30
ОЖ-ның қәзіргі персоналды компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне
қатыса алатын дамыған құралдар. Олар:
- каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық
жүйелердің жұмысы және құрылуы;
- компьютер құрылымының модулдік принциптік қолдану әртүрлі сыртқы
құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер,
модемдер және т.б.);
- пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі.
ОЖ эволюциясы,
ІВМ РС типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады:
1. MS DOS,
2. MS DOS – ортасындағы WINDOWS 3.1
1. WINDOWS 95, WINDOWS 98/NT, UNIX, OS/2.
Осы аталған ОЖ-ден 1992 жылы шығарылған WINDOWS 3.1 мен 1995
жылы шығарылған WINDOWS 95 өте таңдаулы және кеңінен қолданылады.
WINDOWS 3.1 операциялық қоршауы – Microsoft фирмасы DOS
операциялық жүйесін өңдеген, программистер мен қолданушыларға өте кең
көлемдегі мүмкіншіліктер мен қолайлықтар бар операциялық жүйе.
WINDOWS-тың кеңінен қолданылуы IBM PC – сәйкес компьютерлерінің
стандарты болып табылады. WINDOWS файлдармен, дисклермен жұмыс істеу
операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді,
сонымен қатар WINDOWS ортасында іске қосылатын программаларға жаңа
мүмкіншіліктер береді.
1985 жылы Microsoft фирмасы WINDOWS графикалық операциялар
жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын шығарған 3.0 версиясынан бастап
WINDOWS-тың кеңінен қолдануы арқасында, ол ІВМ тектес компьютердің
стандарты болып табылады.
1995 жылы Microsoft фирмасы ОЖ-нің бөлінуі керек етпей жаңа
WINDOWS 95 (графикалық интерфейсі) бар ОЖ ойлап тапты. Бұл ДК
құрылығыларының модельдері 286 мен 386 лардың – 486, Pentium жаңа
модельдеріне тез ауысуына мүмкіндік туғызды.
Көрнекті көлемді қасиеттері және жақсы графикалық интерфейсі бар
WINDOWS 95 – жаңа ОЖ, әлемге әйгілі Microsoft фирмасының мақтанышы.
WINDOWS-тың сыртқы қарапайымдылығының астында ДК-дің мыңдаған
санына арналған оңай және күшті операциялық жүйе тығылып жатыр.
WINDOWS 95 негізі болып – іске қосылған қосымшалар мен байланыс
жүйенің іске қосылуы мен оның графикалық интерфейсінің құрылуын
қамтамассыз етіп программалық құрылғылардан тұратын ядросы жатады.
WINDOWS 95-тің ядросы 3 деңгейден тұратын WINDOWS-тың алдыңғы
версияларының жалпы құрылымын сақтап қалды.
Өзінің жеке Kernel ядросы, GDI графикасының құрылғыларын және USER
қосымшасымен қарым-қатынаста болатын құрылғылар. Бірақ та WINDOWS 95-
ке бұл құрылғыларды екі есе арттыруға тура келді және оларды 16- разрядтағы
мен 32 разрядта жұмыс жасайтын микропроцессорларға қолдануы тиіс болды.
31
Кез-келген басқа программалық өнім сияқты WINDOWS 95-тің де өз
плюстары мен минустары бар. Бұл қабықшаның артықшылығы келесіде: файл
концепциясының қалмауы, біріңғай программалық интерфейс, WINDOWS 95-
тің көп есептілігі, әртүрлі басқа да құрылғыларды қолдауы, әртүрлі
қосымшалар арасында деректер алмасу жеңілділігі, True Type шрифтерін
қолдауы, мультимедианың құрамын қолдауы.
WINDOWS-тің тағы бір кемшілігі көп есептіліктің толық болмауы;
Сонымен қатар WINDOWS 95-тің енгізу шығару жүйелері анағұрлым
жақсарған.
WINDOWS-те дискмен жұмыс істеу жүйесіне ерекше көңіл бөлінген,
осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлары бар.
Енгізу шығару операцияларының жылдамдығын ақпараттарды тасу
дискілері мен қарым-қатынасының жылдамдығы көп әсер етеді. WINDOWS 95
(жазу, санау, көшіру, файл мен директорияларды жою) файлдың
операцияларын орындау жылдамдығын кәдімгідей көтерген.
WINDOWS жұмыс істеу негізі
.
Компьютерде барлық деректер аты мен
кеңейтілуі бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейтілуімен қосқанда 255
символды құрай алды.
Барлдық файлдар дисклерде (дискеталар немесе қатты диск) сақталынады,
әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір
программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет,
программаны немесе документі мінездейтін сурет).
Жұмыс столы. WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде
өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер
пикторграммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез-келген
жұмыс столінде келесі элементтер орналасқан:
Менің компьютерім (My computer) – компьютерлердегі барлық папкаларды
шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес;
Желілік аймақ- ( Сетевое окружение-Network Neighborhood) – компьютер
желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді;
Қапшық- (Корзина-Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді;
Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды
сақтайтын пошталық жәшік;
Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін
файлдарды синхрондайды;
The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға
мүмкіншілік жасайды;
The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу.
Сонымен қатар экранда Тапсырмалар панелі Есептер тақтасы (Taskbar)
орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск- Бас меню- (Start) кнопкасы
мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді.
Бас менюдің көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға
болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск”
жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка”
пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және
32
қолайлы түрде іске қосуға, “жұмыс століне” ярлыгын қоюға юолады. Сонымен
қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады.
Контексті меню-(Тәуелді)-дегеніміз тышқанның оң жақ батырмасын басу
арқылы шақырылған меню, ол келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып
алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар
жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді.
Жұмыс столінің түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты,
оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer)
папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана
қалдыруға болады.
WINDOWS терезесі. WINDOWS-тың кез-келген терезесі экраның төрт
бұрышты аймағы болып табылады. Трезенің жоғарғы бөлігінде тақырыптың
аты бар жол (Title Bar) орналасқан. Тақырыптың аты бар жолдың ортасында
терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау
және ашу батырмалары бар.
WINDOWS пен жұмыс жасағанда экранда 3 түрлі терезе ашылуы мүмкін: -
программа терезесі (терезе аталуы);
Программа терезесінің екінші рет қайталап ашылатын терезелер мен
сұраныстардан мынадай айырмашылығы бар:
- программа терезесінің жоғарғы жолының ортасында программа аты
шығады, ал екінші рет қайталап ашылатын терезелерде – шығарылатын
ақпараттың сипатталуы, сұраныс терезесінде - сұраныс аты шығады;
- программа терезесінің аты бар жолының төменгі жағында меню жолы
орналасады;
- программа терезелерінде жинақтау батырмасы болады;
- программалар құрған қайтадан екінші рет ашылатын терезе;
- сұраныс терезесі (қосымша терезелер).
Бұлар әдетте аз мерзімге қандай да бір ақпаратты немесе сұранысты
шығару үшін ғана шығады. Сұраныс терезесі әрқашан басқа программалар
терезесінің үстіне шығады. Олардың өлшемі және жинақтау немесе ашу
батырмалары болмайды.
Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек
(Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы
және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл
анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы
басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады.
Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен
кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл
дерегін қалдырса болғаны.
WINDOWS-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне
негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада
анықтайтын тоғысқан сілтемелер.
Жұмысты аяқтау
. WINDOWS-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді
қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN
Достарыңызбен бөлісу: |