Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникация
Байланыс – экономика мен қоғамның өспелі коммуникациялық қажеттілігін қамтамасыз ететін динамикалы дамушы өндірістік-шаруашылық кешен. Облыстың ЖАӨ саласының үлесі 2017 жылы 0,4% құрады.
Пошта байланысы саласында ұлттық операторы болып табылатын «Қазпошта» АҚ филиалы, телефон байланысы саласында «Қазақтелеком» АҚ қызмет көрсету нарығында негізгі жабдықтаушы болып қалып отыр.
2017 жылы 492,0 млн. теңгеге пошта және курьерлік жұмыстарымен қызмет көрсетілді немесе өсім 12,7%-ке, бұл электрондық сауданың көбеюімен байланысты. Байланыс қызметі 6383,0 млн. теңге, қалааралық және халықаралық (12,1%-ке), жергілікті (13,6%-ке) телефон байланысы, ұялы байланыс (28,4%-ке) қызметінің көлемі азаюына байланысты 2016 жылдың көлемінен 12,9%-ке аз.
Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету бойынша желі байланыстарының дамуы озық қарқында. 4G технологиясы енгізілуде, ADSL, CDMA/EVDO, 3G, FTTH сияқты технологияларды қолданумен Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу желісі дамуда.
2017 жылы тіркелген Интернеттің абонент саны 47,3 мың бірлікті құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 3,3%-ке өсті. Жоғары жылдамдықты кеңжолақты қосылуды қолданумен тіркелген Интернеттің абонент саны 43,8 мың бірлікті құрады (тіркелген Интернеттің жалпы абонент санының 104,8%).
Соңғы жылдары байланыстың көрсететін қызмет құрылымы өзгерді. Интернет желілеріне қосылудың және ұялы байланыстың әр алуан түрлерінің енгізілуіне байланысты байланыс қызметінің жалпы көлеміндегі тіркелген телефон байланысының үлесі қысқаруда.
Тіркелген телефон желілерінің саны 2017 жылдың аяғына 114,2 мың бірлікті құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 18,5%-ке төмен, соның ішінде тұрғындарда – 92,7 мың бірлік (21,5%-ке төмен). Ауылдық жерлерде тіркелген телефон желілерінің саны 37,2 мың бірлікті құрады.
28-кесте
Байланыс бойынша негізгі көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 ж.
2016 ж. %-пен
|
Пошталық және курьерлік қызметтің көлемі, млн. теңге
|
445,6
|
465,1
|
492,0
|
112,7
|
Байланыс қызметінің көлемі, млн. теңге
|
6802,7
|
6982,6
|
6383,0
|
87,1
|
Тіркелген телефон желілерінің саны, мың бірлік
|
147,9
|
140,1
|
114,2
|
81,5
|
Тіркелген Интернет абоненттерінің саны, мың бірлік
|
46,2
|
45,8
|
47,3
|
103,3
|
Тіркелген Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу абоненттерінің саны, мың бірлік
|
46,2
|
41,9
|
43,8
|
104,5
|
Байланыс және коммуникация бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
Интернет желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерінің, мобильдік байланыстың дамуы озық қарқынмен келе жатыр;
жергілікті телефон байланыстарын цифрландыру деңгейі ұлғаюда;
телерадиотарату желілерін цифрлық технологияға өту көмегімен жетілдіруі.
|
ұялы байланыс, Интернет желілері қызметінің жоғары тарифы;
ИКТ отандық өндіріс құралдарының төмен деңгейлігі және оның импортқа тәуелділігі;
ақпараттық теңсіздік, халықтың компьютерлік жалпы сауаттылығының төмен деңгейлігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
облыстың телекоммуникациялардың дамыған және жаңғыртылған желісі;
облыс тұрғындарының ақпараттық технологияларды қолданудағы қызығушылығы.
|
жоғары оқу орындарының білім және кәсіптік білім деңгейінің сала талаптарына сай келмеуі;
Интернет желісінде қазақстандық контенттің жетілмегені.
|
Сала мәселелері: сондай немесе басқа да саладағы қызметкерлердің жұмыстарында қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етулерді, ресурстарды, жаңа технологияларды қолданудағы жеткіліксіз білімдері енгізілген АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдаланылуына мүмкіндік бермейді, ал бұл сәйкесінше, олардың көрсетіп отырған қызметтері мен атқарып отырған жұмыстарының сапасын арттыруға кедергі жасайды;
байланыс инфрақұрылымын дамыту бірқалыпты жүрмей отыр, халықтың жеке топтары үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің қолжетімділік деңгейінде айтарлықтай диспропорция бар.
Құрылыс
2017 жылы 279 құрылыс ұйымы қызмет атқарды (2015 ж. – 306, 2016 ж. – 326). Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылы 111,9 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың деңгейіне 108,6%.
29- кесте
Құрылыс жұмыстарының көлемі
млн. теңге
Көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
Барлық құрылыс жұмыстары
|
86 571,9
|
97 993,6
|
111 878,7
|
құрылыс - монтаждау жұмыстары
|
71 098,9
|
81 071,8
|
89 463,0
|
ағымдағы жөндеу
|
5 589,2
|
6 393,3
|
10 921,4
|
күрделі жөндеу
|
9 883,8
|
10 528,5
|
11 494,3
|
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен
|
114,3
|
107,4
|
108,6
|
Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде жолдар мен автомагистральдарды (22,1%), тұрғын үй емес ғимараттарды (13,9%), тұрғын үй ғимараттарды (10,7%), басқа да инженерлік құрылғыларды (9,6%), сумен жабдықтау және кәріз жүйелері үшін су құбырларды салу бойынша құрылыс жұмыстары (6,1%), басқа да құрылыс жұмыстары (7,3%) басым.
Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір көп көлемі жеке құрылыс ұйымдарымен -96,0%-ке, шетелдік – 3,8%-ке, мемлекеттік 0,2%-ке орындалды.
2017 жылы барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен 213 тұрғын үйге жатпайтын нысан пайдалануға берілді, соның ішінде:
өнеркәсіпте: жылына 131 тонна тауарлы балық шығаратын кәсіпорын, жылына 60 тонна жемістер мен көкөністерді қайта өңдейтін және консервілейтін кәсіпорын, жылына 250,0 мың тонна мұнай және мұнай өнімдерін өндіретін кәсіпорын, 45,0 мың тонна тауарлық бетон өндіретін кәсіпорын.
ауыл шаруашылығында: жылына 6000 тонна етті бағыттағы құс фабрикасы, 1320 бас орындық мүйізді ірі қара малға арналған 8 орынжай;
сауда саласында: ауданы 3,5 мың ш.м. сауда алаңымен 6 сауда үйі, ауданы 875 ш.м. 3 супермаркет;
білім саласында: 900 орындық 2 жалпы білім беретін мектеп, 370 орындық 2 мектепке дейінгі ұйым;
19,4 км су құбыры, 224,2 км жергілікті газбен жабдықтау желілері, 395 км жергілікті сумен қамту құбырлары, 61,4 км электр тарату желілері;
300 орынға Мәдениет үйі, ауданы 5,1 мың ш.м 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы 2015 жылмен салыстырғанда 49,8%-ке ұлғайды және 392,2 мың ш. м құрады.
Тұрғын үйдің басым бөлігі – 320,7 мың ш. м немесе 81,8% жеке құрылыс жүргізушілермен пайдалануға берілді, соның ішінде тұрғындармен - 225,2 мың ш. м, бұл пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемінен 57,4% құрайды.
2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда іске қосылған тұрғын үйлердің өсуі облыстың 11 ауданында және Орал қаласында байқалды. Едәуір өсім Бөрлі (2,9 есеге), Казталов (1,7 есеге), Жәнібек аудандарында (1,4 есеге) және Орал қаласында (1,4 есеге) байқалды.
2017 жылы іске қосылған тұрғын үйлердің басым бөлігі Орал қаласында (жалпы іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы көлемінен 68,6% немесе 269,1 мың ш. м), Бөрлі (12,3% немесе 48,4 мың ш. м) және Зеленов аудандарында (5,7% немесе 18,7 мың ш. м) тұрғызылған.
Тұрғын үйді пайдалануға беру 1000 адам тұрғынға 2015 жылғы 413,4 ш. м-ден 2017 жылы 608,8 ш.м-ге (47,3%-ке) дейін ұлғайды.
30 - кесте
Тұрғын үйлерді іске қосу
жалпы ауданының ш. м
Көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 ж. 2015 ж., %-пен
|
Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы
|
261 868
|
275 389
|
392 207
|
149,8
|
оның ішінде есебінен
|
|
|
|
|
бюджеттік қаражат
|
48 385
|
39 057
|
71 531
|
147,8
|
меншікті қаражат
|
198 394
|
202 959
|
275 415
|
138,8
|
банктердің кредиттері
|
1 293
|
|
|
х
|
басқа да қарыз қаражаттар
|
13 796
|
33 373
|
45 261
|
в 3,3 р.
|
Салынған пәтерлер саны
|
2 602
|
2 762
|
3 828
|
147,1
|
Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 2015 жылы бір адамға 19,8 шаршы метрден 2017 жылы 20,4 шаршы метрге дейін ұлғайды (2016 ж. – 20,2 шаршы м).
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 2015 жылы 19,4 млрд. теңгені құрады, 2016 жылы – 23,0 млрд. теңге, 2017 жылы – 38,0 млрд. теңге.
Халықтың тұрмысын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
2015-2017 жылдар кезеңі аралығында тұрғын үйлердің жалпы ауданы 929,5 мың ш. м пайдалануға берілген.
Бюджет қаражаттары есебінен 190,6 мың ш. м тұрғын үй, 24 көп пәтерлі тұрғын үй (3070 пәтер) және ауылдарда 143 үй (169 пәтер) салынды, 450,9 км инженерлік желілер іске қосылды.
Құрылыс бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
ағымдағы жөндеу және күрделі жөндеу бойынша көлемдерінің ұлғаюы;
тұрғын үй құрылысы секілді секторларда құрылыс материалдарына тұрақты сұраныстың өсуі;
жеке тұрғын үй құрылысына бос жер учаскелерінің болуы.
|
қыс мезгілі құрылыс жағынан сұраныстың, куаттың жеткіліксіздігін тудырады (тұрып қалу мезгілінің ұлғаюы).
жеке тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына коммуникациялардың жоқтығы;
тұрғын үй құрылысы жүйесінің мүмкіншіліктерін тиісті деңгейде пайдаланбау.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
жаңа замандық технологияларды енгізу арқылы құрылыс индустриясын дамыту, құрылыс материалдары өнімдерінің үлкеюі, құрылым мен өнімді энерго тиімділік және экологиялық талаптарға сәйкес өндіру;
жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;
жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ынталандыру.
|
қыс мезгілінде құрылыс материалдарының тұрып қалу уақытының созылуы;
мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінуіне тікелей байланысы.
|
Қолданылып жатырған шараларға қарамастан бүгінгі күнде әлеуметтік бағытта және «Нұрлы жер» бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуына әсер ететін бірқатар мәселелер бар:
жергілікті атқарушы органдар тізімінде тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй құрылысына жеткіліксіз ақша аударылуы;
экономикалық белсенді халық бөлігін, соның ішінде жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің мүмкіндігі болмай отыр;
халықтың төмен төлем қабілеттілігі;
жеке тұрғын үй құрылысына бөлінетін жер учаскелерінің жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуі.
Қолжетімді тұрғын үй тапшылығы мәселесін шешу үшін жалға берілетін коммуналдық тұрғын үй, сондай-ақ несиелік тұрғын үй құрылысына ең қолжетімді құрал ретінде республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет.
