Жәй html мысалы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/38
Дата25.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#6101
түріПрограмма
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

24
3. қолданбалы программалар.
Операциялық  жүйелер (ОЖ).  Бұлар  кез-келген  дербес  компьютердің
аппараттық 
құрылғыларын 
толықтырады 
және 
де 
қолданбалы
программалардың  ішкі  құрылғыларын  қарым-қатынасын, адамның  сәйкес
командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады.
ОЖ- қолданушы  мен  программаның  қорғалуын  қамтамасыз  етеді,
программаны  іске  қосады, компьютерді  басқарады. Әрбір  программа  ОЖ-нің
қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс
жасайды. ОЖ-ні  таңдау  өте  қажетті, себебі  таңдалған  ОЖ-ге  дербес
компьютердің  жұмыс  істеу  қабілеттілігі  мен  деректер  қорғалуының  деңгейі
тәуелді.
Программалар жүйесі. IBM PC- ге арналған он мыңдаған программалар бола
тұра  қолданушыға  бұл  программалар  орындамайтын  басқа  нәрсе  керек  болуы
мүмкін. Мұндай  жағдайда  жаңа  программа  құратын  программалау  жүйелерін
қолдануға  болдаы. Бұндай  жүйелер  де  әдетте  компилятор  болады, онда
жоғарғы  деңгейде  программалау  тілінде  орындалатын  программалар  және
программалар текстін аударушы, ішкі қажет программалар кітапханасын кейде
әртүрлі қосымша программалар.
ІВМ  РС  сәйкес  компьютерлерінде  танымал  программалау  тілдеріне (Си,
Си++, Паскаль, Бейсик, Фортран  және  басқа) арналған  программалау
жүйелерінің  түрлері  бар, олар DOS, WINDOWS, WINDOWS 95 орталарында
жұмыс жасайды.
Программалау  жүйесінің  негізгі  класы  клиент – сервер  құруға  арналған
қосымша  болады. Бұл  жүйелер  ақпараттар  жүйесін  үлкен  өндірістерге  арнап
құруға  бағытталған. Бұнда  қолданушы  интерфейсін  құруға  арналған
құрылғылар, деректерді өңдеуде типтік жұмыстарды орындауды дайындау бар.
Бұл жүйелер мен жұмыс атқарады.
Қолданбалы  программалар. ІВМ  РС- ге  арнап  әртүрде  пайдаланылатын
қолданбалы программалардың мыңдаған түрі құрылған.
Келесі программалар кеңінен пайдаланылады:
- текст аудармашысы – компьютерде тексті (документті) дайындау;
- кестелі процессорлар – кестелі деректерді өңдеу;
- баспа жүйелер – типографиялық сапаты документтер дайындау;
- деректер қорын басқару жүйелері – ақпараттар массивін өңдеу;
- бухгалтерлік  программалар – экономикалық  белгідегі  программалар,
финансты талдау программалары, құқықтық деректер қоры, т.с.с;
- суреттер, анимациялар 
және 
видеофильмдер 
құруға 
арналған
программалар;
- деректерді  статистикалық  талдау  программасы – автоматты  жобалау
программалары;
- комплекс  ойындар, оқыту  программасы, электронды  анықтамалар  және
сондай сияқты.
Документтер  аудармашысы – бұл  қолданбалы  программаның  кеңінен
қолданылатын  түрі. Ол  документтерді  тез  және  қолайлы  түрде  дайындауға
мүмкіндік  береді. Документ  аудармашысы – әртүрлі  шрифтарды  қолдануды,


25
сөздерді  автоматты  түрде  келесі  жолға  көшіреді, суретті  қосады, бетті
автоматты түрде нөмірлейді.
Кестелі  процессорлар. Кестелі  процессорлармен  жұмыс  істегенде  экранға
төрт  бұрышты  таблица  шығады, мұндағы  клеткаларды  сандар, түсініктеме
текстер, белгілі бір есептеу формулары болады.
Жаңаша кестелі процессорлар үштік таблицалармен жұмыс атқаруды, жеке
енгізу және шығару формаларын құруды, макрокомандаларды автоматтандыру
құрылғыларын пайдалануды, деректер қорымен байланысты көздейді.
Деректер  қорын  басқару  жүйелері (ДҚБЖ) кең  көлемдегі  ақпараттар
ағынымен – деректер  қорын  басқаруды  қамтамассыз  етеді. Бұл  түрдегі  ең
қарапайым  жүйелер  компьютерде  ақпараттардың  бір  ғана  массивін  өңдей
алады. Олар  енгізу, іздеу, жазбаларды  сорттау, отчет  құруды  тағы  басқа
орындайды. ДҚБЖ-ның  қиынырақ  түрлері  бір-бірімен  байланысқан  бірнеше
ақпараттар массивімен жұмыс атқарады, мұнда әртүрлі қатынаста байланысқан
объектілердің түрлері бар есептер қолданылады.
Графикалық  редакторлар – компьютер  экранында  суреттерді  редакциялау
және  құруды  орындайды. Қолданушы  сызықтар, қисықтар  сала  алады, экран
аймағын  бояйды, әртүрлі  шрифтар  арқылы  жаза  құрады  және  т.б. Көптеген
редакторлар  көмегімен  бейнені  өңдеуге, документке  қосылған  суреттерді  сол
күйінде шығаруға болады. Кейбір объектілер үштік объектілердің бейнесін алу
мүмкіншілігін, түсті  проффесионалды  түрде  өңдеуді  қамтамасыз  етеді
Автоматты  жобалау  жүйесі (АЖЖ) – компьютер  көмегімен  әртүрлі
механизмдерді құрастыруды және сызуды қолдайды.
Интергралданған  жүйелер – деректер  қорын  басқару  жүйелерінің, кестелі
процессордың, тексті  аудармашының, графикалық  жүйелердің  және  басқада
мүмкіншіліктердің  жұмысын  атқара  алады. Интергралданған  жүйенің  барлық
компоненталары бір – біріне өте ұқсас келеді, соның арқасында оның жұмысы
өте жеңіл.
Бухгалтерлік  программалар -  өндірістік  қызметінің  финансын  талдау  және
есеп  беруді  дайындау, бухгалтерлік  есепті  енгізуге  арналған. Кейбір
бухгалтерлік  программалар, бухгалтерлік  есептің  бөліктеріне  автоматтауға
арналған, мысалы: жалақыны  есептеу, тауарлар  есебі, складтағы  материалдар
есебін жүргізу тағы сондай сияқты.
Деректер құрылымы. Файл (типі, аты, орналасуы).
Файл
– бұл  белгіленуіне  қарай  дискіде  сақталатын  аты  бар  ақпараттар
жиыны.
Файлдың  атын  құрастыру  ережесі
  және  оны  файлдық  жүйеге  біріктіру
операциялық  жүйеге
  байланысты, ал  оның  базалық  модулі  онымен  жұмыс
істеуге арналған.
Бұл  ережелерді  операциялық  жүйенің  М8-005 6.0 мысалында
қарастырамыз. (соңындағы сұраққа жауап сілтемесін қара).
Файлдың аты екі бөліктен тұрады:
меншікті аты және кеңейтілуі. Меншікті
аты
  сегіз  символдан  аспайды  және  оған  арифметикалық  операциялар, пробел,
қатынастар, пунктирлер  жатпайды. Аты  ретінде  МS-DOS белгілеген  немесе
СОN, LРТ1, LРТ2 – деген сияқты құрылғылардың атымен сәйкес келмеуі керек,


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау