ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет50/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82

108 
 
 Ғалымдардың 
пайымдауынша  тұлғаның  интеллектуалдық  дамуы 
эмоционалдық-құндылықтық  компонент  субъектінің  өзіндік  іс-әрекетін, 
танымын  көтереді.  Эмоцияның  ерекшелігі  сонда,  олар  өзіндік  пәндер  мен 
әлемдегі болмысты бейнелейді, және оны адамға қатысты пән мен болмыстың 
қажеттілігін байланыстырады. Эмоция арқылы адамның өмірі мен іс-әрекетінің 
мәні  өңдеулерден  өтеді.  Сондықтан  да  эмоция  көркемөнер  саласындағы  
болашақ мұғалімдерді даярлауда  қазақ ұлттық музыкасы арқылы  студенттерді  
интеллектуалды  дамытудың  құрылымы  мен  мазмұнын,  оларың  принципін 
анықтайтын музыкалық білім беру үдерісін ұйымдастырудың   маңызды құралы 
болып табылады.       
4.  Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  студенттерді  интеллектуалды 
дамытудың  әдістері,  формалары,  технологияларын  белсенді  қолдану  оны  
жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.  
Оқытудың  заманауи  технологиясын  (дамытушылық,  проблемалық, 
эвристикалық, 
тұлғалық-бағыттылық) 
пайдалануда 
мұғалім 
рөлінің 
маңыздылығы артады [207]. 
Оқытуда  біз  басшылыққа  алатын  ойлау,  болжау,  заңдылық,  тәжірибе, 
белгілеу  немесе  мәтіндік  шығарма,  өзінің  сабақ  жоспарын  құру    және  т.б. 
эвристикалық әдістер білім берудің өнімді нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік 
береді.  Зерттеу  барысында  біз  ғылыми  шығармашылық  әдістерге,  сондай-ақ 
белгілі  нақты  әдістерге  сүйендік  (мағынасын  ашу,  образдық  көрініс, 
қауымдастық, рефлексия, түсіндіру және т.б.). 
Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындары 
студенттерін  интеллектуалды  дамыту  әдістері  мақсаты  мен  мазмұнына,  
тұлғаның  тәжірибесіне,  қызығушылық  таныту  деңгейіне  сәйкес  жүзеге 
асырылады.  
Мағыналық  көрініс  әдісі  ұлттық  музыкалық  шығармалар  мазмұнындағы  
оның  ішкі  ойын  қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Музыкалық  шығарманы 
сараптау  кезінде  мағыналық  көрініс  әдісі  мынадай  «Ұлттық  музыкалық 
шығарманың  мақсаты  қандай?»,  «Оның  құндылығы  қандай?»,  «Оның 
түпнұсқасының  айырмашылығы?»    сұрақтарға  берген  жауаптарымен  
қорытындыланады.  Мұның  бәрі  студенттердің  қазақ  ұлттық  музыкасы  
шығармасының мазмұнын, құндылығын, ойын көруге мүмкіндік жасайды.   
Бейнелі 
көрініс 
әдісі 
қазақ 
ұлттық 
музыка 
шығармасындағы 
эмоционалдық-бейнені зерттеуге мүмкіндік жасайды. студент өзінің зерттеуінің 
нәтижесін сөздік немесе графикалық бейнеде сомдайды, яғни суреттейді немесе 
жазып қояды.  
Байланыстыру  әдісі  (латынша  association—  «байланыстыру»)  музыкалық 
шығарманың 
көркемдік 
бейнесін 
анықтау 
мақсатында 
танымал 
музыканттардың  (Г.Нейгауз,  К.Игумнов,  және  т.б.)  тәжірибесін  өзінің 
педагогикалық  қызметінде  кең  қолданылады  [208].  Осы  әдіс  эмоционалдық-
бейнені  табуға,  қазақ  ұлттық  музыка  шығармасындағы  мазмұн  мен    қоршаған 
ортадағы  болмысты  анықтау  арасындағы  байланысты  түсінуге,  поэзия,  театр, 
кескіндеме саласында өзара ішкі байланыстарды орнатуға  мүмкіндік жасайды. 


109 
 
Қазақ  ұлттық  музыкасы  мен  өмірлік  тәжірибесіндегі  байланыс  тұлғалық 
музыканың мәнімен анықталады.    
Вокальді  объектілердің  әдісі  ұлттық  музыканың  ерекшелігін  таңдай 
отырып эмоционалдық-эстетикалық қызметтің бағытын анықтау мен және оны 
бірлесе  іздеуді  дамытуымен,  осы  тұрғыдан  қарапайым  және  үлкен 
мүмкіндіктерді зерттеуімен ерекшеленеді.  
Рефлексия  әдісі  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы 
оқу  орындары  студенттерін  интеллектуалды  дамытудың  өзіндік  деңгейін 
түсінуден талап етіледі, өйткені оқытудағы білім берудің нәтижесі білім алуды 
түсінген адам болып табылады.  
Эвристикалық 
әдісті 
қолдану 
«композитор-шығарма-орындаушы» 
триадасынан тәсілдерін түсіну, музыкалық мәнерлеу құралдары арқылы ұлттық 
музыкалық  шығармалардағы  көркемдік  бейнені  іздеуге  көмектеседі. 
Эвристикалық  әдістер  өзінің  қызметінде  тұтастығы  мен  тиімділігін  түсінуін; 
ойлауы  мен  іс-әрекетінің  нормативтік  аясынан  тыс  шыға  отырып,  өзіндік 
жұмыстарда  студенттердің  интеллектуалдық  дамуындағы  қабілеті  мен 
дағдыларын дамытады.   
Студентердің  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалдық  дамуын 
ынталандыру,    қызығушылығын  арттыру  мен  оның    білімінің  сапасын, 
шығармашылық  қабілетін  дамыту  мақсатында  эвристикалық  әдістер 
проблемалық-ізденістік    жағдаяттарда  қолданылады.  Ғалымдардың  пікірінше, 
проблемалық-ізденістік  жағдаятты  құру  дегеніміз  белгілі  бір  оқытудың 
психологиялық  күйін  құру  болып  табылады.  Осы  жағдайда  студенттер  кейбір 
сәйкессіздікті,  қарама-қарсылықты  көреді;  жаңа  ақпараттарды  талап  ететін 
қиындықтарды  түсінеді;  мұндай  қарама-қарсылықтарды  жеңуге  талпынады. 
Проблемалық-ізденістік жағдаяттың  шығармашылық ерекшелігі ішкі ынтадағы 
құрылымның тұрақтылығына деген тұжырымдаманы қалыптастырады.      
Студент шығармашылық міндеттерді шешу үдерісінде ең басты өзіндік іс-
әрекетіне  –  қазақ  ұлттық  музыка  құралдары  арқылы  интеллектуалдық  дамуға 
талпынады.  Сонымен  қатар,  мұндай  үдеріс  қалай  құралуына  қарай  (студент 
интеллектуалдық-шығармашылық 
ізденісте,  тапсырмаларды  орындауда, 
нұсқаларды  таңдауда,  осы  үдерістегі  шығармашылық  шешімдерді  қабылдауда 
қаншалықты  дербес  болуынан)  соңғы  нәтижелер  алынады.  Психологтардың 
пайымдауынша,  шығармашылық  міндеттерді  шешуде    білім  алушылардың 
мақсатқа  дұрыс  жетуін  сезінуі  мен  табыстылықты  сезінуі;  мәселені  шешу 
тәсілінде  әртүрлі  бағытталатын  білімнің  көлемі  мен  олардың  әртүрлі 
бағыттылығын түсінуі; оңтайлы ынталандыру мен эмоционалық әсердегі тиісті 
деңгейі (ол әрбір адам үшін дара) дамытылады. 
Оқытудың  проблемалық  тәсілін  зерттеуге  сүйене  отырып  біз  музыкалық-
педагогикалық  кафедрасының  оқу  үдерісіндегі  шығармашылық  міндеттерді 
дұрыс қолдануды былайша жүйеледік: 
–  студенттерге қойылатын міндеттер мен берілетін тапсырмалар олардың 
жаңа  білімін  толықтыруға  және  өзіндік  іс-әрекетіндегі  іскерлігін  дамытуға  
көмектесуі керек;  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау