ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет44/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82

95 
 
ортасындағы эмоционалдық-интеллектуалдық бейнесі мен оның ұлттық музыка 
құндылығындағы өзара байлысының реттеушісі болып табылады. Қазақ ұлттық 
музыкасы  арқылы іс-әрекетті жүзеге асыруда мұғалімдер белгілі бір этностың 
сапасын  тұлға  бойында  дамытуға  мүмкіндік  алады.    Оларға  отанға,  табиғатқа 
сүйіспеншілік,  ұлттық  музыкалық  шығармаға  жағымды  көзқарас,  ұлттық 
музыкадағы  салт-дәстүрлерге  құрмет,  халықтың  рухани  құндылығын  бағалау 
жатады. Осы сапалардың болашақ мұғалімдердің бойынан табылу тиістігі мен 
қазақ  ұлттық  музыкасының  эмоционалдық  бейнесі  мен  тағылымдық 
мүмкіндіктерін  байланыстыру біздің зерттеуіміздің маңызы болып табылады.   
Осыны  негізге  ала  отырып,  қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  студенттерді 
интеллектуалды 
дамытудың 
эмоционалдық-құндылықтық 
компонент 
өлшемдерін мен көрсеткіштерін анықтадық.   
Іс-әрекеттік-рефлексивтік  компонент    қазақ  ұлттық  музыкасындағы  
құндылықты  сақтау  мен  дамытуға  ықпал  ететін  және  осы  саладан  игерген 
білімдерін  өз  тәжірибесінде    пайдалану  қабілеті,  педагогикалық  тәжірибеде 
ұлттық музыканы қолданудың ерекшілігі болып табылады.  
Қабілет пен дағдының жиынтығы белгілі бір білімнің өзгерісіндегі немесе 
жаңа  жағдайдың  аясында  жүзеге  асатын  белгілі  бір  іс-әреккетті  жүзеге 
асырудағы  тұлғалық  қабілет  ретінде  түсіндіріледі.  Білім,  білік,  дағды  өзара 
тығыз  байланыста  дамиды.  Мәселен,  білім  біліктілікті  қалыптастыру  үшін 
қызмет етсе, ал білік өзінің кезегінде біртіндеп дағдыға айналады, ал дағды көп 
рет қайталаудан автоматтандыруға жеткенге дейінгі іс-әрекетті атқарады. Білім 
беру  бағдарламасының  талабына  сәйкес  жаңа  буын,  музыка  пәнінің  мұғалімі 
келесі  қабілетке  ие  болуы  тиіс:  жалпы  мәдени  және  психологиялық-
педагогикалық  білім  беру  жүйесін  қолдана  алу;  оқу-тәрбие  үдерісіне  ұлттық 
музыканың  бейнесі  мен  құндылығын  енгізу;  педагогикалық  этика, 
педагогикалық  қарым-қатынас  жасау  қабілетіне  ие  болу;  сыныптан  тыс 
музыкалық  іс-әрекетті  ұйымдастыра  білу;  білім  алушыларды  музыкалық 
дамыту, музыкалық қабілетті анықтайтын әдістемелерді білу; фольклорлық іс-
әрекет,  дирижорлық  хор  әдістерін,  аспаптық  әдістерді  қолдану;  білім 
алушыларды  музыкалық  тәрбиелеу  әдістерін  білу    мен  дағдысының    болуы 
және т.б.       
Пәндік даярлықтың талаптары кәсіби деңгейде музыкалық шығармаларды 
орындау қабілетін; ансамбльде, хор ұжымында ән айту қабілетін; дирижерлық, 
вокальдық, аспаптың көмегімен шығарманың көркем бейнесінің мәнін ашуын; 
музыкалық шығарманы дербес көркем бейнеде сараптаудың қабілетін қамтиды.     
Сонымен,  жоғарыда  көрсетілген  компоненттер  қазақ  ұлттық  музыкасы 
арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың  құрамын  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Оның  құрамына  музыка  пәні  мұғалімінің  кәсіби  іс-әрекетті 
табысты жүзеге асыруына арналған қажетті жағдайларды құру; музыка пәнінің 
мұғаліміне  тиісті  тұлғалық  сапа,  кәсіби,  психологиялық  және  тұлғалық 
ерекшеліктерді  қалыптастыруға  қойылатын  кәсіби  талап  жүйесі;  қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  тұлғаның  интеллектуалды  дамуын  арнайы  ұйымдастыру 
үдерісінің нәтижесі кіреді.  


96 
 
О.А.Абдуллинаның  тұжырымдарының  негізінде    біз  қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың  үш  деңгейін 
анықтау  барысында  осы  дамудың  толықтылық,  сапалық  және  қарқындылық 
көрсеткіштерін ескердік. Олар қазақ  ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды 
дамытуды  жүзеге  асыру  әдістемесінің  тиімділігін  ерекшелейтін  жоғары 
(оңтайлы)  деңгейді  қамтиды.  Аталған  көрсеткіштердің  осы  даму  үдеріснде 
жетерліктей сапада жүзеге асуы орта (жеткілікті) деңгейді көрсетеді [193].    
Осы  дамуды  жүзеге  асырудың  әдістемелік  есептеуін  жүргізуде 
жоғарыдағы  көрсеткіштердің  ішінара  ғана  қатысуы  қазақ  ұлттық  музыкасы 
арқылы  студенттердің  интеллектуалды  дамуының  төменгі  (жеткіліксіз) 
дейгейін көрсетеді. Әрбір деңгейдің ерекшелігі 3-кестеде ұсынылған.    
 
Кесте  3  –  Қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  студенттердің  интеллектуалды 
дамуының өлшемдері мен көрсеткіштері  
 
Компон
енттер 
Өлшемдер 
Көрсеткіштер 



Қ
аже
тт
ілі
к-
ын
тала
ндырушылы
қ 
Қазақ 
ұлттық 
музыкасы  арқылы 
интеллектуалды 
дамуға 
ынтасы, 
қажеттілігі,  тікелей 
қызығушылығы 
 
Қазақ  ұлттық  музыкасына  қызығушылығы  мен 
қажеттілігі; 
қазақ 
ұлттық 
музыкасы 
арқылы 
интеллектуалды 
 
тұрғыда 
өзін-өзі 
дамытуға 
студенттермен бірге дамытуға талпынысы; қазақ ұлттық 
музыкасына  қызығушылығын  интеллектуалды  дамуда 
жүзеге  асыру  қажеттілігі;    қоғамның  инттелектуалдық 
әлеуетін  дамытуға,  қазақ  ұлттық  музыкасы    арқылы 
өзінің  іс-әрекетін,  туған  елінің  салтын,  дәстүрлі  ұлттық 
музыкасын  дамытуға  танымдық  қызығушылығы  және 
т.б. 
К
огн
ити
вті
к 
Қазақ 
ұлттық 
музыка 
саласындағы 
теориялық 
білімі 
мен 
тұлғаны 
интеллектуалды 
дамытудың 
құралдарын 
меңгеруі 
 
Қазақ  ұлттық  музыкасы  мазмұнындағы  динамикалық 
ақыл-ой  операциясы  (талдау,  сараптау,  салыстыру, 
жалпылау, топтастыру);  қазақ ұлттық музыкасы арқылы 
тұлғаның  интеллектуалды  дамуының  әдіснамалық 
негіздері  мен    принциптерін  білуі;  қазақ  ұлттық 
музыкасының    мазмұны,  даму  кезеңі,  музыкалық 
мәнерлеу құралдары, жанрлық жіктемесі, оның тұлғаны 
интеллектуалды  дамытудағы  мүмкіндіктері  туралы 
білімінің  толықтығы;  қазақ  ұлттық  музыкасы    арқылы 
тұлғаны  интеллектуалды  дамытудың  диагностикасын, 
тиімді  әдістерін,  әдістемесін  білуі;  әртүрлі  ұлттардың 
ұлттық музыкасын түсіну мен жетекші ойларын анықтай 
алуы және т.б.   
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау