«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет27/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

50 



Қарасай Нұрбибі 

5В011700Қазақ тілі мен әдебиеті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымд.проф. А.А. Көшекова 

 

ШАМАНИЗМ НЕГІЗІНДЕГІ АРХАИКАЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ 

 

Аннотация. В этой статье рассматривается краткая история шаманизма и его элементов 



Abstract. This article observes a brief history of shamanism and its elements. 

 

Мотивтердің  үлкен тобы, соның ішінде: жыландардың қызды ұрлап кетуі, құдіретті күштің 



әсерімен туудың әрқилы түрлері, өлген адамның қайтып келуі, темір етік киіп, темір таяқ алып жолға 

шығу,  орманның  басқа  патшалықтың  қақпасы  ретінде  қызмет  етуі,  кейіпкердің  жағымсыз  иісі, 

үйшіктің есігіне су шашу, мыстанның тағам беруі, тасымалдаушы-жолбастаушы фигурасы, бүркітке, 

атқа, қайыққа мініп алыс сапарға кету, келген адамды жұтып қойғысы келетін қақпаны қорғаушымен 

шайқасу,  таразыда  өлшену,  басқа  патшалыққа  бару  және  сондай  барудың  барлық  белгілері  өлім 

туралы  түсініктер  циклынан  туындаған.  Бұл  циклға  енген      мотивтердің  үлкен  бөлігінің  шамандық 

мифтермен байланысты екенін, содан  бастау алатынын айта кету қажет. 

«Түркі-моңғол тайпаларының тұрмыс-тірлігінде толып жатқан ұқсастықтардың бар екені рас. 

Бірақ,  бұл  екі  тайпаның  тілі  де,  діні  де  бөлек.  Моңғолдардың  табынатыны  -  түркі  тайпаларының 

сыйынатыны - Көк тәңірі: бірі - буддизм, бірі - шаманизм» деп жазады Т.Ә. Қоңыратбай [1,81 б.]. Бұл 

дәйексөзден  қазақ  халқының  бүкіл  дүниетанымдық  жүйесі  үшін  де  және  оның  бір  үлкен  құрамдас 

бөлігі  болған  эпос  жанры  үшін  шаманизмнің  атқаратын  рөлін  байқауға  болады.  Соған  орай 

шаманизмге және оның маңызды құрамдық элементі - шамандық мифтерге кеңірек тоқталмақпыз. 

Шаманизм  адамзаттың  дамуының  белгілі  бір  кезеңіндегі  оның  діни  сенім-нанымы,  ол 

негізінен  тіршіліктің  етуінің  басты  көзі  аңшылық,  балық  аулау,  жеуге  жарайтын  жеміс-жидек  т.б. 

жинаушылық  болған  кездері  қалыптасқан  да  қоғамның  келесі  даму  сатыларында  монотеистік 

діндерге  орын  берген.  Шаманизмнің  элементтері  әрқилы  формада  әлемнің  бүкіл  құрлықтарында, 

барлық  мәдени  деңгейлерде  кездеседі,  Азия  шаманизмнің  ең  көп  тараған  аймағы  болып  саналады. 

Шаманизмнің негізінде белгілі бір архаикалық дүниетаным жатады, ол бойынша бүкіл қоршаған әлем 

жанды  деп  есептелді,  дүниенің  жансыз  элементтері  жан  иелері  түрінде,  соның  ішінде  белгілі  бір 

жануар  кейпінде суреттелді.  Адам  ғаламмен, бүкіл  табиғатпен  біте  қайнасқан,  соның  ажырамас бір 

бөлігі деп көрсетілді. Құдіретті күшке ие аруақтар мен жындар адам кейпінде немесе қандай да бір 

жануар  түрінде  елестетілді.  Шаманизмінің  басты  фигурасы  басқа  әлемдерге,  соның  ішінде  аспан 

әлеміне  не  жердің  астындағы  әлемге  өздерінің  жындарының  көмегімен  саяхат  жасайтын  шамандар 

еді.  «Бақсының  негізгі  міндеті  -  адамды  тірі қалдыру  үшін  ол дүние  өкілдерімен  күресу.  Бақсының 

осы  жолда  кездесетін  ең  күшті  қарсыласы  -  өлілер  дүниесінің  құдайы  (Ерлік  хан)»  деп  жазады  Е. 

Тұрсынов [2, 197б.]. Шамандар басқа дүниедегі құдіретті күш иелерімен адамдар арасындағы делдал 

есебінде  болып,  өздерінің  жындары  арқылы  құдайлармен,  аруақтармен  байланыс  жасап,  олардан 

адамдарға  денсаулық,  бақуаттылық  байлық,  кәсіптеріне  табыс,  баласы  жоқтарға  бала  тілеп  алады, 

науқастардың  бойындағы  ауруларын  қуады  деп  есептелді.  Сол  арқылы  ол  құдіретті  күштердің 

алдындағы  өз  тайпасының  өкілі,  қорғаушысы  функциясын  атқарды.  «Шаманның  табиғаттан  тыс 

құдіретті  күші  оның  өзінде  емес,  қармағындағы  көмекші-жындарында.  Сол  жындар  ауруды  қуады, 

олар ауырған адамның жанын тауып, құтқарып алу үшін шаманды қарапайым адамдар бара алмайтын 

ең  алыс,  қол  жетпестей  жерлерге  апарады,  жындар  өлген  адамның  жанын  ана  дүниеге  апаруға 

көмектеседі,  шаманға  қойылған  талаптардың  бәріне  берілетін  жауапты  шаманның  миына  құйып 

береді. Жынсыз шамандар қауқарсыз боп қалады. Жындарынан айырылған шамандар шаман болудан 

қалады, кейде өліп кетеді» деп жазады Л.Я. Штернберг [3,141 б.]. 

Шаманизмге  байланысты  тағы  бір  түсініктердің  тобы  адамның  өлген  соң  аруаққа  айналып, 

құдіретті күшке ие болып кететіні туралы ұғым еді. Бұл ұғым көбіне тірілер мен өлілер әлемін бір-

біріне  қарсы  қоюдан  бастау  алады.  Және  де  өлілер  әлемі  қорқынышты,  суық  әлем  емес,  керісінше 

жетіліскен, молшылықты, бақуатты түрде суреттеледі. Ол әлемде құдіретті күшке ие құдайлар, жын-

перілер  өмір  сүреді.  Инициация  салты  да,  шамандық  салттар  да  адамның  уақытша  өліп,  өлілер 

дүниесіне  барып,  ол  жақтан  өзінің  болашақ  өміріне  қажетті  сиқырлы  магиялық  қасиеттерді,  аңдар 

мен  құстарды  билеуді,  оларды  өзіне  тарта  білуді,  мергендікті  т.б.  алып  қайтуымен  байланысты 

туындаған. 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

51 



Демек, жай адамның өзі өлілер патшалығына барған соң өзіне магиялық қасиеттер, құдіретті 

күш  алады.  Қазақ  халқының  аруақтарға  сену,  соларға  табыну,  олардан  көмек  сұрау  салттарының 

астарында осындай түсініктер жатыр деп болжамдауға болады. «Қарасай  - Қази» эпосында Қарасай 

мен Қази екі-үш күн қалмақтармен шайқасып, ақырында «ұйқыдан шаршап құлайды». Тонадан деген 

соқыр (Тонаданның соқыр болуы оның өлілер дүниесінен келгенін көрсетеді, себебі ежелгі түсініктер 

бойынша тірілер мен өлілер екі әлемнің тұрғындары болғандықтан бір-бірін көре алмайды) Қарасай 

мен Қазидың «Ұйқыдан түсіп қалғанын біліп» осы екі батырдың әкесі Орақтың «Көріне жетіп келеді» 

де:  «Аруағың  болса  тұр  деді,  Балаңа  туған  бар  деді».  Сонда  «Аюдай  ақырған  Орақтың,  Күндей 

күркіреген  шырақтың,  Аруағы  көрден  шығады»  да,  балаларын  оятып,  дем  беріп,  солармен  бірге 

шайқасып, жауды жеңіп шығады. Бұл жерде әкесінің аруағы балаларына тікелей жәрдемге келіп тұр. 

Түркі  халықтарына  жататын  алтайлықтардың  шамандық  туралы  түсініктерінде  шамандардың  өзге 

әлемге  саяхаты,  жындардың  (яғни,  жебеуші  сиқырлы  көмекшілерінің,  көмекшілер  туралы  алдағы 

тармақтарда кеңірек баяндаймыз) оларға бететін көмегі көрініс тапқан. Сібірдегі кішігірім халықтар, 

соның  ішінде  түрік-моңғол  тектес  халықтар  арасында  ілкі  дәуірлерде  ғалам  үш  әлемнен:  Жоғарғы 

(аспан),  Орта  (адамдар  өмір  сүріп  жатқан  тегіс  жер), Төменгі (жер асты)  әлемдерінен  тұрады  деген 

сенім  болған.  Аспан  әлемі  де  үш  немесе  одан  да  көп  қабатты  қатты  тегістік  болады,  шамандар  ол 

әлемге арнаулы  тесіктер арқылы  енеді деп есептеген. Алтайлықтар жоғарғы құдай Ұлген аспанның 

тоғызыншы, он екінші, он бесінші қабаттарында тұрады деп сенген. Кеттер аспан жеті қат болады, 

оның үстін төңкерілген күмбез жауып тұрады деп ойлаған. Бірқатар сібір халықтары күн мен айды 

тірі  жан  иелері  деп  есептеген.  Төменгі  әлем  де  бірнеше  қабаттан  тұрады  (жеті  қат  жер  деген  сөз 

қазақтарда әлі бар), оған баратын жолды тек шамандар ғана біледі. Селкуптар мен нанайлар осы үш 

әлемді бір-біріне қатыстырып тұрған «әлемдік ағаш» бар деп санаған. 

 Адам қоғамының ең көне кезеңдерінде ана дүние (немесе өлілер елі, әлемі) туралы түсініктер 

болмаған. Ол уақытта адамдар негізінен аңшылықпен, жеміс-жидек терумен күн көрген, соған сәйкес 

олар өлген адам кез келген аңға айналып кетеді деп есептеген. Тотемизм, тотемдік жануарлар туралы 

түсініктер осыдан бастау алады. Кейінірек ана дүние туралы түсініктер пайда болған кездері - өлілер 

дүниесі жер астында деп есептеген тайпалар өлген адам жыланға, құрт-құмырсқаға айналып кетеді де 

жер астындағы өлілер патшалығына түседі деп ойлаған, осы түсінік қоғамның дамуымен өзгере келе 

қайтыс болған адамның жаны жыланның көмегімен о дүниге барады деген түсінікке ұласқан. Ал, о 

дүние қиыр алыста, яғни, жердің шетінде немесе аспанда орналасқан деп есептеген тайпалар өлген 

адамдар құстың көмегімен о дүниеге барады деп сенген.  

Сонымен,  ежелгі  адамдардың  сенімі  бойынша  қайтыс  болған  адамының  жаны  негізінен  екі 

мақұлықтың - жыланның және құстың көмегімен ана дүниеге барады деп ұйғарылған. Адам жанының 

жыланның  көмегімен  ол  дүниеге  кетуі  туралы  түсініктің  қалдықтары  қазақ  эпосында  да  сақталып 

қалған.  Мысалы,  Шора  батырдың  аруағы  айдаһар  болып  ұшып  келеді,  оны  Құлыншақ  батыр 

қорқытып  жібергенде  жылан  жоқ  болып  кетеді.  Бірақ,  жыланмен  бірге  Шора  батыр  да  ол  дүниеге 

кетіп,  қайтыс  болады:  «...  жер  ойылып  Шораны  жер  жұтып»  кетеді.  Бұл  түсініктер  соңынан 

инициация  және  шамандық  салттарға  ауыстырылған,  яғни  шамандар  басқа  дүниеге  құстың  не 

жыланның  көмегімен  сапар  шегеді  деген  ұғым  болған.      Адамның  ой-түсінігінің  қоғамдағы 

өзгерістерге сай алға дамуына байланысты бір кездердегі құс, ат сияқты жануарлар адамға жебеуші-

қолдаушы  болады  деген  түсінік  бірте-бірте  ақылға  қонымсыз,  қисынға  келмейтін  ұғымға  айналған. 

Олардың  орнын  адамданған  пірлер,  жындар  немесе  өлген  соң  құдіретті  аруақтарға  айналған  ата-

бабалар басқан, бұлардың өзі бірте-бірте алдымен политеистік, соңынан монотеистік діндерге орын 

берген.   

  Қазақ эпостарының түгелге жуығында дерлік аруаққа, ата-бабаларға, пірлер мен әулиелерге 

сиыну,  солардан  медет  сұрау,  солардың  құдіретінің  арқасында  жауды  жеңу  мотивтері  молынан 

кездеседі. Бұл біздің халқымыздың арасында бір замандарда кең өріс алған шамандықтың қалдығы. 

 

Әдебиеттер: 

1.  Қоңыратбай Т. Эпос және этнос. Қазақ эпосы және оның этникалық сипаты. Монография. 

–Алматы: Ғылым, 2000. -268 б.  

2.   Васильев Л. История Востока. В 2-х т. –Москва: Высшая школа, 1994. Т. -495 с. 

3.  Тұрсынов  Е.  Типологияның  комплексті  жүйесі  туралы  //  Қазақ  фольклорының 

типологиясы. –Алматы: Ғылым, 1981. Б. 174-219.  

                           




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау