ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет32/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82

70 
 
Батыс  қазақстандық  домбыралық  дәстүрдің  негізін  Махамбет, 
Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Дина,  Түркеш  және  тағы  басқа  атақты  күйшілер 
қалады.  Олардың  күйлері  домбыралық  өнердің  шыңы  болып  табылады. 
Олардың  түпкі  тарихында  батыр,  жырау,  күйші  Махамбет  Өтемісұлы 
бейнеленген.  Махамбеттің  әндік-аспаптық  мазмұнында  ұлы  қазақ  халқының 
өмірлік  ерлігі,  батырлығы,  өзін-өзі  құрбан  етуі  мен  жалғыздығы  сомдалған. 
Махамбеттің  автобиографиялық  күйлерінің  ерекшелігіне  («Жұмыр  қылыш», 
«Жайық асу», «Жауға шапқан», «Жорық», «Исатайдың ақтабаны-ай») жатады. 
Ақынның әні өзінің жалынды өлеңдеріне ие болған. Махамбеттің күйі, термесі, 
толғауы  опералық-симфониялық  және  вокалдық-оркестрлік  өлеңдердің 
құрылуы  үшін  негіз  болды  (Н.Тілендиевтің  –  симфониялық  күйі  «Махамбет», 
Ғ.Жұбанованың  –  «Құрманғазы»  операсы,  Б.Жұманиязовтың  –  «Махамбет» 
операсы). 
Қазақтың ұлттық музыкасы саласында Батыс Қазақстандық дәстүрдің өкілі 
Құрманғазы  Сағырбаев  ерекше  орын  алады.
   
Ол  бір  жағынан  композитор, 
екінші  жағынан  орындаушы  және  шәкірт  тәрбиелеп,  тәлімгер  болған.  Оның 
аспаптық  күйлері  ырғақты  белсенді  түрде  орындалатын  күйлердің  бастапқы 
кезеңін  құрайды.  Оның  күйлері  таусылмас  байлық,  қайнар  бұлақ,  ыстық 
ырғақтан  тұрады.  Оның  алғашқы  күйі  «Кішкентай»  Исатай  Тайманұлы  мен 
Махамбет  Өтемісұлының  батырлығына  арналған.  Содан  кейін  «Балбырауын», 
«Адай»,  «Серпер»  күйлері  дүниеге  келді.  «Балбырауын»  күйі    жарқын-
жастықты, мерекелік ойындарды, билерді еске түсіретін қуанышты көңіл-күйге 
тола  сарында  болды.  Батырлық  мазмұндағы  «Адай»  жастарды  еркіндікке, 
еңбекке шақырады.      
Құрманғазының  әртүрлі  тақырыптағы  күйлері:  «Төре  –  Мұрат», 
«Қоштасу», «Қызданай», «Бозқанғыр», «Арба соққан» жолдағы таңқалыстарды 
айтады; «Назым», «Балқаймақ», «Қайран шешем» күйлерінде әйелдердің  жеке 
психологиялық  бейнесін  сипаттайды.  Аталған  күйлерде  қазақтың  ең  үздік 
әйелдерінің  даналығын,  сұлулығы  мен  шығармашылық  ерекшелігін  бейнелей 
отырып  өскелең  ұрпаққа  оларды  үлгі  етеді.  Олардың  «Түрмеден  қашқан», 
«Қызыл  қайың»,  «Кісен  ашқан»  күйлері    –  еркіндікті  армандаудан  туған.  
«Ақсақ  құлан»  күйінде  адам  тағдырының  талқыға  түсуі  бейнеленеді. 
Құрманғазының  орыс    халқына  арналған  күйлері  де  жоқ  емес.  Ол  орыс 
халқының  өкілдерімен  кездесуінде    –  «Не  кричи,  не  шуми»,  «Лавочки», 
«Повестка», «Перовский марш», «Машина» және т.б. күйлерді дүниеге әкеледі.    
Оның  «Аман  бол,  шешем,  аман  бол»  күйі  көптеген  жылдар  бойы 
әлеуметтік әділсіздікке қарсы туындаған ашу-ыза сезімдерді бейнелейді.  
Құрманғазының  бұдан  да  басқа  әлемдік  музыкалық  қазынаның  қайнар 
байлығына  енген  күйі  «Сарыарқа»  болып  табылады.  Ол  жерде  композитор 
алғаш  рет  халықтың  жарқын  болашаққа  деген  бәйгесі  мен  жеңістің  әнін 
бейнелеген.  
Құрманғазының дарынды шәкірті – Дина Нұрпейісова оның жетістіктерін 
жалғастырып 
қана 
қоймай, 
Құрманғазының 
орындаушылық 
және 


71 
 
композиторлық шығармаларын дамытқан. Ол ауыз екі негіздегі дәстүрлі кәсіби 
тәрбиеге ие болған атақты күйшілердің қатарына жатады.   
XIX  ғасыр  дәстүріндегі  Батыс  Қазақстандық  домбыраның  екінші 
бағытының  өкілі  Дәулеткерей  Шығайұлы  қазақ  музыкасының  тарихында 
маңызды  орын  алған.  Оның  шығармалары  Құрманғазының  шығармаларына 
қарағанда  жарқынырақ  көрінеді.  Егер  Құрманғазы  –  өмірде  және  музыкада 
белсенді  қайраткер,  көтерілісші  болса,  онда  Дәулеткерей  –  лирикалық-
психологиялық  бағыттың  өкілі.  Дәулеткерей  мен  Құрманғазының  кездесуінен 
кейін атақты «Бұлбұл» күйі пайда болды. Нәзік  әйелдің психологиялық бейнесі 
Дәулеткерейдің  «Жұмабике»,  «Қосалқа»,  «Құдаша»,  «Қоңыр»  күйлерінде 
ұсынылған.  
Күйдің  ерекшелігі  мен  орындаушылық  ырғағына  қарай  домбыралық 
дәстүрде  «төре  күйлер»  (Шыңғыстың  төре  күйлері),  «төре  тартыс» 
(орындаушылық  төре  стилі),  «төреқағыс»  (төре  сызықтары).  Құрманғазының 
«қарақағыс»  немесе  «тентекқағыс»  дәстүрін  түрлендіре  отырып  Дәулеткерей 
өзінің «төре тартыс» дәстүрлі жетістігін бекіте отырып өзінің композиторлық-
орындаушылық  мектебін  құрады.  Сондықтан  А.Жұбанов    Дәулеткерейдің 
күйлерінің  терең  эмоционалдық  сезімі  мен  психологияның  мазмұнына, 
лирикалық  шырқалу  ерекшелігіне  қарай      оны  «күй  төресінің  әкесі»  дейді. 
«Төре  қағыс»  күйінің  басты  ерекшелігі  қысқа  толқындағы  оң  қолының 
шертпесі жұмсақ шығып және дыбыс шығару әсемдігінің жетістігіне жету деп 
түсіндіріледі.    
ХІХ-ХХ  ғасырда  қазақтың  музыкалық  аспабында  ерекше  орын  алған 
Қазанғап  Тілепбергенұлының  шығармашылығы  дербес  композиторлық-
орындаушылық  дәстүрдің  негізін  қалаған.  Оның  басты  62  күйден  тұратын 
"Ақжелен" туындысы Батыс Қазақстандық  жанрын дамытуы болып табылады. 
Қазанғап  және  оның  шәкірттері  бейнелі-тақырыптық  және  "Ақжелен"  күйінің 
мазмұны  мен  оның  келешекте  орындаушылық  дамуына  үлес  қосқан. 
Қазанғаптың күйі ырғақты, оның мазмұнын лирикалық-философиялық тұрғыда 
анықтауға болады.   
Маңғыстаудың  домбыралық  дәстүрі  Батыс  Қазақстанның  дербес 
аймағына  қатысты  жекелеген  композиторлық  және  орындаушылық  мектептің 
қалыптасуына  қарай  Маңғыстау  өңіріне  тиесілі  домбыралық  күйдің 
түпнұсқалығының дамуына септігін тигізді.  
Бұл  мектептің  ерекшелігі  аңыз  бен  ертегілерден  тұратын  тарихи  және 
ежелгі күйлерді дамытуынан көрінеді. Олардың ішінде - «Қазақ пен ноғайдың 
айырылысуы»,  «Ноғай  сазы»,  Кетбұғаның  «Ақсақ  құлан»,  «Жошы  хан» 
күйлерін  айтуға  болады.  Осы  өңірдің  атақты  өкілдері  Абыл,  Қартбай,  Есбай, 
Есір, Қоныр, Өскенбай және т.б. күйшілердің күй-аңыздары мен шығармалары 
шамамен 300-ге жетті.  
Қазақ  халқының  ән  шығармасындағы  аймақтық  дәстүрде  аспаптық 
шығармаға  ұқсастарды  анықтауға  болады:  Арқалықтық  (Біржан,  Ахан-сері, 
Жаяу  Мұса,  Әсет,  Мәди,  Ыбырай,  Естай  шығармалары  мен  олардың  өкілдері 
Қ.Байбосынов,  Б.Тілеухан  және  т.б.),  Батыс  Қазақстандық  (Мұхит,  Нұрыман, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау