46
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
теме жасалды, қағазға түсірілді). Әзірленген стенограммалар аналитикалық
материалдың және нұсқаулыққа қоса берілетін материалдың негізін құрады.
Сапалы жасалынған түсіндірмелер жақсы аналитикалық материалды дайын-
дауға қажетті аса маңызды бөлігі болып табылады.
2-кесте. Фокус топтарды өткізу географиясы
Облыс
Мақсаттық топ
1. Алматы
18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық
2. Жамбыл
21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық
3. Қарағанды
18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық
4. Қарағанды
25-29 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық
5. Қызылорда
18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық
6. Маңғыстау
21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық
7. Маңғыстау
25-29 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық
8. Батыс Қазақстан
18-20 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық
9. Қостанай
21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), ауылдық
10. Астана қаласы
21-24 жас, жынысы бойынша аралас топ (50/50), қалалық
11. Астана қаласы
Сарапшылық топ: жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдар-
дың, жұмыспен қаму қызметтерінің, жоғары оқу орындарының,
колледждердің және т.с.с. өкілдері.
3. Алынған нәтижелерге талдау
Фокус топтардың нәтижелері бойынша талдау жүргізіліп, негізгі қоры-
тындылар мен ұсынымдар берілген аналитикалық жазба әзірленген.
4. Тереңдетілген сұхбаттарды өткізу
NEET санатындағы жастардың негізгі қосалқы топтарын анықтағаннан
кейін, қосалқы топтың әрбір өкілінің «әлеуметтік портретін» құрау бойынша
жұмыс басталған. Әлеуметтік әдіс ретінде тереңдетілген сұхбат әдісі пайда-
ланылған. Тереңдетілген сұхбат респондентпен зерттеу мақсатында тілдесу-
ді білдіреді, мұндай сұхбаттасу барысында қарастырылатын мәселенің ашық
және ішінара жасырын деңгейлерін және қарастыру аспектілерін, сонымен
бірге респонденттің мінез-құлық себептері туралы толығырақ ақпаратты алуға
мүмкіндік береді.
NEET санатындағы жастар өкілдерімен 10 тереңдетілген сұхбат өткізілген.
Тереңдетілген сұхбат нәтижелері бойынша NEET санатындағы қосалқы
топтар өкілдерінің «әлеуметтік портреттері» құрылған.
47
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
3.2 NEET санатындағы жастардың әлеуметтік портрет-
тері
Әлеуметтік портрет – бұл NEET санатындағы жастардың, мақсаттытоп-
тың, зерттелетін нысанның барлық жиынтығына тең негізгі әлеуметтік, демо-
графиялық және жеке тұлғаның қасиеттерінің біріктірілген сипаттамасы.
Фокус топтар мен тереңдетілген сұхбаттасу нәтижелері бойынша NEET
санатындағы жастардың қосалқы топтары шартты түрде анықталды. Аталған
зерттеуде NEET санатындағы қосалқы топтарды анықтау барысында екі әдіс
қолданылды.
Бірінші әдісте анықтаушы факторға жас тұлғаның жас шамасы жатады.
Жас шамаларының сипаттамаларын ескере отырып, үш қосалқы топтар
анықталды:
– NEET санатындағы кіші қосалқы топ (18–21 жас);
– NEET санатындағы орта қосалқы топ (22–24 жас);
– NEET санатындағы үлкен қосалқы топ (25–29 жас).
Екінші әдіс фокус топтардың және тереңдетілген сұхбаттардың нәтижелері-
не негізделіп, нәтижесінде анықталған қосалқы топтардың мінез-құлықтық
сипаттамалары нақтыланды – барлығы NEET санатындағы алты қосалқы
топтар.
NEET санатындағы бірінші қосалқы топ:
ата-аналарының немесе басқа
туыстарының, оның ішінде жұбайларының/жарларының материалдық қамта-
масыз етуіндегі (пәтерді жалдау құнын төлеу, тамақты, киім-кешекті және
басқа тауарларды сатып алу) жоғары білімі бар (жоғары деңгейден төмен
емес) жас жігіттер мен қыздар, мұндай топтағы жастар «жақсы», яғни абырой-
лы өзінің «мамандығы бойынша» жоғары жалақысы (180 мың теңгеден кем
емес) бар жұмысты іздейді.
Аталған санаттағы жастар «еркін» болу қалпына үйренген, олардың уақыт-
ша және тұрақты жұмысы бар.
Аталған қосалқы топтағы жастар аса үлкен қажеттіліктерді сезінбейді, се-
бебі таңдау мүмкіндігі бар. Былайша айтқанда, аталған топтағы адамдар жұ-
мысты белсенді іздеуде, ал шын мәнінде, жұмысқа орналасуды соза береді.
Мысалы, жұмыс орнын таңдаған кезде олар жалақы мөлшеріне және лауа-
зымдық нұсқаулығына ғана емес, жұмыстың орналасқан жеріне, кеңсенің ма-
териалдық жағдайына, жұмыс кестесіне, ұжымдағы психологиялық ахуалға
және т.с.с. факторларға назар аударады.
Ата-аналарының әлеуметтік мәртебесі анықтаушы факторға жатады. Мұн-
дай топтағы жастардың ата-аналары немесе ата-аналарының бірінде жоғары
білімі, кемінде орта арнайы білімі бар. Бұған қоса, аталған жастардың ата-ана-
лары қазіргі кезде жұмыс істейді немесе зейнеткерлер. Сауалнама жүргізілген
48
NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен
жұмыстың және зерттеулердің механизмдері
NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық
кезде ата-аналар білікті жұмыспен айналысып, олар мамандығы бойынша жұ-
мыс істеген.
Аға буынның кеңестері беделді және жастар ата-аналары мен басқа үлкен
туыстарының кеңестеріне құлақ асады, бірақ нәтижесінде шешім қабылдаған
кезде өзінің жеке пікіріне сүйенеді. Мамандықты таңдау кезінде жастар аға
буынның кеңесін тыңдайды және кейбір жағдайларда өздері қаламаған, бірақ
ата-аналары мен аға буын ұсынған мамандықтарға оқуға түседі.
Аталған санаттағы жастардың арнайы білімді немесе жоғары біліктілікті
талап етпейтін жұмыс тәжірибесі бар, бұл – даяршы, сату жөніндегі менеджер,
кеңесші, сауда агенті тәрізді жұмыстар.
Әдетте, аталған қосалқы топтағы жастар жұмысты Интернет арқылы іздеп,
компаниялардың және ұйымдардың, яғни әлеуетті жұмыс берушілердің элек-
трондық пошталарына түйіндемелерін жібереді, сайттардағы (HeadHunter,
OLX, Superjob) бос орындарға қызығушылық танытады. Бұған қоса, таныстар
арқылы жұмыс іздейді және оны ең тиімді әдіс деп санайды. Жұмыспен қамту
орталықтарына ешқашан немесе анда-санда ғана жүгінеді.
Жастардың аталған санаты өзінің жұмысына қатысты «көтеріңкі талап-
тармен» сипатталады. Аталған санатындағы өкілдердің көпшілігінің жоғары
білімі бар, тиісінше кәсіби техникалық білімі бар жастарға қарағанда аса жоға-
ры жалақыны күтеді. Алайда, аталған санатындағы жастар үшін оң факторға
жұмыспен қамтуды ынталандырудың тиімді басқа механизмдері болуы ықти-
мал: қызықты жұмыс, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі, жеке тұлға ретінде
өсу мүмкіндігі. Әдетте, жастардың аталған санатының мамандығы бойынша
жұмыс тәжірибесі жоқ (көбінесе студенттік шақтағы жұмыс), тиісінше өзінің
болашақтағы жұмысы туралы түсінігі болмайды. NEET санатындағы жастар-
дың басқа топтарымен салыстырғанда, аталған топ өкілдері жұмыс іздеуге
келгенде заманауи құралдарды (оның ішінде Интернет желісін) пайдалана-
ды. Аталған санат мәдени капиталының (білімі, әлеуметтік нормалары және
«Ата-анам, ағам көмектеседі. Менде бар заттың барлығы туғандарымның
көмегінің нәтижесі» (Алтынай, 21 жаста, Ақтау қаласы).
«Менің мақсатым – мамандығым бойынша жалақысы жоғары жұмыс
табу. Мұндай жұмысты табу қиын. Менің пікірімше, таныстар мен бай-
ланыс қажет. Өз тәжірибемнен мысал келтірейін, мен жұмыс істеп жүр-
ген кезде таныстарының арқасында келіп, жұмыста қалған жағдайларды
білемін, ал мені жұмыста бала күтіміне байланысты демалыста болғаным
үшін ғана қалдырды. Мамандыққа қарамастан 30 мың теңге жалақысы бар
сатушының жұмысын табуға болады, мұндай жалақы маған жетпейтіні
анық. Қазіргі сәтте маған ұсынылған нұсқалардың ішінде ешқайсысы менің
жалақы бойынша күткен болжамыма сәйкес келмейді, сол себептен маған
қиынға соғады».
(Айгерім, 26 жаста, Орал қаласы)
Достарыңызбен бөлісу: |