110
– проблемалық жағдаяттардың шешімін табуды қамтамасыз ету қажет;
– алға қойылған мәселені шешудің болжамы, проблемалық сұрақтарды
дәлелдемелер негізінде жеке қалыптастыруы тиіс.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерін интеллектуалды дамытуды оқу іс-әркеті үдерісінде жүзеге
асыруда проблемалық оқыту технологиясының элементтерін тиімді қолдану
осы дамуда объективті алғышарттар құра отырып болашақ мұғалімдердің
көркем-бейнелік, сыни ойлауын дамытуға, өзіндік жұмыс істеу деңгейін
көтеруге септігін тигізеді.
Біздің зерттеуімізде түсіну шартының маңызы үлкен.
Түсіну шартының мақсаты тұлғалық іс-әрекеттің құндылықтық-
мағыналық салада қалыптасуы мен белсендірілуі негізіндегі тұлғалық-
мағыналық даму болып табылады. Зерттеу барысында біз оқу жағдайларын
түсінуді ұйымдастыруда герменевтика, түсіну феномені, ойлау үдерісінің
мәнін ашу мәселелерін зерттелген философиялық (М.М.Бахтин, т.б.),
психологиялық-педагогикалық (И.Н.Андреева, Л.П.Самойлов және т.б.) [209-
211] еңбектерге сүйендік.
Білім беру үдерісіндегі түсіну шартының ерекшелігі гуманитарлық
ойлауды
дамытады;
субъективтіліктің
танылуы
мен
даралануының
қалыптасуына
мүмкіндік
жасайды;
интеллектуалдық,
эмоционалдық,
эстетикалық және эмпатиялық даму үшін жағдай жасайды; коммуникативтік
дағдылардың дамуына мүмкіндік жасайды және мәтінмен жұмыс істеудің
диалогтық рөлінің маңызын түсіну жатады.Осы тұрғыдан бұл шарттың біздің
зерттеуіміз үшін маңыздылығы артады.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындары
студенттерін интеллектуалды дамытуда түсіну шартына сүйену олардың
ұлттық музыканы терең меңгеруін; кәсіби орнын анықтауға ынтасын
арттыруды; оқу іс-әрекеттегі шығармашылық-ізденесін; педагогикалық
жағдаяттарды құру мен оның шешімін табуды қамтамасыз етеді.
Студенттердің дәстүрлі сыныптық-сабақтақ оқыту үдерісінде көркем-
шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында өзіндік тұлғалық қарым-
қатынасының қалыптасуына байланысты көңіл-күй толқулары сезімін, ішкі
эстетикалық жауап беруге деген талпыныстарын оянады. Олай дейтініміз алға
қойылған міндеттерді шешу студенттерден қарапайым
формальды білімді талап
етіп қана қоймай, өзіндік сезімінің, эмоционалдық қатынасының, ақпаратты
қабылдау тәжірибесі мен базалық білімінің, біліктілігі мен дағдысының болуын
талап етеді. Ал бұл болса, олардың кәсіби-маңызды сапаларының кешенді
қалыптасуына ықпал етеді.
Оқытушының міндеті – студенттердің өнімдік іс-әрекетін ұйымдастыру
мақсатында оның шығармашылық тәуелсіз болуына, өзінің күшіне сенуіне,
өзіс-әрекетінің нәтижесін бағалау мен сезінуіне үйрете отырып, олардың
тұлғалық дамуына жағдай жасау. Демек, педагог қарапайым тәлімгерден
әңгімелесуші, кеңесші, көмекші, бірлескен автор болуға, дос болуға көшеді.