ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет47/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82

101 
 
тұрғысынан  түсіну  қабілетін  жүзеге  асыру  (іс-әрекеттік-рефлексивтік  саласы). 
Сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді қазақ ұлттық 
музыкасы    арқылы  интеллектуалды  дамытудың  өлшемдері,  көрсеткіштері  3- 
кестеде ұсынылған.  
Зертеу  барысында  анықталып,  жоғарыда  мазмұндалған  деңгейлер 
педагогикалық жоғары оқу орны  студенттерін  қазақ ұлттық музыкасы арқылы 
интеллектуалды  дамытуға  бағытталады.  Әрбір  алдыңғы  деңгей  келесі 
байланыстың негізі болып табылатын жоғары деңгейді қамтиды.   
Қорыта  айтқанда,  ұсынылған  модель  маңызды  құндылықтың  негізіндегі 
тірегі болып құрылған  мақсаттық,  мазмұндық,  өлшемдік, ұйымдастырушылық 
және  нәтижелік  блоктардан  тұрады.  Атап  айтқанда,  модельдің  мақсаты  қазақ 
ұлттық  музыкасы  арқылы  студенттердің  интеллектуалды  дамуы  сұранысына 
сәйкес  және  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарындағы  түлектердің 
біліктілігіне  қойылған  талаптарды    ескере  отырып  құрылған.  Мазмұндық 
элементтері  студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың  танымдық,  шығармашылық,  еріктік,  іс-әрекеттік  ерекшеліктерінің 
құндылығын  ескереді.  Өлшемдік,  ұйымдастырушылық  және  нәтижелік 
элементтері  мазмұнды  толықтыру  мен  тікелей  жалғастыру  болып  табылады. 
Модельмен  жұмыс  істеу  үдерісінде    оның  құрылымдық  компоненттері    іс-
әрекеттік құралдары арқылы нақтыланған.   
Зерттеу  барысында  біз  ұсынған  модельдің  тиімділігін  жүзеге  асырудың 
психологиялық-педагогикалық  шартары  айқындалды  және  оның  тиімділігі 
тәжірибелік-эксперимент  жүзінде  тексерілді.    Ол  туралы  келесі  тарауда 
баяндалады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


102 
 
3  СТУДЕНТТЕРДІ  ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ  МУЗЫКАСЫ  АРҚЫЛЫ 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ  ДАМЫТУДЫҢ  ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ 
ЖҰМЫСЫ 
 
3.1  Студенттерді  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудың психологиялық-педагогикалық шарттары 
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының 
студенттерін  интеллектуалды  дамытудың  табыстылығы  оқу  үдерісін 
ұйымдастыру  шарттарын  анықтаудан  талап  етіледі.  Осыған  байланысты  қазақ 
ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындарының 
студенттерін  интеллектуалды  дамытуға  бағытталған  тұтас  «шарттардың» 
түсінігіне мән беру қажет.  
Ғылыми  әдебиеттерде  «шарт»  түсінігіне  деген  әртүрлі  тәсілдер  бар. 
Философиялық  шарттардың  түсінігінің  іске  асуы  үшін  қажетті  кешендік 
құрамдардың байланыстарын дамыту керек [195]. 
Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  «шарт»  түсінігі  әрбір 
объектінің  өзгерісі  мен  дамуы,  қалыптасуы  үшін  қажетті  байланыстар, 
үдерістердің  жиынтығын  қарастырады  (A.B.Растянников,  С.Ю.Степанов, 
Д.В.Ушаков.  және т.б.) [196]. 
Л.А. Рапацкая «шарт» аясында оқу-тәрбиелік үдерістер «субъективтік және 
объективтік  шарттардың»  түсінігі  тұрғысынан  табысты  жүзеге  асатынын 
айтады.  Объективті  шарттар  студенттердің  кәсіби  өсуінің  қажеттілігін 
қалыптастыруға  бағытталған.  Субъективті  шарттар  (базалық,  кәсіби)  өзіндік 
кәсіби  іс-әрекетке  деген    болашақ  мұғалімнің  тұлғалық  қарым-қатынасын 
анықтайды [197].  
Педагогикалық    шарттар  алға  қойылған  міндеттерге  бағытталатын  білім 
беру  саласының  әдістері,  формалары,  объективті  мазмұнның  мүмкіндіктерін 
түсінудің  жиынтығы  болып  табылады.  Дегенмен,  педагогикаға  тек  қана 
педагогикалық  үдерісте  саналы  құрылатын  және  оның  дамуын  тиімді 
қамтамасыз етуді жүзеге асырудың шарттары жатады.  
Болашақ  мұғалімдерді  кәсіби  даярлау  саласын  орындауды  зерттеуде 
бірқатар  педагогикалық  шарттардың  топтары  анықталады.  Олардың  арасында 
В.И.Андреевтің  анықтауынша  дәстүрлі  шарттарға  (оқулықтар,  бағдарламалар 
және  т.б.)    педагогикалық  іс-әрекетті  үлгілеу,  оқытылатын  материалдардың 
ерекшелігі мен мазмұнына қатысты кешендік әдістер мен формалар ұсынылады  
[198].  М.И.Дьяченко  болашақтағы  мұғалімдердің  даярлығындағы  шарттарды, 
студенттердің  танымдық  ерекшеліктеріне  қажеттілікті  –  санасы,  қиялы,  ойын 
және  т.б.,  мотивациялық,  эмоционалдық-еріктік  саласын;  педагогикалық 
эмпатияның қалыптастыру, коммуникативтік және қарым-қатынас мәдениетін, 
өзін-өзі  бақылау  және  өзін-өзі  жетілдірудегі  өзіндік  қызметіндегі  қабілеттерді 
бөліп көрсетеді [199]. 
Болашақ  музыкалық  мұғалімдердің  кәсіби  мәдениетін  дамытуға,  олардың 
осы мамандыққа деген мотивациясын дамытуға байланысты өз ерекшеліктеріне 


103 
 
ие  екендігін  көрсетеді.  Кәсіби  музыканың  тиімділігі  үздіксіз  музыкалық  және 
педагогикалық біліммен анықталған кәсіби құзыреттіліктен талап етіледі [200]. 
Р.Ш.Сыдыкова    және  т.б.  ғалымдар  өзінің  зерттеу  пәніне  қатысты 
шығармашылықтық шартты құруды ұсынады (жалпы шартты іздестіру, өзіндік 
тәсілдерге  ынталандыру  мен  көтермелеу,  бірегей  ұсыныстар,  студенттерді 
шығармашылық 
қызметке 
белсенді 
араластыру, 
оқытушылар 
мен 
студенттердың ынтымақтастығы және т.б.) [201]. 
Психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерді 
теориялық 
талдау 
көрсеткендей  кәсіби  білім  берудің  тиімді  бағытының  ерекшелігі  студенттің 
белсенді  орын  алуы  мен  оқу  іс-әрекетінің  субъектілік  мәнін  жан-жақты  ашу, 
білім  беру  үдерісіндегі  (оқытушылық,  тәрбиелеушілік  және  дамытушылық) 
негізгі кешендік іс-әрекетті тұтастай жүзеге асыруға болатын ғылыми негіздегі 
педагогикалық шарттарды құру болып табылады.   
В.А.Сластенинның  пікірінше,  психологиялық-педагогикалық  үдерістің 
мақсаты ретінде дамыту субъектінің белгілі бір психологиялық сапаларына ие 
бола  отырып  өзіндік  іс-әрекетіндегі  барлық  психологиялық  құрылымдар  үшін 
оңтайлы шарттарды қамтамасыз ету мен құрудан тұрады: қажеттілігі, ынтасы, 
қызметі, мақсаты, ойы, қайғысы [202]. Біз  П.И.Пидкасистый тұлғалық сапада 
қалыптасу  жағдайындағы  сыртқы  шарттар  ішкі  мазмұнға  жүгінеді  деген 
көзқарастарға  сүйенеді.  Сыртқы  шарттар  даму  ортасына  қарай  болашақ 
мұғалімдерді  даярлауды  жүзеге  асыруға  бағытталады.  Ішкі  шарттар 
студенттің  психологиялық  қызметінің  қайнар  көзі  мен  басқа  психологиялық 
ерекшеліктің қабілетіндегі тұлғаның бағыттылығына ие [203].  
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының 
студенттерін  интеллектуалды  дамытудың  біртұтас  үдерісін  ұйымдастыруда 
студенттердің тұлғалық даму заңдылықтарын ескере отырып шарттарды құруда 
тұлғаның  сапалық  ерекшелігіндегі  маңызына  тоқталдық.  Қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы  оқу  орындарының  студенттерін 
интеллектуалды  дамытудың  психологиялық-педагогикалық  шарттары  ұлттық 
музыка  құралдары  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамытудың  сапасын 
зерттеудегі құрылымның дамуына әсер ете отырып ішкі шарттарды құрайды.   
Кәсіби-педагогикалық  іс-әрекеттің  өзіндік  тәжірибесі  мен  теориялық 
сараптамасы  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  педагогикалық  жоғарғы  оқу 
орындарының  студенттерінің  интеллектуалды  дамуын  қамтамасыз  ететін 
кешендік  шарттарды  анықтауға  мүмкіндік  берді  –  психологиялық-
педагогикалық  шарттар:    оқу-тәрбие  үдерісінде  студенттердің  субъектілік 
орнын  қамтамасыз  ету;  студенттерді  жеке  іс-әрекетке  қатыстыру;  оң 
интеллектуалдық-дамытушылық  орта  мен  жағымды  психологиялық  климат 
құру; қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың 
әдістері,  формалары,  технологияларын  белсенді  қолдану;  қазақ    ұлттық 
музыкасы  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың  өзіне  тән 
ерекшеліктерін ескеру.   
Жоғарыда көрсетілген әрбір шарттарды қарастырайық.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау