Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Аталған тәуекел әсер етуі мүмкін мақсат
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар қабылданбаған жағдайда болуы ықтимал салдары
|
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар
|
Орындалмау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Cыртқы тәуекелдер
|
1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету
|
Стратегиялық жоспардың индикаторларына қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдардың жеткіліксіз жұмыс атқаруы
|
Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі
|
Индикаторларды мониторингтеу және ведомствоаралық өзара іс-қимыл іс-шаралары. Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің рөлін күшейту
|
«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 103 «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылы» бөлінетін бюджеттік бағдарлама көзделген. 2012 жылы көрсетілген бағдарлама шеңберінде қаражаттарды бөлу қағидасы әзірленіп, бекітілді (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 461 қаулысы).
Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігінің және облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдерінің арасында индикаторларға қол жеткізу бойынша меморандумдар жасалды. Осылайша, Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің рөлін күшейту мақсатында 2011 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ҰҮК төрағасы болып табылады.
|
|
Инфекциялық аурулардың өршу қаупі
|
Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі
|
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары.
|
Халықтың инфекциялық аурулар туралы хабардарлығын арттыру мақсатында 2,6 млн.адамды қамти отырып, 50,1 мыңнан астам іс-шаралар өткізілді.
Халықтың сумен қамтылуына тұрақты бақылау, оның ішінде жаңа су құбыры ғимараттарын салуды және қолда барын реконструкциялауды бақылау жүйзеге асырылады. Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 89,6% (2012 жылы - 87,7%) құрады.
|
|
Техногендік және экологиялық аппаттар (қатерлер) салдарынан әр түрлі жарақаттардың және аурулардың (оның ішінде инфекциялық) жаппай дамуы
|
1.1. мақсат.
Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі
|
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары.
Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмекті уақтылы көрсету
|
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде және жолдағы жарақаттану мен өлімді төмендету, республикалық мәні бар авто жолдардың апатты-қауіпті жерлерінде уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында 2011-2014 жылдары қажетті техникалық мүлікпен және медициналық жабдықтармен жарақтандырылған 40 трассалық медициналық-құтқару пункттері (бұдан әрі – ТМҚП) ашылды. Бұдан басқа, пункттер аумағында тікұшақ техникасын қондыру үшін орындар көзделген.
ТМҚП бригадалары 2014 жылы 1, мың шығу жүзеге асырылды, 4,1 мың зардап шеккенге көмек көрсетілді, оның ішінде 255 балағ 985 адам емдеуге жатқызылды, оның ішінде 77 бала. 2,9 мың өз бетінше жүгінулер тіркелді, оның ішінде 140 адам емдеуге жатқызылды.
ТМҚП бригадалары жұмысының барлық кезеңінде жол-көлікоқиғасына 2,3 мың шығулар жасалды, 7,0 мың зардап шеккендерге, оның ішінде 392 балаға медициналық көмек көрсетілді, 2,0 мыңнан астам, оның ішінде 157 бала емдеуге жатқызылды, азаматтардың ТМҚП-ға 45 мың өз бетінше өтініштері тіркелді, оның ішінде 211 адам медициналық ұйымдарға жеткізілді.
Халықты ақпараттандыру бойынша шаралар жалғасуда. Бүкіл республика бойынша 54 ақпараттық щита орнатылды, 4 мыңнан астам буклет, 3 мың ақпараттық парақшалар таратылды, көлік жүргізушілерін оқыту жөніндегі ұйымдарда және мамандандырылған халыққа қызмет көрсту орталықтарында бейне роликтер көрсетіледі. «Астана» республикалық арнасында жол жүру қауіпсіздігі бойынша әлеуметтік ролик көрсетіледі.
Бұдан бұрын құрылған трассалық пункттердің орналасу орындары мен байланыс телефондары «Қазақстан бойынша жол көрсетуші», «Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидалары», «Қазақстан жолдарының атласы» брошюраларында жарияланған.
|
|
1. Әлемдiк экономиканың ұзақ мерзiмдi құлдырауы салдарынан экономикалық конъюнктураның нашарлауы
|
1. Экспорттық бағдардағы кәсiпорындарда жұмыс күшiнiң босатылуы.
|
Еңбек нарығындағы жағдайға тұрақты негізде жүйелі мониторинг жүргізуді және болжауды қамтамасыз ету.
Қайта құрылымдау, өндіріс көлемін қысқарту және банкроттық салдарынан жұмыс күшінің босатылуы кезінде жұмыспен қамту шараларын жандандыру.
Еңбек көші-қоны саласында екіжақты және көпжақты келісімдер жасау
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 675 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі арасындағы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қою туралы
|
|
Ішкі тәуекелдер
|
2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру
|
Медицина қызметкерлерінің жалақы деңгейінің төмен болуына байланысты медицина кадрларының кетуі
|
2.2-мақсат. Білім, ғылым жүйесін жетілдіру және инновациялық технологияларды енгізу
|
Түпкілікті нәтижеге бағдарланған медицина қызметкерлерінің еңбектеріне ақы төлеудің сараланған жүйесін одан әрі жетілдіру. Басқару әдістерін жетілдіру.
|
Амбулаториялық-емханалық деңгейде БҰДЖ екінші кезеңін енгізу шеңберінде 2014 жылы денсаулық сақтаудың бастапқы буынының қызметкерлерін индикаторлар негізінде қызметтің түпкілікті нәтижесіне қол жеткізгені үшін ынталандыруға арналған шығыстар 2 есеге өсті (2013 жылы – 10,2 млрд.теңге, 2014 жылы – 20,3 млрд.теңге).
Бүгінгі күні нысаналы ағымдағы трансферттердің қаражаты есебінен ЖБНЫК түріндегі уәждеме барлық 434 емханада енгізілді. МСАК дәрігерінің орташа жалақысы айына 140 мың теңгеге дейін, соның ішінде ЖБНЫК-49 мың теңге, мейіргерлердікі - 96 мың теңгеге дейін, соның ішінде ЖБНЫК -27 мың теңгеге өсті.
Корпоративті басқару моделі 157 (50%) стационарда қызметтің қиындығына, медициналық көмектің көлеміне және сапасына байланысты медициналық қызметкерлердің сараланған ақыны енгізуге мүмкіндік берді. Бұл 26,5 мың медицина қызметкерлерінің, соның ішінде 4,6 мың дәрігерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік берді.
Мысалы, кардиохиругтың орташа жалақысы сараланған ақы төлеуді ескерсек Шығыс Қазақстан облысында 208,5 мың теңгеден Маңғыстау облысында 475,0 мың теңгені құрады (ҚР Үкіметінің №1400 қаулысына сәйкес жоғары санатты кардиохирургтың бір айдағы орташа жалақысы 107,6 мың теңге, санаты жоқ жас маманның орташа жалақысы 72,6 мың теңге болуы тиіс).
|
|
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз деңгейі
|
мақсат. Денсаулық сақтау ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
|
Медициналық қызмет көрсетудің төмен сапасы
|
Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында «100 мектеп, 100 аурухана салу» жобалары іске асырылуда, оның шеберінде 2014 жылы 8 объект салынып, және пайдалануға берілді және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен емханалар салу» жобасының шеңберінде 123 объект пайдалануға берілді.
Бұдан басқа, аталған жобалардан тыс республика бойынша жергілікті мәні бар 68 объект, оның ішінде 1 объект республикалық бюджет қаражатының есебінен және 67 объект жергілікті бюджет қаражатының есебінен іске қосылды.
2 бюджеттік бағдарламаның шеңберінде (016 «Республикалық деңгейдегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» және 008 «Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары») материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Министрлікке ведомстволық бағынысты 6 ғимарат қана: «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» РМҚК, «Сот медицинасы орталығы» РМҚК, «Кардиология және радиология ҒЗИ» РМК, «Республикалық қан орталығыә РМҚК, «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті» РМК жалпы сомасы 344,7 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Құны 5 млн.теңгеден 50 млн.теңгеге дейін болатын заманауи медициналық техникамен жарақтандырудың лизингтік жүйесі енгізілді. Бұдан басқа, денсаулық сақтау ұйымының емделіп шыққан жағдай тарифі шеңберінде 5 млн. теңгеге дейінгі қажетті медициналық техниканы сатып алуға мүмкіндігі бар.
Құны 50 млн. теңгеден жоғары, сондай-ақ бірегейлікті талап ететін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы нысаналы ағымдағы трансферттерді қоса алғанда республикалық бюджет есебінен сатып алады.
2014 жылы республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен Мемлекеттік бағдарлама басымдықтарының шеңберінде аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, жедел медициналық жәрдем қызметі үшін 600 астам медициналық техника сатып алынды.
Қаржылық лизинг шарттарында өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдары 183 бірлік медициналық техника сатып алды.
Жарақтандырылу деңгейі 2013 жылғы 4,7% өсіммен салыстырғанда 67,8 % құрады.
|
|
|
|
|
|
|