«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет26/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

48 



Қанашева Альбина 

5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымд. профессор  Б.С.Сарбасов  

ҚазМемҚызПУ 



 

 

БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛУ МОТИВІ 

 

Аннотация. В статье рассматривается мотив чудесного рождения в тюркском памятнике. 

Abstract. The  article  deals wish  the motive of miracee birth in Ture monuments. 

  

Батырлар  жырында  қаһарманның  ерекше  бітімі,  құдіреттілігі  аңыз  кейіпкеріне  қарағанда 

басқаша  түсіндіріледі.  Қаһарман  тайпалық  тотем  мен  аталар  аруағының  ғажайып  түрде  желеп-

жебеуінің  нәтижесінде  туылған  болады.  Батырлар  жырында  ғажайып  туу  мотивтері  кейіпкердің 

кереметтігін  дәріптейтін  көркем  тәсілге  айналған.  Кейінірек  бұл  мотив  батырлардың,  ру-тайпа 

көсемдерінің ерекше жаратылысын бейнелеуге, яғни, басқа қарапайым адамдардан дәрежесін көтеру 

мақсатына  қызмет еткен.   

Дүниежүзі фольклорының эпикалық жанрларында елдің дүниетанымын, ежелден қалыптасып 

келе  жатқан  тарихын  көрсететін  әр  түрлі  көркем  тәсілдерді  кездестіруге  болады.  Қай  халықтың 

эпикалық  мұрасы  болмасын,  ол  сол  жерді  мекендейтін  адамдардың  тіршілігінен,  салт-дәстүрінен 

хабар  береді.    Соның  ішінде  бүкіл  дүниежүзі  халықтарын    эпосында  кеңінен  тараған  мотив  – 

кейіпкердің ғажайып дүниеге келуі. 

Батырлық    эпоста  кейіпкердің  ғажайып  туу  мотивінің  кеңінен  тараған  түрі  –  ата-бабалар 

аруағының жәрдемімен және әулие-әнбиелердің түсте аян беруі арқылы болашақ батырдың дүниеге 

келуі.  Бұл    мотивтер,  әсіресе,  шамандық  және  мұсылмандық  культтердің  үстемдігі  тұсында 

қалыптасып, дамыған. 

Бұл  жөнінде  С.А.Қасқабасов  былай  дейді:  «Ислам  діні  енгеннен  бастап  Қазақстанда  ескі 

шамандық  пен  ислам  діні  қатар  өмір  сүрді.  Бұл  жағдай  көп  уақытқа  созылғаны  белгілі.  Бірақ  жай 

созылған  жоқ,  екі  идеология  арасында  үнемі  күрес  болып  келді.  Сөйтіп,  бұрынғы  шаманизмді 

исламның «қасиетті» күштері ығыстыра бастады, ал, кейбір шамандық кейіпкерлер мен әдет-рәсімдер 

исламдық сипат алады. Соның нәтижесінде ежелгі тотемге және ата-баба аруағына табынумен қатар, 

мұсылман дінінің әулие-әнбиелерін қасиеттеп, оларға сыйыну кең етек алды. Міне, бұл процесс қазақ 

фольклорында көрініс тапты. Мысалы, аңыз, ертегі, жырларда болашақ қаһарманның ата-анасы бала 

тілеп,  Аллаға  сыйынады,  мұсылманның қасиетті орындарына  зиярат  етеді  [1,252].  Осындай  таным-

түсініктердің  өзгеруіне  байланысты  жырдағы  кейіпкердің  дүниеге  келу  жөніндегі  сюжеттерінде 

әулие-әнбиенің  жәрдемімен  туу  сарыны  пайда  болады.  Әрине,  бұл  сюжет  өзінің  негізгі  баяндалу 

тәртібін, қалпын сақтап қалады.  

Қазақ батырлық эпостарындағы әулие-әнбиелердің көмегімен туу мотивіне «Алпамыс батыр», 

«Қобыланды  батыр»,  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім»,  «Шора  батыр»,  «Қарабек  батыр»  жырларында 

суреттелетіндей  болашақ  кейіпкердің  ата-анасы  әулие-әнбиелерден  сұрап  жүріп    балалы  болуы 

туралы баяндау жатады.   

Осы дәуірде пайда болған барлық эпостардағы батырдың дүниеге келу эпизодтарда осындай 

мотивтің қолданылуы сол кездегі халқымыздың фольклорына ислам дінінің ықпал етуін байқатады. 

Сондықтан бұл сарын сол кезеңдегі эпостардың көбінде қайталанып келеді.   

Батырлық  жырлар  елдің  тәуелсіздік  жолындағы  қаһармандығын,  қиялдан  туындаған  немесе 

тарихта  болған  адамдардың  ерлік  істерін  жырлау  мақсатында    дүниеге  келеді.  «Алпамыс», 

«Қобыланды»,  «Шора»,  «Манас»  жырларының  негізгі  идеясы  халықты  жат  жұрттардың 

шапқыншылығынан  қорғауға  халықты  шақыру    болып  табылса,    «Оғыз-наме»,  «Шыңғыснама» 

эпостарында бір орталыққа бағынған күшті мемлекет құрып, елінің іргесін нығайтқан билеушілерді 

үлгі ету көзделгені сезіледі.  

«Қорқыт  ата  кітабындағы»  Дерсеханұлы  Бұқаштың,  «Құпия  шежіредегі»  Шыңғыс  ханның, 

«Оғыз-намедегі» Оғыз батырдың, қазақ эпостарындағы Алпамыс, Қобыланды батырлардың дүниеге 

келулері,  ер  жетіп  өсулері  –    соған  айғақ.  Мысалы,  Шыңғыс  ханның  дүниеге  келуі  туралы  Шәді 

Жәңгірұлы  өзінің «Тарихнама» атты туындысында: 

 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

49 



Темучин анасынан дүниеге енді, 

Бір қолының алақаны жұмық еді. 

Қатындар қызмет еткен қарағанда, 

Ішінде ұйып қалған бір қан көрді [2,96]. 

деп жырласа, «Қисса Наурызбай» дастаны да бұл эпизод  қайталанады. 

 

Қасым хан өзге ұлынан асып туған



Көңілін дұшпанының басып туған. 

Қарнында анасының қан шеңгелдеп

Қызартып екі көзін ашып туған [3,62]. 

 

Махмұт  Қашқаридың  жазуына  қарағанда,  халық  Қорқыттың  туғаны  ерекше  сипаттаған. 



Олардың баяндауынша Қорқыт Сырдарияда  сөйлеп туыпты. Бұл жөнінде халық аузында сақталған 

мынадай өлең де бар: 

 

Қорқыт туар кезінде, 



Қараспанды су алған, 

Қара жерді  құм алған,  

Ол туарда ел қорқып, 

Туған соң әбден қуанған [1,45]. 

 

Мотивтердің  шығу  тегін  зерттеуді  осы  тұрғыдан  қарастыра  отырып,  оның  тек  қазақ 



фольклорына  тән  сарындарына  ғана  емес,  өзге  халықтардан  келген  мотивтерін  және  жалпы  түркі 

халықтарына ортақ түрлерін анықтап, олардың таралу жолдарын  анықтауға күш салдық. 

Батырдың  ғажайып  тууы  туралы  сюжеттің  зерттелу  нәтижелерімен  М.Әуезов,  Ә.Марғұлан, 

Ә.Қоңыратбаев,  М.Ғабдуллин,  Қ.Жұмалиев,  Т.Сыдықов,  О.Нұрмағанбетова,  С.Қасқабасов, 

Ш.Ыбыраев т.б. фольклортанушылар еңбектері арқылы танысамыз. 

Бұл  мотив  халқымыздың  ежелгі  таным-түсінігінің  негізінде  қалыптасқан    түркі,  монғол 

тайпаларының  таралуы  туралы  шежірелерде  және  жыр  аңыздарда,  соның  ішінде  Оғыз  ханның, 

Қорқыттың, Шыңғыс ханның, Манас жөніндегі шығармаларда ұшырасады. Осы қаһармандар туралы 

шығармалардың  нұсқаларын  Әбілғазының,  Қадырғали  Жалайырдың  шежірелерінен,  Г.Н.Потанин 

жинақтарынан  кездестірсек,  оларды  зерттеуге  Б.Кенжебаев,  Ә.Қоңыратбаев,  Ә.Марғұлан, 

С.Қасқабасов т.б. ғалымдар зор үлес қосты. 

Оғыз,  Қорқыт  туралы  аңыздарда  немесе  ру  тайпалардың  шығу  тегі  туралы    шежірелерде 

қаһармандардың  ерекше  жаратылуына  үлкен  мән  беріледі.  Бұл  жерде    ол  алғашқы  ру-тайпаларды 

жаратушы  ілкі  бабалардың,  атышулы  әулие-перілердің,  жасампаз  қаһармандардың  ғажайып  тууын 

баяндайтын  мифтер  циклін  құрайды.  Әрбір  халық  өздері  табынатын  объектілерді  уағыздау 

мақсатында  осындай  мазмұндағы  аңыздарды  таратқан.  Оның  халыққа  әсерлі  болуы  үшін 

қаһармандарды ерекше жаратылысын суреттеу тәсілі қолданылады.  

Қорыта айтқанда,  жоғарыда сөз болған Оғыз қаған, Шыңғыс хан, Қорқыт т.б.  кейіпкерлердің 

барлығы  да  түркілердің  мифологиялық    дүниетанымына  сәйкес      суреттеледі.  Осы  келтірілген 

материалдардың  зерттелу  нәтижесіне  қарап,  ғажайып  туу  мотивтері  дами  келе  эпикалық 

туындылардың  экспозициясын  құрайтын  негізгі  бөлшектердің  қызметін  атқарғандығын  көреміз. 

Мұндай  мотивтің  ертедегі  алғашқы  адамдардың  пайда  болуы  туралы  антропогониялық  мифтерге 

негіз болып, өз алдына дербес жанр ретінде таралғандығын фольклортанушы ғалымдар анықтаған. 

Жалпы,  дүниежүзі  тарихында  атақты  адамдар  мен  Құдайлардың  дүниеге  келуі  жайлы 

мифтерден  көбінде күн нұрынан туу мотивін жиі кездестіруге болады. Ол –  тек түркі халықтарында 

ғана айтылмайды,  көптеген халықтарға тән құбылыс. Текті нұрдан жаратылған етіп көрсету ежелдегі 

адамдар үшін өте маңызды болған. 

 

Әдебиеттер: 

1.  Қасқабасов.С. Жаназық.  – Астана: Аударма, 2002. –584 б. 

2.  Келімбетов Н. Шәді ақын. – Алматы: Жазушы, 1974. – 96 б. 

3.  Хан Кене: тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар. – Алматы: Жалын, 1993. – 448 6. 

4.  Қоңыратбаев. Ә. Қорқыт ата кітабы. – Алматы, 1986. – 128б. 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау