ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет34/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82

74 
 
эстетикалық  ойларға  жинақталған,  қорытылған  сипаты  көрініс  табады. 
Мәселен,  «Әні  бардың  сәні  бар»  деген  мақалда  халықтың  ән  өнеріне  деген 
эстетикалық  қатынасы  орын  алса,  «Ақылың  болса  ән  тыңда»  делінген  нақыл 
сөзінде адам тәрбиесінде музыканың үлкен рөлге ие екендігі анықталады [173].  
Қазақтың  халық  жырлары  гуманизм,  адам  бостандығы,  махаббатқа 
адалдық  идеяларын  жырлауына  байланысты  тұлғаның  рухани-адамгершілік, 
эстетикалық  тәрбиесінде  үлкен  маңызға  ие  болады.  Жырларда  көрініс  тапқан 
құнды  педагогикалық  идеялар  жастардың  моральдық-этикалық  және 
музыкалық-эстетикалық дамуына ықпал етеді.  
Көшпелілердің  күнделікті  өмірінде  бала  туылғаннан  бастап  дүниеден 
өткенге дейінгі тұрмысының әр түрлі жағдайларына байланысты талап ете және 
үйрете  отырып  музыкамен  сүйемелденеді.  Әрбір  жастағы  топтар  қазақтың 
дәстүрлі  қоғамында  музыкалық  аспаптар  мен  жанрлардың,  репертуар  мен 
орындаушылық формаларына қарай іріктелді.  Балалар музыкалық ойындармен 
әуестенді, олар жануар тектес, құс тектес және т.б. формаға ие саздан жасалған 
аспаптарда  –  саз  сырнайда,  тастауықта,  үскірікте  ойнады,  балалар  әндерін 
айтты, аналарының бесік жырларын, әкелерінің өсиет-өлеңдерін тыңдады, осы 
туындылар арқылы  қоршаған ортаны танып өсті, сонымен әлеуметтік-мәдени 
қоғамның толыққұқықты мүшесіне айналды. 
Жастар  жастық  шағында  міндетті  түрде  музыкамен  сүйемелденетін 
ойындар мен жарыстар арқылы дами түсті. Олардың қатарына қайым-айтысты, 
тартысты,  тұрмыстық  өлеңдерді  (қара  өлең)  және  еңбек  әндерін,  махаббат 
лирикасын,  табиғат  туралы  әндерді,  үйлену  той  әндерін,  сондай-ақ  дабыл, 
дауылпаз  немесе  шыңдауыл  сияқты  халықтың  ұрмалы  аспаптарымен 
сүйемелденетін аңшылық және жауынгерлік әндерді жатқызуға болады.  
Көшпелі  мал  шаруашылығы,  жартылай  егін  шаруашылығы  бұқара 
халықтан мал бағу, киіз басу, кілем тоқу, ыдыс-аяқтар жасау, егін-егіс егу және 
т.б.  күрделі  еңбектерді  талап  етті.  Бұл  еңбек  түрлерінің  барлығы  да  жұмыс 
барысында  орындалатын  еңбек  әндерінің  туындауына  негіз  болды.  Мұндай 
әндерде еңбек адам өмірінің негізі, денсаулық кепілі, сондай-ақ адам сезімінің 
мәнері тұрғысынан қарастырылады.  
Мысалы,  әнде  бидай  егудегі  еңбек  үдерісі  наубайшының  қалың  малды 
төлей  алмауы  себепті  сүйгенімен  мәңгі  бақи  ажырасқан  мұңды  ойларымен 
сабақтасып  беріледі  («Ғашық  жар,  сәулем,  аман  бол»  әні);  еңбек  адамның  ең 
ардақты ісі тұрғысынан жырланады («Алтын тақ» әні). Қазақ халқының шопан 
әндерінің  ең  жарық  үлгісі  халық  ақыны,  әнші  және  сазгер  К.Әзербаевтың 
«Бозторғай»  әні  табылады.  Онда  байдан  зорлық  көрген  шопанның  құсқа  өз 
мұңын шағуы бейнеленеді. 
Көп  жағдайларда  әндер  еңбек  іс-әрекеттерін  сүйемелдей  отырып,  хормен 
немесе  еңбек  тақырыбына  суырып  салма  әндер  шығарып,  екі  топтың  ән 
жарысы  формасында  айтылады.  Ұжымдық  ән  салу  арқылы  еңбек  көңілді, 
қуанышты, жеңіл орындалады. Осылардың бәрі балалар мен жастардың нақты 
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп қана қоймай, олардың музыкалық есітуін, 
орындаушылық қабілеттерін және вокальдық дағдыларын дамытты.  


75 
 
Махаббат  тақырыбындағы  әндерде  бозбалалар  мен  бойжеткендер 
арасындағы  сүйіспеншілік  қатынастар  реттеледі,  адамгершілік  принциптері 
бекітіледі.  Оларда  белгілі  бір  себептермен  орындалмаған  жастардың  арманы, 
олардың  таңдау  еркіндігі  болмағандығы  жөніндегі  өкініші,  жарлылық 
байланысты  сүйгенімен  қосыла  алмауы  жырланады.  Бұларға  мысал  ретінде 
қазақтың халық әні «Қызыл бидай», «Назқоңырды» атауға болады.  
Махаббат  әндері  вокальдық  орындау  тәсілдерінің  алуан  түрлілігімен, 
музыкалық-мәнерлеу құралдарының көптігінен, көркем сөздерінің тереңдігімен 
ерекшеленеді. Олар жастар ойындары уақытында, айлы түндерде алтыбақанда 
орындалды.  Бұл  жанрдағы  әндерге  «Япурай»,  «Қарғам-ау»,  «Ақбақай», 
«Үкілім-ай»,  «Бүлдірген»,  «Ойжайлау»,  «Қоғалы-ай»,  «Шилі  өзен»,  «Қара 
торғай», «Сұр жорға», «Сары бидай» және т.б., сүйіктілеріне арналған күйлерге 
(Сейтектің  «Шарипа»,  Дәулеткерейдің  «Қыз  Ақжелкен»,  «Қосалқа»)  жатады. 
Оларда қазақ әйел-қыздарының ең жақсы  қасиеті -   бұқара халықтың аналары, 
қыздары: даналық, сұлулық, мінез тұрақтылығы, адами тазалық, парасаттылық, 
мейірімділік беріледі. 
Табиғат  туралы  әндер  мен күйлердің жастардың эстетикалық тәрбиесінде 
алатын орны үлкен. Осындай әндерді тыңдап және орындап өскен балалар мен 
жастар табиғаттың сұлулығын көруге және әдемілігін сезінуге үйренді. Ал бұл 
болса, олардың өмірлік тәжірибесін байытты, эстетикалық талғамын дамытты, 
эмоционалдық аясын кеңейтті, қоғамдық қызметін ынталандырды. Бұл балалар 
мен  жастарды  отанға  сүйіспеншілікке  тәрбиелеудің,  олардың  эстетикалық 
идеалын қалыптастырудың тиімді жолы болды.  
Ересек  жастағылар  өмірдің  мәні  және  жастық  шақтың  оралмауы  туралы 
өсиет-әндерді орындады (Мысалы, «Жиырма бес» әні). 
Музыкалық  білім  беру  мен  тәрбиелеудің  дәстүрлі  жүйесі  ауызекі 
шығармашылық  жағдайында  оларды  шығарушылардың  жеке  тәжірибесін 
сақтау  мен    ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізуге  ықпал  етуші  маңызды  фактор    болып 
саналды. Көптеген белгілі домбырашылар көп уақыттарын талантты жастарды 
оқытуға арнады, оларға өздерінің шеберлігін және кең көлемді репертуарларын 
қалдыруға  ұмтылды.  Бірқатар  ақындар,  әншілер  мен  музыканттардың  қызметі 
кәсіптік  сипатқа  ие,  сонымен  бірге  әні  мен  аспапта  ойнауы  және  суырып 
салмалығы  үйлескен  өнер  адамдарының  кеңінен  танымал  болды.    Олар  үнемі 
ауылдарды  аралады,  жәрмеңке  және  базар  күндері  қалаларда  өнерін  көрсетті, 
халық  мерекелерінде,  астарда  (жылын  беру),  бар  халықтың  асыға  күтетін 
қонақтары саналды. Үнемі ел аралау оларға халықты жақсы танып-білуге және 
өзінің музыкалық туындыларын кеңінен таратуға септігін тигізді. 
Халық өзінің әншілерін айрықша сыйлайтын, ел аралап жүрген әнші, сал, 
сері,  ақындар  тоқтаған  үй  аса  құрметті  саналатын.  Өйткені  бұл  үй  олардың 
қонақ 
қабылдайтын, 
отбасылық 
мерекелік 
әдет-ғұрыптарды 
және 
салтанаттарды,  шамандық  ғұрыптарды  тойлайтын    орны  есептелетін.  Мұнда 
кәсіби әншілер, ақындар мен сазгерлер өнер көрсететін. Оларды тыңдауға бүкіл 
ауыл-аймақ болып жиналатын, қонақ асы беретін. Егер жиналғандар ортасында 
бір-біріне  тең  түсетін  бірнеше  күйшілер,  жыршылар  кездесіп  қалса  олардың 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау