«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
324
1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық
экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм
және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа
салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде
экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі [2].
Туристiк нысандар. Қазақстандағы туристiк ресурстарға — туристiк қызмет көрсету
нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеум.-мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ
туристердiң рухани қажеттерiн қанағаттандыра алатын, олардың күш-жiгерiн қалпына келтiрiп
сергiтуге жәрдемдесетiн өзге де нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық, экол., спорттық, әлеум.,
дiни, т.б. туризм түрлерiне бөлiнедi. Қазақстандағы туристiк нысандар табиғи-рекреациялық, тарихи-
археол., тәуеп ету, т.б. топтарға бөлiнедi.
Тарихи-археологиялық ескерткiштердiң туристiк-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше.
Археологиялық ескерткiштердiң кез-келген нысандары туристiк-экскурсия жұмыстарында маңызды
орын алады. Соның iшiнде Жетiсудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы
Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердiң
қызығушылығы мол. Археологиялық-тарихи ескерткiштердiң қазiрге дейiн жеткен нысандарының
iшiнде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуiр ескерткiштерiне жартастағы
петроглифтердi атауға болады.
ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанға келген шетелдік туристер
саны 4,2 млн адамды құрап, былтырғыдан 21,8% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Өткен жылы Қазақстанға қанша турист келді Зерттеуде
аталып өткендей, I жартыжылдықта туристік ағын айтарлықтай артқан. Атап айтқанда, елден кеткен
туристер саны 7,1%-ға артып, 5 миллион адамға дейін жеткен, ал келушілер саны 21,8%-ға, 4,2 млн
адамға дейін өскен. Бұдан бөлек, ішкі туризм де дамып, туристер саны 7%-ға (2,4 млн адам) артқан.
Қонақүйлер, отельдер, кемпингтер мен басқа да орындар бірінші жартыжылдықта 2,3 миллион
қонаққа қызмет көрсеткен. Бұл былтырғыдан 4,8% көп. Сонымен қатар, олардың қызмет көрсету
көлемі 0,1% қысқарған. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстанда отельдер мен
қонақүйлердің саны 3,2 мыңға жетіп, өткен жылғыдан 10,8% көбейген. Сондай-ақ, ондағы орындар
саны да 8,1%, 160 мыңға дейін артқан [3].
Қазақстанның туризмін дамыту арқылы – ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға
, Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне жәрдем етіп , мемлекет экономикасының
шикізаттық емес секторы ішіндегі кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар , дамыған бәсекеге
қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық
Азия өңірінің орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.
Әдебиеттер:
1.https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстандағы_туризм
2.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000192
3.https://www.inform.kz
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
325
Ахтаева Маржан
6D060600-Химия
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент профессор м.а. Г.Е.Азимбаева
ҚазМемҚызПУ
URCTICA DIOICA L. ӨСІМДІГІНІҢ КОМПОНЕНТТІК ҚҰРАМЫ
Аннотация. В этой статье рассмотрены содержание биологически активных веществ в
растении Urtica dioica L. В составе надземной части (стебли, листья) отечественного
лекарственного растения содержатся белки, клечатки, масла, каротина, аскарбиновой кислоты,
антоцианов, полифенолов и флаваноидов, дубильных веществ и пектиновых веществ.
Abstract. This article describes the content of biologically active substances in the plant Urtica
dioica L. As part of the aboveground part (stems, leaves) of the domestic medicinal plant contains proteins,
klechatki, oil, carotene, ascarbic acid, anthocyanins, polyphenols and flavanoids, tannins and pectins.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында синтетикалық дәрі - дәрмекке қарағанда, табиғи
дәрілерге деген сұраныс күннен- күнге артуда. Сан шөптің тілін білетін халық, өсімдіктен жасалған
дәрілердің жағымсыз әсерлерінің жоқтығы мен организімге тез сіңетіндігіне көз жеткізген.
Өсімдіктер - әр түрлі органикалық биологиялық белсенді қосылыстарды алудың негізгі көзі, соның
ішінде табиғатта кең таралған қосылыстар: флавоноидтар, каротиноидтар, полифенолдар, илегіш
заттар, алкалоидтар, терпеноидтар, эфир майлары, фенол қышқылдары, амин қышқылдары,
микроэлементтер, витаминдер. Табиғи қосылыстар медицинада кеңінен қолданылады. Алайда,
оларды бөлуде, тазартуда, құрылысын анықтауда, өндіруде, өнімнің сапасын бақылауда табиғи
қосылыстар химиясы білімі мен зерттеу әдістері өте қажет [1].
Өсімдік нысандарын зерттеу, жаңа, экологиялық таза, зияндылығы аз және жоғары нәтижелі
отандық фитопрепараттарды өндіру, маңызды талап болып саналады. Сондай отандық жабайы өсетін
дәрілік өсімдіктердің бірі де бірегейі қалақай ( лат. Urtica) өсімдігі. Қалақай тұқымдасы (Urticaceae
Juss) − жер шарында 45 өкілі, оның ішінде 850 түрі бар. Қоныржай және тропиктік аймақтарда 40-
тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Батыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Украинда, Литвада,
Башқұртыстанда, Татарстанда, Байкал көлінің маңайында, Кольск түбегінде, Алтай тауларында,
Орталық Азияда және сонымен қатар Қазақстанның барлық аудандарында дерлік кездеседі.
Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қалақайды екі топқа бөледі: 1)
Қосүйлі қалақай (Urtica dioica L), 2) Шағатын қалақай (Urtica urens L) [2].
Қазақстанда кең таралған өкілі - Urtica dioіca L (Қосүйлі қалақай). Urtica dioіca L − көп жылдық
шөптесін, екі үйлі, тарамданған тамырсабағы бар өсімдік. Сабағы түзу төрт қырлы биіктігі 60-170 см,
жапырағында қысқа күйдіргіш түктері бар. Қосүйлі қалақай шөптектес өсімдік шикізатына жатады.
Өсетін жер талғамайды, сонымен қатар суық пен шөлге төзімді өсімдік.
Биологиялық белсенді заттар- табиғаттың тартуы өсімдіктерден алынатын бағалы
қосылыстардың бірі, олар өсімдіктерден табиғи және синтездеу жолымен алынады. Urtica dioіca L
өсімдігі биологиялық белсенді заттарды алудың қоры болып табылады. Бөлінген биологиялық
белсенді заттардың фитотерапиялық және антиоксиданттық, өсімдіктің өсуін реттеуші
белсенділіктері анықталды. Бұл алынған нәтижелер биоорганикалық химия, фармакология және
фармацевтикалық нарықта өзекті мәселе болатын тиімді және әмбебап отандық белгілі қасиеті бар
дәрі жасауға және ауыл шаруашылығында қолданыс құндылығын көрсетеді [2-3].
Бұл зерттеу жұмысының мақсаты да отандық
Urtica dioіca L. өсімдігінің құрамындағы
биологиялық белсенді заттардың мөлшерін анықтау. Зерттеу нысаны ретінде Алматы қаласы, Медеу
таулы аймағында өсетін қосүйлі қалақай өсімдігінің жер үсті бөлігі алынды. Зерттеу нәтижелері 1
және 2 кестелерде көрсетілген.
1-кесте Urtica dioіca L. өсімдігінің құрамындағы биологиялық белсенді заттар мөлшері
№
Шикізат
атауы
Белок,
%
Клечатка,
%
Май, %
Каротин,
%
Аскорбин
қышқылы, %
Қант мөлшері, %