Сонымен қатар, халықтың көші-қоны, демографиялық жағдайдың жақсаруы, сондай-ақ тұрғындардың көбісі үшін несиелік ресурстардың шектеулі қолжетімділігі тұрғын үйлерге сұранысты арттырады. Облыстағы құрылыс қарқынының өсімі тұрғын үйге мұқтаж жандарды қамтамасыз етіп үлгермеуде. 2018 жылдың басына тұрғын үйге кезекте тұрғандар саны 23,9 мың адамды құрады.
Жолдар және көлік
Облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін автомобиль және темір жол, әуе және су желілерінің тарамдалған желісі орналасқан.
2015-2017 жылдары жолаушылар тасымалы – 3,5%-ке, жүк айналымы – 13,5%-ке, жолаушылар айналымы 9,2%-ке өсті. Түрлі жүктерді тасымалдау 0,6%-ке төмендеді.
Автомобиль көлігі
Тасымалданған жалпы жүк көлемінің 99,9% және тасымалданған жалпы жолаушылар санының 99,8% автомобиль көлігінің үлесіне тиесілі.
2017 жылы автомобиль көлігімен 39,3 млн. тонна жүк тасымалданды, бұл 2015 жылға қарағанда 0,5%-ке аз, жолаушылар – 450,6 млн. адам (3,6%-ке көп). Жүк айналымы 3099,6 млн.ткм құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 13,9%-ке өсті, жолаушылар айналымы – 7296,1 млн. жкм (0,7%-ке азайды).
Облыста 5 халықаралық (Самара, Орынбор, Тольятти, Саратов, Бузулук), 2 облысаралық (Атырау, Ақтөбе), 34 қалалық, 31 облысішілік, 36 ауданішілік автобус маршруттары жұмыс жасайды. Тұрақты автобус маршруттарына 29 тасымалдаушы-кәсіпорын қызмет көрсетуде.
Орал қаласында 26 такси компаниясы қызмет көрсетеді. Аудандарда 33 жолаушылар такси жұмыс жасайды, соның ішінде: Бөрлі – 16, Зеленов – 10, Ақжайық – 3, Сырым – 1, Тасқала – 2, Казталов – 1.
Облыстың 441 ауылдық елді мекенінің 293-і (66,4%) автобус қатынасымен қамтылған.
5 әлеуметтік маңызы бар автобус маршрут бойынша жолаушылар тасымалы облыстық бюджет есебінен 50,0 млн. теңгеге субсидияланды.
Автомобиль жолдары
Облыс экономикасының дамуы автомобиль жолдары жүйесін дамыту қажеттілігін анықтайды.
Облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6496,25 мың км құрайды, оның ішінде 1392,55 км – республикалық маңызы бар автожолдар.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5103,7 км құрайды, оның ішінде қара жамылғылы автожолдар – 1159,0 км (22,7%), қиыршық тасты автожолдар – 2151 км (42,1%), топырақты автожолдар – 1794 км (35,2%).
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар құрамына 61 көпір өткелі және 1121 су өткізгіш құбырлары кіреді.
Жыл сайын автожол саласын қаржыландыру ұлғайтылуда. 2015-2017 жылдары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салуға, қайта құруға, жөндеуге және күтіп-ұстауға республикалық және жергілікті бюджеттен 17,9 млрд. теңге бағытталды.
Жалпы ұзындығы 391 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына қайта жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 28% құрады (2015 ж. - 26%).
Қаратөбе (Қаратөбе ауылы) және Шыңғырлау (Шыңғырлау ауылы) аудан орталықтары облыс орталығы Орал қаласымен қатты жамылғылы жолмен қосылды.
Көлікті дамыту бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
облыста Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесіне кіретін тарамдалған автомобиль және темір жол, әуе және су желілері орналасқан;
көліктердің негізгі көрсеткіштерінің оңтайлы динамикасы.
|
негізгі құралдардың айтарлықтай моральды және физикалық тозуы (жылжымалы құрам мен инфрақұрылым);
көлік кешенінің негізгі құралдары мен инфрақұрылым ахуалы жеке сектор және мемлекет тарапынан ірі инвестицияны қажет етеді;
қала маңындағы және облысішілік автобус маршруттарындағы жеке тасымалдаушылардың рұқсатсыз ұйымдаспаған жолаушылар тасымалдауы;
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
инфрақұрылымды қамтуды дамыту үшін экономикалық белсенділік пен инвестициялық тартымдылықты ынталандыру;
автомобиль жолдары желісін сақтап қалу және дамыту.
|
автокөліктің жылжымалы құрамының тозуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді;
жол жамылғысының қанағаттанарлықсыз жағдайы пайдалану қозғалысының төмендеуіне, көліктерді пайдалану шығынының жоғарылауына, апаттық жағдайлардың өсуіне алып келеді.
|
Сапалы автомобиль жолдарының болмауы облыс үшін проблемалық мәселе болып табылады. Үш аудан орталығының (Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов) облыс орталығымен әлі күнге дейін сенімді автомобиль қатынасы жоқ.
Автомобиль жолдарының топырақты және ауыспалы типті жамылғылы учаскелері қозғалыс жылдамдығы бойынша, ось салмағы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды.
Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар желісін қалыпқа келтіру және оларды күтіп-ұстау бойынша ағымдағы шығыстарды қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі жеткіліксіз. Сондықтан, инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландыру ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарды қалыпқа келтіруге және қатты жамылғылы жолдарға алмастыруға болады, бұл өз кезегінде облыстың жол жүйесінің өткізу және тасымалдау қабілетінің артуына әкеледі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
2017 жылы облыстың тұрғын үй секторында жалпы көлемі 12,3 млн. ш. м құрайды, соның ішінде 12,15 млн. ш. м немесе 98,8% тұрғын үй жеке меншікте. Тұрғын үй қорының көп қабатты тұрғын үйлерге жататын 2,2 млн. ш. м немесе 17,9% жөндеудің кейбір түрлерін қажет етеді, 23,1 мың ш. м (0,19%) – әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, бұзуға жататын апатты үйлер.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында облыста көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге 1,7 млрд.теңге бағытталды. 2011-2015 жылдары 210 үй жөнделді. 2016-2017 жылдары 15 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстары қайтарылған қаражат есебінен жүргізілді.
Негізінен шатыр, терезе, кіреберіс есік және инженерлік (сумен қамту, кәріздік, жылумен қамту электрмен қамту) желілері ауыстырылды, ғимараттың айналасына откос орнату, кіре берісте және жертөле бөлмелерін жөндеу жүргізілді.
Электрмен қамту облыс инфрақұрылымының тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі құрамының бірі болып табылады. 2017 жылы электр энергия 2015 жылмен салыстырғанда 24,3%-ке көп өндірілді.
Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 20 672,8 км, соның ішінде «Батыс Қазақстан ЭТК» - 20 437 км, «Ақсайгазпромэнерго» АҚ – 235,8 км.
Облыста электр энергиясының негізгі көлемін тасымалдаумен «Батыс Қазақстан ЭТК» АҚ жүзеге асырады, оның қызмет көрсетуінде кернеулігі 220, 110, 35, 10, 6 және 4 кВ желілері, 3047 трансформаторлық қосалқы стансалары бар. Жыл сайын трансформаторлық қосалқы стансаларын және қолданыстағы электрмен қамту желілерін жаңғырту, ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіледі. 2015 жылы – 3001 км, 2016 жылы – 3131,1 км, 2017 жылы – 2344,7 км электр тарату желілері жөнделді.
Электр энергиясын есептеу приборларымен қамтылуы 100% құрайды.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
Энергия үнемдеу облыс алдында қойылған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.
Бюджеттік секторда әлеуметтік маңыздылығы мен қаржыландырудың жетіспеушілігінен энергия үнемдеу маңызды рөл атқарады. Бүгінгі күні облыстың бюджеттік мекемелерінде 703216 свет нүктелері (шамдар) бар, соның ішінде энергия үнемдеуші - 24% немесе 168771 свет нүктелері.
Бүгінгі күні көше жарығында 22494 сыртқы жарық нүктелері (шамдар) бар, соның ішінде энергия үнемдеуші 35% немесе 7872 жарық нүктелері.
Батыс Қазақстан облысының 2015-2020 жылдарға арналған энергияны үнемдеудің кешенді жоспарына сәйкес облыста энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жалпы сомасы 2,2 млрд.теңгеге 109 іс-шара қарастырылған, соның ішінде кәсіпорын қаражаты есебінен – 1,9 млрд.теңге.
Саланың негізгі проблемасы электр энергиясын берудің қолданыстағы жүйелері және қосалқы стансалары 30 жылдан артық пайдаланылуда және қалпына келтірілу мен жаңғыртылуды талап етеді. Орта есеппен негізгі құрылғылардың тозуы – 83,1%, ауылдық жерлерде 90% құрайды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кәсіпорынның қаражаты жеткіліксіз, осыған байланысты электр желілерін және құрылғыларды күрделі жөндеу электр энергиясын беру қызметтеріне қарастырылған тарифтің шектелген көлемі есебінен жүргізіледі.
Баламалы энергетика
Облыста электроэнергияға орталықтандырылған байланысы жоқ 151 шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен 163 қондырғы, оның ішінде 151 күн батареясын және 12 жел қозғалтқышын орнатты.
2017 жылы энергия көзін жаңғырту көздерінен 23,8 мың кВт/сағ электр энергиясы өндірілді.
Сумен қамту
Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 93,8% құрайды, соның ішінде Орал қаласы – 93,8%, Ақсай қаласы – 100%.
Қалалық коммуналдық су желілерінің жалпы ұзындығы 603,6 шақырымды құрайды, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 429,7 км, Ақсай қаласы бойынша – 173,9 км.
Тозығы жеткен жағдайдағы 377,3 км су құбыры желілері бар, соның ішінде Орал қаласы бойынша – 273 км, Ақсай қаласы бойынша – 104,3 км.
2015 жылы 6,4 км су құбыры желілері ауыстырылды, 2016 жылы – 8,7 км, 2017 жылы – 6,1 км. 2015 жылы апаттық жағдай мен суды айыру саны 90 бірлік құрады, 2016 жылы – 188 бірлік, 2017 жылы – 103 бірлік.
2017 жылы ауыл тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі 76,7% құрады.
01.01.2018 ж. жағдайы бойынша 441 ауылдық елді мекеннің (АЕМ) 178-і орталықтандырылған сумен қамтуға қол жетімділігі бар, 259 АЕМ орталықтандырылмаған сумен қамтуды пайдаланады, 4 АЕМ тасымалды суды пайдаланады.
Коммуналдық меншікте тұрған ауылдық елді мекендердегі су жүйесінің жалпы ұзындығы 2422,9 км құрайды. 662,9 км (27,4%) су құбыры жүйесінің тозығы жеткен жағдайда.
2015-2016 жылдары 8 ауылдық сумен қамту нысанның құрылысына және қайта жаңғыртуға 1,0 млрд. теңге шамасында игерілді, 36 км су құбыры салынды, 160,5 км – жөнделді.
2017 жылы 55 ауылдық елді мекенде 39 сумен қамту жүйесін салу және қайта жаңғыртуға барлық қаржыландыру көздерінен 9,0 млрд. теңге бөлінді. 38 АЕМ-де (47 мың адам) 29 нысан пайдалануға берілді, 1068 км су құбыры салынды.
31- кесте
Достарыңызбен бөлісу: |