13-14-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары. Уайымдамаңыз. Ауыспалы өткен шақ.
Сабақтың мақсаттары:
1)Мемлекеттік қызметшілерге ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдарымен таныстыру;
2) тіл үйренушілердің сөздік қорын молайту, таза сөйлеуге үйрету, ойлау шеберліктерін дамыту;
3) Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ-жауап, пікір алмасу.
Көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар, плакат,диск.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Лексикалық минимум.
1. 235-беттегі сөздермен танысыңыз.
2. Өткен грамматиканы еске түсіріңіз.
Не істей аласыз? («Қазақ тілі» В1 29 бет)
Біз билей аламыз.
Сен ...........................................
Сіз.............................................
Олар.........................................
Біз............................................
Олар........................................
Мен........................................
Ол..........................................
Сендер....................................
Менің інім............................
3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз қандай адамсыз?
1
|
Сіз ақкөңілсіз бе?
|
Иә, мен ақкөңілмін.
|
2
|
Сіз бойдақсыз ба?
|
|
3
|
Сіз тез ашуланасыз ба?
|
|
4
|
Сіз мақтанасыз ба?
|
|
5
|
Сіз пысықсыз ба?
|
|
6
|
Сіз тез ренжисіз бе?
|
|
7
|
Сіз момынсыз ба?
|
|
8
|
Сіз мейірімдісіз бе?
|
|
9
|
Сіздің кемшілігіңіз бар ма?
|
|
10
|
Сіз қаталсыз ба?
|
|
4.Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз?
1
|
Бұл кім?
|
Бұл -әпкем.
|
2
|
|
Әжем жұмада бауырсақ пісіреді.
|
3
|
|
Оның жұлдыз болғысы келеді.
|
4
|
|
Сіздің қызыңыз жүзумен айналысады.
|
5
|
|
Кенжемізді жақсы көреміз.
|
6
|
|
Оның ағасында жаңа пәтер бар.
|
7
|
|
Бұл – ұзақ әңгіме.
|
8
|
|
Мен үшінші қабатта тұрамын.
|
ІІ.Жаңа сабақ.
Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді.
Олар демалыс сайын кездесіп тұратын.
Жасалуы:
1) Етістік + -атын-іп
Жекеше
|
Көпше
|
Мен оқитынмын
|
Біз оқитынбыз
|
Сен оқитынсың
Сіз оқитынсыз
|
Сендер оқитынсыңдар
Сіздер оқитынсыздар
|
Олар оқитын
|
Олар оқитын
|
Болымсыз түрі
Жекеше
|
Көпше
|
Мен оқымайтынмын
|
Біз оқымайтынбыз
|
Сен оқымайтынсың
Сіз оқымайтынсыз
|
Сендер оқымайтынсыңдар
Сіздер оқымайтынсыздар
|
Олар оқымайтын
|
Олар оқымайтын
|
2) –ушы,-уші қосымшасында еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы.
Жекеше
|
Көпше
|
Мен барушы едім
|
Біз барушы едік
|
Сен барушы едің
Сіз барушы едіңіз
|
Сендер барушы едіңдер
Сіздер барушы едіңіздер
|
Олар барушы еді
|
Олар барушы еді
|
Болымсыз түрі
Жекеше
|
Көпше
|
Мен бармаушы едім
|
Біз бармаушы едік
|
Сен бармаушы едің
Сіз бармаушы едіңіз
|
Сендер бармаушы едіңдер
Сіздер бармаушы едіңіздер
|
Олар бармаушы еді
|
Олар бармаушы еді
|
Жазылым__5.Тиісті_қосымшаны_қойыңыз.'>Жазылым
5.Тиісті қосымшаны қойыңыз. (-йтын, -йтін-атын, -етін)
1.Мен сенбіде кеңсеге баратынмын.
2.Сендер былтыр көлге бар.............сыңдар
3.Ұлжан күйеуімен қонаққа кел...............
4.Оның қыздары апельсин жем................
5.Екеуміз көп әзілдес........біз
6.Раушан жақсы ән сал................
7.Кеңсеге тілшілер көп келме.................
8.Сен бұл жаңалықты айтпа.................сың
9.Сіз телебағдарлама жүргізушісі бол...................
10.Әнуардың Қытайға барғысы ке........................
6.Етістіктерді болымды, болымсыз түрде жазыңыз.
