107
кәсіби мәнді сапаларының да тұрақты дамуына ықпал етеді. Ал бұл болса,
аталған дамыту үдерісінің студенттердің кәсіби даярлығында тиімділігін
көрсетеді.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамытуда
оң интеллектуалдық-дамытушылық орта мен жағымды психологиялық
климат құру олардың осы саладан деңгейінің көтерілуіне тиімді ықпал етеді.
Олай дейтініміз интеллектуалдық-дамушылық орта мен психологиялық
жайлылық
біріктірілген
шығармашылық
атмосфера
студенттің
шығармашылық шабытындағы күйдің тұлғалық эмоционалдық саласын
белсендіреді; адамгершілік-эстетикалық қызығушылығын арттырады; қазақ
ұлттық музыкалық шығармашылығын тұлғаны интеллектуалды дамыту
тұрғысынан ұғынуға қажеттіліктерін ынталандырады; оқу-шығармашылық іс-
әрекеттің нәтижесін бағалау мен рефлексиялық дамуға алып келеді.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының
студенттерін интеллектуалды дамыту оларға оң эмоциялық қатынастың
болуынан талап етіледі. Эмоционалдық оқытуды қамтамасыз ету педагогтар
мен студенттердің қарым-қатынасында оң эмоционалдық жағдайды
қалыптастырумен,
тілдік
қарым-қатынастардың,
оқыту
мазмұнының
эмоционалдық толығу деңгейімен ерекшеленеді. Педагогтың студентке
эмоционалдық әсер етуі оның оқу материалдарын тиімді меңгертуге ықпал
жасайды.
Эмоционалдық оқытуды қамтамасыз ету болашақ мұғалімнің өзіндік
эмоционалдық күйіне талдау жасау қабілетін дамытудың, өзінің мінез-
құлықтық ықпалының болуының, психологиялық күйзеліске талдау
жасауының, эмоционалдық жайлылықты қалпына келтірудің, өзінің орнын
түсінудің маңыздылығын арттырады. Студент өзінің іс-әрекетін түсінген
уақытта, оның оған қаншалықты қажет екендігін сезінген жағдайда, белгілі бір
қызығушылық пен тұлғалық байланысы қалыптасады.
Оқу іс-әрекетінің үдерісінде оқытудың эмоционалдық жағына назар
аудару керек. Өйткені осы қатынас оқытудың барлық
тараптарындағы тиімді іс-
әрекетті дамытуда жетекші орынды иеленеді. Эмоционалдық аспект қазақ
ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының
студенттерін интеллектуалды дамыту болып табылады. Эмоционалдық -
қиындықты еңсеру қабілеті мен алдағы қызығушылық жаңа білімді меңгерудегі
еріктік сападан талап етіледі. Қиыншылықты еңсеруді үйренген студент ұзақ іс-
әрекеттің қорытындысындағы оң эмоцияларды байланыстыра алады. Оқу
барысында студенттің эмоционалдық үдерісін қамтамасыз ету оның өз
қабілетіне сенуін, өзінің күшіне деген сенімділікті қалыптастырады.
Қазіргі заманауи мектептегі инновациялық үдерістерді жүзеге асыру
мақсатында болашақ мұғалімдерді оқытуды музыкалық-педагогикалық
тұрғыдан қамтамасыз ету арқылы қоғамдық моральды жақсарту, жастардың
эмоционалдық және эстетикалық мәдениетін көтеру, патриоттық сезімдерін
арттыру қарастырылады [206].