127
Ғ.Қыдырбекованың «Домбыра туралы аңызын» топтық тыңдау және
түсіндіруін толық талдау). Бұл студенттерге музыканың айтылуын өзінің жеке
түсінуіне қарай жақын таңдауына мүмкіндік береді. Мұндай жұмыс формасы
музыкалық-эстетикалық
идеалдарды
қалыптастыруға
орындаушылық
шеберлігін жетілдіруге ықпал етеді.
Осы айтылып өткендер жеке оқытуды жүзеге асыратын жеке
сыныптардағы жұмыс формалары мен әдістері болып атбылады.
Енді топтық жұмыс формаларына тоқталып өтейік.
Дәстүрлі топтық жұмыс формаларына – дәрістер, семинарлар,
практикалық сабақтар жатады. Біздің пікірімізше қазіргі кезеңде студенттерді
оқыту мен тәрбиелеудің тиімді формалары мен әдістері болып олардың
танымдық іс-әрекеттерін ынталандыратын оқытудың белсенді әдістері
табылады.
Осыған байланысты оқытудың проблемалық әдістері айрықша мәнге ие.
Сондай-ақ олар студенттердің ойлауын және танымдық іс-әрекетін
белсендіруге; өздігінен білім алу дағдыларын жапғымды қалыптастыруға және
оқу материалын дұрыс ұғынуына ықпал етуімен; шығармашылыққа қабілетін
барынша толық дамытуына м.мкіндік жасауымен құнды саналады.
Дәріс сабақтарының бірнеше түрін қарастырып көрейік.
«Қазақстан
композиторларның
симфониялық
шығармашылығы»
тақырыбындағы дәріс сабағын төмендегіше ұйымдастыруға болады:
Дәрістің басында және соңында мынадай проблемалық сұрақтар
қойылады:
-
Қазақтың аспаптық және ән мәдениетінде қазақ симфонизмін
тудырудың тарихи алғышарттары қандай?
-
Қазақстанда симфонизмнің дамуына арналған бағдарламалық қазақ
күйлерінің мәні қандай?
-
Қазақстан композиторларының симфониялық шығармашылығында
қазіргі оркестрлік әдістер мен қазақтың дәстүрлі аспаптық мәдениетінің
синтезі қалай пайда болды?
-
Қазақстан композиторларының симфониялық шығармашылығының
тұлғаны интеллектуалды дамытудағы мүмкіндіктері қандай?
Бұл сұрақтар бірінен-бірі туындайтындай бірізділікпен, кейінгі сұрақ
алдыңғы сұрақтан туындап негізгі шешімді табуға құрылған міндет саналады.
Олар жинақталған білімдерін жылдамдататын танымдық қажеттілігін
көкейкестендіреді.
Ақыл-ой іс-әрекетінің жұмыс істеу үдерісінде студенттердің санасында
жаңа ой байланыстары қалыптасады, қосымша ақпарат көздері пайда болады,
олар осы негізде анықталады, байиды, кейде жетілдірілген ақпараттармен
алмастырылады.
Дәріс барысында студенттер бір-бірімен пікір алмасады және
Қазақстандағы симфониялық шығармашылықтың дамуы мәселелерін орыс,
батысеуропа симфониялық музыкасымен салыстыра отырып жүйеге
келтіреді.
128
Осы дәріс барысында ұжымдық зерттеуге шақыруды қамтитын, шешімі
мұғалімнің алдын ала дайындығынсыз айтылатын «ми шабуылы» формасы
қолданылады. Сонымен педагогтың студенттерге «Ақсақ құлан» симфониялық
поэмасындағы өнердің өлмейтін күші идеясын ашып жеткізу ұсынылады,
сонымен бірге, Қазақстан композиторларының әр түрлі жанрдағы кәсіптік
шығармашылығындағы аңызға айналған сюжетке үндеуді қарастыра отырып,
олардағы ежелгі аңыздағы негізгі эстетикалық, даналық идеяны түсіндіру
амалдарын салыстырады.
Студенттердің диалектикалық ойлау дамуына ықпал етеді, оқуға
қызығушылығын арттырады, баяндауын дәлелдеуге ұмытылады. Педагогтың
оқу материалын меңгертуге арналған аз ғана «бөлігін» тексеруге бағытталған
проблемалық та, бағдарламалық та оқытуды пайдалану логикалық тұрғыдан
негізді болып табылады. Студенттердің қойылған сұрақтарға берілген
жауаптарының сапасын бағалауда педагог әрі қарай материалды баяндауға
көшеді немесе, студенттердің жауаптарына қанағаттанбаған жағдайда олардың
материалды меңгерудегі әлсіз тұстарын айқындайды, бұрын айтылып өткен
материалдың түйінді қырларын тағы да қайталап өтеді, қажет жағджайда
материалды жеткізу әдісін өзгертеді.
Қазіргі уақытта барлық білім саласын ізгілендіруге байланысты дәріс-
диалогтар
кеңінен
таратылып
отыр. Олардың негізіне
танымды
жекелендіруші, оқытушы мен студенттің ақыл-ой іс-әрекетінің белсенді
үдерісі жатады. Мысалы, дәрістер-диалогтар, мектептің музыка мұғалімін
шақырумен жүзеге асырылады. Мұнда халықтық музыка өнері құралдары
арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру мәселесі, бүгінгі таңда Қазақстан
республикасында күшіне ие, ұлттық музыкалық өнерге негізделген музыка
бойынша балама бағдарламаларды талдау жөніндегі әр түрлі көзқарастардың
ұқсастығы мен айырмашылығы салыстырылады; өнертанушыларды шақыру
арқылы жүргізіледі, мұнда ұлттық музыкалық өнер туындыларын талдау
амалдары, музыкалық мәнерлеу құралдарын түсіну сұрақтары шешіледі.
Дәрістерді өткізудің дәстүрлі емес формаларына «дәріс-концертті»
жатқызуға болады. Осындай формада «Қазақтың аспаптық музыкасы»
тақырыбын өткізуге болады. Педагогтың қазақтың аспаптық шығармашылығы
туралы кіріспе сөзінен кейін шақырылған әр түрлі жанрдағы күйшілер
домбырада, қобызда, сыбызғыда күй тартады және олар дыбыс шығару
амалдарына, техникалық тәсілдерге тоқталып, түсініктеме береді.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың тиімді формасының бірі болып
мұражайға экскурсия табылады. Бұл форма «Қазақтың музыкалық аспаптарын
оқыту» барысында қолданылады. Осы форманың дайындық кезеңінде педагог
экскурсияның мақсаты мен міндеттерін анықтайды, музыкалық аспаптарды
көрсету және көру әдістемесін ойластырады.
Экскурсияға дайындықтың келесі кезеңінде студенттермен әңгімелесу
жүргізіледі. Мұнда тақырып туралы теориялық мәліметтер беріледі, қосымша
әдебиеттер ұсынылады, бартатын экскурсияға нұсқаулар беріледі, сондай-ақ
экскурсия кезінде баса назар аударылатын сұрақтар қарастырылады. Мәселен:
Достарыңызбен бөлісу: |