118
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары
студенттерін интеллектуалды дамытудың маңызды рөлі «Фольклорлық аспап»
курсын таңдау болып табылады. Курстың мақсаты педагогикалық іс-әрекет пен
тәжірибелік орындаушылыққа дайын, педагогикалық және концерттік
орындаулардағы өзіндік жұмыстарға қажетті және фольклорлық аспаптарда
(сазсырнай, шаңқобыз, шертер, сыбызғы)
ойнаудың негізгі дағдыларын, жоғары
кәсіби деңгейін меңгерген мамандар даярлау табылады. Курсты оқу барысында
студенттер фольклорлық аспаптың мүмкіндігінің мәнерлігі, сызықтар, тембрлік
бояулар, диапазон, дыбысты шығару ерекшелігін меңгереді. Курстың мазмұны
қазақ халқының аспаптық ән-күйін, сондай-ақ фортепианоның сүйемелдеуімен
орындалатын отандық және шет елдік композиторларының күрделі емес
күйлерін қамтиды. Осы пән үшінші курстағы "Фольклорлық ансамбль мен
"Халық аспаптар оркестрі" пәнін меңгеруге дайындық кезең болып табылады.
Осы курстың тақырыптар мазмұны тұлғаның интеллектуалды дамуындағы
ұлттық аспаптардың рөлі мен маңызы; аспаптарда ойнау қабілетінің ойлау
психикалық үдерістерімен байланыстылығы, шығармашылықпен орындауда
ойлау шыңына қол жеткізу, ұлттық аспаптарға құрмет пен сыйластықты
дамытудың тұлғалық өсуге ықпалы туралы материалдармен; сондай-ақ,
тұлғалық өсу мен интеллектуалды дамудың өзара тығыз байланыста жүзеге
асуын негіздейтін ақпараттармен толықтырылады.
Танылу кезеңі (оқытудың 3 курсы) практиканың оқу-кәсіби іс-әркетінде
болашақ мұғалімдердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуы
белгілерінің пайда болуы мен қалыптасуына бағытталады. Мұндай кезең
«Фольклорлық ансамбль» пәнінің кешеніндегі «Концертмейстерлік сынып»,
«Негізгі музыкалық аспап», «Музыкалық білім берудің әдістері» курсының
бағдарламасын толықтыру негізінде жүзеге асырылады. Осы кезеңде
студенттердің ғылыми-зерттеушілік аясы кеңейтіледі, олардың ғылыми
жобалық байқау дайындық, курс және дипломдық жұмыстарға арналған
материалдар әзірлеу жұмыстары тереңдетіледі. Бұл кезеңдегі этномузыкалық
мазмұнның тәрбиелік қызметі кеңінен емес, тереңінен, ал оның мәні саны
жағынан емес, сапасының көрсеткіші жағынан қалыптасады. Осы тұста кейбір
пәндердің мазмұнына тоқталып кеткенді жөн санадық.
«Фольклорлық ансамбль» курсы қазақ халқының аспапта орындау,
ансамбльде ойнау ерекшелігін, фольклорлық ансамбльді ұйымдастыру
қабілетін меңгеруге бағытталады.
Курстың мақсаты студенттерге фольклорлық ансамбльдегі негізгі
жұмыстар мен оны ұйымдастыру ерекшеліктерін меңгерту, қазақ халық
аспаптарында ойнау дағдыларын игеру, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық іс-
әрекеттің білім, білік және дағдыларына қол жеткізу болып табылады.
Курстың міндеті: студенттердің фольклорлық ансамбльде жұмыс істеу мен
ұйымдастыру қабілетін меңгеруі; ансамбльдік орындауды игеруі; қазақ халық
аспаптарында ойнаудың ерекшеліктерін үйренуі; музыкалық қабілеттерін
дамытуы (музыкалық есту, музыкалық ойлау, ритм және т.б.); дирижерлік
сызбаларды білуі, фольклорлық ансамбль үшін шығарманы түрлендіруі және