112
еңсеруге мүмкіндік жасауға арналған педагогикалық технологияларды және
ұжымдық және жеке кәсіби іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
- қазақ
ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу
орындарының студенттерін интеллектуалды дамытудың үдерісінде концерттік
тәжірибелерді пайдалану.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды
дамытудың өзіне тән ерекшеліктерін есепке алуда оқыту үдерісіндегі
тұлғаның даралық-психологиялық ерекшелігі ескеріледі.
Осы шарттар жалпы танымдық және жеке танымдық құралдар негізінде
шығармашылық студенттердің жеке іс-әрекетін байланыстыратын үрдістерді
реттеуіне, материалдарды тиімді меңгертуіне; тұлғалық және өзара қарым-
қатынасы тәжірибесін игеруге, бақылау мен өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі
ұйымдастыруын жүзеге асыруға арқылы студенттердің мүмкіндік жасайды.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының
студенттерін интеллектуалды дамытудағы оқытудың жеке пәндердің маңызды
рөлі – фортепиано, вокал, хорды дирижерлау болып табылады.
Жеке сабақтар оқу бағдарламасының аясында орындаушылық қабілетті
меңгертуге, тапсырмаларды жеке орындауға арналып ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, студенттердің ұлттық музыкалық материалдарды әдістемелік
тұрғыдан құрастыра алуға, тәжірибе жинауға, оны жеке сабақтарда
тыңдаушыларға меңгертуді жүзеге асыруға үйрету есепке алынады.
Дегенмен, қазақ ұлттық музыка құралдары арқылы педагогикалық
жоғарғы
оқу орындарының студенттерін интеллектуалды дамытудың үдерісі көп жақты,
ұлттық музыканың интеллектуалдық-дамытушылық әлеуетін жүзеге асырудың
тәсілі тұлғаның интеллектуалдық дамуындағы студенттердің танымдық
қажеттілігіне негізделеді. Қазақ ұлттық музыка құралдары арқылы тұлғаның
интеллектуалдық дамуының ерекшелігіндегі терең білім мен студенттердің
жүйелігінің жоқтығы мақсатқа жетуге кедергі келтіреді. Осыдан келе, біз қазақ
ұлттық музыка құралдары арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының
студенттерін интеллектуалды дамыту тиімділігі
«Қазақ ұлттық музыкасы
арқылы тұлғаның интеллектуалды дамуы» эллективті курсының бағдарламасы
мен базалық және бейіндеуші пәндердегі құрастырылған қосымша курстарды
жүзеге
асыру болып табылады, деген қорытындыға келдік.
Жоғарыда көрсетілгендей, қазақ ұлттық музыка құралдары арқылы
педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттерін интеллектуалды
дамытудың ұйымшылдығы, психологиялық-педагогикалық шарттары белгілі
бір
принциптерді бақылау арқылы жүзеге асырылды. Принциптерді жүйелей
келе, біз принцип түсінігіне сүйене отырып (лат.
Principium – бастапқы,
меңгеру) педагогикалық үдерісті ұйымдастыру талабындағы негізгі ережені
көрсетеді.
Біздің түсінігімізде принцип - қазақ ұлттық музыка құралдары арқылы
педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттерін интеллектуалды
дамыту үдерісіндегі ұйымдастырушылық талапты білдіреді. Білім беруге
қатысты жалпы принцип сараптамасы (В.В.Краевский), музыкалық білім