76
арасында жарыс ұйымдастырылады. Көшпенділердің қонақжайлылығы оларды
айрықша күтуімен ерекшеленеді. Өнер адамдары үй иелеріне алғыс білдіру
тұрғысынан өз тарапынан күй шығаратын немесе олардың құрметіне ән
арнайтын. Яғни сал-серілер әрі әнші, әрі сазгер, әрі ақын болатын, және
әңгімешіл, халықтың әдет-ғұрыптары мен салттарын жақсы меңгергендер
болып келген. Сондықтан да олардың таланттылығы жан-жақты және әмбебап
болатын.
Музыка мен әнге үйрету көп уақыттарда табиғат аясында, мейрамдарда
жүргізілетін. Халық балалар мен жастарды фольклормен, эпоспен таныстырды,
халықтық музыкалық аспаптарда ойнауға үйретті, айтысқа қатысуға даярлады,
ән айтуға, музыкаға баулыды. Егер ұл немесе қыз бала ән айтуды, үлкендермен
қосылып шырқауды бастаған шағында оларды жақсы, ізгі сөздермен,
мақтаулармен көңілдерін көтерді, яғни халықтық педагогика балалардың
музыкалық қабілеттерінің ашылуына, музыкалық-эстетикалық санасының
қалыптасуына еріксіз ықпал етті.
Музыкалық өнердің педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғарылығын
ертеректегі мифтер мен аңыздар да дәлелдейді, және осы өнердің ерте
дәуірлерге саятынын көрсетеді. Оларды қазақтың этногенездік құрамында
болған бұрынғы тайпалар мен халықтар тудырған, және олар өз кезегінде ата-
бабаларының бай мәдени мұрасын көбейтті. Дәстүрлі діни жүйенің құрамдас
бір бөлігі болып табылатын музыкалық мифтер мен аңыздар музыкалық
аспапты Ғарыш, Табиғат және Адам үйлесімділігін біріктіретін таза энергияның
желісі, ғарыштық
тәртіпті
тудырушы
мен
жеткізуші
тұрғысынан
дүниежаратылысының ең жоғарғы сатысына қояды.
Қорқыт туралы аңыз кең танымалдыққа ие болды. Мұнда қобызды
тудырушы Қорқыттың мәңгілік өмір іздеп дүниенің төрт тарабына барса да
ажалдан қашып құтыла алмағандығы жырланады. Ол қобызды ойлап тауып,
оны ажалды келтірмейтін аспап санайды, қобызда ойнап отырғанда оны ажал
әкете алмайды. Ол ұйқыға кеткен шағында жылан бейнесіндегі ажалдан дүние
салады. Бұл күй қазақ шаманы аясында туындаған, оның идеясы болып
музыканың әуені арқылы өмірді ажалдан қорғау, оны белсенділікпен қолдану
арқылы зұлымдықты жеңу, сол үшін арпалысу, дейтұрғанмен Қорқыттың
тәжірибесі көрсеткендей адамның ажалдан қашып құтыла алмауы табылады.
Осы аңызға байланысты музыканың дәстүрлі қазақ қоғамында атқаратын
рөліне лайықты баға беруге болады.
Қорқыттың батырлық музыкалық-эпикалық жыры «Қорқыт атаның
кітабы» жинағында жинақталған. Бұл тек қана тамаша көркемдік-этникалық
кітап қана емес, сондай-ақ ежелгі орта ғасыр дәуіріндегі көшпелі тайпалардың
наным-сенімін, өмірін, тұрмысын, әдет-ғұрпын көрсететін қызықты
педагогикалық құжат: «Қыз шеше өсиетін тыңдамай үлгілі бола алмайды, ұл
әкесінің үлгісін алмай ас та бере алмайды...., өтірік сөздің бұл дүниеге
келмегені жақсы; адал адамдардың отыз ұрпақпен үш рет жасағаны да аз»
[174]. Музыкалық-эпикалық жырлардың барлығы қобызда орындалды, оны
ойнау барысындағы орындаушының жағдайы Үштік үшмүшелік құрылымды
77
білдіреді: жоғары әлемде құдайлар және қанаты бардың барлығы, орта әлемде –
адамдар және жылықанды жануарлар, төменгі әлемде таза емес рухтар және
жорғалайтындар мен жүзетіндердің (балықтар, жыландар және т.б.) барлығы
өмір сүреді. Бақсының шақыруымен ішінен рухтар шығатын ашық ожау сияқты
қобыз пішіні орта әлемнің нышанын білдіреді. Қобыздың қою нәрленген қоңыр
дауысы рухтардың пайда болуына арналған белгі-дыбыс болып табылады. Сол
себепті қазақтар қобызды адамның әрекетінсіз-ақ дыбыс шығару мүмкіндігі
бар киелі бұйым, жанды зат санаған. Белгілі филолог В.М.Жирмунскийдің
«қазақтар қобызды босанатын әйелдің үйіне оның жеңіл босануына ықпал етеді
деп іліп қоятын болған» деген сөздері тектен-текке айтылмаған болса керек
[175].
VIII ғасырдан бастап ислам діні Қазақстан территориясына еніп, XVII-
XVIII ғасырларда тұрақтанып, дәстүрлілікке айналды. Ислам өмірге
көзқарастардың жаңа жүйесін әкелді. Ол музыка өнерінің дамуына да ықпал
етіп, XVIII-XIX ғасырда осы өнердегі басты орынға домбыраны шығарды.
Дүниеге жаңа көзқарас жаңа тақырыптар мен образдарды дүниеге әкелді:
адамның өмірде жеңе алмайтындай, онымен санасатындай қиындықтар туралы
ойлар (Дәулеткерейдің күйі «Жігер»); өзінің еркінсіз тұрмыстың шексіз
айналымына еніп кетуі (Дина мен Қазанғаптың «Домалатпай» күйі); мәңгіліктің
бір сәті ғана көрінетін өмірдің тез өтпелілігіне өкіну (Қазанғаптың «Өтті
дәурен, кетті дәурен» күйі), адамды рухани жалғызсырататын бұл өмірдің
жалғандығы (Еспайдың «Екіндіде ел іздеген» күйі) бейнеленді.
Құранға сәйкес адамның қиналуы – адамның бұл дүниедегі жазмышы, ол
бойсынуды және шыдамдылықты талап етеді. Ислам адамның сыртқы өмірді
өзгерте алмайтындығына сендіре отырып, оған өмірдің заңдылығын қабылдау
мен мойындаудың, және рухани жетілудің жолдарын көрсетеді. Құрандағы
басты жақсылық іс – бұл сабырлылылықа үйрету. А.Мұхамбетованың
айтуынша исламдық этиканың жекелік сипаты домбыра өнеріне психологиялық
тереңдікті сыйлайды [176].
Сөз бен саздың өзара әрекеттестігінің жаңа қырының дамуы исламның
келуімен байланысты болды. Оның өзіне тән ерекшелігі болып айтылу
формасы, ойдың белгілі бір символдармен берілуі табылады. Құбылыс ашық
айтылмай, оған теңеулер мен баламалар табуды ұсынды, осы тұрғыдан музыка
жасырын ойды идеалды жеткізушіге айналды. Мәселен, «Домалатпай» күйі
аңыз өрісінде өрбіген. Бұл аңызда Қазанғаптың домбырашы қызды айтысқа
түсуге шақыруы, сол айтыста қыз ойнаған домбыра сазынан одан жауап ретінде
өмірдің шыр айналымын елестетін күй орындауын сұрағандығы, осыдан
Қазанғаптың орындауындағы «Домалатпай» күйінің шыққандығы айтылады.
Мұнда өмірдің шыр айналымы, ондағы шексіз мұңдар жасырын оймен беріледі.
Еспайдың «Екіндіде ел іздедім» күйі арқылы мынадай аңыз берілген.
Еспай бірде көші-қон барысында өз адамдарынан адасып, оларды таба алмай
қалады. Күй «екінді» (қараңғылық) белгісі арқылы – жалғыз қалған қарияның
қиналысын, шынайы адамгершілік құндылықтары жойылып бара жатқан
халқының жарық өмірінің жоқтығына күйінуді береді.
Достарыңызбен бөлісу: |