ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет58/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82

125 
 
Педагогикалық практика кезеңінде студенттер мектепте білім алушыларға 
арналған  ұлттық  музыканы  меңгерді,  қазақ  ұлттық  музыкасын  оқушыларға 
меңгертуде  олардың    тұлғаны  интеллектуалды  дамытудағы  мүмкіндіктеріне 
мән  берді.  Және  оларды  оқушыларды  интеллектуалды  дамытуда  пайдалану 
дағдылары  пайда  болды.  Олар  халықтық,  заманауи,  әлемдік  және  туған 
халхының музыкалық шығармасындағы құралдарды қолдана отырып тәрбие іс-
шараларын, сабақтардың әдістемелік жобаларын жасады.  
Қалыптастыру  эксперименті  нәтижесінде  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
тұлғаны    интеллектуалды    дамыту    бойынша  болашақ  мұғалімдерге  арналған 
әдістемелік  нұсқаулар  жасалды.  Әдістемелік  нұсқаулардың  мақсаты  – 
студенттердің  педагогикалық  музыкалық  іс-әрекет  тәсілдерін  меңгеру 
барысында  кәсіби  шеберлігін  дамыту  мен  оны  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі музыка сабақтарында білім алушыларды қазақ ұлттық музыкасы  
арқылы  интеллектуалды  дамытуға  қолдануға  дағдыландыру  болып  табылады. 
Әдістемелік  нұсқаулардың  міндеті:  музыка  сабағының  мазмұнын  халықтың 
музыкалық шығармасы негізінде толықтыру; оқу және сабақтан тыс уақыттарда 
ұлттық  музыкалық  материалдармен  жұмыс  істеудің  әдістері  мен  тәсілдерін 
меңгеру  үшін  қажетті  музыкалық  білімдер  негізінде  қор  жинау;  студенттерді  
халықтың  музыкалық  мәдениетінің  озық  үлгілерін  қабылдауға,  түсіну  мен 
сезінуге  дағдыландыру;  оларды  дамытуда  белсенділік  танытуға  баулу; 
халықтың  музыкадағы  эмоционалдық  әсерін  түсінуін  дамыту;  халықтың 
музыкалық шығармасының заңнамалығын меңгеру мен оның әсерінде тұлғаны 
интеллектуалды  дамыту;  әртүрлі  музыкалық  тәжірибе    негізінде    халықтың 
музыкалық  тілін  меңгеруге,  ән  айтуға,  аспапта  ойнауға  үйрету.  Әдістемелік 
нұсқаулардың құрылымы халықтық музыкалық шығарманың жанры мен оның 
жіктелуін  зерттеуге;  халықтың  музыкалық  шығармасындағы  бейнелеу 
интонациясына,  негізгі  музыкалық  құралдардың  негізіне;  вариативті, 
көркемдік,  қайталаудың  негізінде  драматургияны  дамытуға;  шығарманың 
мазмұнындағы  формасы  мен  бағыныштылығына;  музыкалық  іс-әрекеттік 
негізгі  түрлеріне  –  шығармаға,  орындаушылыққа,  қабылдауға;  аспаптық  және 
ән  айту  шығармасындағы  аймақтық  ерекшеліктерді  орындау,  кәсіби 
композиторлардың  шығармасындағы  ұлттық  дереккөздерін  анықтауға 
негізделеді. 
Студенттерге 
әртүрлі 
көзқарастардағы 
халықтық 
композиторлардың  шығармасын  түсінуге  септігін  тигізетін  орындаушылық, 
интонациялық-бейнелі, 
әдістемелік, 
көркем-тарихи 
шығармашылық 
тапсырмалар  мен сұрақтар ұсынылады.  
Студенттер  мен  мұғалімдердің  бірлескен  іс-әрекетінің  нәтижесі 
студенттердің  ұлттық  музыканың  интеллектуалды-дамытушылық  әлеуеті 
негізінде  теориялық  және  практикалық  даярлықты,  базалық  және  бейіндеуші 
пәндерді,  жалпы  білім  берудегі  оқытудың  әдістері  мен  мазмұнын  жүйелеуді,  
болашақ  музыка  пәнінің  мұғалімдеріне  арналған  ұлттық  музыка  кешеніндегі 
біртұтастық,  байланыстық,  бірегейлікті  меңгергенін  көрсетті.  Қазақ  ұлттық 
музыка  саласындағы  ұлттық  музыканың  біртұтас  мазмұнын  қабілет  пен 
білімнің бірлестігі негізінде жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің «халықтық 


126 
 
музыкалық  аспаптарын»  сүйемелдеуімен  орындау  дағдыларын  жетілдіру 
үдерісінің септігі мол болады.   
Осылайша,  элективті  курс  бағдарламасының  мазмұны,  музыкалық  білім 
мамандығына 
арналған 
бірқатар 
кәсіби 
және 
базалық 
пәндердің  
бағдарламасына 
жасалға 
 
толықтырулар 
музыкалық-педагогикалық 
факультеттің оқу-тәрбиелік үдерісінде  қазақ ұлттық музыка құралдары арқылы 
студенттерді интеллектуалды дамытуды жүзеге асырудың тиімділігін көрсетті.  
Сонымен,  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы  оқу 
орындары  студенттерін  интеллектуалды  дамытуға  бағытталған  аудиторияда 
және  аудиториядан    тыс  жұмыстардың  мазмұнын  құрайтын    әдістемелік 
нұсқаулар, элективті курс  бағдарламасы, курстық және дипломдық жұмыстар, 
халықтың  музыкалық  шығармасы  негізінде  педагогикалық  практиканың 
мазмұнын  толықтыру,  базалық  және  бейіндеуші  пәннің  мазмұнына 
толықтырулар  енгізк  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы 
оқу  орындары  студенттерін  интеллектуалды  дамытудың  мазмұндық  үлгісін 
құрайды. 
Осы  аталған  оқу-әдістемелік  кешендерді  болашақ  музыка  пәні 
мұғалімдеріне  меңгертуде  дәсүрлі,  дәстүрлі  емес  әдістер  мен  формалар 
қолданылады. Енді соның бірқатарына тоқтала кетейік.  
Осындай  жұмыс  формаларының  бірі  болып  дидактикалық  ойындар 
саналады:  
Мақсаты  -  өзінің  орындауын  және  курстасының  орындауын  талдау 
дағдыларын меңгеру. 
Ойынның 
барысы: 
Педагогтың 
қолында 
музыкалық 
мәнерлеу 
құралдарының  бірі  жазылған  кеспе  қағаздардың  кешені  бар.  Студент  қазақ 
фортепианнолық  шығармасын  орындаудан  алдын  кеспе  қағазда  жазылған 
мәнерлеу құралын оқиды (мысалы, динамика). 
Студенттің  міндеті  –  шығарманы  орындау,  содан  соң  оның  динамикалық 
жоспарды қалай жүзеге асырғандығын айтып беру.  
Мұндай  сабақтар  студенттердің  жалпы  және  музыкалық  көзқарастарын 
кеңейтуге  ықпал  етеді,  олар  басқа  оқушылардың  репертуарларымен  танысып 
қана  қоймайды,  сондай-ақ  өзінің  ойынын  және  курстастарының  ойынын 
талдауға  белсене  қатысады,  орындаған  шығармалары  бойынша  өздерінің 
пікірін еркін білдіруге үйренеді.  
Академиялық 
концерттерде 
орындауға 
арналған 
қазақтың 
фортепианнолық шығармаларын әзірлеу барысында автордың ойын көрсететін 
ең  жетілдірілген  формаларды  қарастыру  тиіс,  яғни  орындаушылықтың 
эстетикалық  идеалына  барынша  жақын  болған  жөн.  Ол  техникалық  жетілу 
деңгейі  жекелігімен  және  халық  музыкаларын  өңдеудегі  және  қайта  жазудағы 
түсіндіру сенімділігімен үндескен орындау жағдайында жеткізіледі.  
Орындаудың  осындай  идеалды  формасын  іздеуде  аудио-  бейне, 
грамафондық жазбаларды тыңдау үлкен септігін тигізеді. 
Қазақтың  фортепианнолық  шығармаларын    орындаудың  әр  түрлі 
нұсқаларын тыңдау (мысалы, Н.Меңдіғалиевтың, Е.Б.Коганның, А.Досаеваның, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау