37
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
2.13 Қазақстан Республикасы
Жастар – қоғамдағы өзгерістердің басты факторы. Қазіргі заманда өмір
сүретін жастар дағдылық стереотиптердің жойылуы, қоғамның әлеуметтік
трансформациясы сияқты қиын жағдайда өсіп келеді.
Жастардың әлеуметтік топ ретіндегі ерекшелігі жағдайларының құбылма-
лылығында; олардың әлеуметтік мәртебелерінің тұрақсыздығында, жаңа әле-
уметтік рөлдерді игеруге мәжбүр болуларында. Осының барлығы жиыла келе
жастардың халықтың әлеуметтік осал және әлеуметтік қорғалмаған топтама-
сына жатуына соқтырады.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ Қазақстанда жастардың білім алу,
еңбек ету және жұмыспен қамтылу, денсаулығын қорғау, шығармашылық
әлеуетін дамыту, жастардың әлеуметтенуі мен патриотизм құндылықтарын
қалыптастыру саласындағы әлеуметтік құқықтарының қамтамасыз етілуіне
бағытталған әр түрлі бағдарламалар іске асырылып келеді.
Жастардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ат салысуы үшін
жастарға арналған бағдарламалардың толыққанды жүзеге асырылуы маңы-
зды. Олардың арасында «Жасыл Ел», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050»,
Жастар кадрлық резерві және т.б. бар.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша статистикалық көрсеткіштер кесте-
лерде берілген.
2016 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «Жасыл ел» бағдарламасының
қатысушылары (17–29 жас аралығындағы жастар), облыстық жіктелім бойынша
Облыс
Саны
Қазақстан Республикасы
15 259
Ақмола
519
Ақтөбе
2 127
Алматы
2 171
Атырау
600
Шығыс Қазақстан
1 342
Жамбыл
393
Батыс Қазақстан
702
Қарағанды
899
Қостанай
318
Қызылорда
945
Маңғыстау
886
Павлодар
1 350
Солтүстік Қазақстан
368
Оңтүстік Қазақстан
630
Астана қаласы
733
Алматы қаласы
1 276
Дерек көзі: ҚР Білім және ғылым министрлігі
38
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
Жоғарғы және кәсіби-орта білім беретін оқу орындарының түлектерін жұ-
мыспен қамту бойынша тағы да бір маңызды жоба - «Ауыл жастары» жалпы
ұлттық жобасы. Бұл жоба бірнеше мақсатты көздеген, ал басты мақсаты - ауыл
жастарының дамуына жағдай жасау.
Жалпы ұлттық «Ауыл жастары» жобасы аясында «Дипломмен ауылға!»
бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты — жас азаматтар мен азамат-
шаларға ауылдардағы әлеуметтік сала мамандарына көрсетілетін мемлекет-
тік қолдаудың маңыздылығын жеткізу. Жобаға жаңа ғана диплом алған оқу
орындарының түлектері ғана емес, ауылды жерге кемінде бес жыл өмір сүруге
және жұмыс жасауға келген, тәжірибелі мамандар да қатыса алады.
«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша өңірлердің ауылдарына бекітілген
(2016 жылға арналған жоспар)
Облыс
Саны, адам
Қазақстан Республикасы
2725
Ақмола
219
Ақтөбе
100
Алматы
286
Атырау
40
Шығыс Қазақстан
156
Жамбыл
151
Батыс Қазақстан
338
Қарағанды
154
Қостанай
150
Қызылорда
420
Маңғыстау
230
Павлодар
81
Солтүстік Қазақстан
100
Оңтүстік Қазақстан
300
Астана қаласы
-
Алматы қаласы
-
Дерек көзі: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Гранттық қаржыландыру Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъ-
ектілеріне ақысыз және қайтарымсыз негізде экономиканың басым сала-
ларында және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеялар-
ды жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы төңірегінде
беріледі, соның ішінде жаңа бастаған қызметі бар жас кәсіпкерлер, қыз-
метін енді бастаған кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер, 50 жастан асқан
тұлғалар да бар. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне,
соның ішінде жаңа бастаған қызметі бар жас кәсіпкерлер, қызметін енді
бастаған кәсіпкерлер, әйелдер мен мүгедектер, 50 жастан асқан тұлғалар
да бар, моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық жердегі елді мекендер үшін
салалық шектеусіз беріледі [6].
39
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасаудың халықаралық
тәжірибесіне талдау
Мемлекеттік жастар саясатының нәтижелі жүзеге асырылуының бір көр-
сеткіші ретінде жоғары оқу орындары мен кәсіби-техникалық білім мекеме-
лерінің түлектерін жұмыспен қамтитын «Жастар тәжірибесі» жобасының іске
асырылуы болып табылады. Оның мақсаты жас мамандарға бастапқы жұмыс
тәжірибесін беру, білім мен дағды беру, жұмысқа тұруына ықпалдасу және
еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру болып табылады.
«Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші
жарты жылдығы бойынша жұмысқа тұрғандар, облыстық жіктелім бойынша
Облыс
2015 жыл
2016 жылдың бірінші жарты жылдығы
Қазақстан Республикасы
10 276
8 558
Ақмола
430
216
Ақтөбе
921
171
Алматы
847
857
Атырау
328
231
Шығыс Қазақстан
647
204
Жамбыл
589
390
Батыс Қазақстан
598
248
Қарағанды
614
175
Қостанай
491
300
Қызылорда
617
766
Маңғыстау
399
154
Павлодар
404
61
Солтүстік Қазақстан
352
82
Оңтүстік Қазақстан
1 773
4 069
Астана қаласы
590
284
Алматы қаласы
676
350
Дерек көзі: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Жас кәсіпкер мектебі
«Жас кәсіпкер мектебі» жобасын жүзеге асыру «Бизнестің жол картасы -
2020» бағдарламасының төртінші бағыты «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту»
бағдарламасының негізінде жүзеге асырылады. Жобаны «Даму» кәсіпкерлік-
ті дамыту қоры» АҚ жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін,
жас кәсіпкерлердің құзырларын нақты шаралар жүйесі арқылы арттыру
мақсатында дайындаған.
«Жас кәсіпкер мектебі» 18–29 жас аралығындағы белсенді, жеке ісін
бастағысы келетін және Қазақстан Республикасының азаматы болып та-
былатын тұлғаларға арналған. Мектеп жобасы – бұл бизнесті басқару бой-
ынша 2 апталық теориялық және тәжірибелік оқу, оқу аяқталғаннан кейін
қатысушылар өздері бизнес-жоба әзірлеп, қорғайды. Мектеп қатысушыла-
рының үздік бизнес-жобалары «Идеялар жәрмеңкесіне» қатысады, оған биз-
нес, шағын қаржы ұйымдарының және венчурлық компаниялардың өкілдері
– ықтимал инвесторлар шақыртылады [6].