§ 42. ЗАТ ЕСІМ.
Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұракка жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), іні (кім?), тау (не?), ауыл (не?), ақыл (не?), мал (не?), құс (не?) т. б. Адамға байланысты зат есімге кім? деген, адамнан басқа зат атауларына (жансыз және мал, аң, құс, балық т. б.) не? деген сұрақ қойылады.
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады; Заттардың даралап, жекелеген түріне ғана қойылатын ерекше аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар десек, бұл адам атаулының бәріне емес, тек қана жеке кісілерге тән ат. Жалқы есім әдетте кісі аттары, әкесінің аты мен фамилиясы, мемлекет, ре-спублика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, завод-фабрика аттары, географиялық (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән-күй, би т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнап қойылған (мысалы, Тайбурыл, Құлагер т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады.
§ 43. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАСАЛУЫ.
Зат есім негізгі және туынды зат есім, күрделі зат есім болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, куй-ші, ай-лық, жақсы-лық, біл-ім, аялда-ма, бұр-ғы, айт-ыс, куре-к т. б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Олар күрделі зат есім деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, аяқ-табақ, азық-тулік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т. б.
40
ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР.
Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердін көпшілігі қосымша арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен екі топқа бөлініп жүр.
1. Есімдерден (зат есім, сын есім, сан есім т. б.) зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар.
-шы, -ші: етік-ші, ән-ші, балық-шы, аң-шы т. б. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандык, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лык;, шебер-лік, шын-дық, дос-тық т. б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. -шылық, -шілік құранды (-шы+лық, -ші+лік) жұрнағы: егін-шілік, кем-шілік, тір-шілік, айырма-шылық т. б.
-ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша, маңдай-ша т. б. -шық, -шік: ойын-шық, уй-шік, қап-шық т. б. -ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гурс-іл, дір-іл, т. б. Бұл жұрнақ көбінесе еліктеу сөздерге жалғанып, сол кұбылыстың атын біддіреді. -хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-хана, кітап-хана, Қазақ-стан, арба-кеш т. б.
2. Етістіктен зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, тоқы-ма, кес-пе т. б. -ым, -ім, -м: бөл-ім, біл-ім, тый-ым, тоқта-м, байла-м т. б. -қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, суз-гі, ашыт-қы т. б. -ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, бөл-іс, тала-с, тойтар-ыс т. б. -ык,, -ік, -қ, -к: қазы-ық, көр-ік, тукір-ік, тоз-ық, сұра-қ, тіле-к т. б. -ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к, күре-к, жат-ақ т. б. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, сыпыр-ғыш т. б. -ын, -ін: жау-ын, ег-ін, туй-ін, жи-ын т. б. -ыш, -іш, -щ: қуан-ыш, суйен-іш, өкін-іш, қызған-ыш т. б.
-уыш, -уіш: тырна-уыш, еле-уіш, туйре-уіш т. б. -ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен т. б.
§ 44. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ.
Зат есімнің түрлену тұлғалары оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты не адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол бала, ал мен уй-мін, сен аспан-сың т. б. сияқты қолданылмайды, Кейде адам мәнінде салыстыру үшін қолданылған зат есімдер жіктеледі. Мысалы: мен асқар тау-мын, сен төбе-сің; Сен темір-сіқ, мен көмір-мін, еріт-келі келгенмін т. б.
41
§ 45. КӨПТІК ЖАЛҒАУ.
Көптік жалғау алты түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша бір түрлі жалғанып, заттың кептігін білдіреді. Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қыз-дар, мектеп-тер т. б.
Көптік жалғау тек өзі жалғанған сөз білдіретін заттың көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде үйдің, шайдың кептігі емес, сол заттар қатысты адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін білдіріп тұр. Ал көптік жалғау кісі аттарына жалғанғанда, сол кісінің көптігін емес, оның қасында да көп кісі бар екенін білдіреді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы жинақтау мәні беріліп тұр.
Көптік ұғым кейде сан есімдер мен көп, мол, бірнеше, бір талай сияқты сөздер мен қайталама қос сөздердің затты анықтап тұруы арқылы да беріледі: көп адам, жиырма шақты окушы, қора-қора қой, тау-тау астық т. б.
§ 46. ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа (адамға) тәуелді, меншігі екенін білдіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Бір я бірнеше заттың бір ғана затқа я адамға меншікті екенін білдіруді оңаша тәуелдеу, ал керісінше бір я бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіруді ортақ тәуелдеу дейді.
Зат есімінің тәуелдену үлгісі.
Тәуелде-
нудің түрі
|
Жақ
|
Тәуелді за-
ттың иесі
|
Тәуелдік жалғаулы сөздер
|
Жалғаулар
|
жекеше
|
Жекеше
|
көпше
|
оңаша
тәуелдену
|
I
|
менің
|
ел-ім,
|
ел-дер-ім
|
-м, -ым, -ім
|
|
|
бала-м
|
бала-лар-ым
|
|
II
|
сенің
|
ел-ің,
|
ел-дер-ін.
|
-ң, -ың, -ің
|
анайы
|
|
бала-ң
|
бала-лар-ың
|
|
сыпа-
йы
|
сіздің
|
ел-іңіз
|
ел-дер-ініз
|
-ңыз, -ңіз,
|
|
бала-ңыз
|
бала-лар-
-ыңыз
|
-ыңыз, -іңіз
|
|
|
|
|
III
|
оның
|
ел-і,
|
ел-дер-і,
|
-сы, -сі,
|
|
|
бала-сы
|
бала-лар-ы
|
-ы, -і
|
ортақ
тәуелді
|
1
|
біздің,
|
ел-іміз,
|
-уй-лер-іміз,
|
-мыз, -міз,
|
|
біздердің
|
бала-мыз
|
бала-лар-
-ымыз
|
-ымыз,
|
|
|
|
-іміз,
|
II
|
сендердің
|
ел-ің,
|
үй-лер-ің,
|
-ын, -ің, -ң
|
анайы
|
|
бала-ң.
|
бала-лар-ың.
|
|
сыпа-
йы
|
сіздердің
|
ел-іңіз,
|
үй-лер-іңіз,
|
-ыңыз,-іңіз,
|
|
бала-ңыз
|
бала-лар-
ыңыз,
|
-ңыз, -ңіз,
|
|
|
|
|
III
|
олардың
|
ел-і,
|
уй-лер-і,
|
-сы, -сі,
|
|
|
бала-сы,
|
бала-лар-ы
|
-ы, -і
|
|
|
|
|
|
|
|
§ 47. СЕПТІК ЖАЛҒАУ.
Септік жалғау зат есімге жалғанып, әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік түрі бар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік. Атаудан басқа септіктің арнайы жалғаулары бар. Атау септіктің тұлғасы зат есімнің түбір (негізгі және туынды) тұлгасымен сәйкес келеді, арнайы жалғауы жоқ. Септік жалғаулары сөзге буын үндестігі мен ілгерінді ықпал зандылықтары бойынша жалғанып, әр септік жалғауы сол сөзге белгілі-белгілі грамматикалық мағына үстейді. Тек көмектес септік жалғауы буын үндестігіне бағынбайды.
Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары.
Сеп-
тік-
тер
|
Сұрақтар
|
Жалғаулары
|
тәуелдік
жалғаудың I,
II жақтарынан
кейін
|
тәуелдік
жалғаудың III
жағынан кейін
|
А.
|
кім? не?
|
|
|
|
I.
|
кімнің?
ненің?
|
-ның, -нің,
-дың, -дің,
-тың, -тің
|
-ның, -нің
|
-ның, -нің
|
Б.
|
кімге? неге?
|
-ға, -ге, -қа, -ке,
|
-а, -е
|
-на,-не
|
Т.
|
қайда?
кімді? нені?
|
-ны, -ні, -ды, -
ді,
-ты, -ті,
|
-ды, -ді
|
-н
|
Ж.
|
кімде? неде?
қайда?
|
-да, -де, -та,
-те,
|
-да, -де,
|
-нда, -нде
|
Ш.
|
кімнен?
неден?
қайдан?
|
-нан, -нен,
-дан.
-ден, -тан,
-тен
|
-нан, -нен
|
-нан, -нен
|
К.
|
кіммен?
немен?қалай?
|
-мен, -бен, -пен
|
мен
|
-мен
|
|
|
|
|
|
|
|
43
§ 48. СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ.
Қазақ тілінде 7 септік түрі бар. Жоғарыдағы кестеден көрінетіндей, олардың сұрақтары мен жалғаулары біркелкі емес. Сондай-ақ олардың сөзге үстейтін мағыналары да алуан түрлі. Кейінгі кезде септіктер екі топқа бөлініп жүр: грамматикалық септіктер және көлемдік септіктер. Грамматикалық септіктерге атау, ілік, табыс септіктері, көлемдік септіктерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері жатады. Септік жалғауларын бұлай бөлудің басты негізі олардың мағыналары мен қызметтеріне байланысты.
Грамматикалық септіктер (атау, ілік, табыс) негізінен тек затттық мәнмен байланысты, қимылды атқарушы (бастауыш), не оның объектісі (тура толықтауыш), не заттың меншіктік, қатынастық (анықтауыш) мәнін білдіреді. Сондықтан да заттық мәнге (адамға байланысты және адамнан басқа затқа) байланысты әркайсысы екі сұракка ғана жауап береді: кім? және не? кімнің? және ненің? кімді? және нені? Ал көлемдік септіктер (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) заттық мәннен яғни объектілік мәннен (толықтауыш) басқа көлемдік, мезгілдік, себептік, бағыттық, құралдық (пысықтауыш) мәнде де жұмсалады. Сондықтан барыс септік кімге? неге? деген сұрақтан басқа қайда? деген сұраққа, жатыс септік кімде? неде? деген сұрақтан баска қайда? деген сұраққа, шығыс септік кімнен? неден? деген сұрақтан басқа қайдан? деген сұраққа көмектес септік кіммен? немен? деген сұрактан басқа қалай? деген сұраққа да жауап береді.
1. Атау септіктің арнайы жалғауы жоқ, зат есімнің негізгі және туынды түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Кейде көптік және тәуелдік жалғау тұлғаларында да тұрады. Атау тұлғадағы зат есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарады. Егер басқа сөз таптары (сын есім, сан есім, есімше, түйық етістік т. б.) атау түлғасында түрса, олар заттанып, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы: Толқыннан толқын (не?) туады (М. Жұмабаев). Ащы мен тұщыны татқан (кім?) білер (мақал).
2. Ілік септік меншіктілікті, бір затқа тән екендігін көрсетеді. Әдетте ілік септікті сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданылады да, ілік септіктерге сөз иеленуші зат (я адам) болады да, тәуелдік жалғаулы сөз соның меншігі, соған тиесілі я катысты зат болады. Мысалы: Хамиттын, екі құлағы шың ете түсті (С. Сейфуллин). Жомарттың сөзі есіне түсті (Ғ. Мұстафин). Бұл сөйлемдегі Хамиттың, Жомарттың деген ілік септіктегі сөздер құлағы, сөзі деген заттардың иесі, меншігі мәнін білдіреді.
Сондай-ақ ілік септік бүтіннің бөлшегі (үйдің терезесі), әр түрлі табиғи байланыстарды (судың сылдыры) сияқты мәндерді білдіреді.
44
Кейде ілік септік түсіп қалып та колданылады: ақынның өлеңдері — ақын өлеңдері, қаланың жастары — қала жастары т. б.
Сөйлемде ілік септікті сөз анықтауыш қызметін атқарады (сұрағы кімнің? ненің?).
3. Барыс септік жанама объектіні және қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын, кейде мақсатын білдіреді. Мысалы: Толқынға толқын еркелеп, Меруерт көбікке оранып... Жарға жетер ентелеп (М. Жұмабаев). Бұл сөйлемде толқынға (неге еркелеп?), көбікке (неге оранып?) деген сөздер қимылдың (еркелеп, оранып) жанама объектісін білдіріп, толықтауыш болып тұр, жарға (қайда жетер?) қимиддың (жетер) бағытын білдіріп, мекен пы-сықтауыш болып тұр. Барыс септіктегі сөз кімге? неге? деген сұраққа жауап берсе, толықтауыш болады да, қайда? неге?— не үшін? (көбіне түйық етістікке жалғанғанда: оқуға келді — неге, не үшін келді?) деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады. Барыс септікті сөз дейін, шейін, қарай деген шылаулармен тіркесіп те жұмсалады.
4. Табыс септік тура объектіні білдіреді де, сабақты етістіктермен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады. Сөйлемде кейде табыс септік жалғауы түсіріліп (жасырын) те қолданылады. Мысалы: Раушанның отты көздері ішке шоқ түсіріп жандырған соң, Бәкен кейістікті ұмытты (Б. Майлин). Бұл сөйлемде кейістікті (нені ұмытты?) табыс септікте тұрып, тура толықтауыш болып тұр, шоқ (нені түсіріп) табыс септіктің жасырын түрінде тұр. Табыс септіктегі сөз жалқы есім немесе тәуелдеулі сөз я алдында анықтауышы болса, болмаса табыс септікті сөз бен оны меңгеріп тұрған сабақты етістіктің арасында сөз тұрса, табыс септік жалғауы түспей қолданылады. Мысалы: Ол танк қалкасымен жетіп үлгірген Әлияны байқамай да қалды (Ж. Жұмақанов). Кірпігін де сирек қағады (М. Әуезов).
5. Жатыс септік қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, мекенін кейде мезгілін, көлемін білдіреді де, сөйлемде кімде? неде? деген сұраққа жауап берсе, мекен, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшеде сырғанақта біреу зулатып шана теуіп барады екен (С. Мұратбеков). Құлтайда жаңағының бірі жоқ (Ә. Әбішов). Жатыс септікті сөз сөйлемнің баяндауышы да болады: Қызым үйде, қылығы түзде (мақал).
6. Шығыс септік қимылдың, іс-әрекеттің неден, қайдан шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде толықтауыш және мекен, мезгіл пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Толқыннан толқын туады (М. Жұмабаев). Бұл сапарга біз Москвадан келе жатырмыз (С. Мұқанов). Шығыс септікті сөз кейде баяндауыш та болады. Біз Жетісуданбыз. Шығыс септікті сөз кейін, соң, бері сияқты шылаулармен де тіркесіп жұмсалады: Өзге ұлттардың мәдениеті де кең өріске Октябрь революциясынан кейін ғана шықты (С. Мұқанов).
7. Көмектес септік іс-әрекеттің, қимылдың немен, қандай құралмен, амалын, қалай істелгенін және қимылға ортақтықты
45
білдіріп, сөйлемде пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшіп келе жатқан — Абай аулымен көрші ауылдар (М. Әуезов). Хатшы жігіт сағатқа қарап, кезекпен жіберіп тұр (Ғ. Мұстафин). Көмектес септік жалғауьшың ерекшеліктері бар. Олар буын үндестігі заңына бағынбайды, жуан сыңарлары жоқ. Сөздің соңғы буыны жуан болса да, жіңішке болса да жіңішке жалғау (-мен, -бен, -пен) жалғанады. Сондай-ақ мен, бен, пен деген жалғаулық шылаумен ұқсас келеді. Егер бұлар қатысты сөз -мен, -бен, -пен тұлғасынсыз айтылмаса, ол көмектес септік жалғауы болғаны, сөзбен бірге жазылады, онсыз айтуға болса, немесе және деген сөзбен алмастыруға болса жалғаулық болғаны, бөлек жазылады. Мысалы: Мағаш Кәкітай мен (және) Абайға қарады. Мағаш Кәкітаймен сөйлесіп тұр.
Тәуелдеулі септеу. Зат есімдер тәуелденіп барып та септеледі. Тәуелдеулі септеудің барыс, табыс, жатыс септік жалғауларында ерекшеліктер бар. Тәуелдік жалғауының 1 және 2-жағындағы сөздерге барыс септігінде -а, -е жалғауы жалғанады: балам-а, уйің-е, ал 3-жағындағы сөздерге барыс -на, -не, табыс -н, жатыс -нда, -нде жалғаулары жалғанады: баласы-на, уйі-не, баласы-н, уйі-н, баласы-нда, уйін-нде.
Достарыңызбен бөлісу: |