Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет17/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

49

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

т.с.с.) айтарлық жоғары деңгейімен сипатталады және мұның барлық осы қо-

салқы топ өкілдерінің еңбек нарығына енуі мен ары қарай дамуына көмек бо-

латыны сөзсіз.



NEET санатындағы екінші қосалқы топ: 

бір жылдан астам мерзім бала 

күтімімен байланысты демалыстағы және алдағы 6-10 ай ішінде жұмысқа 

шығуды жоспарлайтын жас қыздар (аналар). 

Әдетте, мұндай қосалқы топтағы қыздардың жоғары (кейбір жағдайлар-

да аяқталмаған жоғары) немесе кәсіби жоғары білімі бар, кейбір жағдайларда 

бала күтіміне байланысты демалысқа шыққанға дейін жұмыс тәжірибесі бар 

және енді жұмысқа шығуға дайын жас аналарды атауға болады. Алайда, мұн-

дай қосалқы топтағы қыздар жұмыс іздеген кезде белгілі бір қиындықтармен 

кездеседі, мысалы, жұмыс берушілер жасы кішкентай баласы бар әйелдерді 

алуға дайын емес. 

NEET санатындағы үшінші қосалқы топ: 

орта кәсіби немесе жоғары 

білімі бар, жиі ата-аналарының қарауындағы жас жігіттер мен қыздар. NEET 

санатындағы аталған  қосалқы топ белсенді түрде жұмыс іздеумен айналы-

сады және жұмысқа орналасудың кез-келген мүмкіндігін пайдалануға дайын, 

сонымен қатар, арнайы білім мен жоғары біліктілікті талап етпейтін жұмысқа 

да келісуге әзір.

Мұндай қосалқы топтағы жастар мамандығы бойынша жұмыс істеуге қы-

зықпайды, оқуға жұмсаған қаражат пен уақытты ойлап қынжылмайды. Қы-

здар мен жігіттер позитивті ойлауды қалдырмайды, болашақта мемлекеттен 

қандай да бір көмек аламыз деп үміттенбейді, яғни өзінің әл-ауқатына жауап-

кершілікті өзіне ғана жүктейді.

NEET жастарының осы қосалқы тобы үшін ата-аналарының әлеуметтік 

факторы ата-аналары немесе ата-аналарының біреуінің кәсіби немесе жоғары 

білімінің болуына қарамастан анықтаушы факторға жатпайды. 

Жалпы алғанда, аталған қосалқы топтың жастары мобильді, белсенді және 

жаңа кәсіби машықтарды алуға дайын, яғни әлеуметтік ортада оңай бейімде-

леді. 


«Мен бір жыл бойы үйдемін, қызымды тәрбиелеп жатырмын. Қызымның 

қалай өсіп жатқанын бақылаудамын, әрине, жұмысқа шыққым келеді, бірақ 

ешқандай өзгерістер жоқ.  Мен ұзақ жұмыс істедім, сосын бала күтіміне 

байланысты демалысқа шықтым, ал сол мезгілде еңбек шартымның мерзімі 

аяқталды».                                                       (Мадина, 22 жаста, Қарағанды қаласы)


50

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы төртінші қосалқы топ: 

жастар – орта немесе орта 

кәсіби білімі бар жас жігіттер мен қыздар. Мұндай топтағы адамдардың 

тұрақты жұмысы жоқ, олар үй шаруашылығы бойынша ата-аналарына және 

басқа жақын туыстарына көмектесуге дайын. Әдетте, мұндай  қосалқы топ-

тағы мамандардың кәсіби машықтары мен жұмыс тәжірибесі бар. Болашақта 

мұндай жастардың кәсіби әлеуметтенумен белгілі бір қиындықтары болуы 

ықтимал. Бұл қосалқы топқа негізінен ауылдық жастар кіреді.

Аталған қосалқы тобында жұмыс істемейтін жастардың тағы бір санаты жа-

тады, мұндай санатындағы жастар ата-аналарына немесе басқа жақындарына 

үй шаруашылығы немесе отбасы бизнесімен көмектесуге мәжбүр және екінші 

санат ауылда немесе басқа жақын елді мекенде жұмысты табу мүмкіндігі жоқ. 

Аталған  қосалқы топтағы жастар жұмыс орнын таңдаған кезде жалақы 

мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге ұжымдағы психологиялық ахуал, жұмыс 

кестесі және т.с.с. факторларды ескереді.

Аталған қосалқы топтағы жастар түрлі жұмысты, оның ішінде жоғары 

біліктілікті немесе арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды (даяршы, ран-

нер, курьер, сатушы-кеңесші және т.с.с.) орындауға дайын. Колледжді бітір-

ген және мамандықты алған жастар мамандығы бойынша жұмыс істеуге қы-

зықпайды және келешекте мамандығын өзгертуге дайын. 



«Біздің барлығымыз бірдей емеспіз ғой. Біреу риза, ал біреу риза емес. Қазіргі 

сәтте ауылда жұмыссыздардың саны көп. Кейде ауылда ұрлықтар болады, 

жастар төбелеседі. Мұның барлығы жұмыстың болмауынан деп санаймын». 

(Гүлнар, 25 жаста, Маңғыстау облысы, Қызылтөбе ауылы)

«Біз қай кезге дейін ата-анамыздың есебіне өмір сүруді жалғастыра бе-

реміз... Мен өз қажеттіліктеріме ақшаны өзім табуға тырысамын. Ата-а-

намнан ақша сұрағанға ұяламын және кез-келген жұмысқа кірісемін, Тіпті 

туысқандарымның құрылысына да көмектесемін. Себебі тұрақты жұмыс 

жоқ, сол себептен барына қанағат. Тапқан ақшама күн көремін».

(Ғани, 20 жаста, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылы)

«Менің орта арнайы білімім бар. Заң колледжін тәмамдадым, мамандығым 

бойынша заңгермін. Бірақ мамандығым бойынша жұмысқа тұра алмай жүр-

мін. Заңгерлер онсыз да көп, жұмыс берушілерге еңбек өтілі бар мамандар 

қажет. Еңбек өтілі болмаса, жастарды жұмысқа ешкім алмайды».

(Дәурен, 19 жаста, Алматы облысы, Қарабұлақ ауылы)


51

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

NEET санатындағы бесінші қосалқы топ: 

жастар - жоғары немесе орта 

арнайы білімі мен денсаулығында ақаулары бар жастар, сондықтан, толық жұ-

мыс  уақытында еңбек етпейтін және икемді (еркін) жұмыс кестесін таңдай-

тын жастар. Ішінара ата-аналарының немесе басқа туысқандарының қарауын-

да болады. 

Осы қосалқы топтағы жастардың уақытша, тұрақты емес болса да, жұмыс 

істеу мүмкіндігі бар, дегенмен, жұмысқа ресми түрде орналаспайды, зейне-

тақы және басқа әлеуметтік аударымдары жоқ, келешекте олардың әл-ауқа-

тына және әлеуметтік мәртебесіне теріс әсер етеді. 

Мұндай қосалқы топтағы жастар ата-аналарына және басқа жақын туыста-

рына тіпті мамандықты таңдау кезінде де толық тәуелді болады, аға буынның 

пікірін тыңдайды. Келешекте мұндай санаттағы адамдар өздері таңдаған ма-

мандығына қатысты өкінеді, білім алу үдерісі қызық емес секілді және маман-

дығы бойынша жұмыс істейтіндігіне сенбейді.

Аталған қосалқы топтағы жастардың белсенділігі төмен, оларға инфанти-

лизм мен әлсіз әлеуметтік бейімделу тән. 

NEET санатындағы алтыншы қосалқы топ:

 жастар – тек қана орта жал-

пы білім беретін мектепті тәмамдаған, жоғары оқу орнында немесе колледжде 

оқу мүмкіндігі жоқ, жұмыс іздеуді және ата-аналарының немесе басқа жақын 

туыстарының асырауындағы жас жігіттер мен қыздар. 

Әдетте, аталған қосалқы топтағы жастар жұмысты белсенді түрде іздейді. 

Жұмыс табудың түрлі әдістерін пайдаланады, сайттарға (HeadHunter, OLX, 

SuperJob) түйіндемелерін жариялайды, әлеуетті жұмыс берушілердің элек-

трондық пошталарына түйіндемелерін жібереді, таныстары, достары, туыста-

ры арқылы жұмыс іздестіреді, жұмыспен қамту орталығына тіркеледі. 



«Әркімнің өмірі әр түрлі. Түрлі жағдайларға байланысты... Маған, мысалы, 

тарихты, түрлі елдер туралы оқыған ұнайды және мен ұстаз болуды ар-

мандаймын, маған жоғары білім қажет, бірақ денсаулығыма байланысты 

қазір жоғары білім ала алмаймын. Басқалар болса, мамандықты алады және 

өзінің қалағаны үшін күресуді де ойламайды. Мен күресуді қалайтын едім, 

бірақ денсаулығыма байланысты мүмкіндіктерім жоқ».

(Дамира, 24 жас, Астана қаласы)

«Маған жалақы маңызды емес. Мен үшін, ең алдымен, денсаулығыма еш-

кім қарамаса екен деп армандаймын. 2007 жылы жүрегіме ота жасалынды. 

Жұмысқа орналасуға барғанда осы ақпаратқа назар аудармаса екен деп 

ойлаймын. Мен бірнеше рет жұмысқа орналастым, тіпті аспазшы болып 

та жұмыс істегім келді. Жүрегімнің нашар екендігін, маған ауыр көтеруге 

болмайтындығын білген кезде мені бірден жұмыстан босатқан кездер де 

болған».               (Арайлым, 28 жаста, Қарағанды облысы, Ботақара ауылы)


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау