93
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытудың қорытынды кезеңі болашақ
мұғалімдердің жеке іс-әрекетіне тиісті тәжірибесін қалыптастыру жүзеге
асырылады. Осы кезең жұмысы кәсіби-мәнді тұлғалық сапаларды
қалыптастыруға бағытталады. Мұнда оқытушы негізінен бақылаушылық
қызмет атқарады, ал студент оқу іс-әрекетінің жоғары формасы болып
табылатын өзіндік жұмысты іске асырады. Егер студенттің өз іс-әрекетін
дұрыс бағдарлай алатын қабілеті қалыптасса, онда ол өзінің қызметін өзгерте
отырып талап етілген тиісті нәтижеге қол жеткізе алады. Ал бұл болса, оның
интеллектуалды дамуының көрсеткішін көрсетеді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытудың барлық құрылымдық кешені тұтас
педагогикалық үдерісте кезең-кезеңімен қалыптасады. Алайда, осы әрбір
кезеңнің үдерісі басым мақсаттар мен міндеттердің қызметіндегі ынтаны
түсіну, алдымен ынталандыру кешеніне бағытталады. Педагогикалық жоғары
оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды
дамытудың моделін жасау үшін тұлғалық-бағдарлық білім беру кеңістігін құру
қажет.
Өйткені, студенттерді қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды
дамыту үдерісі олардың кәсіби даярлығын жүзеге асырумен қатар жүреді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді қазақ ұлттық
музыкасы арқылы интеллектуалды дамытудың деңгейі біздің көрсеткен
белгілер арқылы жүзеге асады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ
ұлттық музыкасы арқылы болашақ мұғалімдердің интеллектуалды дамуының
көрсеткіштері қатарында төмендегілер қамтылады:
- студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуын
қажетсінуі,
қызығушылығының,
ынтасының
болуы
(қажеттілік-
ынталандырушылық компонент);
- болашақ кәсіби іс-әрекетте қазақ ұлттық музыкасын тұлғаны
интеллектуалды дамыту мақсатында қолдануға білімінің болуы (когнитивтік
компонент);
- мақсатқа жетудің дербестігі мен табандылығы (эмоционалды-
құндылықтық компонент);
- тұлғаны интеллектуалды дамытуда қазақ ұлттық музыкасының әлеуетін
пайдалану қабілеті, қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуын
өзін-өзі бағалауы, өзінің іс-әрекетіне талдау жасау деңгейі (іс-әрекеттік-
рефлексивтік компонент).
Болашақ музыка пәні мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті мен біліктілік
ерекшелігіне қойылатын білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере
отырып әрбір компонентті қарастыруда қазақ ұлттық музыкасы арқылы
болашақ мұғалімнің интеллектуалды дамуының өлшемдерін, көрсеткіші мен
деңгейін анықтаймыз.
Қажеттілік-ынталандырушылық компонент мұғалімді қазақ ұлттық
музыка саласындағы іс-әрекетке ынталандыруды, кәсіби-педагогикалық және
94
танымдық бағыттағы әлеуметтік-адамгершілік, тұлғалық бағыттағы дамуға
қызығушылығын арттыруды қамтиды. Ынта – бір жағынан адамның мінез-
құлқы анықтайтын факторы (қажеттілік, ынта, мақсат, ниет), екінші жағынан –
белгілі бір деңгейдегі мінез-құлықты ынталандыратын белсенді үдеріс. Осыдан,
іс-әрекетті ынталандыру оның тиімділігі мен ерекшелігінен талап етіледі. Ынта
оның тұлғалық мақсатын анықтауға арналған іс-әрекетке бағытталады және
оның түркісі болады, ал ынтадағы түркі болатын дерек көзі қажеттілік болып
табылады.
Болашақ мұғалімнің іс-әркетін үздіксіз қарқынды зерттеуге байланысты
танымдық сипаттағы ынталандыру күйінің ерекшелігі «қызығушылық» деп
аталады. Меңгерілген жаңа білім, білік және дағдының даму қабілеті,
қызығушылықты қамтитын оң эмоционалдық күй болып табылады. Қазақ
ұлттық
музыкасы
арқылы
тұлғаның
интеллектуалды
дамуындағы
қызығушылықты қанағаттандыру үшін жаңа, терең және кең қызығушылықтар
пайда болуы тиіс.
Когнитивтік компонент қазақ ұлттық музыка саласын меңгерудегі ойлау
қызметінің білімі мен тәсілдері; шығармашылық тәжірибеде жинақталған
ұлттық музыканың көлемі мен деңгейі; қазақ ұлттық музыка саласын білімінің
толықтығы мен сауаттылығы, құзіреттілігі.
Зерттеуде көрсеткендей, барлық алынған ақпарат білім болуы мүмкін емес.
Тиісті жағдайдың туындауында пайда болатын белгілі бір ақпаратты
түсінгенде ғана тұлғаның өткен тәжірибесінде қалыптасқан ақпараттар білім
бола алады. Ақпараттардың ерекшелігі білімнің көлемі болып қана қоймай,
оның кәсіби қызметінің жағдайына сәйкестілігінен талап етіледі. Сонымен
қатар болашақ мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық және жалпы
мәдени білімінің, арнайы музыкалық кәсіби білімнің кешені болуы тиіс.
Олардың қатарында ұлттық музыкалық таным мен ойлаудың теориялық
негіздерін; халықтың музыкалық педагогикасы мен ұлттық музыканың
теориясы және тарихын; ұлттық музыканың тағылымдық негіздерін,
фольклорлық, дирижерлық хордың әдістері мен халық аспаптарында ойнаудың
әдіс-тәсілдерін және т.б. атауға болады.
Эмоционалдық-құндылықтық
компонент
сезім
(эмоционалдық
ықыластылық, көңіл күй толқушылық және т.б.), қазақ ұлттық музыкасына
жағымды эмоционалдық-құндылықтық қатынасты қалыптастыру; олардың
танымдық құндылығын шығармашылық-іс-әрекеттік тұрғыдан қабылдау мен
меңгеру; қазақ ұлттық музыкасын қабылдау үдерісіндегі тұлғалық-
құндылықтық сапаны белсендіру; қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғалық
бағыттағы эмоционалдық-құндылықты ашу және тұлғаны интеллектуалды
дамыту құрылымы.
Ю.Б.Алиев, Л.Г.Арчажникова, Э.Б.Абдуллин және басқа да ғалымдардың
зерттеулеріне сүйене отырып қазақ ұлттық музыкасы арқылы болашақ
мұғалімдерді тұлғалық интеллектуалды дамытудың музыкалық іс-әрекетіндегі
барлық формасының жалпы психологиялық әсер-ықпалына, жағдайына мән
береміз. Ұлттық музыкалық шығармаларды қабылдау – адамның сыртқы
Достарыңызбен бөлісу: |