1.Мен бару – мен баратынмын, бармайтынмын
2.Сен айту –
3. Сіз жазу –
4.Ол танысу –
5.Біз тұру –
6.Сендер сату –
7.Сіздер көру –
8.Олар кету –
Тыңдалым №4
7.Сұхбат не туралы? Дұрыс жауаптың тұсына + белгісін қойыңыз.
1. Журналистердің ақшасы туралы
2.Журналистер жазатын ақпарат, мәліметтер туралы
3.Газет-журналдар түрі туралы
8.Тыңдаңыз. Айтылу ретімен нөмірдеңіз.(№5)
Ә. Адамдардың жеке өмірі туралы жазу
А.Баспасөз құралдарын керек ететін жұлдыздар
Б.Тек атақты адамдар, жұлдыздар туралы жазатын газет-журналдар
Оқылым
9. «Менің қызметім» мәтіні
Менің есімім - Әділ. Мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика факультетінің Кеден ісі мамандығын аяқтадым. Сонан соң осы университеттің Заң факультетін бітірдім. Тиянақты, жан-жақты білім алдым. Өзіме ұнайтын жалақысы жоғары жұмысты ұзақ іздеуге тура келді. Ағылшын тілін түсінемін, түрік тілінде еркін сөйлеймін. Бірақ, еңбек тәжірибем жоқ. Ал, қазір фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындар тәжірибелі мамандар іздейді. Өкінішке орай, еңбек өтіліне ие болу үшін жалақысы төмендеу жұмысқа орналасуға тура келді. Қазір Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Кедендік рәсімдеу бөлімінде маман болып жұмыс істеп жүрмін. Лауазымымды көтеру үшін, көп еңбек етуім керек. Негізінен жұмысым жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу, бұл маған ұнайды.
10. Сөздікпен жұмыс. Мәтіннен мына сөздерді тауып, мағынасын түсіндіру.
Еңбек өтілі – белгілі бір қоғамдық жұмыс салаларында еңбек еткен уақыттың мөлшері. (ҚТТС,227 бет)
Лауазым – қызмет бабындағы дәреже, атақ. (569 бет)
Кеден – шетелге шығаратын немесе шетелден әкелетін заттарды мұқият тексеретін, байқап өткізетін орын. (373 бет)
Маман – белгілі бір кәсіп иесі, қызметкер. (579 бет)
11. Дұрыс сөйлем құруға жаттықтыру.
Жұмыс
Есеп кешігіп қалдым
Бастық тапсыра алмадым
Жиналыс өкінішке орай бармадым
Іссапар сөйлесе алмадым
Құжат бара алмадым
Жеке адам
12.Мәтінді қайта оқып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
1.Әділ бірінші ................................................................................ оқуға түсті.
2.Сонан соң ..................................................................................білім алды.
3.Оның мақсаты .....................................................................жұмысты табу еді.
4.Бірақ оның ............................................................жоқ.
5.Қазір ......................................................................жұмыс істейді.
6.Әділге ....................................................................ұнайды.
13.Сұрақ-жауап.
1) Әділ кім болып жұмыс істейді?
2)Оның мамандығы қандай?
3) Қазіргі фирмаларға қандай мамандар қажет?
4)Әділ қандай жоғары оқу орнын бітірді?
5) Әділ қандай және қай бөлімде жұмыс істейді?
Сөйлесім
14. Жұптық жұмыс. Берілген сөздерді пайдаланып, өзара журналист және сұхбат беруші рөлін ойнаңыздар.
Газет-журналдар оқу, бос уақыт, балалық шақ, сүйікті түс, мінез, теледидар көру, сүйікті тағам, достар.
Жазылым.
15. Үлгі бойынша сөйлемді түрлендіріңіз.
Мен осы телесериалды күнде көремін.
Мен осы телесериалды күнде көретін едім.
Мен осы телесериалды күнде көрмейтін едім.
1.Менің әпкем үнемі жүзу үйірмесінен қалмайды.
2.Сіздің қызыңыз жиі газет оқиды.
3.Оның ағасы тілші болып жұмыс істейтін.
4.Сен бұрын кинотеатрға көп баратын едің.
Қорытынды.
16. Болымсыз және болымды түрде жазыңыз.
айт-айтпайтын
|
көрсетпеген – көрсететін
|
кел-
|
таныспаған -
|
бар-
|
ашпаған -
|
сұра-
|
сұрамаған-
|
кет-
|
шығармаған-
|
күл-
|
бермеген-
|
Үйге тапсырма: Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдарын оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |