Нақты макроэкономика бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
аймақтың қолайлы географиялық орналасуы;
табиғи ресурстардың бай кен орнының болуы (табиғи газ, мұнай, құрылыс материалдары);
машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, азық-түлік өнеркәсіптерінің өнеркәсіптік әлеуеті;
негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсуі және аграрлық сектордың дамуы;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы;
халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартудағы оң үрдістер;
облыс мемлекеттік бюджет және Ұлттық қорға түсетін түсімдер бойынша 5-ші орында (Атырау, Маңғыстау облысы, Алматы және Астана қалаларынан кейін).
|
облыстың ресурсқа жоғары тәуелділігі;
өңдеуші сектордың төмен үлесі және өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының тозуы;
ауа райы жағдайына дән өндірісінің тәуелділігі;
ауыл шаруашылық техникасының жоғары деңгейде тозуы;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілер.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
индустриялық-инновациялық дамуының жоғары қарқыны;
өңдеуші өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
ауыл шаруашылығы өнімдерін және дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді және экспорт көлемін арттыру;
шағын және орта кәсіпкерлік үшін өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
халықтың табыс деңгейін арттыру.
|
өңдеу өнеркәсібінің қысқаруы;
қолайсыз табиғи климаттық жағдайға байланысты инвестициялық тартымдылық пен ауыл шаруашылығы секторы көрсеткіштерінің төмендеуі;
жаңа өндірістерді ашу және істеп тұрған өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;
әлемдік мұнай бағасының айтарлықтай құлдырауы мен қоршаған ортаға эмиссия төлемақысының азаюына орай, салықтық түсімдердің төмендеуі.
|
Облыстың географиялық оңтайлы орналасу жағдайына және өңірдің жоғарғы ресурстық әлеуетіне, аймақтың экономикалық өсімінің оң үрдістеріне, негізгі әлеуметтік маңызы бар көрсеткіштер деңгейінің жақсаруына қарамастан, экономиканы дамытудың мәселелері экономиканың шикізаттық бағытын экспорттау, өңдеуші секторының жоғары емес үлесі, шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі, экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың жабдықтардың тозуы, ауа райы жағдайына астық өндірісінің жоғары тәуелділігі (қауіпті ауыл шаруашылығы аймағы), мал шаруашылығындағы ұсақ тауарлы өндірістің басымдығы, әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымдарының дамымауы, кадрдың жетіспеушілігі, халықтың жекелеген топтары арасында табыстарының жоғары деңгейде саралануы жатады.
Экономикалық өсу орталықтарын дамыту
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша облысымызда 441 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар, оның ішінде 60 – даму әлеуеті жоғары, 336 - даму әлеуеті орташа, 45 - даму әлеуеті төмен. Оларда 323,6 мың адам тұрады. 2000 адамнан асатын ауылдық округтердің саны 42 бірлікті құрайды, 1000-нан 2000 адамға дейін - 67, 500-ден 1000-ға дейін – 34 және 500 адамға дейін – 5.
Халық саны 50 адамға дейінгі ауыл мәртебесіне сай келмейтін АЕМ - 54 бірлік.
2017 жылы даму әлеуеті жоғары АЕМ саны көбейді (6 бірлікке), даму әлеуеті төмен АЕМ саны азайды (3 бірлікке), бұл АЕМ-дегі экономикалық белсенділіктің артуына байланысты.
Облыс бойынша экономикалық өсу орталықтарына:
«екінші деңгейдегі» қала – облыс орталығы Орал қаласы,
«үшінші деңгейдегі» қала – Ақсай моноқаласы,
23 тірек ауылдық елді мекен (тізім облыс әкімдігінің 2016 жылғы 24 маусымдағы №199 қаулысымен бекітілді),
98 шекара маңында орналасқан елді мекен кіреді.
«Екінші деңгейдегі» қаланың дамуы.
Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы, Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында орналасқан, Азия мен Европаның арасындағы ерекше сауда қақпасы болып табылады.
Орал қаласының аумағы 71,2 мың га құрайды. Қала аумағында 3 кент орналасқан (Деркөл, Зашаған, Круглоозерное). Қаланың халық саны 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 304,0 мың адам, 2016 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 5,4%-ке өсті. Халық саны негізінен халықтың көші-қоны және тууы есебінен өсті.
Өндірістің негізгі салалары машина құрастыру, металл өңдеу, металлургия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарды өндіру болып табылады.
Өнеркәсіп өндірісі көлемі 2015 жылы 109,3 млрд. теңгеден 2017 жылы 148,3 млрд. теңгеге өсті. Өнеркәсіп өндірісінің негізгі көлемі өңдеу саласына келеді (65,9%). Қаланың өңдеу өнеркәсібі саласында тамақ өндіру және машина құрастыру үлес салмағы ең жоғары.
Қаланың ауыл шаруашылығы облыстағы саланың жалпы өнімінің тек шамамен 6,5%-н қамтамасыз етеді.
Үш жылда меншіктің барлық нысанының кәсіпорындары және мекемелерімен 171,8 млрд. теңге көлемінде негізгі капиталға инвестициялар құйылған, соның ішінде 2017 жылы – 68,9 млрд. теңге.
2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде қалада білім беру саласында - 4 нысан, денсаулық сақтау - 1, спорт саласында 1 нысан іске қосылды.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 3 жылда 617,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде 2017 жылы – 269,1 мың шаршы метр, бұл 2015 жылғы деңгейден 71,6%-ке көп.
«Үшінші деңгейдегі» қаланың дамуы.
Ақсай қаласы Бөрлі ауданының аудан орталығы болып табылады, облыс орталығынан 140 км жерде орналасқан. Ақсай қаласының аумағы 13,9 мың га құрайды. 2018 жылдың 1 қаңтарына халық саны - 34,6 мың адам.
2015-2017 жылдары моноқаланың дамуына 5035,3 млн. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен - 2632,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 2403,1 млн. теңге. Қаланың инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 300 оқушылық орынға мектеп, 1200 орынға дене шынықтыру-сауықтыру кешені стадионымен, 320 орынға балабақша, автомобиль жолдары салынды, 3 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, жылу желілерін және ЫСЖ , кәріз желілерін қайта құру, мектептерді, электр желілерін күрделі жөндеу, 11 көшенің жол жабындысын жаңғырту және тығыздау бойынша жұмыстар атқарылды.
ШОБ субъектілеріне белсенді мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
2015-2017 жылдар аралығында 10,0 млн. теңгеге гранттар ұсынылды, 273,2 млн. теңгеге шағын несиелер берілді, сонымен қатар банктердің пайыздық ставкасын субсидиялауға 192,7 млн. теңге бөлінді.
2016 жылы құны 45,3 млрд. теңгеге «К5 экологиялық классының мотор майын шығару» («Конденсат» АҚ) инвестициялық жоба іске асырылды. Жоба шеңберінде 28 жұмыс орын құрылды, 23,5 млрд. теңге сомаға 201,9 тонна өнім шығарылды.
Тіректі ауылдық елді мекендерді дамыту.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен 23 тіректі ауылдық елді мекен айқындалды (бұдан әрі-ТАЕМ). Барлық ТАЕМ электрлендірілген, телефондандырылған, газдандырылған. 22 ТАЕМ орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
2015-2017 жылдары ТАЕМ дамытуға 4918,4 млн.теңге бөлінді, соның ішінде жергілікті бюджеттен – 1058 млн.теңге, республикалық бюджеттен - 3152,1 млн.теңге, басқа көздерден – 708,3 млн.теңге. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, әлеуметтік–мәдени нысандарды, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды салу жөндеу, елді мекендерді абаттандыру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жүргізілді. 118 жұмыс орын құрылды.
Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды, Зеленов ауданы, Дарьян ауылында 300 оқушыға арналған орта жалпы білім беретін мектептің 100 оқушыға арналған интернат құрылысы аяқталды. Бөрлі, Казталов, Сырым, Шыңғырлау аудандарында Бөрлі, Бостандық, Жалпақтал, Аралтөбе, Лубен ауылдарындағы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілді. Теректі ауданы Жаңа Өмір ауылында электр қуатын беру желісінің құрылысы жүргізілді.
Шекара маңында орналасқан ауылдарды дамыту.
Облысымызда 98 АЕМ шекара маңында орналасқан. 2014-2020 жылдарға арналған Шекара маңындағы аудандарды дамытудың кешенді жоспары бекітілді, оның шеңберінде шекаралық ауылдарды дамыту жұмыстары атқарылуда.
2015-2017 жылдары аралығында шекара маңында орналасқан ауылдарды дамыту үшін 48603,5 млн.теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 24821,2 млн.теңге, жергілікті бюджеттен - 4326,2 млн.теңге, басқа көздерден – 19456,1 млн.теңге. Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылындағы су құбырын қайта қалпына келтіру, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында 20 екі пәтерлі үйдің, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында 10 бірпәтерлі тұрғын үйлердің, Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша және т.б. жобалары жүзеге асырылды.
2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша шекара маңында орналасқан ауылдардың 44,9% сумен қамтылған немесе 98 АЕМ-нен 44 АЕМ, 78,5% газбен қамтылған немесе 98 АЕМ-нен 77 АЕМ. Шекара маңында орналасқан аудандардың аудан орталықтары облыс орталығымен қатқыл табанды жолмен қосылған, Казталов, Жәнібек, Сайқын ауылдарынан басқа.
Бірақ, орталық және жергілікті атқарушы органдардың шаралар жүргізуіне қарамастан, ауылдарда шешімін табуды талап ететін мәселелер бар (білім беру саласында 40 жыл бұрын салынған нысандар қалып отыр, денсаулық сақтау объектілері бейімделген ғимараттарда орналасқан, жергілікті маңызы бар көлік жолдары қанағаттарлық емес жағдайда, 263 АЕМ тұрғындары орталықсыздандырылған суды қолданады).
Ауылды дамытудың тағы бір мәселесі білікті мамандардың жетіспеушілігі болып табылады. Осы мәселені шешу мақсатында «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.
3- кесте
«Дипломмен ауылға!» жобасының іске асырылуы
адам
Мерзім
|
Келген мамандар саны
|
соның ішінде
|
білім беру
|
денсаулық сақтау
|
әлеуметтік қамту
|
мәдениет
|
спорт
|
ветеринария
|
2015 ж.
|
448
|
285
|
98
|
2
|
28
|
16
|
19
|
2016 ж.
|
471
|
307
|
109
|
3
|
24
|
8
|
20
|
2017 ж.
|
500
|
312
|
129
|
6
|
25
|
10
|
18
|
2015 -2017 жылдары облыс бойынша ауылдық мекендерге 1419 маман тартылды. Мамандардың жалпы санынан 904 – педагог, 336 – денсаулық сақтау, 11 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 111 – мәдениет және спорт, 57 - ветеринария мамандары.
2017 жылы ауылдық елді мекендерге келген 500 маманға 259,7 млн.теңге сомаға біржолғы көтерме жәрдемақы төленді, 408 маманға 1291,9 млн. теңге сомаға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.
Жергілікті атқарушы органдармен халықтың нысаналы топтарының арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында сәйкесті материалдар жариялануда, радио және теледидардан сөз сөйленуде
Ауылға мамандарды тарту бойынша қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, ауылды жоғарғы білікті дәрігерлермен, физика, химия, ағылшын тілі мамандарымен қамтамасыз ету өткір күйіндегі мәселе болып қалып отыр.
Ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін одан әрі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде объектілердің құрылысына, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, ағымдағы жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға қаражаттарды бөлу қажет.
Ауылдық аумақтар бойынша SWOT- талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
ауылдық аумақтарды дамыту үшін бюджеттерден қаражатты жыл сайын бөлу;
газбен қамтылған халықтың үлесін арттыру.
|
аудандардың облыс орталығынан алыстығы;
көлік инфрақұрылымы нашар дамыған;
ауылдық жерлерде сапалы ауыз сумен қамтылудың төмен деңгейі;
ауыл шаруашылығы үшін жарамды табиғи су көздерінің болмауы, жайылымдардың аз мөлшерде суарылуы;
шектеулі инвестициялық мүмкіндіктердің әсерінен энергетикалық жабдықтардың жоғары тозуы;
білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
бюджеттік ресурстарды қарқынды инвестициялауда ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту;
шекаралас аумақтарды нығайту.
|
су, электр энергиясы, жылу дәрежесінен ауылдық инфрақұрылымның артта қалуы;
тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасудың қиындықтары;
халықтың облыс орталығына жақын жерлерге көшуі.
|
Басты мәселелер:
автокөлік жолдардың, сумен қамту, газдандыру, білім, денсаулық, мәдениет нысандарының құрылысы мен күрделі жөңдеуі қажет;
тұрғындарды жұмыспен жеткіліксіз қамтылуы;
ауыл кәсіпкерлері үшін кредиттік ресурстарға қолжетімсіздігі ;
жоспарланған шараларды жеткіліксіз қаржыландырылуы.
Өнеркәсіп
Аймақ экономикасының ірі салаларының бірі өнеркәсіп болып табылады. Аймақ елеулі ресурстық әлеуетке ие, бұл өңірдегі өнеркәсіптің түрлі салаларының дамуына мүмкіндік береді.
2017 жылы ЖӨӨ-нің үлесі 49,3% құрады (2015 ж.- 51,6%, 2016 ж. – 50,0%).
Облыста 375 өндірістік кәсіпорын мен өндіріс орындары бар, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,6%-ке көп (362 бірлік).
Өнеркәсіптік өнімдер көлемі 2015 жылы 1302,1 млрд. теңгеден 2017 жылы 1914,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Елдің өнеркәсібі көлеміндегі облыстың үлесі – 8,4% (Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан кейін 4-орында).
«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В.», «Жайықмұнай» ЖШС сияқты мұнайгаз секторының ірі кәсіпорындарымен ұсынылып отырған өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі тау-кен өндіру өнеркәсібі (88,3%) саласына тиесілі. Облыстың көмірсутек шикізатының негізгі үлесі Қарашығанақ және Чинарев мұнайгаз конденсаты кен орындарында шоғырланған.
4-кесте
Өнеркәсіптің құрылымы
млн. теңге
Сала атауы
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
НКИ
2017 жыл 2016 жылға, %-пен
|
2017 ж. саланың үлес салмағы, %
|
Өнеркәсіп – барлығы,
соның ішінде:
|
1 302 068,0
|
1 566 959,6
|
1 914 501,1
|
103,4
|
100
|
тау-кен өнеркәсібі
|
1 146 628,0
|
1 388 588,6
|
1 690 284,3
|
102,0
|
88,3
|
өңдеу өнеркәсібі
|
107 058,0
|
126 646,9
|
161 650,0
|
102,9
|
8,4
|
электрмен қамту, газ беру, бу және ауамен баптау
|
43 686,0
|
45 291,2
|
52 818,3
|
140,2
|
2,8
|
сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау
|
4 696,0
|
6 432,9
|
9 748,5
|
153,4
|
0,5
|
Республикада облыстың үлесіне газ конденсатын өндіру көлемінің 97,3% және газ өндіру көлемінің 38,1% тиесілі.
2015 жылдан 2017 жылға дейін газ конденсатын өндіру көлемі – 3,2%-ке, табиғи газ – 2,5%-ке ұлғайды.
5-кесте
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 жыл
2015 жылға, %
|
Газ конденсатын өндіру көлемі
|
мың тонна
|
12 515,3
|
12 101,0
|
12 915,3
|
103,2
|
Табиғи газ өндіру көлемі (жалпы өнім)
|
млн.текше метр
|
19 688,2
|
19 197,0
|
20 177,4
|
102,5
|
Электрмен қамту, газ беру, бу және ауамен баптау; Сумен қамту; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау
Облыста электр энергиясын өндіруді Орал ЖЭО газтурбиналық электр стансасы (қуаттылығы 30 МВт), «Жайықжылуэнерго» АҚ газтурбиналық қондырғысы (28 МВт), КПО б.в. газтурбиналық электр стансасы (160 МВт), «Жайықмұнай» ЖШС газтурбиналық қондырғысы (16 МВт), «Орал газтурбиналық стансасы» ЖШС (54 МВт), «Батыс Пауэр» ЖШС (100 МВт) жүзеге асырады. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады.
2017 жылы электроэнергия өндірісі 1981,8 млн. кВт. сағ. құрады, облыс қажеттілігі 2021,7 млн. кВт. сағ., басқа түсімдер – 39,9 млн. кВт. сағ, РФ-дан импорт – 35,7 млн. кВт. сағ. 2015 жылмен салыстырғанда электроэнергия өндірісі өсімі 24,3%-ті құрады.
2017 жылы жылу энергия өндірісі 3,2 млн.Гкал құрады, оның ішінде жылу электростанциялар – 1,2 млн.Гкал және қазандар - 2,0 млн.Гкал.
2017 жылы тұтынушыларға облыстың кәсіпорындарымен 1,1 млн.Гкал жылу энергиясы жіберілді. Жіберілген жылу энергиясының жалпы көлемінен халыққа - 0,7 млн.Гкал, кәсіпорындар және ұйымдардың коммуналды-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктеріне 0,3 млн.Гкал түсті.
Жылумен қамту көздерінің саны 138 бірлікті құрады.
Жылу энергиясын өндіру бойынша жылу электростанцияларының орнатылған қуаттылығы 656,0 Гкал/сағ., жылына орташа жұмыс қуаттылығы - 127,0 Гкал/сағ құрайды. Орнатылған қазандар қуаттылығы - 626,9 Гкал/сағ., орташа жұмыс қуаттылығы - 486,0 Гкал/сағ құрады.
2017 жылы тұтынушыларға облыс кәсіпорындарымен 25,4 млн. куб. м су жіберілді, оның ішінде халыққа – 13,7 млн. куб. м немесе 53,9%, коммуналдық қажеттіліктерге – 1,1 млн. куб. м (4,3%).
Желіге жеткізілген су көлемі 38,8 млн. куб. м құрады, бұл ретте су көлемінің 24% су тазалағыш құрылымнан өткізілді.
6 - кесте
Электроэнергия, жылу энергия, табиғи су өндірісі
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 жыл
2015 жылға, %
|
Электроэнергия, млн. кВт.сағ.
|
1 594,7
|
1 705,9
|
1981,8
|
124,3
|
Жылу энергиясы, мың.Гкал
|
3 092,3
|
2 913,6
|
3161,5
|
102,2
|
Табиғи су, млн. куб.м
|
38,7
|
34,5
|
48,8
|
126,1
|
2017 жылы өңдеу өнеркәсібінің аймақтың өнеркәсіп өнімінің құрылымындағы үлесі 8,4% құрады, бұл облыстың мұнайгаз кешеніндегі өндіріс көлемінің озық өсуімен түсіндіріледі (2015 жылы – 8,1%). Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2015 жылдан 2017 жылға дейін 105,3 млрд. теңгеден 161,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Облыстың өңдеу өнеркәсібінің құрылымы кәсіпорындар қызметінің барлық салалық бағыттарын қамтиды.
Республиканың өңдеу өнеркәсібі көлемінде саланың үлесі 1,7% құрайды.
2017 жылдың қаңтар-желтоқсанында өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі адам басына 16,0 мың. АҚШ долларын құрады немесе 2016 жылдың деңгейіне – 105,8%, 2016 жылы – адам басына 12,9 мың. АҚШ доллары (87,3%), 2015 жылы – адам басына 20,2 мың. АҚШ доллары (76,4%).
2017 жылы шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі – 201,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2016 жылға – 123,0% (2016 жылы – 164,1 млн. АҚШ доллары, 2015 жылы – 159,8 млн. АҚШ доллары).
7- кесте
Достарыңызбен бөлісу: |