Бекітемін:
Шиелі аудандық білім бөлімінің бастығы
________________________Қ. К. Оңғаров
№ 45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясының
ЖАРҒЫСЫ
Меншік түрі : мемлекеттік мекеме
Шиелі кенті
2010 жыл
Жарғы
Мемлекеттік оқу орны - №45 «Ақ Орда» мектеп - гимназиясы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы – жалпы білім беретін мектеп пен гимназияның білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын Жалпы білім беретін мемлекеттік оқу орны болып табылады. Мектеп – гимназия Шиелі ауданындағы Білім беру мекемесіне жатады. Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы»Заңы негізінде қызмет атқарады. Оқу – тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі бекіткен нормативті құжаттар арқылы жүргізіледі.
1.2 Мектеп – гимназия – заңды тұлға болып табылады. Жеке мүліктік және негізгі мүліктік жедел басқаруға, өз атынан келісім шарттар жасауға, мүлік алуға және пайдалануға міндетті. Заң алдында талапкер және жауапкер болуға ерікті. Дербес балансы, банкіде есепшоты, дөңгелек мөрі, бұрыштамасы бар.
1.3 Мектеп – гимназияның заңды мекен – жайы:
Индекс 120700
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, М. Шоқай көшесі №1 үй
Мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде: №45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы Мемлекеттік мекемесі
Қысқаша атауы: №45 «Ақ Ода»мектеп – гимназиясы М.М.
Орыс тілінде: Государственное учреждение школа – гимназия №45
«Ак Орда»
Қысқаша атауы: Г.У. школа – гимназия №45 «Ак Орда»
ІІ. Құрылтайшылар
2.1 Мектеп – гимназия Құрылтайшысы Шиелі аудандық Әкімдігі болып табылады. Шиелі аудандық білім бөлімі Уәкілетті орган болып есептеледі.
2.2 Мектеп – гимназия мен Уәкілетті орган арасындағы қатынас осы Жарғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2.3 Уәкілетті орган мектеп – гимназия директорын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындайды және лауазымнан босатады. Мектеп – гимназия директорының орынбасарларын тағайындау жайлы ұсынысын қарайды.
2.4 Мектеп – гимназия Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және басқа да нормативтік актілерде белгіленген тәртіппен аттестациядан өткізіледі.
2.5 Мектеп – гимназия педагогикалық, ғылыми және тағы басқа халықаралық ассоциациялар, бірлестіктер мен қоғамдарға кіруге ерікті. Кәсіби, шығармашылық, ғылыми, спорттық байқауларға, олимпиадаларға, конференция, конгрестерге, білім қызметкерлері мен білім алушылардың түрлі формадағы тәжірибе алмасуларына валютасыз негізде қатыса алады.
2.6 Мектеп – гимназия мемлекеттік саясаттың білім беру жүйесіндегі зиялы және діни білім берудің принциптерін сақтауға міндетті.
2.7 Мектеп – гимназияда ұйымдық құрылымдарды, саяси партияларды, қоғамдық - саяси қозғалыстарды және діни бірлестіктерді құруға тыйым салынады.
2.8 Мектеп – гимназия білім беру үрдісін жүзеге асыруда кадрлар іріктеуді, орналастыруды, ауыстыруды Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Жарғыға сәйкес дербес атқарады.
ІІІ. Мектеп – гимназияның негізгі мақсат – міндеттері
3.1 Мектеп – гимназия қызметінің негізгі мақсаты:
Жалпыға міндетті Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын игертуді жүзеге асыру;
Білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш білім беруді, негізгі орта білім беруді, жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;
3.2 Мектеп – гимназия қызметінің негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiптiк шыңдауға бағытталған сапалы бiлiм алу үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, даралықты дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ой-өрiсiн байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көрiнiстерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсендi азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдiк мәдениеттiң жетiстiктерiне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерiн зерделеу; мемлекеттiк тiлдi, орыс, шетел тiлдерiн меңгерту;
3.3 Мектеп – гимназияның негізгі функционалдық қызметі
1) iшкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;
2)жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
3) егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгiлiк ережесiнде өзгеше көзделмесе, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға сәйкес бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң контингентiн қалыптастыру;
4) оқытудың жаңа технологияларын енгiзу;
5) бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргiзу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
8) бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;
9) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
10) Білім алушыларға инклюзивті білім беру;
11) Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға психологиялық, дәрігерлік кеңес беру, логопедтың, дефектологтың көмегін ұсыну;
12) бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңiлдiктер материалдық қамсыздандыру түрлерiнiң уақтылы берiлуiн қамтамасыз ету;
13) Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы мектеп – гимназияға келе алмайтын балалар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастыру;
13) қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жәрдемдесу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаржылық есептiлiктi табыс ету;
ІҮ) Бiлiм беру процесiн ұйымдастыру тәртiбi
4.1 Мектеп – гимназияда білім мен тәрбие беру мемлекеттік тіл - қазақ тілінде жүргізіледі
Мектеп – гимназияда шетел тілі есебінде орыс тілі және ағылшын тілі пәні оқытылады.
Жалпы білім беру бағдарламалары мектеп – гимназияда күндізгі формада жүзеге асырылады.
4.2 Мектеп – гимназиядағы білім беру үрдісі мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына және оқу жоспарына сәйкес дербес құрылады және оны мектеп – гимназия директоры бекітеді
4.3 Мектеп – гимназияның білім беру бағдарламалары негізгі және қосымша компоненттерден тұрады;
4.4 Мектеп – гимназияның білім беру үрдісі төмендегідей сатыларды қамтиды:
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу (оқу мерзімі 1 жыл) – мектепалды дайындық тобы
Бастауыш бiлiм беру (оқу мерзімі 4 жыл) – 1 - 4 сыныптар
Негiзгi орта және қосымша білім беру , Прогимназия (гимназияға бағытталу) (оқу мерзімі 5 жыл) - 5- 9 сыныптар
Қоғамдық – гуманитарлық, жаратылыстану – математикалық бағытты гимназия (оқу мерзімі 2 жыл) - 10-11 сыныптар
Білім алушылар мен ата – аналардың сұранысы бойынша мектеп – гимназия түрлі профильдер мен бағыттар бойынша білім бере алады.
4.5 Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын меңгеру бiлiм алушыларды мiндеттi қорытынды аттестаттаумен аяқталады.
Жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларды және оқуын бiтiретiн жылы орта бiлiмнен кейiнгi немесе жоғары бiлiм беретiн ұйымдарға оқуға түсуге ниет бiлдiрушiлердi қорытынды аттестаттау ұлттық бiрыңғай тестiлеу нысанында жүзеге асырылады.
Мектеп – гимназия қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар береді
Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
4.6 Оқу жылының бағдарламасын толық игерген, үздік білім нәтижесі мен үлгілі тәртіп көрсеткен білім алушылар мектеп – гимназияның педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес сыныптан сыныпқа емтихансыз көшіріледі.
4.7 Оқу жылының бағдарламасын орта деңгейде игерген білім алушылар сынақ тапсыруға міндетті. Сынақтан «қанағаттанғысыз» баға алған жағдайда күзгі сынаққа қалдырылады. Күзгі сынақтан өте алмаған жағдайда келесі сыныпқа көшірілмейді.
4.8 Жалпы білім беру бағдарламасын игермеген білім алушылар білім берудің келесі сатысына көшірілмейді
4.9 Білім алушыны келесі сыныпқа көшіру кез –келген жағдайда мектеп – гимназияның педагогикалық кеңесінің Шешіміне сәйкес жүргізіледі.
Ү. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң сабақ РЕЖИМ
5.1 Ереже бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталады;
5.2 Мектеп – гимназия алты күндік оқу аптасы бойынша жұмыс жасайды. Сабақ ұзақтығы – астрономиялық уақытпен 45 минут. Сабақ екі кезекте оқытылады.
5.3 Оқу жылының ұзақтығы мемлекеттік және қорытынды аттестацияны есепке алмағанда 34 апта. Мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілері мен бірінші сынып оқушылары үшін қосымша апталық демалыс белгіленеді.
5.4 Сабақ кестесі мен күн тәртібін мектеп – гимназия директоры бекітеді.
5.5 Мектеп – гимназиядағы Жалпы білім беретін оқу мазмұнына қарай мынадай оқу бағдарламаларымен жүргізіледі :
1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) Бастауыш білім беру;
3) Негізгі орта білім беру;
4) Жалпы орта білім беру;
5) Дарынды балалардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін кәсіби білім беру;
6) Эксперименттік білім беретін оқу бағдарламалары;
7) Қосымша білім беру бағдарламалары
8) Үйден оқыту жеке арнаулы бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.
ҮІ. Сыныптардың саны мен топтастырылуы
6.1 Мектеп – гимназиядағы сыныптардың саны ата – аналардың (заңды өкілдерінің) берген өтініштері мен жалпы білім беру үрдісін жүзеге асыру жағдайларын , санитарлық-гигиеналық нормаларын есепке ала отырып, Уәкілетті органның келісімімен директордың бұйрығы арқылы жасақталады.
6.2 Мектепалды дайындық топтарында тәрбиеленушілер саны 20 , басқа сыныптарда оқушы саны 25 білім алушыдан аспауға тиіс.
6.3 Мектеп сыныптары орыс тілін, ағылшын тілін оқытуда екі топқа бөлінеді.Оқушы саны сәйкес болған жағдайда дене шынықтыру,технология пәндері бөлініп оқытылады.
6.4 Гимназияның бастауыш, гимназияға бағдарлану (прогимназия), гимназия сыныптарында мемлекеттік тілді , орыс тілін , информатика , технология, дене шынықтыру пәндері екі топқа, ағылшын тілін оқыту үш топқа бөлініп оқытылу арқылы жүргізіледі.
6.5 Гимназияның бастауыш, гимназияға бағдарлану (прогимназия), гимназия сыныптарына оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курс жүргізу үшін әр сыныпқа 4 сағат бөлінеді. Түрлі үйірмелер жүргізуге 0,25 жүктеме белгіленеді.
6.6 Білім алушының таңдауы бойынша өткізілетін элективті курстар бір топта 8 оқушыдан кем болмаған жағдайда жүргізіледі.
ҮІІ Мектеп – гимназияға қабылдау,мектеп – гимназиядан шығару тәртібі
7.1 Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқуға бес жастан бастап мектепалды даярлық түрiнде жүзеге асырылады.
Мектепалды даярлық мiндеттi және мектеп –гимназияның мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады.
7.2 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.
7.3 Мектеп – гимназияда білім алуға өтініш берген білім алушылардың тұрғылықты жері мектеп – гимназияның қызмет көрсету аумағына енетін болса, қабылданады. Ал басқа аумақтан келген ата – аналар (заңды өкілдер) өтініштері бос орын болмаған жағдайда қанағаттандырылмайды.
7.4 Он алты жасқа дейiнгi балаларды мектеп – гимназиядан шығару құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, бiлiм беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бiрнеше рет бұзғаны үшiн педагогикалық Кеңестің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешiм қорғаншы және қамқоршы ұйымдардың келiсiмiмен қабылданады.
Гимназия сыныптары 25 оқушыға толмаған жағдайда 5,10 сыныптарға конкурстық негізде оқушы қабылдау жүргізіледі. Конкурс талаптары мен ережелерін мектеп – гимназия директоры бекітеді.
Білім деңгейі төмен, тәртібі нашар гимназия сынып оқушылары Педагогикалық Кеңес шешіміне сәйкес оқуын мектеп сыныбында жалғастыруға міндетті.
Мектеп – гимназияға қабылданған оқушының ата – анасын (заңды өкілдерін) мектеп дирекциясы мектеп – гимназия Жарғысымен таныстыруға міндетті.
ҮІІІ. Мектеп – гимназияның қаржы және шаруашылық қызметінің құрылымы
8.1 Мектеп – гимназия лицензия алып , тіркелген күннен бастап, өзінің Жарғысы, мөрі, атауы мен есепшоты бар заңды тұлға болып табылады.
8.2 Мектеп – гимназияның қаржылық және заттай қорының қайнар көзі:
Бюджеттік;
Меншік иесі немесе өкілетті органның мектеп – гимназияға берген заттары;
Басқа заңды және жеке тұлғалардың ерікті көмектері;
Басқа да заңға сәйкес табыс көздері;
8.3 Білім беру қызметін қамтамасыз ету мақсатында Уәкілетті орган Жарғы бойынша өз жеке меншігіндегі нысандарын (жер, мектеп құрылысы, жабдықтар және т.б) мектепке бекітеді.
8.4 Жер учаскесі мектеп – гимназияға тегін және мерзімсіз пайдалануға беріледі. Осы меншік құралдарын сақтау мен тиімді пайдалану жөнінде мектеп- гимназия Уәкілетті ұйым алдында жауапты. Мектеп-гимназия қызметін бақылау Уәкілетті ұйым немесе осыған қатысты басқа заңды тұлғалар арқылы жүргізіледі.
8.5. Мектеп-гимназияға жеке және заңды тұлғалардың ақшалай, заттай берген сыйлары, қалдырған мұралары мектеп-гимназия меншігіне жатады.
8.6. Мектеп гимназия өз меншігіндегі ақша қорларының жұмсалуына жауап береді.
8.7. Мектеп-гимназия өз меншігін жалға беруге және жалға алуға құқылы. Өз меншігін жалға беру тиісті заңнамаларға сәйкес жүргізіледі.
8.8. Уәкілетті ұйым бекіткен ақшалай және заттай қорлар мектеп-гимназияның меншігі болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамаларға сәйкес жұмсалады.
8.9. Мектеп-гимназияның материалдық-техникалық базасының дамуы өзіне бекітілген бюджеттік және меншік қорлары арқылы жүргізіледі.
Қаржы қорының жұмсалуы бекітілген смета бойынша жүргізіледі.
ІХ. Мектеп-гимназияны басқару
9.1. Уәкілетті ұйым мен мектеп-гимназия арасындағы өзара жасалған келісім- шарт бойынша Уәкілетті ұйым құзыреті:
- Жарғыны бекіту және жарғыға енгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту.
- Мектеп-гимназияның мүлік-қаржы қызметін бақылау;
- Мектеп-гимназияның білім беру қызметін бақылау;
- Мектеп-гимназияның директорын тағайындау;
- Мектеп-гимназияны жою және қайта құру туралы шешім қабылдау;
- Білім беру сапасын басқару, меткеп – гимназия ұсынатын білім беру қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
9.2. Мектеп-гимназияны басқару, ашық, жалпыға бірдей, өзін-өзі басқару негіздері бойынша жүргізіледі және өзінің алға қойған мақсаттарын ата-аналармен бірлесе отырып, шешеді.
9.3. Мектеп-гимназияны жалпылай басқару Мектеп-гимназияның педагогикалық Кеңесі арқылы жүргізіледі.
9.4.1. Мектеп-гимназияның педагогикалық Кеңесі мектеп-гимназия жағдайын ойлайтын мүдделі қоғам өкілінен, ата-ана өкілінен, оқушыдан, оқытушыдан құралады. Кеңесті мектеп-гимназия Директоры басқарады.
9.5.2. Төраға шешімі бойынша Кеңес отырысы үш айда бір рет шақырылады. Кеңестің шұғыл отырысы кем дегенде 1/3 кеңес мүшелерінің талабы бойынша немесе Кеңес төрағасының шақыруы бойынша өткізіледі.
9.6.3. Кеңес отырысының хаттамасын төраға тағайындаған хатшы жүргізеді.
Х. Мектеп-гимназия педагогикалық кеңесінің құзыреті:
Кеңес:
Жарғыға және оған енгізілген қосымша мен өзгерістерді қабылдайды;
Мектеп-гимназияның білім-тәрбие жөніндегі бағыт-бағдарын анықтайды.
Әкімшіліктің, мұғалімдердің қызметтері жөніндегі есебін тыңдайды.
Қосымша білім берудің саны мен сапасын анықтайды.
Директордың бірге мемлекеттік басқару органдарында, қоғамдық ұйымдарда және ата-аналармен (заңды өкілдермен) бірге білім алушылардың мүддесін және жасөспірімдерді әлеуметтік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
10.1. Мектеп-гимназия педагогикалық Кеңесінің шешімдерін мектеп-гимназияның ұжым мүшелері мен оқушылары және олардың ата-аналары орындауға міндетті.
10.2. Мектеп-гимназияның басшылығы Уәкілетті ұйым тағайындаған Директор арқылы жүргізіледі.
10.3. Директор ата-аналар, мемлекет, қоғам және Уәкілетті ұйым алдында өз жұмысын қызметтік талаптарға сәйкес жүргізуге жауапты.
Директордың міндеті:
Директор
Мектеп-гимназияның директоры оқу-тәрбие және шаруашылық жұмысын ұйымдастырады.
Мектеп-гимназия мүлкіне және мектеп-гимназия қаржысына қожалық етуге, банктерде есеп айырысатын және есеп шот ашуға, мектеп-гимназия ішінде бұйрық шығарып,басқа да келісім жүргізуге құқығы бар.
Мектеп-гимназия атынан және мектеп-гимназия үшін басқа мекемелермен, ұжымдармен, және адамдармен келісім-шарт жасауына құқығы бар.
Мұғалімдерге педагогикалық сағат жүктемесін бөліп беріп, айлық төлеуді реттейді.
Мектеп-гимназияның басшысы Уәкілетті ұйымының келісімі бойынша өз орынбасарларын тағайындайды және қызметінен босатады. Мектеп-гимназиядағы кадрларды жұмысқа орналастырып, штат бойынша жұмыс кестесін реттейді, және қызметтік функциясын реттеп бекітеді.
Мектеп-гимназия педагогикалық Кеңесінің шешімдері заңға қайшы келетін болса, заңдылықтарға сәйкес тоқтатуға құқылы.
10.4. Мектеп-гимназияның ғылым, оқу, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарларына лауазымдық міндеттерін жалпы білім беру жүйелерінің педагогика қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары негізінде мектеп-гимназия директоры бекітеді.
10.5 Мектеп-гимназияның педагогикалық кеңесінің жұмысына оқу жоспарын бекіту, педагогикалық жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтау және оқу жеке жоспарларын бекіту, оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру, үлгірім мәселелерін талқылау, оқушылардың тәртібі мен оларды аттестациялау мұғалімдердің біліктілігін арттыру, олардың шығармашылығы жұмыс дәрежесін арттыру, озат тәжірибені тарату, мұғалімдерді және мектептің басқа да жұмысшыларын марапаттау.
10.6 Жылма - жыл мектеп-гимназия директорының бұйрығымен педагогикалық кадрлардың аттестация ережесіне сәйкес аттестациясын өткізу үшін аттестация комиссиясы құрылып, аттестацияны өткізеді.
10.7 Мектеп – гимназия директоры Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім алушылар, тәрбиеленушілер, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзіретіне жатқызылған міндеттерді орындамағаны;
3) Қаржы – шаруашылық қызметтің жай – күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
4) Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені;
5) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
ХІ. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
Бiлiм алушыларға оқушылар жатады. Тәрбиеленушiлерге мектепке дейiнгi, интернатта бiлiм алушы және тәрбиеленушi адамдар жатады.
11.1 Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң:
1) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкес сапалы бiлiм алуға;
2) Педагогикалық Кеңестің шешiмi бойынша жалпыға мiндеттi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары шеңберiнде жеке оқу жоспарлары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) мектеп - гимназияны басқаруға қатысуға;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегiн пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдiстемелiк кешендермен және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз етiлуге;
8) спорт, оқу, акт залдарын, кiтапхананы тегiн пайдалануға;
9) өзiнiң пiкiрi мен сенiмiн еркiн бiлдiруге;
10) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне;
11) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегi табыстары үшiн көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
11.2. Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiмдi, шеберлiктi, практикалық дағдылар мен бiлiктiлiктi меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға мiндеттi.
1). Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер өздерiнiң денсаулығы үшiн қам жеуге, рухани және тән саулығын өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға мiндеттi.
2) Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлер педагог қызметкердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн, өздерi бiлiм алатын оқу орнының дәстүрлерiн құрметтеуге мiндеттi.
3). Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң мiндеттерiн бұзғаны үшiн оларға мектеп - гимназияның iшкi тәртiбiнiң ережелерiмен көзделген тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкiн.
ХІІ. Ата-аналардың және өзге де заңды өкiлдердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкiлдерiнiң:
1) баланың тiлегiн, жеке бейiмдiлiгi мен ерекшелiктерiн ескере отырып, мектеп – гимназияда оқытуға;
2) ата-аналар комитеттерi арқылы мектеп - гимназияны басқару
органдарының жұмысына қатысуға;
3) Мектеп – гимназиядан өз балаларының үлгерiмiне, мiнез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
2. Ата-аналар мен өзге де заңды өкiлдер:
1) балаларға өмiрi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасауға, олардың ой-өрiсi мен дене күшiн дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2) балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жәрдем көрсетуге;
3) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге , Мектеп – гимназия жарғысы мен Педагогикалық Кеңес шешімдеріне мойынұсынуға мiндеттi.
ХІІІ. Педагог қызметкердiң құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгi
2. Педагог қызметкердiң:
1) кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiле отырып, педагогтiк қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыспен айналысуға, педагогтiк практикаға жаңа әдiстемелер мен технологияларды енгiзуге;
3) тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтiк қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;
5) бiлiм беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға;
8) педагогтiк қызметтегi табыстары үшiн мемлекеттiк наградалар, құрметтi атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрiндегi моральдық және материалдық көтермеленуге;
9) өзiнiң кәсiптiк ар-намысы мен қадiр-қасиетiнiң қорғалуына; құқы бар
3. Педагог қызметкер:
1) өзiнiң кәсiптiк құзыретi саласында тиiстi теориялық және практикалық бiлiмдi және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетiлетiн бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын қамтамасыз етуге;
3) бiлiм алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) бiлiм алушылардың өмiрлiк дағдыларын, бiлiктiлiктерiн, өздiгiнен жұмыс iстеуiн, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға;
5) өзiнiң кәсiптiк шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға;
6) бес жылда кемiнде бiр рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтiк әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушiлердiң және олардың ата-аналарының абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.
9) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мектеп – гимназия қызметкерлері жылма-жыл медициналық бақылаудан өтуге және белгіленген тәртіппен медициналық егілуге міндетті.
Мектеп-гимназия қызметкерлеріне жұмыс беруші мектеп-гимназияның өзі болып табылады.
11)Мектеп-гимназия мен қызметкерлердің еңбек қатынастары мектеп-гимназия директоры мен қызметкер арасындағы еңбек - келісім шарты бойынша реттеледі. Еңбек келісім-шарты Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамалары бойынша жүргізіледі.
12)Еңбек қатынастары мектеп-гимназияда ҚР «Еңбек Кодексі» және «Білім туралы»Заңы арқылы тәртіпке келтіріледі.
XІҮ. Жарғының күшіне енуі
Жарғыны мектеп-гимназия директоры дайындайды, Уәкілетті ұйым тарапынан бекітіледі және Мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен күшіне енеді.
ХҮ. Жарғының өзгеру тәртібі
15.1 Жарғыға өзгерістер енгізу және қосымша тіркеу мектеп-гимназия педагогикалық кеңесі арқылы қабылданып, Уәкілетті ұйым арқылы бекітіледі.
15.2 Жарғыдағы өзгерістер мен қосымша толықтырулар Әділет органдарының Мемлекеттік тіркеуден өткеннен заң тәртібі бойынша күшіне енеді.
ХҮІ.Мектеп-гимназияның локальді актілері
9.17. Мектеп-гимназия өз қызмет тәртібін төмендегі локальді актілер арқылы жүргізеді:
- Бұйрық
- Шешім
- Нұсқау
- Сабақ кестесі
- График
- Ереже
- Жоспар
- Тәртіп
ХҮІІ. Мектеп-гимназияны қайта құру және тарату
17.1. Мектеп-гимназияны қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүргізіледі.
17.2. Мектеп-гимназия өмірін қайта ұйымдастыру немесе басқа білім мекемесіне айналдыру Құрылтайшының шешімімен, егер мектеп міндеттеріне нұқсан келтірмейтін немесе Құрылтайшы бар міндеттемелерді өз мойындарына алған жағдайда ғана іске асады.
17.3. Қайта ұйымдастыру кезінде (Ұйымдық- құқықтық форма, статустың өзгеруі) мектеп-гимназия Жарғысы күшін жояды. Мектеп-гимназияның барлық құжаттары (басқару, финанс шаруашылығы, жеке құрамы және т.б.) құрылған тәртіп бойынша құқық қабылдап алуға құқылы тұлғаға, ал ол жоқ жерде мемлекеттік мұрағатқа өткізіледі.
17.4. Мектеп-гимназияны таратуды жүзеге асыру:
- Құрылтайшы шешімімен
- Заңсыз әрекеттермен лицензиялау немесе жарғы мақсаты сәйкес келмейтін жағдайда сот ұйымдарының шешімімен жүзеге асырылады.
ХІІІ . Мектеп – гимназияның Жарғысына өзгеріс ендіру
13.1 Аталған Жарғыға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Құрылтайшымен бекітіліп, белгіленген Заң тәртібі бойынша тіркеуге алынады.
Аталған Жарғы бірдей Заңды күші бар 3(үш) данада жасалып, қазақ және орыс тілдерінде жазылды.
Жарғы Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алуды жүзеге асыратын органда тіркелгеннен бастап, өз күшіне енеді.
Мектеп – гимназия директоры: Ж. О. Баймұратова
Утверждаю:
Начальник Шиелийского районного отдела
образования
_________________ К.К.Онгаров
У С Т А В
школы – гимназии № 45 «Ак Орда»
Вид собственности: государственное учреждение
Поселок Шиели
2010 год
УСТАВ
Государственного учебного заведения школы-гимназии № 45 «Ак Орда»
Общие правила
1.1. Школа-гимназия № 45 «Ак Орда» - является общеобразовательной школой и гимназией, которая реализует общеобразовательную программу. Школа-гимназия относится к учреждению районного отдела народного образования поселка Шиели. В данном учебном заведении работа проводится на основании Закона об образовании РК , принятого 27 июля 2007 года № 319.
Учебно - воспитательная работа проводится в рамках соблюдения нормативных документов,утвержденных Министерством образования и науки и Правительством РК.
1.2. Школа-гимназия является юридическим лицом. Школа-гимназия обязана оперативно распоряжаться основным и личным имуществом, заключать договора от своего имени, приобретать и пользоваться имуществом. Школа-гимназия может предстать перед законом перед Законом и как истец,и как ответчик. Имеет собственный баланс, счет в банке, круглую печать, угловой штамп.
1.3. Юридический адрес Школы-гимназии № 45 Ак Орда. Индекс 120700
Кызылординская область. Шиелийский район, поселок Шиели, улица М.Шокая № 1
Полное название учреждения:
На государственном языке: № 45 «Ак Орда» мектеп-гимназиясы Мемлекеттік мекемесі
Краткое название: № 45 «Ак Орда» мектеп-гимназиясы ММ
На русском языке: Государственное учреждение Школа-гимназия № 45 «Ак Орда»
Краткое название: Г.У. школа-гимназия № 45 «Ак Орда»
II. Учредители
2.1. Учредителем школы-гимназии является Шиелийский районный Акимат. Полномочным органом считается Шиелийский отдел образования
2.2 Отношения между школой-гимназией и уполномоченным органом поддержваются в соответствии с этим Уставом и законодательством РК.
2.3 Уполномоченный орган назначает и освобождает от занимаемой должности директора школы-гимназии по установленному законодательством РК порядку. Рассматривает предложения о назначении заместителей директора школы –гимназии.
2.4 Школа –гимназия проходит аттестацию по порядку, установленному в законе РК «Об образовании» и других нормативных актах.
2.5 Школа –гимназия может добровольно входить в педагогические, научные и другие международные ассоциации, объединения и общества. Может принимать участие на безвалютной основе в профессиональных, творческих, научных, спортивных конкурсах, олимпиадах, конференциях, конгрессах, различных формах обмена опытом между работниками сфера образования и между обучающимися.
2.6 Школа -гимназия обязана соблюдать принципы государственной политики в системе образования по интеллектуальному и религиозному образованию.
2.7 В школе – гимназии запрещается создавать, организовывать объединения, политические партии, общественно политические движения и религиозные объединения.
2,8 Школа–гимназия лично подбирает и меняет кадры в соответствии с этим Уставом и законами РК.
3.1. Основная цель деятельности школы-гимназии:
Осуществить образовательную программу согласно Государственного стандарта обязательного образования.
На основании принципа преемственности и непрерывности обеспечить дошкольное обучение и воспитание,начальное образование,основное среднее образование,общее среднее образование.
3.2. Основные обязанности деятельности школы-гимназии:
воспитывать национальные и общечеловеческие ценности, формировать личность на основе достижений науки и практики,создать необходимые условия для качественного образования,ориентированные на развитие и профессиональное повышение;
развивать творческие и духовно-физические возможности,формировать основы здорового образа жизни,обогащать мышление,,создавая условия для развития одаренных обучающихся.
воспитывать в духе гражданственности и патриотизма,любви и преданности своей Родине – Республике Казахстан,прививать уважение к Государственным символам,способствовать соблюдению народных традиций.
воспитывать личность в духе активной гражданственности, активного участия в общественно-политической,экономической и культурной жизни республики,формировать осмысленный взгляд на права и обязанности личности;
прививать интерес к достижениям мировой и отечественной культуры,интерес к обычаям и традициям,истории казахского и других народов, способствовать усвоению государственного,русского и иностранного языков.
3.3. Основная функциональная деятельность школы-гимназии:
подготовить и утвердить внутришкольные правила дисциплины;
подготовить и утвердить учебное планирование и учебные программы;
использовать новые технологии обучения;
контролировать текущую успеваемость обучающихся,проводить внутришкольную и итоговую аттестацию;
Обеспечить повышение и переподготовку кадров,утвержденных Законодательством Республики Казахстан;
обеспечить материально-техническую базу школы-гимназии,оснащать его необходимыми материалами;
формировать контингент обучащихся и обучаемых в соответствии с лицензией прав ведения обучения;
обеспечить укрепление и охрану здоровья обучащихся и воспитателей;
обучать инклюзивному образованию обучащихся;
Дать медицинскую,психологическую консультацию обучающимся с ограниченными возможностями,предлагать помощь логопеда и дефектолога;
обеспечить дополнительными льготами материального обеспечения, предусмотренные Законодательством Республики Казахстан,отдельным категориям обучающихся и обучаемых;
организовать бесплатное и частное обучение для детей,которые не могут учиться в
школе-гимназии по состоянию здоровья длительное время;
оказывать помощь органам самоуправления,общественным объединениям;
14. предоставлять финансовую отчетность,утвержденную Законодательством Респуб-
лики Казахстан.
IY. Порядок организации образовательного процесса
4.1. Обучение и воспитание в школе-гимназии проводится на государственном
казахском языке.
Русский язык и английский язык в школе-гимназии изучаются как иностранные
языки.
Осуществление общеобразовательной программы в школе-гимназии проводится
в дневной форме обучения.
4.2. Учебные программы общеобразовательного процесса в школе-гимназии составляются персонально согласно обязательного образования и утверждается директором школы-гимназии.
4.3. Программа образования состоит из основного и дополнительного компонентов.
4.4. Обучение в школе-гимназии включает следующие этапы:
Предшкольное обучение и воспитание (срок обучения – 1 год) – предшкольная подготовительная группа;
Начальное образование (срок обучения – 4 года) – 1-4 классы;
Основное и дополнительное образование,Прогимназия (направленность к гимназии)
( срок обучения – 5 лет) – 5-9 классы;
Общественно-гуманитарное,естественно-математическое направление гимназии
(срок обучения – 2 года) – 10-11 классы.
По заявкам обучающихся и их родителям школа-гимназия может дать образование
по разным профилям и направлениям.
4.5. Усвоение учебной программы основного образования,общего среднего образования заканчивается итоговой аттестацией.
Итоговая аттестация осуществляется путем Единого Национального тестирования обучающихся после получения общего среднего образования и у желающих,поступающих в Высшие учебные заведения.
Обучающимся, успешно прошедшими итоговую аттестацию,выдаются аттестаты государственного образца.
Обучающимся, не окончившим программу среднего образования или не прошедшим итоговую аттестацию,выдаются справки.
4.6. Обучающиеся,освоившие учебную программу,достигшие определенных результатов,показавшие примерное поведение, по решению педагогического совета школы-гимназии переводятся из класса в класс без экзаменов.
4.7. Учащиеся, овладевшие программой учебного года на среднем уровне, обязаны сдавать экзамен. Получившие «неудовлетворительную» оценку оставляются на осеннюю пересдачу. Не сдавшие осеннюю пересдачу, не переводятся в следующий класс.
4.8. Обучающиеся,не освоившие общеобразовательную программу, не переводятся на следующую ступень образования.
4.9. В любом случае перевод обучающихся в следующий класс проводится
в соответствии согласно решения педагогического совета школы-гимназии.
V. Учебный режим обучающихся, воспитанников
5.1. Учебный год начинается 1 сентября.
5.2. Школа-гимназия работает 6 дней в неделю. Продолжительность урока 45 минут по астрономическому времени. Уроки проводятся в две смены.
5.3. Продолжительность учебного года 34 недели, не считая государственной и итоговой аттестации. Для воспитанников подготовительной группы и учащихся первых классов предоставляется дополнительная неделя отдыха.
5.4. Расписание уроков и режим дня утверждает директор школы-гимназии.
5.5. Общеобразовательное обучение в школе-гимназии по содержанию обучения проводится по следующим программам:
1) предшкольное воспитание
2) начальное образование
3) основное образование
4) общее образование
5) профессиональное образование, направленное на углубленное обучение отдельных предметов образовательной программы для полного развития возможности одаренных детей
6) программа экспериментального обучения
7) программа дополнительного образования
8) обучение на дому осуществляется специальными программами.
Количество классов и их группирование.
6.1. Количество классов в школе-гимназии формируется приказом директора согласованного с уполномоченным органом, с учетом заявлений родителей.( законных представителей) и санитарно-гигиенических норм.
6.2. Количество воспитанников в предшкольно-подготовительных группах не должно превышать 20, в других классах количество учащихся не должно быть более 25.
6.3. Классы делятся на две группы при обучении английскому и русскому языку. Если количество учащихся соответствует, то и по предметам физкультуры и технологии проводят раздельное обучение.
6.4. В начальных классах гимназии, прогимназии и гимназических классах предметы государственный язык, русский язык, информатика, технология, физкультура делятся на две группы, а при обучении английскому языку класс делится на три группы.
6.5. Программа гимназии (прогимназии) на дополнительные курсы по выбору учащихся в классах гимназии отводится по 4 часа на каждый класс, устанавливается нагрузка 0,25 ставки на ведение различных кружковых работ.
6.6. По выбору обучающихся элективные курсы проводятся в том случае, если только в одной группе будет не менее 8 учащихся.
VII. Порядок приема в школу-гимназию и исключения из школы-
гимназии
7.1. Предшкольное обучение осуществляется с пяти лет в виде предшкольной подготовки детей к обучению в школе.
Предшкольная подготовка обязательна и осуществляется в предшкольных классах школы-гимназии.
7.2. На обучение в 1 класс принимаются дети с шести лет.
7.3. В школу-гимназию принимаются лица, написавшие заявление на обучение, место жительство которых входит в зону обслуживания школы-гимназии. А для прибывших учащихся с других зон и территории при отсутствии свободных мест для обучения заявления родителей не удовлетворяются.
7.4. Исключение из школы-гимназии детей до16- летнего возраста допускается в исключительных случаях на основании решения Педагогического Совета за совершение противоправных действий, грубое и неоднократное нарушение Устава организации образования.
Решение об исключении детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, принимается с согласия органов опеки и попечительства.
7.5.При неполном комплекте гимназических классов до 25 учеников прием учащихся в 5, 10 классы проводится на конкурсной основе.
7.6.Требования правил проведения конкурса утверждает директор школы-гимназии.
Учащиеся гимназических классов с плохой успеваемостью и дисциплиной обязаны продолжить обучение в обычных классах школы-гимназии. согласно решения Педагогического Совета.
7.7.Дирекция школы-гимназии обязана ознакомить родителей (законных представителей) принятых на обучение учащихся с настоящим Уставом.
Структура финансовой и хозяйственной (службы) деятельности школы-гимназии.
8.1.Школа-гимназия со дня получения лицензии и регистрации является юридическим лицом, имеющим свой Устав, печать, название и лицевой счет.
8.2.Основные источники финансового и имущественного фонда школы-гимназии:
Бюджетные средства:
Имущество школы-гимназии, полученные от уполномоченного органа или собственников имущества;
Безвозмездная добровольная спонсорская помощь юридических и физических лиц, другие виды прибыли, соответствующие законодательству РК
8.3.В целях обеспечения образовательной деятельности уполномоченный орган согласно Уставу закрепляет за школой собственное имущество (земельный участок, здание школы, оборудование и т.д.).
8.4.Земельный участок передается школе-гимназии бесплатно и бессрочно. За сохранение и эффективное использование имущества школа-гимназия несет ответственность перед уполномоченным органом.
Контроль за деятельностью школы-гимназии осуществляется Уполномоченным органом или другими юридическими лицами в пределах их компетенции.
8.5.Деньги, подаренное,завещанное школе-гимназии имущество имущество являются собственностью школы-гимназии.
8.6.Школа несет ответственность за расходы и распределение собственных денежных средств.
8.7.Школа-гимназия имеет право сдавать в аренду и арендовать собственное имущество. Арендование собственного имущества проводится в соответствии с законодательством РК.
8.8.Денежные и имущественные фонды, утвержденные Уполномоченным органом, является собственностью школы-гимназии, распределяются в соответствии с законодательством РК.
8.9.Развитие материально-технической базы школы-гимназии проводится за счет утвержденных бюджетных и имущественных фондов (средств). Распределение денежного фонда осуществляется по утвержденной смете.
Управление школой-гимназией:
9.1.Компетенция Уполномоченного органа в соответствии подписанного договора между Уполномоченным органом и школой-гимназией:
- Утверждение Устава,а также изменений и дополнений,внесенных в Устав;
- Контроль за имущественно-финансовой деятельностью школы-гимназии;
- Контроль за образовательной деятельностью школы-гимназии;
- Утверждение директора школы-гимназии;
- Принятие решения о закрытии и востановлении школы-гимназии;
-Управление етодическое и методологическое обеспечение качества образовательной деятельности школы-гимназии.
9.2. Управление школой-гимназией осуществляется на основе самоуправления, открытости, всеобщности управления и решает вместе с родителями поставленные цели
9.3. Общее руководство школой-гимназией осуществляется через Педагогический совет школы-гимназии.
9.4.1.Педагогический Совет школы-гимназии
состоит из заинтересованных общественных представителей, родителей, учащихся, преподавателей. Руководит (управляет) Педагогическим советом директор школы-гимназии.
9.5.2. По решению председателя заседание Совета проводится 1 раз в 3 месяца. Внеочередное заседание совета проводится по требованию 1/3 членов совета или по созыву председателя Совета
9.6.3. Протокол заседания Совета ведет секретарь, назначенный председателем Совета.
Х. Компетенция педагогического Совета школы-гимназии
Совет:
- Утверждает Устав и внесенные изменения и дополнения к нему;
- Определяет основные направления по учебно-воспитательной деятельности школы-гимназии;
- Слушает отчеты о деятельности преподавателей, администрации;
- Определяет количество и качество дополнительного образования;
- Вместе с директором и родителями обеспечивает защиту социальных прав подростков и обучающихся в государственных органах управления, в общественных организациях.
10.1. Члены коллектива школы-гимназии, учащиеся и их родители обязаны выполнять решения педагогического Совета.
10.2. Непосредственное управление школой-гимназией осуществляется через директора,назначенного Уполномоченным органом. .
10.3. Директор обязан проводить работу в соответствии со служебными требованиями.
Обязанности директора:
Директор:
Организует учебно – воспитательную работу и хозяйственную деятельность школы –гимназии.
Имеет право на распоряжение денежными средствами и имуществом школы, на открытие счетов для взаиморасчетов в банках, на вынесение приказов по школе;
Имеет право от имени и для школы –гимназии составлять договора с другими организациями, физическими лицами.
Распределяет нормативную учебную нагрузку учителям, контролирует оплату труда.
По согласованию с уполномоченным органом назначает и освобождает своих заместителей.
Назначает кадры и утверждает их служебные функции, устанавливает штатное расписание;
Имеет право приостановить решения педагогического совета при несоответствии законодательству РК.
10.4.Директор школы гимназии утверждает функциональные обязанности заместителей директора школы по учебной и научно- воспитательной работе.
10.5.Вносит предложения по работе педагогического Совета по утверждению учебных планов, по определению основных направлений педагогической деятельности,утверждению личных учебных планов, обсуждению успеваемости и перевода учащихся в следующий класс, о дисциплине и аттестации учащихся, о повышении квалификации, и повышении творческой работы учителей, о распространении передового опыта, о поощрении учителей и работников школы.
10.6. По приказу школы-гимназии каждый год в соответствии с правилами аттестации педагогических кадров создает аттестационную комиссию и проводит аттестацию.
10.7. Директор школы-гимназии в порядке,установленном законами РК, несет ответственность за :
1. нарушение прав и свобод обучающихся, воспитанников и работников организации образования;
2.невыполнение функций,отнесенных к его компетенции;
3.состояние финансово-хозяйственной деятельности,в том числе нецелевое использование материальных и денежных средств;
4.правонарушения,имеющие коррупционный характер;
5.нарушения требований государственного общеобразовательного стандарта образования;
6.жизнь и здоровье обучающихся, воспитанников и работников организации образования во время учебного и воспитательного процесса.
ХI. Права и обязанности обучающихся
К обучающимся относятся учащиеся. К воспитанникам относятся лица,обучающиеся и воспитывающиеся в предшкольных,интернатных организациях.
11.1. Обучающиеся и воспитанники имеют право на:
получение качественного образованиия в соответствии с государственными общеобразовательными стандартами образования;
обучение в рамках государственных общеобразовательных стандартов образования по индивидуальным учебным планам по решению Педагогического Совета;
выбор альтернативных курсов в соответствии с учебными планами;
участие в управлении школой-гимназией;
бесплатное пользование информационными ресурсами в организациях образования,обеспечение учебниками, учебно-методическими комплексами и учебно-методическими пособиями в порядке,установленном Правительством РК;
бесплатное пользование спортивными,читальными,актовыми залами,библиотекой;
свободное выражение собственного мнения и убеждений;
уважение собственного человеческого достоинства;
поощрение и вознаграждение за успехи в учебе, в научной и творческой деятельности.
11.2. Учащиеся и воспитанники должны освоить практические навыки и умения,мастерство в соответствии с государственным общеобразовательным стандартом, внутришкольные правила дисциплины.
Обучающиеся и воспитанники должны стремиться к духовному развитию,самосовершенствованию в интересах своего здоровья.
Учащиеся и воспитанники должны уважать и почитать честь и достоинство педагога,традиции своей школы.
К учащимся и воспитанникам, в случае нарушения своих обязанностей в соответствии с предусмотренными правилами внутри школы-гимназии, могут быть применены соответствующие меры.
XII. Права и обязанности родителей и законных представителей
I. Родители и законные представители несовершеннолетних детей могут обучать их в школе-гимназии:
1. учитывая индивидуальные особенности детей;
2. принимая участие в работе администрации школы-гимназии и родительского комитета;
3. получая информацию об успеваемости детей,о проявлении их характера в учебном процессе;
II. Родители и законные представители:
обязаны создавать детям условия для полноценного здорового образа жизни,обеспечить безопасность,развивать их мышление,формировать нравственные качества;
оказывать помощь при обучении и воспитании ребенка;
обеспечить посещаемость уроков учащимися, выполнять и строго следовать решениям Педагогического Совета и Устава школы-гимназии.
XIII. Права,обязанности и ответственность педагогических работников
Педагогический работник имеет право:
обеспечить условия для занятий педагогической деятельностью;
Внедрять в педагогическую практику новые методы и технологии для обучения и для научно-исследовательской,экспериментально-практической работы;
свободно выбирать методы преподавания, обучать учащихся на соответствующем уровне согласно государственного общеобразовательного стандарта;
участвовать в работе управления организации образования;
повышать квалификацию один раз в пять лет,не превышающий четырех месяцев;
проходить аттестацию досрочно в целях повышения категории;
поощряться в моральном и материальном плане в виде государственных наград,почетных званий,подарков и именных стипендий за успехи и достижения в педагогической деятельности;
защищать свое достоинство и профессиональные качества.
Педагог обязан:
совершенствовать свои теоретические и практические знания в области профессиональной компетенции;
обеспечить качество образования в соответствии с требованиями государственного общеобразовательного стандарта образования;
воспитывать обучающихся в духе привития уважения к этнокультурным и нравственным ценностям,быть внимательными и береливыми по отношению к окружающей среде;
развивать творческие способности,самостоятельность,умения и навыки обучающихся;
Постоянно совершенствовать свое профессиональное мастерство,повышать творческий и общенаучный уровень;
проходить аттестацию один раз в пять лет;
соблюдать нормы педагогической этики;
уважать честь и достоинство обучающихся,воспитанников и их родителей;
В соответствии с Законодательством РК работники школы-гимназии обязаны каждый год проходить медицинский контроль,а также получать медицинские прививки по установленному порядку.
Работодателем является сама школа-гимназия.
Трудовые отношения школы-гимназии и работников регулируются трудовым договором межу директором и работником. Договор заключается в соответствии с трудовым Законодательством РК.
Трудовые отношения в школе-гимназии упорядочиваются «Трудовым Кодексом» и «Законом об образовании».
XIV. Вступление Устава в силу
Устав подготавливает директор школы-гимназии. Устав утверждается Уполномоченным органом и вступает в силу со дня Государственной регистрации.
XV. Порядок изменения Устава
15.1. Внедрение изменений и дополнительной регистрации в Устав,принятых Педагогическим Советом школы-гимназии,утверждается Уполномоченным органом.
15.2. Изменения и дополнения в Уставе вступают в силу со дня государственной регистрации,в порядке,установленном юридическим органом Адилет.
XVI. Локальные акты школы-гимназии
9.17. Школа-гимназия проводит свою деятельность по нижеследующим локальным актам:
- Приказ
- Решение
- Указание
- Расписание
- Правило
- План
- Порядок
XVII. Реорганизация и роспуск школы-гимназии
17.1. Реорганизация и роспуск школы-гимназии проводится в соответствии с Законом РК.
17.2. Реорганизация и роспуск школы-гимназии проводится по решению Учредителя
в том случае,если ответственность на себя возьмет Учредитель.
17.3. При реорганизации (организационно-правовая форма,изменение статуса) Устав школы-гимназии теряет юридическую силу. Все документы школы-гимназии (руководство,финансовое хозяйство) передаются по установленному порядку правовому лицу или,если нет такового, в архив.
17.4. Роспуск школы-гимназии школы-гимназии осуществляется:
- решением Учредителя
- Лицензирование незаконных действий или, в случае несоответствия целей Устава, осуществляется решением судебных организаций.
XШ. Внесение изменений в Устав школы-гимназии
Изменения и дополнения в Уставе утверждается Учредителем и регистрируется по порядку,установленному Законом РК.
Устав написан на казахском и русском языках в трех экземплярах,имеющие одинаковую юридическую силу. Устав вводится в действие со дня регистрации в органе,осуществляющем государственную регистрацию юридических лиц.
Директор школы-гимназии: Ж..О.Баймуратова
Достарыңызбен бөлісу: |