ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет46/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82

99 
 
бағалау  мен  ұғынуда,  әртүрлі  халықтардың  ұлттық  музыкасына  деген  мектеп 
оқушыларының  қызығушылығын  оятуда  шығармашалық  бастамашылдықды 
көрсете алмайды; 
–қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды    дамыту 
принциптерін, 
құрылымдарының 
мәнін 
ішінара 
біледі; 
тұлғаның 
интеллектуалдық  дамуындағы  ұлттық  музыка  туралы  жеткілікті  білмейді; 
кәсіби  музыканың  әртүрлі  жанрындағы  композиторлардың  жүзеге  асыратын 
әдістерін,  ұлттық  музыка  жанрын  жіктеуді,  музыкалық  мәнерліктің 
құралдарын,  даму  кезеңдері  мен  шығу  тарихын,  ұлттық  музыка  құралдары 
арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамытудың  тиімді  әдістерін  және  оны 
диагностикалау  әдістерін  жетік  білмейді;  өзінің  кәсіби  іс-әрекетін  жүзеге 
асырудағы  ниеті  мен  белсенділігінің  болмауынан  қазақ  ұлттық  музыкасы 
арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытудың маңыздылығын мәселесін  дұрыс 
түсінбейді; қазақ ұлттық музыкасының жеке түрлерін білуге дербес талпынады; 
қазақ  ұлттық  музыкасынан  эмоционалдық  әсер  алуға  ұмтылады,  алайда  қазақ 
ұлттық  музыкасының  тұлғаның  интеллектуалдық  дамуындағы  әлеуетін  дұрыс 
түсіне қоймаған; 
–  қазақ  ұлттық  музыка  құралдарын  қолдануға  ынтасы  жоқ,  қазақ  ұлттық 
музыка  құралдарын  кейбір  іс-әрекетінде  пайдаланады  және    нәтижесін 
бағалайды; қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытуға 
бағытталған кейбір қабілет пен дағдыларға ие.         
Төмен деңгей: 
 болашақ мұғалімдерді қазақ  ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды 
дамыту  ерекшеліктерінен  хабары  бар,  алайда  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
тұлғаны  интеллектуалды  дамытудың  мәнін  түсінбейді.  Осы  деңгейдегі 
студенттерде  интеллектуалды  дамудың  құралы  тұрғысынан  ұлттық  музыканы 
меңгеруге  деген  қажеттілік  пен  қызығушылық  жоқ,  қоғамның  қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  интеллектуалды  дамуына  үлес  қосуға  ынтасы  жоқ;  өзінің 
болашақ  кәсіби  қызметінде  қазақ  ұлттық  музыкасын  қолдануға  ниеті  жоқ; 
әртүрлі  халықтардың  музыкалық  шығармашылығындағы  дәстүрдің  ұлттық 
ерекшелігіне  мән  бермейді;    мектеп  оқушыларының  әртүрлі  халықтардың 
музыкасына  қызығушылығын  дамытуға  шығармашылық  бастамашылдық 
танытпайды;  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  өзін  жеке  интеллектуалды 
дамытуға талпынбайды;  
–  ұлттық  музыканы  дамытудың  кезеңдері  мен  шығу  тарихы  туралы 
білімге,  музыкалық  мәнерлік  құралдарына,  жанрлардың  жіктелуіне,  кәсіби 
музыкадағы  әртүрлі  композиторлық  жанрдың  қолданылу  әдістеріне,  тұлғаның 
интеллектуалды  даму  мүмкіндігіне  ие;  алайда  төл  музыкалық-мәдениеттің 
эмоционалдық-құндылықтық білім, білік, дағдысын меңгермеген; қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды  дамыту  үшін  қажетті  тәжірибелік 
қабілет  пен  дағдыларға  ие  емес,  әртүрлі  ұлттық  музыка  дәстүріндегі  мектеп 
оқушыларын музыкаға қызықтыра алмайды, сондай-ақ қазақ ұлттық музыкалық 
шығармасын эмоционалдық тұрғыдан  орындай алмайды, тиісті сабақ мазмұны 


100 
 
мен сыныптан тыс іс-шараларда қазақ ұлттық музыка материалдарын таңдауға 
қиналады.  
Сонымен,  зерттеудің  сараптамасында  көрсеткендей,  кейбір  құрамдар  осы 
жүйе  үшін  ерекше  болып  келеді:  тұтастық  (қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы 
тұлғаны интеллектуалды дамытуға бағытталған бірыңғай құрылымдық кешенді 
ұсынады);  динамикалық  (қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  мұғалімдердің 
интеллектуалды  дамуын  жүзеге  асыруда  бір  (төменнен)  деңгейден    басқа 
(жоғары) дейгейге  көшуі байқалады; интеллектуалды дамытудың арасындағы 
өзара  байланыс  пен  өзара  қызмет  (қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  болашақ 
мұғалімдердің  интеллектуалды  дамуының  нәтижелі  болуы    оның  кәсіби 
даярлығындағы жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік (арнайы)  
құрамдарының 
дамуынан 
талап 
етіледі. 
Болашақ 
мұғалімдердің 
интеллектуалды  дамуы  этножекеленушілік  және  этнокіріктірушілік  мәдениет 
арқылы  этникалық  әлеуметтік  мәдени  ортада  жүзеге  асады.  Демек,  аталған 
үдеріс  қазақ  халқының  музыкалық  тілі,  ділі,  ұлттық  музыкалық  және 
этнопсихологиялық ерекшеліктердегі көзқарастар, өзін-өзі тану және т.б.сәйкес 
дамиды.       
Жоғарыда  айтылып  теориялық  негіздер    біріншіден,    қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудағы  басты  мақсатты 
олардың  көркем-бейнелі  ойлауы  мен  интеллектуалдық  қабілеттерін  дамыту  
тұрғысынан  анықтауға  мүмкіндік  береді.    Екіншіден,  студенттердің  оқу  іс-
әрекетін  бағалау  өлшемдерін  өзгертеді,  олай  дейтініміз  олар  қазақ  ұлттық 
музыка саласын меңгерудегі біліміне ғана емес,    қазақ  ұлттық музыкасының  
эмоционалдық-құндылықтық  аясында  жеке  интеллектуалдық  іс-әрекетті  игеру 
деңгейіне қарай да бағаланады. Үшіншіден, қазақ ұлттық музыкасын түсінудегі 
эмоционалдық-құндылықтық  және  көркем-бейнелі  ойлаудың  тәжірибесін 
игеруі,  оның  тұлғаның  интеллектуалдық  даму  деңгейін  ерекшелейтін 
инновациялық  технологияларды  тиімді  қолдану  деңгейін  шынайы  бағалауға 
мүмкіндік жасайды.   
Осының  барлығы  студенттердің  интеллектуалды  дамуының  факторы 
тұрғысынан  қазақ  ұлттық  музыкасын  меңгертуге  мүмкіндігі  кең    жоғары  оқу 
орнының  оқу-тәрбие  үдерісінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  келесі  бөлімде 
қарастырылады.  
Сонымен,  біз  B.C.Ильиннің  ғылыми  зерттеуі  негізінде  зерттеу  моделінің 
жалпы  деңгейін  әзірлеуде  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  қазақ 
ұлттық  музыкасы    арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың  үш 
деңгейін анықтадық – төмен, орташа, жоғары [194]. Педагогикалық жоғары оқу 
орындарында  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  студенттерді  интеллектуалды 
дамытудың  төменгі  деңгейінің  өлшемінен    жоғары  деңгейге  өтуде  мынадай 
көріністер  байқалады:қазақ    ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытуды  белгілеу  (ынталандыру  саласы);  қазақ  ұлттық  музыка  саласынан 
және  оның  тұлғаны  интеллектуалды  дамытудағы  мүмкіндіктері  бойынша  
білімі  (когнитивті  саласы);  еріктік  көріністері  (эмоционалдық-құндылықтық 
саласы);  қазақ  ұлттық  музыкасын  тұлғаны  интеллектуалды  дамудың  құралы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау