28
Сондықтан қәзірігі кезде операциялық жүйенің командаларымен жұмыс істеу
үшін қабықша программалары кеңінен қолданылады. Олардың ішіндегі ең
белгілісі - NORTОN СOMMANDER. Оның көмегімен файлдармен және
файлдар жиынтығымен жасалатын барлық операцияларды - іздеу, көшіру, атын
өзгерту, жою сондай – ақ функциональды немесе енгізу, курсорды басқару
пернелерін әйтпесе тышқанды қолдана отырып дайын тұрған программаларды
орындауға болады. Сәйкесінше Экран бетіне дискідегі “бұтақ”
каталогтарының бейнесін, ағымдағы каталогын ауыстыра отырып шығаруға
болады, сонымен қатар файл мәтіндерін көріп оны жөндей аламыз. Сондай – ақ
Wіndows интегралданған программалық ортасын
қолданғанда да оның мынадай
мүмкіндіктеріне тоқталып кетуге болады. Ыңғайлы графикалық интерфейс
шарттары, мұнда нысаналар мен командалар шарты графикалық символдармен
(пиктограммалар) бейнеленеді және файлдық жүйені басқаруды жасайды.
Wіndows – тің төтенше маңызды қасиеттеріне интеграцияланған мәтіндік және
графикалық редакторлар, электрондық кестелер мен деректер басқару жүйесі
(ДҚБЖ) арасындағы файл (деректер) алмасу мүмкіндігі болып табылады.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [3] – c, [20] – c, [21] – c.
Бақылау сұрақтары:
1. Қолданбалы программадан жүйелік программаның айырмашылығы?
2. Файл дегеніміз не?
3. Файлдық жүйе негізін түсіндір?
4. Иерархиялық жүйе және түпкі каталог дегеніміз не?
5. Папка мен каталог айырмашылығы?
3.2 Компьютердің операциялық жүйесі: керектігі, құрамы, жүктелуі. Жұмыс
режимі. ОЖ эволюциясы.
Дәріс конспектілері:
Керектігі. Операциялық жүйелер (ОЖ)
-
бұлар кез-келген дербес
компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы
программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес
командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады.ОЖ-
қолданушы мен программаның қорғалуын қамьамассыз етеді, программаны
іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін
қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды.
ОЖ-ні
таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге
дербес компьютердің жұмыс
істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді.
ОЖ құрамы, ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:
- базалық модуль (ОЖ ядросы) —файлдық жүйемен программа жұмысын
басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас
жасауды
орындайды;
- командалық процессор — бірінші кезекте пернетақтадан түсетін
пайдаланушы командаларын
орындайды және талдайды;
29
-
сыртқы құрылғы драйверлері — бұл құрылғылардың процессормен
жұмыс істеуі үшін программалық қамамасыз етіп отырады.(әрбір сыртқы
құрылғы ақпаратты әртүрлі және ерекше темпте өңдейді);
- қосымша сервистік программалар
(утилиттер) — пайдаланушының
компьютермен байланысу процесін жан – жақты және ыңғайлы етеді.
ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан
оларды жиі
дискілік операциялық (ДОС)
деп атайды
.
Белгілі, программаның
орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖСҚ)-да орналасуы керек.
Сондықтан операциялық жүйеден ЖСҚ-ға жазу үшін жүктемелеу
программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖСҚ-да
болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға
ОЖ-ны жүктемелеудің
келесі этаптарын тізбектей
орындау керек
.
ОЖ-ны жүктемелеудің бірінші этапы. Копьютердің жүйелік блогында
тұрақты есте сақтау құрылғысы
(ТСҚ-
тұрақты жады, RОМ
—Read only
Memory— оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ны жүктемелеудің
бірінші этапы және компьютер блоктарын тестілеу программалары орналасады.
Олар компьютерді қоса сала тоқтың бірінші импульсімен орындала бастайды
(өйткені (
RОМ
) ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да
олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады). Бұл этапта
процессор дискіге қатынасады да анықталған орнында өте үлкен емес көлемде
жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол
ЖСҚ-ға оқылады да оған басқару беріледі.
ОЖ-ны жүктемелеудің екінші этапы. Жүктемелеу
программасы өз кезегінде
дискіден ОЖ-ның базалық модулін іздейді де оны жадыға көшіреді және
басқаруды соған береді.
ОЖ-ны жүктемелеудің үшінші этапы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль
құрамына кіреді, ол ОЖ-ның қалған модулдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды.
ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі
де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру
шығады.
Ескерту, командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде
командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ
файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар
драйвері мен утилиттер ЖСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді.
Бұның арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының
міндетті көлемін қысқартуға болады.
ОЖ-ның бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі олардың әрқайсысы
процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік
саны),
процессор типі
(негізінде белгілі компьютерлер фирмасы), сондай-ақ
ЖСҚ көлеміне
негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында
(сыртқы және жедел жады көлемінің өсуіне, процессор ресурстарының өсуіне
және сыртқы құрылғылардың типтерінің көптігіне байланысты және т.с.с.)
пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қәзіргі заманға сай және
күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Mіcrosoft
фирмасының ОЖ-лары қамтамасыздандыра алады. Мысалы, MS_DOS- Бұл