«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңына түсініктеме
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Конституциясына,
«Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның депутаттарының
мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына,
«Әкімшілік процедуралар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың
өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына
(бұдан әрі - заң) және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен
оның Аппаратында құжаттармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне қағаз немесе
«электронды үкімет» порталы арқылы электронды жеткізгіштермен келіп
түскен жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштері келіп түкен күні
кеңседе Электронды құжат айналымы бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ)
тіркеліп, Мәжіліс депутаттарына тапсырылады.
Тікелей жазбаша өтініш берген өтініш берушіге бірегей нөмірі, күні мен
уақыты, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі мен аты-жөнінің бірінші әріптері
көрсетілген талон беріледі. Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым
салынады.
Депутаттардың жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауы кезінде
алынған жазбаша және ауызша өтініштер де тіркелуі тиіс.
Аталған Заңының 5 бабының 1 тарауының талаптарын ескере отырып,
келесідей өтініштер қарауға жатпайды:
1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық
құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке
төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың
құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда,
иесi бүркемеленген өтiнiш;
2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш.
Мәжіліс Төрағасы мен оның орынбасарларының атына келіп түскен
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері олар қаралғаннан кейін жазбаша
тапсырма (бұрыштама) бойынша Парламенті Мәжілісінің тиісті комитетіне
және өтініштің мазмұнына орай лауазымды тұлғаларға беріледі.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасының заңының 7 бабының 6 тармағына сәйкес
Парламент Мәжілісінің құзіретіне жатпайтын жеке және заңды тұлғалардың
өтініштері міндетті түрде үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш беруші
хабарлана отырып тиісті өкілетті мемлекеттік, атқарушы органдарға,
ұйымдарға жіберіледі.
Қарау үшiн ақпарат алу немесе жергiлiктi жерге барып тексеру талап
етiлмейтiн өтiнiштер күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады, қарау үшiн
ақпарат алу немесе жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн өтiнiштер
келiп түскен күнінен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол
бойынша шешiм қабылданады.
Егер өтiнiште баяндалған мәселелердi шешу ұзақ мерзiмдi талап етсе,
онда өтiнiш түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады,
бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде
өтініш берушiге хабарланады.
Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрi
қабылданады:
1) өтiнiштi толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;
2)
осындай
шешiм
қабылдауды
негiздей
отырып,
өтiнiштi
қанағаттандырудан бас тарту туралы;
3) өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк беру туралы;
4) өтiнiштi қарауды тоқтату туралы.
Өтініштерді ресімдеу талаптары
1. Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн
субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.
2. Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы
бойынша әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде
оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетiледi.
Өтінішке өтініш беруші немесе электронды сандық қолтаңбамен расталуы
тиіс.
Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң
атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш
жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.