Шјкен ауылдыќ округі јкімініѕ есебі



жүктеу 36,16 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі36,16 Kb.
#13211

ШӘКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ
Бюджет. 2017 жылға «Шәкен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бюджеттен 33,8 млн теңге қаражы бөлініп, толық игерілді.

2017 жылы жергілікті бюджетке жеке және заңды тұлғалардан 1,2 млн салық жиналып, жоспар100 пайызға орындалды.



Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы. Ауылдық округі бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлер саны 53. Оның ішінде 1 ауылшаруашылық кооперативі, 41 шаруа қожалығы, 3 азық-түлік дүкені, 1асхана, 2 көлік тасымалы, 5 ауыл шаруашылығы бағытында кәсіпкер жұмыс жасайды.

2017 жылы тіркелген кәсіпкерлік субъектілер саны - 8. Оның ішінде 1 ауылшаруашылық кооперативі, 1 азық-түлік дүкені, 1 шаруа қожалығы, 1 асхана, 3 мал өсіру бағытындағы және көлік қатынасы бойынша 1 кәсіпкер тіркелді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары негізінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 4 қатысушы оқуын аяқтап, жобаларын қорғады.

«Қаз Агро Қаржы» коорпарациясынан «Рахмет» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша 4,5 млн. теңге несиеге 17 бас жылқы малын сатып алып, өсіруде. 1 адамды жұмыспен қамтыды.

Осындай мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану нәтижесінде округ бойынша мүйізді ірі қара 1720 басқа, уақ мал 5877 басқа, жылқы 2609 басқа, түйе 1347 басқа жетті.

Әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту. 2017 жылы ауылдық округ бойынша 30 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 22 адам тұрақты, 8 адам маусымдық жұмыспен қамтылды және 6 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Сонымен қатар, №134, №259 мектеп ғимараттарының құрылыс жұмыстары кезінде 19 адам уақытша жұмыс істеді.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт. 2017 жылы Шәкен ауылынан 100 орындық мектеп интернатымен қоса жаңадан салынды. Мектепте 98 оқушы білім алуда. Оларға 34 мұғалім дәріс береді. 2016-2017 жылында мектепті 4 түлек бітіріп, олардан 3 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның 2-і жоғарғы оқу орнының грантын иеленсе, 2-і арнаулы орта оқу орнының грантымен түсіп оқуда. №134 мектеп жанында 30 орынды интернат жұмыс жасайды.

Шилі елді мекенінде де 2017 жылы №259 негізгі мектеп ғимараты жаңадан салынып, онда 55 оқушы білім алуда. Оларға 19 мұғалім дәріс береді.

Шәкен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның 11 орынды күндізгі стационарында жыл басынан бері 80 адам ем алды.

«Шәкен ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында домбыра және би үйірмесі ұйымдастырылған. 2017 жылы ауыл клубында 32 мәдени мерекелік іс-шара өткізілді.

Округте 12550 дана кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасайды. Жыл ішінде кітапханада мерекелік шаралар, биографиялық шолу, кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Абаттандыру. 2017 жылы аудан мен ауыл аралығындағы жолды тазалап, тегістеуге аудандық бюджеттен 742,0 мың теңге қаржы бөлініп, 3 рет тегістелді. Көркейту-көгалдандыруға 287,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Байланыс, электр энергиясы, халыққа қызмет көрсету басқа да түрлері. Ауылды электрмен қамтамасыз ету тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Көше жарығы және оны күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 3,8 млн теңге қаржы бөлініп, игерілді. Пошта тасымалы және зейнетақы, жәрдемақы тасымалы келісім шартқа отырған тасымалдаушы қызметімен жүзеге асырылады. Телефон байланысы тұрақты. Отандық «Отау ТВ» спутниктік теле арналар жүйесін ауыл тұрғындарының 99,2 пайызы пайдаланып отыр.

Қоғамдық тәртіпті нығайту. Ауылдық округте қылмыс пен құқық бұзушылықтың, мал ұрлығының алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторы тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жыл ішінде 7 бас жылқы малының өрістен жоғалуы, 2 атып алып кету фактісі тіркелген.

Алдағы уақытта атқарылатын міндеттер:

- Жаппай кәсіпкерлікті қолдау және нәтижелі жұмыспен қамту бағытандағы бағдарламаны тиімді пайдалану арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту;

- Cыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын күшейту;

- Абаттандыру, көркейту-көгалдандыру, ауыл тазалығы, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жалғатыру;



- Қоғамдық тәртіпті алдын-алу шараларын күшейту.
жүктеу 36,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау