Жасау бойынша



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет18/28
Дата05.01.2018
өлшемі0,66 Mb.
#7070
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

52

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

Аталған қосалқы топтың мемлекеттік жастар бағдарламалары туралы 

төмен хабардарлықпен ерекшеленетіндігін атап көрсету қажет, жастар бағдар-

ламалардың тиімділігін төмен деп санайды және жастар арасындағы жұмыс-

сыздық мәселесін шешуге көмектесе алады деп ойламайды.

NEET санатындағы қосалқы топтағы жастар түрлі жұмысты, оның ішінде 

жоғары біліктілікті немесе арнайы білімді талап етпейтін жұмыстарды (даяр-

шы, күзетші, сату жөніндегі менеджер және т.с.с.) орындауға дайын. Мұндай 

қосалқы топ үшін ең негізгі факторға еңбек төлемі жатады. 

«Мен соңғы рет қоңырау шалғанда, қоймаға логистика бойынша жұмыс 

туралы сұрадым. Мен төрт жылдай қоймашы болып істедім, киім-кешек, 

тағам өнімдері және т.с.с. салаларда жұмыс істедім. Оларға ұнамағаны 

- менің білімімнің болмауы. Бірақ мен 1С және тағы сол секілді бағдарла-

малардың барлығын білемін, оларды өзім үйрендім. Содан кейін жұмыс бе-

рушіге менің қазақ тілін білмейтіндігім ұнамады. Мен қазақша түсінемін, 

бірақ тым жылдам сөйлеген кезде мен түсінбей қаламын. Үшіншіден, жұмыс 

берушіге менің жасым ұнамады, мен 24 жастамын. Ал оларға менің жасым 

25 болғаны қажет. Ал жұмыс өтілім 10 жыл болуы тиіс. Бірақ түсінбеймін, 

жасым 25 толғанша қалай 10 жыл тәжірибе жинауым керек еді?! Бұған қоса 

білімімнің болуы қажет болды. Міне, мен жолыққан соңғы мәселе осындай 

болды!»

(Тимур, 24 жаста, Ақтау қаласы)

«Мен ол туралы жиі ойланамын. Егер келесі үш ай ішінде жұмысқа орналаса 

алмасам, Ресейге барып, сонда жұмысқа тұруға тырысамын. Мен, мысалы, 

Ростов қаласына баруды армандаймын, себебі ол қалада мамандар керек. 

Мен жұмысқа орналасуым ықтимал фирманы да тапқан секілдімін. Егер 

елімізде жұмысқа тұра алмасам, кететінім анық».

(Екатерина, 21 жаста, Тараз қаласы)

«Білімі бар жастарда, білімі жоқ жастарда жұмыссыздықтан жапа шегіп 

отыр, менің әпкем Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер» 

мамандығымен аяқтап, қолына дипломын алды. Ал жұмысқа не Оралда, не 

Алматыда тұра алмады. Қазір Ақтөбе қаласында тұрады, жұмыссыз, тұр-

мыс құрып, кішкентай баласына қарап, үй шаруашылығымен айналасады».

(Саид, 25 жаста, Орал қаласы)



53

NEET санатындағы жастардың жеке қосалқы топтарымен 

жұмыстың және зерттеулердің механизмдері

NEET санатындағы  жастармен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық

3.3 NEET санатындағы жастардың қосалқы топтарымен 

жұмыстың ұсынылатын әдістері

Аталған нұсқаулықтың негізгі мақсаты – зерттеу шеңберінде анықталған 

NEET санатындағы жастармен, оның ішінде қосалқы топтардағы жастармен 

жұмыс пен кейбір механизмдерін әзірлеу. NEET санатындағы жастардың қо-

салқы топтарымен жұмыстың негізгі ұсынылатын әдістері мемлекеттік орган-

дар, білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер мен ата-аналар арасында бөлін-

ген. Бұған қоса, шетел мемлекеттерінің жастармен жұмыс жасау және жастар 

жұмыссыздығымен күресу бойынша тәжірибесі келтірілген. 



NEET санатындағы бірінші қосалқы топпен жұмыс жасау меха-

низмдері мен әдістері

Әкімдіктер, жергілікті атқарушы органдар

 

(негізгі міндеті – АҚПАРАТ-



ТАНДЫРУ): 

  NEET санатындағы жастардың аталған қосалқы тобы жоғары білім мәр-



тебесімен (әдетте, білім деңгейі жоғары) сипатталады. Қосалқы топқа кіретін 

жастар студенттік шақта жұмыс істеген, интернет қорларын жақсы пайдала-

на біледі, мамандығы бойынша жұмыс істеп, жоғары жалақыны алуды мақсат 

етеді. Алайда, бұл қосалқы топқа кіретін жастар үшін жалақы, материалдық 

құндылықтар маңызды рөлді атқармайды, олар келешекті ескере отырып, ма-

мандығы бойынша жұмыс істеуді қалайды. Мұндай жастарды мемлекеттік 

жобаларға тартуға шақырамыз, жұмыс тәжірибесі жастарға ары қарай маман-

дығы бойынша жұмысқа орналасуға немесе жеке бизнесін ашуға мүмкіндік 

береді;



 аталған ішкі қосалқы топқа кіретін жастардың назарын әкімдіктің 



жастарды жұмысқа орналастыру саласындағы жұмысына аудару үшін ин-

тернет қорларды жиі пайдалануды жатқызуға болады. Жастармен ортақ тілді 

оларға қызықты әлеуметтік желілер арқылы орнатуға болады, себебі жастар-

дың барлығы Интернет желісіне қызығушылық білдіреді. Бұған қоса, оқы-

ту мен жастарды виртуалды ортада жұмысқа орналастыру бағдарламаларын 

жүзеге асыру айтарлықтай қаржыны талап етпейді және кез-келген өңірдің 

мемлекеттік бюджеті үшін ақылға қонымды болып табылады. «ВКонтак-

те», «Одноклассники», «Facebook» және т.с.с. танымал әлеуметтік желілер-

де жақында болатын әлеуметтік оқиғалар, мемлекеттік бағдарламалар мен 

жобалар туралы ақпараттық хабарламаларды орналастыруға болады. Бұған 

қоса, Интернет пен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, 

жастарға жоспарланған іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін электрон-

дық шақыруларды жіберуге болады, мұндай іс-шаралар жастарды қоғамдық 

өмірге белсенді қатысуға ынталандырады.  Әлеуметтік желілерде жариялана-

тын мәтіндердің сапасына, жазылу стиліне назар аудару қажет. Жұмысқа та-

нымал блогерлерді, «қоғамдық пікір көшбасшыларын» тартуды ұсынамыз.




жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау