Сабақтың тақырыбы: Пысықтау Сабақтың мақсаты



жүктеу 81,16 Kb.
Дата04.12.2017
өлшемі81,16 Kb.
#2844
түріСабақ

Күні: Бекітемін:______________________

Сыныбы: 2 «Б» сыныбы

Пәні: Математика үйірме

Пән мұғалімі: Ембергенова Айнұр Болатқызы

Сабақтың тақырыбы:

Пысықтау

Сабақтың мақсаты:

Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды оқушылар орындайды; бір және екі амалмен шығарылатын өзара кері есептерді салыстырады, талдайды және құрады, топта тіктөртбұрышты және үшбұрышты құрастыруды орындайды және олардың периметрлерін табады.

Күтілетін нәтижесі:


Екі таңбалы сандарды қосады, азайтады, екі амалмен шығарылатын өзара кері есептерді шығарады, салыстырады, геометриялық фигураларды салады, орындайды, периметрін табады.

Сабақтың түрі:

Сындарлы оқытуға негізделген сабақ

Сабақтың типі:

Алған білімдерін жетілдіру

Сабақтың формасы:

Ұжымдық, топтық, жұптық, жеке жұмыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:


1. Сұрақ-жауап

2. Топтық жұмыс: «Қобдиша» сұрақтары ойыны

3. Жұппен жұмыс: Сәйкестендіру

4. «Тізбек» ойыны

5. «Ойлан,тап» ойыны

6. Жеке жұмыс парағы

7. Жетті, талпынды, бағаланған жоқ

8. Тест жұмыстары

9. Бағдаршам

10. «Алақан» әдісі

11. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі




Құрал-жабдықтар, көрнекілік:


1. Интербелсенді тақта

2. Дербес компьютер

3. Стикерлер

4. Смайликтер

5. Таратпа карточкалар

6 . Бағдаршамдар.

7. Жеке жұмыс парағы

Пәнаралық байланыс:


  1. Дүниетану

  2. Бейнелеу

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:
Қосымша әдебиет:
Баспа көздері, Интернет ресурс:

  1. «Математика» оқулығы – 3 сынып.

  2. Математикадан 105 сабақ жұмыс дәптері, 2-сынып, 2007ж

  3. Өзіндік және бақылау жұмыс дәптері 2-сынып, 2014ж


6. Сайт «JARAR», «USTAZ.KZ»

7. Wiki беттері

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушынның іс-әрекеті

Мақсаты

Кіріспе


2 мин

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?
Оқушыларды 3 топқа біріктіру. (Стикерге жазылған топ атаулары бойынша)

І топ – «Үшбұрыш» - жәгерлі, өзіне сенімді, лидер.

ІІ топ – «Төртбұрыш» - батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді.

ІІІ топ – «Шеңбер» - мейірімді, жомарт, қоғамдық жұмыстарға бейім болып келеді екен.




Оқушылар сәлемдесіп, көңіл-күйлерін смайлик арқылы білдіреді.

Оқушылар «Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер» топтарына бірігеді.



Психологиялық ахуал туғызу.

Топтық жұмысты ұйымдастыру



Тұсау кесер




- Балалар, мен сендерді неге осы атаулар бойынша топқа бөлдім, бұл атаулардың қазір өтетін жаңа сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? (тағы да жетелеу сұрақтары қойылады)

- Дұрыс айтасыңдар!

Оқушылар таңдаған фигураларына мінезде ме беріп, сабаққа көңілін бөлу.
Тест тапсырмалары:

1.13 пен 4-тің айырмасынан 3-ті азайт:

А)14 ә)6 б)20

2.Есепте: 9сағ. 40мин-9сағ

А)1сағ.30мин ә)40мин б)30мин

3.Есепті шығар: Хор үйірмесіне 7 қыз, одан 3-уі артық ұл қатысады. Ұлдар нешеу?

А)4 ә)10 б)8

4.Өрнектің мәнін тап: (46+8)-30

А)64 ә)24 б)44

5.Теңдеуді шеш: 16-х=7

А)8 ә)9 б)23
«Қобдиша сұрақтары» ойынын ұйымдастырғым келіп отыр. Әр топтан бір оқушыдан тұрып, кезектесіп тақтадағы ұяшықтарды таңдайды.

10 – 1сағатта неше минут бар? (60минут)

20 – 1ғасырда неше жыл бар? (100жыл)

30 – 1дм неше см бар? (10см)

40 – 1аптада неше күн бар? (7күн)

50 – 1тәулікте неше сағат бар? (24сағат)

60 – 1жылда неше ай бар? (12ай)

70 – 10дм қанша см бар? (100см)

80 – 1ондықта неше бірлік бар? (10бірлік)

90 – 1сағат 10минут дегеніміз қанша минут? (70минут)



Смайлик арқылы бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа смайликтен беру

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, жаңа сабақ не туралы болатынын анықтайды.

Бағдаршаммен өз-өздерін бағалайды

(5 сұрақ-жасыл, 4 сұрақ-сары,

3-тен төмен-қызыл)

Оқушылардың жауаптары тыңдалады


Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту
Өткен сабақтарды еске түсіру үшін

Ой қозғау үшін




Негізгі бөлім




Топтық жұмыс.

«Тізбек» ойыны

1-топ: 9+9-10-6+12+6=20

2-топ: 8+5-3+6-8+12=20

3-топ: 5+10-7+4-5+13=20
Смайлик арқылы бағалау: Әрбір дұрыс жауапқа смайликтен беру
Жұппен жұмыс: Сәйкестендіру

49+4 53


66-8 58

67+5 72


42-7 35

34-7 27


76+6 82

45+8 53


63-7 56

Бағдаршам арқылы бағалау
Сергіту сәті
Топтық жұмыс: «Ойлан,тап» ойыны

1-топ: Кәмила әжесінің үйінде 3 апта 4 күн болды. Кәмила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?

2-топ:Екі таяқтың 4 ұшы бар. Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар?

3-топ:Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 7 күн демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?
«Ойлан, жұптас, бөліс»

1-топ: Төртбұрыш және оның периметрін табу

2-топ: Үшбұрыш және оның периметрін табу

3-топ:Тіктөртбұрыш және оның периметрін табу
Жеке жұмыс парағы:

1.Амалдарды орында:

95-47

36+28


80-17+25

24+52-36


38-19+24

71-25+13


2.Теңдеуді шеш:

A+37=90


80-a=42

25+a=70


a-47=23

3.Есеп:


Нариман бірінші себетке 17кг, ал екінші себетке одан 5кг артық қияр салды. Екі себетке барлығы неше килограмм қияр салынды?

Оқушылар берілген амалдарды ауызша есептейді

Оқушылар қасындағы отырған жұптарымен бірлесіп орындайды, 1 оқушы математикалық тілде оқып жауабын айтады. Жауабы дұрыс болса қалған оқушылар өздерінікімен салыстырып жасылды, дұрыс емес болса сары бағдаршамды көтереді

Оқушылар тапсырманы топта бірлесіп орындайды .

Оқушылар парақ бетіне түскен фигуралардың сызбасын қию арқылы қандай фигура екенін тауып, периметрлерін табады


Оқушылар жеке жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындайды
.


Оқушылардың амалдарды ауызша қосу және азайту тақырыбын жетілдіру мақсатында

Өз жауаптарының дұрыстығына көз жеткізу

Оқушыларды сергіту
Оқушылардың шапшаңдығын тексеру

Оқушылардың ойлау қабілеттерін тексеру


Бүгінгі алған білімдерін тиянақтау


Қорытынды





Рефлексия.

«Алақан» әдісі



Оқушылар рефлексия парағын толтырады


Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жеткізу және келесі сабаққа бастама алу

жүктеу 81,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау