- Оқушыларға адам жанының сұлулығы туралы түсіндіре отырып, дұрыс –әрекет құндылығының мәнін ашу.
- Адамның жан сұлулығын әр түрлі жолдармен көрінетіні туралы түсінік беру
- Адам жанының сұлулығын көрсететің жақсы қасиеттерін дамыту.
- Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»ережесін еске түсіру
- Талап, тәртіп,тазалық татулық,тыныштық
- тыныштық сәті: су астына саяхат
-
- 2.Үй тапсырмасын сұрау
- Оқушылардың ойларын білу мақсатында, «сахналау» айдарымен
- берілген диалогті сахналап келу.
- 4.Әңгімелеу .
- «Сұлулық сыры » мазмұның түсіндіру
- -Бейбітке қандай ақыл берер едіндер?
- Ойларынды жазбаша беріңдер.
- Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс
- жеке жұмыс
- 1.Тән сұлулығы уақыт өте көмескіленеді, ал жан сұлулығы мәңгілік,оның берері де мол ма?
- 2.Ішкі жан сұлулығынсыз сыртықы сұлулық болуы мүмкін бе?
- 3.Ішкі сұлулық немен өлшенеді?
- 4.Сыртқы сұлулық ішкі сұлулықтың айнасы бола алама?
- 5.Шынымен де сұлу адам болу үшін не істеу керек?
- Сұлылық бетте емес, жүректе екенің естен шығармаған абзал
- «Ұрық» аңыз
- Бір күні әйел түс көреді. Түсінде құдай дүкен ұстап тұрады.
- — Құдай’ Бұл сен бе? — дейді ол қуанышты үнмен.
- — Иә, бұл мен, — деп жауап береді Құдай.
- — Сенен не сатып алуға болады? — деп сұрайды әйел.
- — Менде бәрі бар, — деген жауап естілеід.
- — Ондай болса, маған денсаулық, бақыт, сұлулық, махаббат, табыс, көп ақша берші.
- Құдай жымияды да, сұраған нәрселерді алып келуге кетеді. Көп ұзамай ол кішкентай қорап әкеледі.
- — Бар болғаны осы ма?! — дейді әйел бір жағынан таңданып, бір жағынан көңілін су сепкендей басылып.
- — Иә, бары осы, — деп жауап береді Құдай. – Менің дүкенімде тек ұрықтар сатылатын білмедің бе?
- Қорытындыны оқушылар өздері жасайды:
- Әдемі Бақа мен сұрықсыз Ит (ертегі)
- Бұған таңғалмаңыз. Өмірде жасыл бақаның әдемі, ал үлпілдек жүнді ақылды ит ұсқынсыз болатын жағдай да болады. Нағыз сұлулық жүрек түбінде жасырынып жатады.
- Бір күні аңшы Ит қожайыны атып түсірген Үйректі іздеп, су жағалай жүгіріп келе жатады. Кенеттен қамыс арасында отырған Бақаға кез болады.
- — Бақа, сен жаралы Үйректі көрмедің бе? — деп сұрайды Ит.
- Бақа жаралы Үйректі көрседе, ол жаралы Үйректің артында жеті балапаны қалғанын біледі, сондықтан Бақа Үйрекке аңшы мен оның Итінен уақытша жасырынатын тыныш жерді көрсеткен еді. Бірақ Бақа ләм-мим деп аузын ашпайды.
- — Саған сұрақ қойғанда неге жауап бермейсің? — деп Ит ашу шақырады.
- — Панасыз үйректерді ату қайырымсыздық және дұрыс емес! — дейді Бақа.
- Ит Бақаның батылдығына таң қалды, алайда ашуы басылмады:
- — Қожайын мені асырап отырғандықтан, мен тіпті жаман, қайырымы жоқ, жұмыс болса да істеуім керек. Әйтпесе мен далада қаңғып қаламын.
- — А солай ма, сонда сен тек өзіңді ойлайсың ғой, — дейді көңілі қалған Бақа.
- — Мен болсам сені өз қожайынын құрметтейтіндіктен, ол үшін бәріне дайын деп ойлаппын.
- — Мені ол асырайды, соған қызмет етемін, — деп Ит арс етті. Күндердің күнінде аңшы Ит далада қалып, қоқыстарда күнелтетін болды. Оның қожайыны ақша көп телейтін алыс елге үзақ уақытқа кетіп қалды. Бір тиын үшін ол, өз Иті секілді бәрін сатып кетуге дайын болатын.
- Бақаның сұлулығы, иттің сүйкімсіздігі неде?
- Абай атамыздың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл,жылы жүрек деген сөзді еске түсірейік . Сондықтан да көркем мінез,әдемі әдеп, нұрлы ақыл біздің ішкі дүниемізді әрлеп тұрса, қасиетіміз бен қадіріміздің артқаны. Сұлулықтың да бұл нәрселерден алыс тұрмасы анық»
- Адамның кісілік қасиеттері, мінез-қулықтары жайлы ұлы адамдардың сөздерін тыңдап көрейік
- Абай атамыз адам мінезі жайлы «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілің кесер едім» деген еді .
- Әлемнің екінші ұстазы атанған Әбунәсыр Әл Фараби бабамыз тәрбие туралы «Жақсы тәрбие мен ақыл күші болып, екеуі біріккенде -бұлар адамшылық қасиеттері болып табылады» деген екен.
- Ұлы ойшыл Демокрит «Арлы мен арсыздың кім екені ісінен ғана емес, пікір-пиғылынан да көрінеді» депті.
- Мұндағы негізгі ой адамның ішкі дүниесінің бейнесі іс-әрекетінде көрініс тауып жатады» дегені болса керек.
- «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім — үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады» деген Шәкәрім сөзі ар-ұжданның тек ұялу ғана емес, мейірімділік пен адалдықты, шыншылдықты, қанағатты қажет ететін танытса керек.
- Адамгершілік — адамның ішкі рухани байлығы.
- «Жақсымен жолдас болсан — жетерсің мұратқа,
- Жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа».
- Үлкенді сыйлау — адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының өмірінде үлкен сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу әрбір жастың парызы болып табылады. ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақс әдеттерге баулыған.
- Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Егер де адамгершілік сезіммен байланысты орындалған іс-әрекетте байқалған мінез-құлық қоғам тарапынан, қарым-қатынас барысында жағымды бағалағандай болса. ондай сезімдер ұнамды: ынтымақтастық, қайырымдылық, достық, әділдік, махаббат, ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын сүю сезімі. Ал ұнамсыз сезімдер: арсыздық, күншілдік. жауапсыздық, екіжүзділік, дүниеқорлық т.б.
- «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа анық бола алады, олар: барлығынан басым болатын адал еңбек, міңсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» дейді Шәкәрім.
- Балдәурен көктем, асығып жеткен шағала күндер
- Базарлы маусым, шырқалған даусым, тамсанып әсем Балауса балғын, көк майса шалғын, барады күндер
- Тербеліп биге, жайқалып билеп, ән салып әсем.
- Қайырмасы:
- Балдаурен, бақытты ән дәурен,
- Келеді қанатын самғаумен.
- Көңілідің ұшырып аққуын,
- Балауса, балбұлақ балдәурен.
- Жаныңа жылы, жүрекке ыстық, көңілге сұлу.
- Ұялы көзің, балдәурен кезің бақыт-ау бақыт
- Даламда дархан, тауымдай биік, өмірге сұлу.
- Тоя ма көзің, айтшы сен өзің уақыт ау уақыт.
- Қайырмасы:
- Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті ғана емес жан сұлулығына байланысты .
- Балалар, бүгінгі сабақта естіген жақсы қасиеттерімізді жүрегімізде сақтап,сыртқы сұлулығымызды толықтыру үшін жан дүниемізді байытайық . Сіздерге рахмет!
- Сіздерге рахмет,
- сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |