Осы мақсатта, медициналық көмек көрсетудің деңгейін бөлу мақсатында жоғарыда аталған 5 бағыт бойынша интеграцияланған модельді кезең-кезеңімен енгізу көзделген.
5 бағыт бойынша Үйлестіру кеңесі құрылды. 5 бағыттың әрқайсысы бойынша қызметтердің жағдайына – медициналық көмекті, кадрлық қамтамасыз етуді, материалдық-техникалық жабдықталуды ұйымдастыруға талдау жүргізілді, қызмет жағдайының анықталған проблемаларын шешу жолдары әзірленді.
Медициналық ұйымдарды өңірлендіру деңгейіне сәйкестендіру мақсатында өңірлендіру өлшемдері жетілдірілді, кадрлар мен медициналық техникаға қажеттілік анықталды, өңірлерге барып әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі, интеграцияланған модельді енгізу сапасын бағалау индикаторлары әзірленді, кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыс жүргізілді, 2017 жылы 247 медицина қызметкері оқытылды (2016 жыл -281).
Сондай-ақ 2016 жылы туберкулезге қарсы қызметте деңгейлес және сатылас интеграциялау жүргізілуде (барлық ҚР бойынша), психиатриялық қызметте (Павлодар, Қызылорда, ШҚО) пилоттық режимде жүргізіледі.
Тиімділікті және сапаны арттыру мақсатында Ұлттық скринингтік бағдарлама жетілдірілуде.
Скринингтік бағдарлама әрекет ету кезеңінде халықты ақпараттандыру барынша кеңейтілді. МСАК деңгейінде скринингтік тексеру жүргізуде айналысатын медицина персоналын жоспарлы оқыту нәтижесінде бағдарламаны әдістемелік қолдаумен барлық сатыларда халықтың мақсатты топтарына скрининг жүргізу сапасы жақсарды.
Жедел жәрдем медициналық көмектің екідеңгейлі моделін құру бойынша жұмыс басталды. 1-жергілікті деңгейде автоматтандырылған GPS-жүйесімен бірыңғай диспетчерлік қызмет енгізілуде. Оған облыстың санавиациясы, қалалардың, аудандардың және ауылдық округтердің жедел жәрдем станциясы кірді. Екінші республикалық деңгейде қызмет санавиация, телемедицина және бірінші деңгеймен интеграцияланған ақпараттық жүйені қамтитын болады.
1.2) Негізгі проблемаларды талдау
Медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң серпініне қарамастан, туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы төмен деңгейде қалып отыр және 2016 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 71,8 жылды құрады,бұл ұқсас табыс деңгейі бар елдерге қарағанда 3 жылға төмен.
Жыл сайын Қазақстанда қатерлі ісіктен шамамен 15 мың адам қайтыс болады, оның 42% – ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар. 2017 жылы обырдан 14812 адам қайтыс болды,оның 50,1 % - еңбекке жарамды жастағы адамдар.
ЖКО-да көше-жол желісінде 2 мыңнан астам адам қайтыс болады және 23 мыңнан астамы жарақат алады, бұл проблеманың ауқымдылығы мен маңыздылығын білдіреді.
Бұдан басқа, жүргізіліп жатқан кең ауқымды құрылысқа, «DOTS-плюс» туберкулезді емдеу бағдарламасының іске асырылуына қарамастан, туберкулездің таралуын эпидемиологиялық қадағалау, дәрілік төзімділікті дамыту және туберкулезден болатын өлім-жітім мәселелері өзекті болып қалуда. Қазақстандағы туберкулезбен сырқаттанушылық ТМД елдері арасында ең жоғары деңгейлердің бірі болып табылады.
Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында жүйелі шаралардың жүргізілуіне қарамастан, республикада ана мен нәресте өлім-жітімінің көрсеткіштері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірімен салыстырғанда әлі де жоғары.
Отбасын жоспарлау, халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жөніндегі жұмысты қоса алғанда, МСАК-тың жеткіліксіз профилактикалық бағыттылығы проблемалары сақталуда. Осымен қатар, денсаулық сақтаудың бірінші буынында жалпы дәрігерлік практика және тұрғындармен профилактикалық жұмыста денсаулық сақтайтын технологиялар нашар дамиды.
Шетелден аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларды әкелу қаупі бар.
Қарқынды дамып келе жатқан интеграциялық процесстер, тауарлардың, адамдар мен көлік құралардарының еркін қозғалысы Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде өршулері тіркелетін аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың әкеліну қаупіне байланысты эпидемиологиялық жағдайдың асқыну қаупін арттырады.
Аудиторлық оң қорытынды алған объектілерді тексерулерден анық босатудың нақты тетігінің жоқ болуы сыбайлас жемқорлық қаупін ғана емес, сонымен қатар эпидемиологиялық қауіпті де туғызады. Осыған байланысты, санитариялық-эпидемиологиялық аудитті реттейтін нормативтік құқықтық актілер қайта қаралатын болады.
2017-2018 жылдары ішінде «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» тақырыбындағы форумның ұсынымдары іске асырылатын болады, оның шеңберінде объектілердің, өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігіне қойылатын қайталайтын және сәйкес келмейтін талаптарды алып тастау мақсатында нормаларды талдауға жатқызылатын негізгі санитариялық қағидаларды қайта қарау жоспарлануда.
Стандарттар мен әдістемелердің болмауы салдарынан тұтынушылар үшін таңбалауда көрсетілген көптеген тамақ өнімдерінің (сүт өнімдері, шырындар, шұжық өнімдері және тағысын тағылар) құрамы бойынша түпнұсқалығын анықтау проблемасы бар. Әсіресе бұл проблема болып жатқан интеграциялық процесстер (Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру) шеңберінде өзекті.
1.3) Тәуекелдерді басқару
Мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
Техногенді және экологиялық апаттар (қасірет) салдарынан болған әртүрлі жарақаттар мен аурулардың (оның ішінде инфекциялық) жаппай дамуы
|
1. Қатердің басталуына байланысты денсаулық үшін салдарды жоюға бағытталған шаралар кешенін қолдану (медицина кадрларын жұмылдыру, дәрілік заттармен жабдықтау және т.б.)
2. Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық пункттер мен денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы жабдықтармен қосымша жарақтандыруға, сондай-ақ шұғыл стационарлық көмек көрсетудің қосымша көлеміне немесе бюджет қаражатын қайта бөлуге қаражаттың қажеттілігі туралы бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу
|
Шетелден аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларды әкелу қаупі
|
Мемлекеттік шекарадағы санитариялық-карантиндік пункттерде шетелден келетін азаматтарға, бақыланатын тауарларға, көлік құралдарына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру
|
Тұтыну нарығында сәйкес келмейтін өнімдерді (тауарларды) әкелу және сату
|
1. Өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнімнің сәйкестігін растау туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін мойындауға жүгінген өтініш берушілер туралы, кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатталығы саласындағы мемлекеттік органға ұсынған өнімнің сәйкестігін дәлелдеу ретінде ұсынатын сынақ нәтижелері туралы мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде камералық бақылау;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуын анықтау және алдын алу үшін өнімді (тауарларды) іріктеу және оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу.
2. Сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) әкелуді және сатуды шектеу бойынша уақытша санитариялық шаралар енгізу.
3. Сәйкес келмейтін өнімді (тауарларды) айналымнан алу
|
Қауіпсіз емес, сапасыз және жалған өнімді (тауарларды) өндіру және сату
|
Қауіпсіз емес, сапасыз және жалған өнімді (тауарларды) сатуды шектеу бойынша санитариялық шаралар енгізу.
|
2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
2.1) Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері
Халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар әсер етті. Тарифтік саясаттың ашықтығы қамтамасыз етілді,соның нәтижесінде ТМККК жеткізушілердің жалпы санындағы жеке сектордың үлесі едәуір артты.
Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында МСАК-ты басым түрде дамыту жалғасуда.
Бұл ретте республикалық бюджеттен қаржыландырылатын стационарлық және стационарды алмастыратын көмек қызметтерін жеке жеткізушілердің үлесі 2016 жылы 36,5% құрады, 2017 жылдың қорытындысы бойынша – 40,2% құрады.
Профилактиканы күшейтуде және халыққа медициналық көмек сапасын және қолжетімдігін жақсартуда МСАК ынталандыруды жоғарылатудың маңызды факторларының бірі ретінде жан басына шаққандағы ынталандыру компонентінің нормативін (бұдан әрі – ЖБЫКН) енгізу болып табылады. 2016 жылы ЖБЫКН қаржылары есебінен ынталдандыру барлық 456 емханада енгізілген, дәрігерлерде ЖБЫКН орташа сомасы – 55,7 мың теңге, орташа медициналық қызметкерлерде – 29,9 мың теңге құрайды.
Тұрақты қаржыландыру жоғары мамандандырылған медицианлық көмек көрсету мәселелері бойынша шетел клиникаларымен серіктестік өзара қатынастарды нығайтуды және облыстық деңгейде жоғары технологиялық медициналық қызметтер трансфертін жалғастыруға мүмкіндік берді.
Медициналық көмек көрсетудің міндеттемелері мен кепілдемелерін қамтамасыз етудің теңгерімді және тұрақты жүйесін құру үшін мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың ынтымақты қатысуына негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) енгізілуде.
Осыған байланысты, 2015 жылғы 16 қарашада «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.
Қазіргі таңда МӘМС енгізу бойынша мынадай жұмыстар атқарылды:
- МӘМС енгізу мәселелері бойынша негізгі нормативтік құқықтық актілер әзірленді және белгіленген мерзімдергі сәйкес қабылдануда;
- МӘМС бойынша төлеу мерзімдерін 2018 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) құрылды, 2016 жылғы 26 қыркүйекте әділет органдарында тіркелді.
Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013−2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, оның түпкілікті мақсаты 2020 жылға қарай еліміздегі бүкіл халықтың электрондық денсаулық паспорттарын жасау болып табылады.
2017 жылы өткізілген телемедициналық кеңестер саны 25 266 құрады (2015 жылы – 26370, 2016 жылы – 28060).
Халықтың, әсіресе шалғай және жету қиын өңірлерде тұратын ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін
49 жылжымалы медициналық кешен (бұдан әрі – ЖМК), 40 трассалық медициналық-құтқару пункті, 3 емдеу-диагностикалық пойызы жұмыс істейді. Республикалық санитариялық авиация орталығы жұмыс істейді, бейінді мамандардың консультациялар өткізуі мақсатында ұшуларды жүзеге асырады.
Медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңызды мәселелердің бірі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылады. ТМККК шеңберінде азаматтардың дәрілік заттармен қамтамасыз етуге құқықтарын іске асыру мақсатында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі жетілдірілді. Қымбат тұратын нозологиялар бойынша дәрілік заттарды сатып алуды республикалық бюджет есебінен бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады. Диспансерлік науқастардың тіркелімі және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі құрылды, ол әрбір пациенттің мемлекет кепілдік берген дәрілік препаратты алуын нақты қадағалауға мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлердегі тұрғындарға дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 3000-нан астам дәріханалық ұйымдарда және МСАК объектілерінде дәрілік заттарды іске асыру ұйымдастырылды.
Терапиялық тиімділікті, фармакоэкономиканы және жанама әсерлер мониторингін ескере отырып, дәрілік заттарды ұтымды қолдануға бағытталған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесі енгізілді. Дәрілік заттардың бағаларын мониторингтеу орталығы құрылды.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сертификаттау жүйесін жетілдіру басталды. ТМККК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілді. Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы ТМККК шеңберінде сатып алынатын жалпы көлемде отандық дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесі жыл сайын ұлғаюда (заттай мәнде) (2015 ж. – 75%, 2016 ж. – 75%, 2017 ж. – 75%.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықтың хабардар болуын арттырумен белсенді айналысатын Ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.
Ағымдағы жылы британдық сарапшылармен бірге Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр енгізілді, ол дәлелді клиникалық тиімділікпен дәрілік заттар тізбесін және әрбір препаратқа шекті бағаны қамтиды. Референтті баға белгілеуге өту жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ағымдағы жылы 2017 жылға дәрілік заттарды сатып алу жаңа қағидат бойынша жүзеге асты.
Техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында медициналық техниканы түгендеу жүргізілді (орташа тозуы 35 %-ды құрады). Медициналық көмек көрсету деңгейіне байланысты денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен қамтамасыз ету бойынша жаңа тәсілдер анықталды. 2017 жылға 5 басымды бағыт бойынша көмек көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру қажеттілігі анықталды
Республикада медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі құрылды.
Кезең-кезеңімен аккредиттеудің халықаралық стандарттары енгізілуде. Пациенттердің хабардарлығын арттыру, денсаулық сақтау саласында бәсекелестік ортаны, транспаренттілік және медицина ұйымын еркін таңдау принциптерін дамыту мақсатында 2012 жылдан бастап сыртқы, ішкі бақылау және пациенттердің пікірлері негізінде медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау жүйесі енгізілді.
Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз сараптама дамуда, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексерулердің үлесі 2017 жылы 55% – ды құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 19% – ға көп (2016 ж. - 36%), 2015 жылы 35% - ға артық.
Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестер және Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар құрылды. Медициналық ұйымдарда шағымдардың алдын алу және оларды туындаған жерде «осы жерде және қазір» қағидаттары бойынша қарау үшін жұмыс істеуге арналған Ішкі бақылау қызметтері жұмыс істейді.
2017 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша республика халқына 840 аурухана (670 мемлекеттік және 170 жеке) және 2718 амбулаториялық-емхана ұйымдарында (1856 мемлекеттік және 862 жеке) медициналық көмек көрсетіледі.
Халықтың медициналық қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында 2015 жылы 5 стационарлы және 61 амбулаториялық-емхана ұйымы іске қосылса, 2016 жылы республикалық бюджеттің трансферті есебінен 6 стационарлық және 38 амбулаториялық-емхана объектісінің құрылысы аяқталды және 2017 жылы 1 денсаулық сақтау объектісі салынды.
ҚР денсаулық сақтау саласында инфрақұрылымды және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту үшін денсаулық сақтау объектілерін картографиялау мен түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін әртүрлі көздерден іске асырылатын (бюджеттік қаржыландыру, МЖӘ, сенімгерлік басқару және жекешелендіру) әлеуетті инвестициялық жобалардың тізбесі қалыптастырылды.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес медициналық білім беру жүйесін жаңғырту шеңберінде озық шетелдік медициналық стандарттардың трансферті негізінде, мысалы «Назарбаев университеті» ДБҰ моделі, 500 әлемдік үздік тобына кіретін шетел университеттері тартылды – олар АҚШ, Швеция, Италия және Польша медициналық мектептері. Жасалған Меморандумдар шеңберінде ҚР-ның медициналық ЖОО мен шетелдік университеттер арасында I әріптестік сатысы іске асырылды, оның талаптары бойынша стратегиялық әріптестер өткізілген консалтинг және ЖОО қызметін сараптамалық бағалау нәтижелерін көрсетті.
Халық денсаулығын жақсарту және әлеуметтік қызмет көрсету саласында жетекші фин университетімен әріптестік шеңберінде қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған бағдарламасы бойынша мейіргерлерді даярлау басталды, ол мейргерлік даярлаудың практикалық бағыттылығын күшейтуге, ішінара мейіргерлік персоналға дәрігерлік функцияларды беруге мүмкіндік береді (2016 жылғы қыркүйектен бастап 175 мейіргер оқытыла бастады). Қолданбалы бакалавриат пилоттық бағдарламаларын іске асыратын 6 медициналық колледж Жоғары колледж мәртебесіне ауыстырылды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Еуропалық үлгідегі дипломдарды берумен Қазақстандық-Финдық екідипломды магистрлерді даярлау енгізілетін болады.
Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу мақсатында Корпоративтік басқару орталығы құрылды, оның базасында білім беретін семинарлар өткізілді, 155 қызметкер оқытылды. Тиісті нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жыл сайын жаңа инновациялық диагностикалау және емдеу технологияларын енгізу мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарының 14 мыңға жуық медицина кадрының әлеуетін арттыру жөніндегі іс-шаралар өткізіледі (шетелде оқыту, шетел (менторлық) мамандарын тарту, мастер-класстар өткізу). 2010 – 2016 жылдар аралығындағы кезеңде барлығы жетекші «University Medical Center» Корпоративтік қорының клиникаларында, Ғылыми-зерттеу институттарында және Ғылыми орталықтарда хирургияның, трансплантологияның, оңалтудың, кардиохирургияның, кардиологияның, сәулелік диагностиканың, клиникалық-зертханалық диагностиканың, нейрохирургияның, мейіргер ісінің, онкологияның негізгі клиникалық бағыттары бойынша диагностиканың, емдеудің, оңалтудың және профилактиканың 380-нен астам жаңа озық әдісі енгізілді.
2012 жылдан бастап дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу туралы мәселені пысықтау жөніндегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» мақаласында берілген ҚР Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың қазақстандық үлгісін әзірлеу бойынша зерттеу жүргізілуде.
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігіне кепілдік беру мәселелері бойынша заң жобаларының Тұжырымдамасы әзірленді.
2.2) Негізгі проблемаларды талдау
БҰДЖ шеңберінде қаржыландыру тетіктерін (қор ұстау, жан басына шаққандағы екі компонентті норматив) енгізу жолымен қол жеткізілген бәсекелес ортаны қалыптастырудағы оң өзгерістерге қарамастан, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басқарушылық дербестігінің төмендігі мен менеджменттің жеткіліксіз деңгейі медициналық қызметтерді берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кедергі келтіреді.
Медициналық қызметтер сапасының жеткіліксіз деңгейі сақталуда, медициналық ұйымдарда ішкі аудит жүйесі жеткіліксіз дамыған. Пациенттердің құқықтарын қорғау жүйесі нашар дамыған, тәуелсіз сарапшылардың әлеуеті жеткіліксіз.
Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесінің белсенді енгізілуіне қарамастан, денсаулық сақтаудағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіз деңгейі, медицина қызметкерлерінің арасындағы компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі сақталып отыр.
Медициналық ұйымдарды жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты мәселелер проблема күйінде қалып отыр. Бұл ретте лизинг жүйесінің мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды.
Қазақстанның ауылдық денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымның оқшаулануына (қашықтығына), нашар дамуына, материалдық базаның нашар болуына, климаттық қиын жағдайларға, медицина қызметкерлерінің жеткіліксіздігіне және кадрлардың кетуіне байланысты елеулі қиындықтарға ұшырауда.
Ауылдағы бір қатар медициналық ұйымдар бейімделмеген, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін үй-жайларда орналасқан, қазіргі заманғы медициналық жабдықпен, санитариялық автокөлікпен жеткіліксіз жарақтандырылған.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, фармацевтикалық қадағалау, фармакоэкономикалық зерттеулер, дәрілік заттардың жанама әсерлерін мониторингтеу жүйесі, жалған және контрафактілік дәрілік заттардың өндірісімен және таралуымен күрес жұмыстары одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Халықтың, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері одан әрі шешуді қажет етеді.
Денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері әртараптандырылмаған, негізгі қаржылық жүктемені мемлекет көтереді, іскери қоғамдастықтың үлесі жеткіліксіз, ал азаматтардың қаржылық қатысуы өз денсаулығына деген олардың жауапты қарым-қатынасын ынталандырмайды.
Ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігінің жеткіліксіз болуы денсаулық сақтау мәселелерін шешуде өзекті болып қалып отыр.
Кадрларды даярлау сапасына, жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейіне байланысты проблемалық мәселелер сақталуда. Жыл сайын даярланған медицина кадрларының ұлғаюы кезінде медицина кадрларын бөлуде сәйкессіздік орын алып отыр: 10 мың адамға шаққанда 19,7-ден 49,4-ке дейін. Ауылдық денсаулық сақтау саласындағы дәрігерлермен қамтамасыз ету әлі де төмен болып отыр және 10 мың адамға шаққанда 11,5-тен 18,2-ге дейінгі шекте ауытқиды.
Ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы және денсаулық сақтау саласындағы маңызды инновациялық жетістіктердің болмауы орын алып отыр, бұл медициналық ғылымды дамытуға кедергі болатын көптеген факторлардың болуына байланысты, оның ішінде медициналық ғылыми ұйымдардың әлсіз материалдық-техникалық базасы, ғылыми зерттеулердің тиімсіз менеджменті, зерттеушілердің жеткіліксіз әлеуеті, және өзін-өзі дамытуға олардың уәждемесін арттырудың тиімді тәсілдерінің болмауы.
ЖОО-лардың ғылымын дамыту деңгейінің төмен болып қалуы жалғасуда, бұл білім беру ұйымдарының ғылыми әлеуетінің жеткіліксіздігіне және ғылыми бағдарламалар мен жобаларды іске асыруда профессорлық-оқытушылар құрамын тартудың төмендігіне және ғылыми бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру деңгейінің төмен болуына байланысты.
Тәуекелдерді басқару
Мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін тәуекелдердің атауы
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жеткіліксіз болуына байланысты медицина кадрларының кетуі
|
Жергілікті жерлерде кадрларды тұрақтандыруға бағытталған жаңа іс-шаралары бар қолданыстағы меморандумдарды кеңейту
|
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыс берушілер ықтималды жарналарды төлеуді қаламауына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында шоғырландыру қаражатының жеткіліксіз болуы
|
Халықтың өзін жұмыспен қамту санын және оларды ӘМС Қорына төлеу үшін тартуды анықтау тетігін әзірлеу.
Жұмыс берушілердің сектораралық монитринг жүйесін, ӘМС Қорына аударымдарды төлеуден бас тарту және бақылау кезінде берешекке өндіру жүйелерін енгізу.
|
Ақпараттық жүйемен және тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелердің базалық мәліметімен өзара қарым-қатынастың болмауына байланысты ӘМСҚ ақпараттандыру жүйесінің толық емес жұмыс істеуі
|
МӘМС –ты енгізу шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияны құру
|
3-бөлім. Саланың басым бағыттары
1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту
1-басым бағыт «Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру
Азаматтардың өмір сүру ұзақтыған жоғарылату мақсатында 2025 Стратжоспарға сәйкес азаматтар денсаулығын нығайту саясаты жүргізілетін болады, нәтижесінде бәсекеге қабілетті дені сау ұлтты қалыптастыруға алып келеді.
Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың негізі қоғамдық денсаулық сақтау қызметін (бұдан әрі – ҚДҚ) қалыптастыру болмақ. Осы мақсатта, Министрліктің және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының құрылымында қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер құрылады.
ҚДҚ-ның басым міндеттері негізгі әлеуметтік маңызды инфекциялық емес аурулардың алдын алу және мониторинг жөніндегі іс-шараларды белсендіру болды, тамақтануды ұтымды ету мен саламатты өмір салтын ынталандырудың, санитариялық және дене шынықтыруды дамытудың негізінде халықтың өз денсаулығы үшін ақпараттық жауапкершілігін арттыру болады. Бұл азаматтарды хабардар ету және олардың сауатын ашу, олардың жеке денсаулығын, қоғамдық денсаулықты нығайту, дұрыс тамақтануды насихаттау мәселелеріндегі мүмкіндіктерін кеңейту іс-шараларымен қамтамасыз етіледі.
Жергілікті деңгейдегі ҚДҚ шеңберінде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде скринингтерді әзірлеу, жоспарлау, іске асыру және мониторингтеу және МСАК-пен бірлесіп диспансерлеумен қамтамасыз етілетін болады.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыттары аурулардың алдын алу және оларды ерте анықтау болды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және түсіндіріп тарату шеңберінде, денсаулықты сақтауға мүмкіндік беретін жағдай жасау мақсатында, Тұжырымдамада жұмыс беруші қызметкерлердің денсаулығын нығайту бойынша бағдарламалар енгізу жөніндегі шараларды қарастырған.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету
Мемлекеттік бағдарламаның индикаторларына жету мақсатында халық арасында инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу шаралары қолданылады, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені, оның ішінде аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында іске асырылатын болады (аумақты өңдеу, санитариялық-қорғаныс аймақтарын құру, халық арасында түсіндірме жұмысы және т.б, іс-шаралар), Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тиісті контингенттің вакцинациясын бақылауды қамтамасыз етілген, сондай-ақ республика аумағына аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар іске асырылады.
Халықтың салауатты тамақтануының ұзақ мерзімдік мемлекеттік саясатын, сондай-ақ құрамына Қазақстан кіретін ДДҰ Еуропалық өңірі үшін тамақ өнімдері және тамақтану саласындағы іс-қимылдардың екінші жоспарын іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жаһандық стратегиясын дайындау үшін салауатты тамақтанудың кешенді, үздіксіз және тұрақты ұлттық саясатын іске асыру және тамақтануға байланысты аурулардың алдын алу «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жақсарту бойынша негізгі бағыттар:
- тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы жетілдіру және салааралық үйлестіру жолымен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеу;
- өнімдерді сатып алу және камералдық бақылау жолымен тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу арқылы санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауды жетілдіру;
- зертханаларды қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандыру, зертханаларды аккредиттеу саласын кеңейту, жүргізілетін шұғыл зерттеулер спектрін кеңейту, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жолымен санитариялық-эпидемиологиялық және тұтынушылық сараптама жүйесін жетілдіру;
- ХАССП жүйесі қағидаттарына негізделген, тамақ тізбегі, өндірістік процесс, сондай-ақ өнімдерді сақтау және өткізудің барлық сатыларында бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін рәсімдерді енгізу болып табылады.
1.2. Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдама (бұдан әрі – Тұжырымдама) шеңберінде алкоголь мен темекіні шектен тыс тұтыну, дене қозғалысы белсенділігінің жеткіліксіздігі және дұрыс тамақтанбау сияқты денсаулыққа кері әсерін тигізетін факторлар туралы халықтың хабардар болуын арттыру жөнінде шаралар қабылданады. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының санын және өндірістік жарақаттану деңгейін азайту шаралары қолданылады, республика жолдарының апатты-қауіпті учаскелеріндегі трассалық медициналық-құтқару пункттері жүйесін ары қарай дамытады.
Балалар мен жасөспірімдердің дене және психикалық денсаулығын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар айқындалады және іске асырылады, жалпы білім беру мекемелерінде наркомания және мінез-құлық ауруларының алдын алу жөнінде бағдарламалар, соның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында наркологиялық бейіні бойынша тәуекел топтарды ерте анықтау технологиясын кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларды оқыту жолымен ендіру кеңейтіледі.
Басқа да секторлармен және ведомстволармен бірлескен жұмыс шеңберінде халық денсаулығына ықпал ететін тәуекел факторларын басқарудың бірыңғай жүйесі құрылды және денсаулық сақтау жөніндегі қызмет көрсеткіштері үшін әрбір мүдделі ведомствоның жауапкершілік аймағы айқындалды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп денсаулықты нығайту бағдармаларын іске асыру үшін халықпен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тетіктерін енгізуді көздейтін әлеуметтік жұмылдыру жөніндегі кешенді шаралар іске асырылады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі, жол қозғалысы саласындағы нормалар мен қағидаларды сақтау деңгейін көтеру бойынша халықпен профилактика және ақпараттық жұмыс жүйелілігін қамтамасыз ету арқылы ЖКО-ның алдын алу жөніндегі іс-шаралар жалғастырылады.
Туберкулезбен сырқаттану және одан болатын өлім-жітім деңгейін төмендету жөніндегі ведомстоаралық іс-шаралар, соның ішінде пенитенциарлық жүйеде, туберкулездің және АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселелері бойынша барлық халықтың және пенитенциарлық жүйе контингентінің хабардар болуын арттыру жалғастырылады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
- қоғамдық денсаулық сақтауды қалыптастыру және дамыту;
- аурудың профилактикасын жетілдіру және скринингтік бағдарламасын одан әрі іске асыру;
- мемлекеттік, қоғамдық және бизнес-құрылымдардың (мемлекет, жұмыс беруші, жұмыскер) қызметтерін үйлестіру арқылы СӨС-ті ынталандыру;
- дене қозғалысының белсенділігін ынталандыру және спортпен шұғылдануды насихаттауды қоса алғандағы, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды дамыту.
2-басым бағыт «Медициналық қызметті ұсынуды жетілдіру»
2.1. МСАК-ті жаңарту және басымды дамыту
«Қазақстан - 2050» стратегиясына сәйкес профилактикалық медицина аурулардың алдын алудағы негізгі құралға айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмысқа негізгі зейін қою қажет. МСАК оның деңгейлес (амбулаториялық-емханалық) және сатылас (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б) бейінді қызметтермен өзара іс-қимылының өзгеруімен халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесіндегі орталық буын болады.
Тегін амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттар тізбесін кезең-кезеңімен ұлғайту мүмкіндігімен МСАК деңгейіндегі медициналық көмек кеңейтілетін болады.
Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету негізі жалпы дәрігерлік практикамен (бұдан әрі - ЖДП) негізгі үлесін ұсынатын және медициналық қызметтің кең спектрін көрсететін МСАК жүйесін дамыту болады. Тұжырымдама бойынша жыл сайын ЖДП дәрігерлерінің санын ұлғайту жоспарлануда, бұл отбасылық медицина қағидаттарын іске асыруға септігін тигізеді. Мембағдарламаға сәйкес МСАК қызметкерлерінің орталық үйлестіру рөлі жағдайында барлық деңгейлер мен мониторингте клиникалық хаттамалар негізінде ауруларды басқару бағдарламасын (бұдан әрі - АББ) енгізу жалғасын табады. Бұл үшін барлық өңірлерде үш ауру (артериялық гипертония, қант диабеті, қан айналымының созылмалы жеткіліксіздігі) бойынша АББ енгізілетін болады.
Денсаулық сақтау саласында мектеп медицинасын одан әрі дамыту бойынша іс-шаралар жалғастырылады.
Қызмет көрсету сапасын жақсарту, кезек күтуді және персонал жүктемесінің шамадан тыс болуын төмендету мақсатында, операциялық менеджментті жақсарту, өңірлік және жергілікті саll-орталықтарын құру, дәрігердің қабылдауына Интернет арқылы жазылуды енгізу, кезектерді басқарудың заманауи технологияларын енгізу негізінде МСАК ұйымдарын басқару жетілдіріледі.
2.2. Жедел және шұғыл медициналық көмекті дамыту
Халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жедел және шұғыл медициналық көмек (бұдан әрі - ЖШМК) көрсетуде МСАК ұйымдарының сабақтастығын және тартылуын қамтамасыз ету жалғастырылады.
Сараланған медициналық көмекті стационарлық деңгейге кезең-кезеңімен ауыстыра отырып, практикалық дағдыларды бекіту және пациенттерді тасымалдау жағдайында шұғыл медициналық жәрдемнің стандартталған алгоритмдерін енгізу негізінде ЖШМК қызметінің халықаралық стандарттарын енгізу жоспарлануда.
Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып, стационарлардағы қабылдау бөлімдерінің жұмысы қайта қаралатын болады.
2.3. Барлық денсаулық сақтау қызметтерінің интеграциясымен
мамандандырылған медициналық көмекті дамыту
«Қазақстан -2050» Стратегиясында сала алдына әрбір азаматты сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету керек деген манызды міндет қойылған. Халық денсаулығының ағымдағы жай-күйін және инфекциялық емес аурулардың болжамды өсімін ескере отырып, көрсетілетін медициналық технологияның күрделілігіне байланысты аймақтандыру қағидаты көзделетін медициналық көмек көрсету ұйымдарының әзірлеген стандарттары негізінде медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін енгізу жалғасын табады.
Бұл қызметтер сапасын арттыру, күту уақытын азайту, диагностикалау мен емдеудің негізсіз әдістерін тағайындауды болдырмау мақсатында пациенттер қозғалысын айқын және ұтымды бағдарлау тетіктерін әзірлеуді және енгізуді көздейді.
Медициналық көмек көрсетудің бейіндері шеңберінде оларды барлық деңгейлерде көрсетудің мониторингі, сабақтастығын, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету бөлігінде республикалық клиникалардың, ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттарының рөлі мен жауапкершілігі күшейтілетін болады.
2.4. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету
«Қазақстан 2050» Стратегиясына сәйкес медициналық ұйымдарда барлық өндірістік процесстерді стандарттау жолдары арқылы медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қол жеткізу қажет. Тиімді және заманауи технологияларды және медицина ғылымының жетістіктерін енгізу негізінде клиникалық хаттамаларды, бейінді қызметтердің стандарттарын әзірлеу және жетілдіру талап етіледі.
Ұлт жоспары 100 нақты қадамын іске асыру шеңберінде құрылған, медициналық қызмет сапасы жөніндегі Біріккен комиссияның қызметін (бұдан әрі - СБК) жетілдіру жалғастырылатын болады.
Денсаулық сақтау саласында бекітілген талаптар мен стандарттарға жекелеген медициналық қызметтердің сәйкестігін анықтау үшін денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттарын жетілдіру жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу бойынша Ұлттық орган сапаны қамтамасыз ету саласында халықаралық аккредиттеуден өтеді және кезең-кезеңмен өзін-өзі реттейтін ұйым формасына ауыстырылатын болады.
2.5. Ұлттық дәрілік саясатты іске асыру
Дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық дәрі-дәрмек саясаты іске асырылады.
Фармацевтикалық саланы тиімді дамыту үшін Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықаралық нарыққа, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіне шығу бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес Тиісті фармацевтикалық практикаларды (GXP) енгізу жалғасуда және дайын өнімдердің сапасын бақылау жүйесінен оның сапасын қамтамасыз ету жүйесіне өту жүргізілуде, бұл халыққа дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге кепілдік беріледі.
Қазақстанның ұлттық дәрі-дәрмек формулярын (бұдан әрі – ҚҰФ) қолдау жолымен формулярлық жүйені дамыту және жетілдіру жалғастырылатын болады.
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярлары ҚҰФ негізінде жасақталып, жекелеген, неғұрлым қымбат дәрілік заттарға қатысты қолданылуын тұрақты түрде мониторингтеу және тиімділігін бағалау негізінде ұдайы жетілдіріліп тұратын болады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
- МСАК-ты жаңғырту және басымды дамыту, ауруларды басқару бағдармаларын одан әрі енгізу;
- демографиялық жағдайға анағұрлым ықпал ететін 5 бағыт бойынша медициналық көмекті ұйымдастырудың интегриялық моделін енгізу;
- медициналық көмекті стандарттау және медициналық қызметтердің қол жетімділігін арттыру;
- ЖШМК қызметіне халықаралық стандарттарды енгізу;
- дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техниканың қол жетімділігін, сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету;
- Тиісті фармацевтикалық практикаларды (GXP) енгізуді белсендіру.
2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
3-басымды бағыт. «Денсаулық сақтау саласында қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту»
3.1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу
Тұжырымдаманың 1.2-тармағында барлық әлеуметтік әріптестерімен қаржылық орнықтылықты және ортақ жауапкершілікті қамтамасыз ету, медициналық қызметтің ақысын бірлесіп төлеу тетегін енгізу мәселелерін қарастыру көзделген. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуда және тиімділігін арттыруда, халық пен жұмыс берушілердің ынтымақтастығын дамыту мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік және жеке шығындардың өсу салдарынан қаржылық тәукелдерді жою үшін 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі енгізілетін болады.
МӘМС жүйесін дамыту шеңберінде ТМККК және МӘМС жүйелерінде медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділіктің реттегіш тетіктері жетілдірілетін болады. Жекеменшік нысандарына қарамастан медициналық қызмет берушілердің МӘМС жүйесіне қатысуға мүмкіндіктері болады. 2018 жылдан бастап МӘМС Қорына шығыстарды трансферттермен беруді қамтамасыз ету үшін, амбулаториялық-емханалық көмекке, ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке, онкологиямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар 2017 жылдан бастап:
- Бірыңғай төлеуші арқылы (Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті атынан) әкімшілендірумен республикалық деңгейде жинақталатын болады.
- ТМККК-ні көрсетуге жергілікті бюджеттердің шығыстары 2017 жылдан бастап республикалық деңгейде беріледі және 2017 жылы қаржыландыру шығыстар кезең-кезеңімен теңестіру арқылы республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
МӘМС қағидаттарын енгізуді түсіндіру үшін халықтың нысаналы санаттары, оның ішінде медициналық қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жалғасын табады.
МӘМС-тің тиімді қызметінің негізі әртүрлі медициналық қызметті жеткізушілермен ашық және айқын тарифтік және өзара қарым-қатынастағы келісімшарт саясатында болады.
Амбулаториялық деңгейде ынталандырушы компоненттері бар жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі дамытылатын болады, пациенттердің мүддесі үшін медициналық қызметтердің кешенділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету үшін қызметтердің құрама тарифтерін қалыптастыру зерделенеді. Стационарлық деңгейде оларды есептеудің халықаралық практикасы ескере отырып, клиникалық-шығынды топтар негізінде тарифтер де жетілдіріледі.
Тарифтік саясат жеке инвестицияларды және МЖӘ-ні ынталандыруға бағытталатын болады. Осы мақсатта негізгі құралдарды жаңартуға арналған шығындарды енгізуді ескере отырып, медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер қалыптастырудың жаңа әдістері әзірленеді.
3.2. Денсаулық сақтау жүйесінде корпоративтік басқаруды және заманауи менеджментті дамыту
Үшдеңгейлі корпоративтік басқару жүйесін енгізу денсаулық сақтау саласында мемлекеттік ресурстарды тиімді бөлуге, мемлекеттік кәсіпорындардағы корпоративтік басқару бойынша ЭЫДҰ басқару қағидаттарына сәйкес басқару органдарының ашықтығын және есеп берушілігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Денсаулық сақтау саласындағы басқару тетіктерін одан әрі жетілдіру шеңберінде басшыларға қойылатын жаңа функционалдық және біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу, клиника менеджментінің оқуын, оның ішінде МВА бағдарламалары бойынша ынталандыру және қолдау негізінде көшбасшылықты және кәсіби менеджмент дағдыларын дамыту жөнінде іс-шаралар қабылданатын болады.
МЖӘ негізінде клиникалық, параклиникалық және медициналық емес қызметтердің, оның ішінде зертханалардың, радиологиялық қызметтердің, жекелеген клиникалық сервистердің (тамырларды катетерлеу зертханалары, гемодиализ және т.б.) аутсорсинг бағдарламалары жетілдіріледі. Бұл ретте, аутсорсинг қызметтері үшін ақы төлеу осы қызметтер сапасының индикаторлары негізінде жүзеге асырылатын болады.
3.3. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және заманауи
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық
сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету
Стратжоспар 2025 шеңберінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту, кадрлық әлеуетті дамытуды ынталандыру, балалар денсаулығын қамтамасыз етуде жаңа тәсілдерді енгізуде, жеке меншік медицинаны дамыту үшін жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар қабылданатын болады.
Келісімшарт жасасу үшін медициналық қызмет жеткізушілерді таңдап алу медицаналық қызмет көрсетудің қолжетімділік, сапа мен тиімділік өлшемшарттарын ескере отырып іске асырылады. Осы мақсатта, Мембағдарламаға сәйкес, мемлекеттік-жекешілік әріптестік және тікелей инвистиция тарту жолымен МӘМС жүйесіне медициналық қызметті жеке меншік жеткізушілердің қатысуын кеңейту негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту жоспарланған.
Жекешелік секторды және МЖӘ-ні дамытуды ынталандыру мақсатында МЖӘ жобаларын дайындау мен консультациялық сүйемелдеуді қаржылық қамтамасыз ету шараларының кешені әзірленетін болады, үлгілік жобалық құжаттарды әзірлеу жүзеге асырылады, арнайы нормативтік актілер пысықталады. МЖӘ тетіктері бойынша, оның ішінде мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлікпен басқаруға беру, жекешелендіру, объектілерді концессия үлгісі бойынша салу немесе реконструкциялау негізінде сату үшін объектілердің тізбесі қалыптастырылады.
Негізгі құралдарды жаңарту мақсатында медициналық техниканы сатып алудың сервистік және лизингтік моделін дамыту тетіктері жетілдіріледі. МЖӘ негізінде орталықтандырылған сатып алу жолымен медициналық ұйымдарды медициналық техникалармен жарақтандыру бағдарламалары әзірленеді.
Әртүрлі деңгейлер мен денсаулық сақтау қызметінің өзара іс-қимылын жақсарту және Тұжырымдама мен «Қазақстан-2050» стратегиясына сәйкес денсаулық сақтау саласында ақпараттық сабақтастықты, оперативті талдау мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылымдық және денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыруды дамытудың материалдық-техникалық жағдайларын жасау жоспарлануда. Әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін денсаулық сақтаудың электрондық жүйесі енгізілетін болады. 2020 жылға денсаулық сақтау ұйымдары бірыңғай ақпараттық желіге қосылатын болады, азаматтардың электронды денсаулық паспорты болады.
Стратегиялық даму мақсаттарының, денсаулық сақтау объектілерін жобалаудың, салудың, жарақтандырудың халықаралық стандарттарын бейімдеудің және медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз етудің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің біртұтас инфрақұрылымын дамытуға ұзақ мерзімді қажеттілікті айқындау бойынша жұмыс жалғасады.
Осы мақсатта аумақтардың ерекшелігі мен тұрғындардың медициналық көмектің нақты түрлеріне мұқтаждығын ескере отырып, аумақтық бөлікте және көрсетілетін медициналық көмектің деңгейінде, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспары (мастер-жоспар) пысықталып, бекітіледі.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
- азаматтардың, мемлекеттің және жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бастап МӘМС жүйесін енгізу;
- тарифтік саясатты жетілдіру;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік және заманауи
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық
сақтау инфрақұрылымын дамыту;
- денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың (өңірлер бөлінісінде) бірыңғай перспективалық жоспарды бекіту,
- денсаулық сақтау саласындағы корпоративті басқаруды және заманауи менеджментті дамыту;
- денсаулық сақтаудың электрондық жүйесін енгізу;
- МӘМС-тің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандыру.
4-басым бағыт «Кадрлық әлеуетті дамыту»
100 нақты қадам- Ұлт жоспарында шешуді қажет ететін басты міндеттердің ішінде мемлекет Басшысы ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеруді (76-қадам), Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейтуді (78-қадам), даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыруды (79-қадам) айқындады.
4.1. Адами ресурстарды стратегиялық басқару
Адами ресурстарды дамыту мақсатында адами ресурстарды басқару Ұлттық және корпоративтік саясаттары қалыптастырылатын болады, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын қажеттілігін, есепке алуды және жоспарлауды анықтау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар қабылданады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесіндегі мамандарды үздіксіз кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру және материалдық емес уәждемені белсенді пайдалануды қоса отырып, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарына ақы төлеу және уәждеме тетіктерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жалғасын табады.
Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын есепке алу және жоспарлау жүйелерін жетілдіру жоспарлануда. Бұл ретте, штаттық нормативтен пациенттердің қажеттілігіне сәйкес адами еңбек шығындарын икемді жопарлау мүмкіндігіне ауыстыруға назар аударады.
4.2. Медициналық білім беруді жаңғырту
Стратжоспар 2025 сәйкес, білім берудің интеграциясы, зерттеу және клиникалық практика үшін медициналық ЖОО, ғылыми ұйымдар, стационарлық және амбулаториялық ұйымдар арасындағы консорциумдық келісім негізінде интеграцияланған академиялық медицина орталықтары құрылатын болады. Сонымен қатар, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында абитуриенттерді іріктеу және қабылдау тәсілдері жетілдіріледі.
Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру, білім беру, ғылым және клиникалық практикалардың халықаралық стандарттарына бейімделу, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің әлеуетін арттыру халықаралық жетекші университеттермен және медициналық ұйымдармен, «Назабаев Университеті» ДБҰ стратегиялық әріптестікте жүзеге асырылады.
Барлық деңгейдегі мейіргерлер ісінің мамандарын даярлау ҚР жағдайына бейімделген еуропалық үлгісі негізінде іске асырылады.
Осы бағыт шеңберінде Алматы қаласындағы «Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК және Қарағанды қаласындағы «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» ШЖҚ РМК жанындағы 300 орынды көп салалы емханалардың құрылысы мен пайдалануы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жоспарлануда.
4.3. Инновация және медициналық ғылымды дамыту
Отандық медицина ғылымын дамытудың бірінші кезекті міндеті – әлемдік озық стандарттар мен тұжырымдамалар трансфертінің негізінде оның әдіснамалық тәсілдерін жаңғырту болмақ. Осы мақсатта отандық ғылыми-зерттеу бағдарламалардың және жобалардың халықаралық бағдарламалармен және жобалармен интеграциялануына басты назар аударылатын болады, халықаралық мультиорталықты зерттеулер бағдарламаларына отандық жобалардың тартылуы ынталандырылады.
Ғылыми құзыреттерді дамыту, стратегиялық басым бағыттар бойынша оқыту мен ғылыми тағылымдамалардың орта мерзімді бағдарламасы әзірленеді. Ғылыми кадрлармен алмасу дамытылады және ғылыми жұмыстың халықаралық стандарттарына үйретуде, оның ішінде зерттеулердің дизайны мен әдіснамасын жасауда, ғылыми еңбектерді рәсімдеуде көмек көрсетіледі. Ғылыми құзыреттерді және әлемдік технологиялар трансфертін дамыту шеңберінде медициналық қызметкерлердің кәсіптік және ғылыми қоғамдастығын, кәсіптік бірлестіктер мен қауымдастықтарды дамытуды қолдау, сондай-ақ медициналық ғылым мен білімді дамытудағы олардың рөлін жоғарылату қамтамасыз етіледі.
Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының қажеттіліктерін айқындау, есепке алу және жоспарлау жүйесі жетілдіріледі, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарының тиімділігі мен қолжетімділігі жақсартылады, білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау жүйесі дамытылады.
Іске асыру жөніндегі шаралар:
Достарыңызбен бөлісу: |