5
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
АЛҒЫСӨЗ
Осы нұсқаулық 2016 жылдың «18» ақпанындағы Қазақстан Республика-
сының №454-V Заңымен ратификацияланған 2015 жылдың «10» қыркүйегін-
дегі Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі
арасындағы № TF014174 Грант туралы келісімі негізінде жүзеге асырылатын
Жастар корпусын дамыту жобасының шеңберінде әзірленген.
Бұл нұсқаулық - NEET санатындағы жастарды зерттеу бойынша теориялық
және эмпирикалық жұмыстың нәтижесі. Теориялық жұмыс шетелдік NEET
санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бағдарламаларын, тиімді тәжірибені,
халықаралық тәжірибелерге жасалған зерттеулерді қамтиды. Эмпирикалық
жұмыс Қазақстан Республикасындағы NEET санатындағы жастармен жүр-
гізілген кешенді әлеуметтік зерттеуді (фокус топтар мен терең сұхбаттар)
ұйымдастыру мен жүзеге асыру түрінде көрсетіледі. Атқарылған жұмыстар-
дың қорытындылары бойынша NEET санатындағы жастардың жұмыспен
қамтылуына ықпал етуге бағытталған тәжірибелер мен бағдарламалардың,
әлеуметтік зерттеу нәтижелерінің, сарапшылық талқылаулардың біріктірілуі
негізінде ұсыныстар әзірленді. Нұсқаулықты халықаралық тәжірибені тал-
дау мен жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің негізінде «Жастар»
ғылыми-зерттеу орталығының жұмыс тобы әзірлеген.
Нұсқаулық бойынша жұмыс жасау барысында келесі өзара байланысты
міндеттер анықталып, шешілген:
– ЭЫДҰ мүше елдеріндегі NEET санатындағы жастармен жұмыстың
халықаралық тәжірибесін талдау жүргізілген;
– NEET санатындағы жастармен 10 фокус топтар және 10 терең сұхбаттар,
сонымен бірге Астана қаласындағы жастармен жұмыс жасау және жастар
саясаты саласындағы сарапшылармен 1 фокус топ ұйымдастырылып,
өткізілген;
– Қазақстандағы NEET санатындағы жастардың негізгі қосалқы топтары
анықталған;
– жастар осы санатының негізгі қажеттіліктері мен сипаттамалары
анықталған;
– NEET санатындағы жастардың «әлеуметтік портреттері» әзірленген;
– NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу әдістері ұсынылған;
– NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен жұмыстың
және зерттеулердің механизмдері дайындалды;
– NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша ұсынымдарды
талқылау мақсатында сарапшылармен Дөңгелек үстел ұйымдастырылып
өткізілген.
6
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
ЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Соңғы жылдардағы еңбек нарығындағы қазақстандық жастардың жағдайын
сипаттайтын заманауи ахуал қарама-қайшылыққа толы. Қазақстан Республикасы
жастарының арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы 2-тоқсанда анықтал-
ған деректер бойынша 4,2% құраған. Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, Қазақстандағы
NEET санатындағы жастардың үлесі 2016 жылдың екінші тоқсаны бойынша 9,3%
құраған. «NEET» ұғымы – «Not in Employment, Educationor Training» – жұмыс
істемейтін, оқымайтын және жұмыс табуға тырыспайтын жас тұлға. Қазақстан
Республикасындағы NEET санатындағы жастармен жағдайда, статистикалық
деректер өңірлік дифференциациясының болуын көрсетеді, тіпті бірқатар
облыстарда аталған көрсеткіш республикалық деңгейден (9,3%) асады. Мысалы,
Маңғыстау облысында - 15,1%, Қарағанды мен Қызылорда облыстарында – 14,1%,
Жамбыл облысында - 12,1% және Алматы облысында – 10,1%. Батыс-Қазақстан
облысында (3,4%), Қостанай (4,9%) мен Солтүстік-Қазақстан облысында (7,2%),
Шығыс-Қазақстан облысында (6,8%), сонымен бірге Астана қаласында (7,9%)
NEET жастардың үлесі айтарлықтай төмендегені байқалады.
NEET санатындағы жастарды талдау қажеттілігі екі маңызды фактормен
анықталады. Біріншіден, жастар Қазақстанның еңбекке жарамды халықтың,
шамамен, үштен бір бөлігін құрайды. Екіншіден, Қазақстанның жастар
құрылымында NEET санатындағы жастардың пайда болуы және мұндай жастардың
білім жүйесіндегі және еңбек нарығындағы әрекетсіздігі – ауқымды салдары бар
аса күрделі қоғамдық мәселе болып табылады.
7
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
КІРІСПЕ
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау үшін жеке
Нұсқаулық не үшін керек?
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық реформалар
бұрынғы экономикалық құрылымның трансформациясына себепші болған.
Еңбек пен халықты жұмыспен қамту саласында өзгерістер орын алуда.
Жастардың жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясаты сапалы жаңа жұ-
мыс орындарын құруға, жастар кәсіпкерлігін және жас азаматтарды өзін-өзі
жұмыспен қамтумен, білім саласындағы саясатпен, жастардың еңбек құқықта-
рын жүзеге асырумен, еңбек нарығындағы белсенді бағдарламаларды жүзеге
асырумен тікелей байланысты. Күрделі халықаралық экономикалық ситуа-
ция жағдайларында Қазақстан Республикасы жастарды жұмыспен қамту са-
ласындағы сын-тегеуріндерге тап болды. Білім алудан еңбек қызметіне өту
әрбір адамның өміріндегі маңызды кезеңге жатады. Объективті және субъек-
тивті себептердің салдарынан, жастардың өміріндегі бұл кезең едәуір қиын-
датылған. Жастардың еңбек нарығындағы екі қайшылықты жағдайын келесі-
дей сипаттауға болады: бір жағынан, жастар нарығында үлкен қажеттілік бар,
екінші жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздық өте жоғары деңгейде қала
беруде.
Қазіргі уақыттың ерекшелігіне Қазақтанда ешқайда оқымайтын және жұ-
мыс істемейтін NEET жастары деп аталатын («Not in Employment, Education
or Training») топтың пайда болуын жатқызуға болады. Сарапшылардың
пікірінше, мұндай топ ерекше қауіп-қатерге алып келеді, себебі кедейшілік,
әлеуметтік эксклюзия мен маргинализацияның артуының кең етек жаю қаупі
бар. Бұл ретте NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау мен зерттеудің ха-
лықаралық және отандық тәжірибесін талдау келесі ерекшеліктерді көрсетті:
− бұл тақырып қазақстандық ғылым үшін жаңа тақырып, аталған мәселе
бойынша талдау мен зерттеулердің болмауын осымен түсіндіруге болады;
− NEET санатындағы жастар біртекті топқа жатпайды, сол себептен жұмыс
механизмдерін нақты қосалқы топтар үшін әзірлеу қажет;
− Қазақстандық NEET санатындағы жастар Еуропаның немесе
Жапонияның осыған ұқсас санатынан ерекшеленеді;
− NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау қажет, себебі жастарды
әлеуметтендіру күрделенген, ал ол өз кезегінде болашақта қоғамның
тұрақтылығына қауіп-қатер төндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |