130
Солардың ішінде ерекше түрлерінің бірі
пікір-талас формасы. Пікір-талас
– бұл белгілі бір проблеманы, ұжымдағы даулы сұрақтарды шешу формасы.
Пікір-талас барысында студенттер бір-бірімен, оқытушымен күдік туғызатын
мәселелер жөнінде дауласуы мүмкін. Пікір-таласқа қатысушылардың барлығы
өзінің дәлелдерін келтіре отырып, өз пікірін қорғайды, жақтайды.
Пікір-таластың нақты формасын жасау үшін өзінің жетістіктерімен баурай
алатын теледидарлық
ток-шоу идеясын пайдалану ұсынылады. Мұнда:
-
барлық қатысушыларды толғандыратын мәселе талқыланады;
-
аудитория әр түрлі көзқарастарды жақтайтын топтарға бөлінеді;
-
жүргізушінің пікірі қатысушыларға міндетті саналмайды, олар өз
таңдауларында еркіндікке ие, олар тіпті ток-шоу барсында бір пікірге келмесе
де, оларды ойлануға итермелейді.
Пікір-таластың дайындық кезеңі ток-шоу өткізуден 2-3 күн алдында
жүргізіледі. Педагогқа және студентке оны өткізу технологиясы жоспарланады.
Ол үшін: а) ықшамтоптарға (3-4 адам) бөліне отырып, әрбір топ өзінің өткізу
нұсқасын ұсынады, студенттер педагогпен бірге
ұтымды нұсқасын таңдайды; б)
әр түрлі көзқарасты ұсынатын топтар құрылады; в) ток-шоуды жүргізуші
таңдалады; г) педагогпен бірлесе талқылауға арналған сұрақтар даярланады.
Содан соң педагог барлық студенттерді пікір-таластың негізгі
қағидаларымен таныстырады:
1 Бір-біріне сыйластық қатынас.
2 Әрқайсысының өз көзқарасы болу құқығын мойындау.
3 Шығып сөйлеуден бұрын қолын көтеруі, сөйлеп тұрған адамның сөзін
бөлмеуі тиіс.
4 Өзінің пікірін дәлелдермен, өмірінен, музыкалық және әдеби
шығармалардан мысалдар келтіруі тиіс, сонымен бірге регламенттен шықпау
керек.
Мысал ретінде студенттермен
ток-шоу тұрғысынан өткізілген семинар
сабағын келтіруге болады (Қосымша А, Ә, Б).
Мұндай жұмыс формасы тәрбие міндеттері шешімдерінің көлемін
кеңейтеді, студенттердің белсенділігін және жекелігін жоғарылатады,
құндылық-бағдарлы
іс-әрекеттерінің
тәжірибесін
қалыптастырады,
студенттердің интеллектуалды дамуына ықпал етеді.
Пікір-талас барысында белгілі бір танымдық білімдер меңгеріледі,
эстетикалық сезімдер мен эстетиткалық мінез-құлық дамиды. Арнайы
ұйымдастырылған құндылық-бағдарлы іс-әрекет студенттердің интеллектуалды
дамуын
ынталандырады,
олардың
адамгершілік-эстетикалық
таңдау
жағдайларына ендіре отырып және сонымен адамгершлік тәжірибесін кеңейте
және байыта түсіп музыкалық мәдениетін қалыптастырады.
Ұжымдық талқылаудың басқаша формасы болып диспут саналады. Оның
мақсаты – әр түрлі құбылыстар туралы түсініктерін кеңейту, өздерінің
көзқарастары мен ұстанымдарын анықтау мен айқындауға қол жеткізу.
Мысал ретінде «адам бойындағы және адами қарым-қатынастағы әдемілік
және оның қазақ музыкалық өнеріндегі көрінісі».