72
Құмар, Сартай, Шайхы, Шынтас шығармалары, сондай-ақ олардың мұрагерлері
– Ғ.Құрманғалиев, С.Жанпейісова және т.б.), Қызылордалық (іштей бөлінетін:
қармақшылық – Рустембек Омаров, Қошеней, Тұрмағамбет Естілеуов,
қазалылық - Нұртуған, Жиенбай жырау; Шиелі жаңақорғандық – Нартай,
Аблаш Әбуов, сондай-ақ заманауи ізбасарлары А.Алматов, Б.Жүсіпов және
т.б.); Жетісулық (Қапез, Пішана, Садықожа, Сауытбек, Сүйінбай, Қарға,
Есімхан, К.Әзербаев шығармалары мен олардың ізбасарлары - Қ.Байсейітов,
А.Найманбаев, Д.Ракишев, Н.Жампейісов және т.б.).
Қазақ халқының музыкалық шығармашылығындағы кәсіби мектептер мен
музыкалық фольклордың аймақтық ерекшелігі ұзақ уақыт бойы ғалымдардың
назарын аударған жоқ. Қазақтың музыкалық тіліндегі жергілікті білім беру
үдерісінің ерекшелігін зерттеуде біртұтас музыкалық мәдениеттің қалыптасу
үдерісін қарастыру қажет. Жалпы тарихи ережелерге сүйене отырып ішкі
халықтардың этнографиялық аймақтық ерекшелігі туралы Б.Қарақұлов
қазақтың музыкалық тілінің жергілікті ерекшелігінің қалыптасу себептерін
көрсеткен: біріншіден, халықтың бірегейлігі, өзіндік музыкалық белгілерге ие
тайпалардың бірігуі нәтижесінде жергілікті музыкалық белгілерге ие
тайпалардың музыкалық ерекшелігі өзіндік құндылығын жоғалтпайды.
Екіншіден, зерттеушілердің ойынша, жергілікті музыкалық тілдің ерекшелігі
тарихи себептерге байланысты халықтардың құрамында дамуы мүмкін: а) басқа
ұлттардың халықтары арасындағы топтардың бейімделуі нәтижесінде; б) көрші
халықтармен музыкалық байланыс жасауынан; в) топтық халықтардың ұзақ
уақыт бойы жоғалуынан; г) аймақтық сенімділік, әлеуметтік ереженің
ерекшелігінен және т.б. Осындай ерекшеліктерді меңгеру нәтижесінде
студенттер
қазақ
халық
музыкасының
бай
мазмұнына,
ұлттық
дүниетанымының тереңдігіне, халықтың түйсік талғамының жоғарылығына,
ойының кеңдігіне мән береді.
Кестеде көрсетілгендей, қазақтың дәстүрлі ән мәдениеті аспаптық
(домбыралық) аймақтар бойынша белгіленген. Вокалдық айырмашылықтар,
композиторлық мектептердің ерекшелігі, аймақтық дәстүрлі әндер мен
аспаптық шығармалар саласындағы студенттердің білімін жүйелеуге мүмкіндік
береді. Қазақтың ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды
дамытуда халықтың ел тарихы мен салты, өмірі мен болашақтағы арман-тілегі
бейнеленген ән-күй туындылары олардың патриоттық сезімдерін дамытумен
қатар, тұлғалық қалыптасуына, эмоционалдық-эстетикалық күйзеліске түсіп,
ой-түйсіктерінің дамуына ықпал етеді.
Осылайша, жанры бойынша қазақ ұлттық музыкасын жіктеу (дәстүрлі-
тұрмыстық, лирикалық, эпикалық, тарихи, әлеуметтік наразылықтағы әндер
мен күйлер) және олардың болашақ мұғалімдерді интеллектуалды дамытудың
мүмкіндіктері мен мазмұнын ашуға, сондай-ақ халық музыкалық
шығармашылығы негізінде кәсіби музыкалық шығармалардың дамуын
анықтауға мүмкіндіктер береді. Жоғарыда көрсетілген ұлттық музыка
туындыларының студенттерді интеллектуалды дамытудағы мүмкіндіктері
жоғары. Ол туралы келесі параграфта толықтай баяндалады.
73
2.2 Қазақ ұлттық музыкасының студенттерді интеллектуалды
дамытудағы мүмкіндіктері
Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы – өзіне тән көркем мазмұн
мен көркемдік ерекшеліктерге ие, педагогикалық әлеуеті жоғары музыкалық
шығармаларды (әнді, сазды және аспапты) қамтитын этникалық мәдениеттің
маңызды бір саласы. Халықтың еңбек шығармашылығы, оның өмірі мен күресі,
мұңы мен қуанышы, тұрмыстық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, сөзбен айтып
жеткізуге келмейтін адамгершілік қағидалары көп мыңдаған әндер мен
күйлерде көрініс тапқан. Олардың арасындағы халықтың эстетикалық талап-
сұраныстарына жауап беретін идеялық-көркемдік мазмұндағы озық туындылар
ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, өміршеңдігін танытып отыр [172].
Қазақ халқы ғасырлар бойы синкретикалық орындау ерекшелігіне (сөз, ән,
аспапта ойнау, театрландырылған элементтер) ие музыкалық-эпикалық
туындыларды дүниеге әкелді. Олардың басым бөлігі XIV-XVI ғасырларда
пайда болды және ауызекі шығармашылық арқылы бүгінгі күнге дейін жетті.
Қазақ эпостарында еңбеккқорлық, патриотизм, ру, тайпалардың
адамгершілік
өзара
қарым-қатынастары,
әйел-адамдарға
сыйластық,
ақсақалдарға құрмет, адалдық, батылдық, балаларға қамқорлық, парасаттылық,
туған жер табиғаты, ұлттық киімдер және т.б. тақырыптар қарастырылады.
Эпос батырлар жыры («Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды
батыр», «Алпамыс батыр») және лирикалық жырлар («Қыз Жібек», «Қозы
Көрпеш – Баян Сұлу», «Айман-Шолпан» және т.б.) болып бөлінеді. Батырлар
жырының жетекші идеясы болып халықтық, гуманизм және патриотизм
табылады, батырлардың ұлы ерліктері ашылады, ең жақсы мінездері –
қайсарлығы, әділдігі, өлшеусіз ерлігі, халқына адалдығы, жанын беруге
даярлығы жырланады. Қазақ халқының батырлық эпостарында тарихи оқиғалар
басты образдың төңірегінде шиеленіседі – туған халқының өмірі мен
бостандығына қарсы шапқан жауларды жеңуде барлық қиындықтарға төтеп
берген батыр суреттеледі. Қазақтың батырлық жырларындағы басты
кейіпкерлер
қатарында
ерлігімен,
қайсарлығымен,
батылдығымен,
батырлығымен сипатталған Алпамыс, Қобыланды, Ер-Тарғын, Қамбар батыр
және т.б. атауға болады.
Лирикалық жырларда («Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу және
т.б.») көшпелі ауылдың күнделікті тұрмыс-тіршілігі бейнеленген. Негізгі
тақырыбы – феодалдық өмір қатпарларындағы қатаң жағдайлардағы махаббат
үшін күрес, белқұда, әжеқабыл (әке-шешелерінің бала туылғанға дейін-ақ құда
түсуге уағдаласуы), барымта (жауларынан өшін алу тұрғысын әйел-қыздарын
алып қашу, тұтқында ұстау) сияқты рулық әдет-ғұрыптарға қарсы тұру болып
табылады. Эпостарда қазақ тілінің байлығы мен эстетикалық мүмкіндіктерін
ашатын мақал-мәтелдер, жұмбақтар, мифтер, наным-сенімдер, әндер,
поэтикалық миниатюралар жиі қолданылады. Олар қазақтың музыкалық
өнерінің олардың өмірінен үлкен орын алғанын көрсететін халықтың
дүниетанымын, түйсік-талғамын білдіреді. Оларда халық музыканттары
шығармашылығындағы құндылықтарға берген бағасы, халықтың көркемдік-
Достарыңызбен бөлісу: |