ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82

40 
 
ерекшеленеді.  Кәсіптік  ойлау  термині  кәсіптік  міндеттердің  шешімін  сапалы 
және  жылдам  көрсететін  мамандардың  ойлау  ерекшелігі  тұрғысынан 
анықталады:  жылдамдық,  дәлдік,  дербестік,  тәуелсіздік,  бірегейлік  және  ең 
бастысы  -  жүйелі  ойлауды  қалыптастыру  (дербестік,  шығармашылық 
міндеттерді  меңгеруге  байланысты  әртүрлі  шешім  мен  орнын  зерттеудің 
ерекшелігін көрсетеді) [84]. Музыка саласындағы кәсіптік ойлау кәсіптік білім 
беру мен музыкалық ойлаудың кіріктірілуімен  түсіндіріледі. Л.Г.Арчажникова 
музыкалық  ойлаудың  негізін  көрермендердің  көзқарасымен,  музыкалық-
қозғалыстық, 
музыкалық-естуге 
бағытталған 
музыкалық-тыңдау 
іс-
әрекеттерімен байланыстырады[85]. 
Осы  айтылғандар,  студенттің  интеллектуалды  дамуын  оның  танымдық 
қабілетін,  шығармашылық  іс-әрекетін  дамытумен  байланыстыра  қарастыру 
қажеттігін  көрсетеді.  Сондықтан,  ұлттық  музыканың  негізі  –  студенттердің 
шығармашылық  қабілетін  жүзеге  асыру  үдерісіндегі  шығармашылық  ойлау  
ерекшелігімен  тікелей  байланыста  зерттеледі  (Н.Ю.Посталюк,    Д.В.Ушаков, 
А.В.Брушлинский,  Библер  В.С.)  [86-89].  Олардың  ішінде  B.C.Библер 
шығармашылық ойлаудың белгілерін толық анықтаған: 
–  зияткерлік шығармашылық бастамашылдық іс-әрекеттің тікелей талабы 
мен міндеті аясында жүзеге асады;     
–  «ассоциативті  қатардың  кеңдігі»  жаңа  функционалдық  немесе 
тасымалданатын мәндегі пәндердің қолданылуы; 
–  «жылдам» ойлау әртүрлі және терең ойдың бірлестігі; 
–  «икемділік» ойлау бір шешімнің басқа шешімге, бір категориядан басқа 
категорияға жылдам өту қабілеті; 
–  ойлаудың  түпнұсқалығы  мәселенің  шешімін  дербес  ойластырудан 
тұрады [89, б. 23-29]. 
Музыкалық  ойлау  мәселесі  қазақстандық  ғалымдардың  еңбектерінде  де 
қалыс  қалмаған.  Соның  ішінде  соңғы  еңбектерді  қарастырсақ,  Ж.Абельтаева 
шығармашылық  ойлаудың  ерекшелігін  анықтаған:  а)  шығармашылық  ойлау 
зияткерлік  сападағы  топқа  сүйенеді  (шығарамашылық  бастама,  дербестік, 
эвристикалық,  икемділік);  б)  өнімнің  қызметіне  қарай  ерекшеленеді: 
нәтижесінде  жаңа  және  түпнұсқалы  өнімді  еңбек  пайда  болады;  в)  үлгілеу 
қабілетіне қарай бір мәселенің шешімінен басқа мәселеге көшу жүзеге асады; г) 
дәстүрлі  тәсілде  тапқырлық,  дербестігін  танытуда  рефлексиялық  қабілет 
маңызды [90, б. 76]. 
Музыкант-педагог А.Ж.Калиева өзінің зерттеуінде  музыканттардың ойлау 
түрлерін былайша жүйелейді: 
абстрактілі  ойлау  –  жекелеген  пәндердің  құрамындағы  дербес  объектіге 
айналдыру мен ойша есептеуге мүмкіндік жасайды (тыңдау сараптамасы);   
 
амбивалентті  ойлау  –  өзара  байланысқан  ойларды  бірдей  түсіну  қабілеті 
(әртүрлі түсіндірмелердегі бір шығарма); 
сараптамалық  ойлау  –  түсінік  пен  пайымдауды  деңгейі  бойынша  тұтас 
ойша  бөлуге  мүмкіндік  жасайды.  Сараптамалық  ойлау  маңызды  және 


41 
 
маңызсыз,  күрделіні  қарапайымға  өткізуге  мүмкіндік  береді  (музыкалық 
шығарманы талдау); 
визуалды  ойлау  –  мәнді  көрінетіндей  ететін  жаңа  ішкі  бейнедегі  өнімнің 
ойлау түрлері болып табылады (шығарма жазу); 
дивергентті  ойлау  –  сол  немесе  басқа  міндеттердің  әртүрлі  өзіндік 
шешімін табуға жетелеу қабілеті (үйлестіру, өңдеу, өленді түрлендіру); 
дискуссиялық  ойлау  –  алдыңғы  ойлардағы  жаңа  логикалық  ойлардың 
жалғасы болатын сөздік логикалық ойлау (сыни шығармаларды жазу); 
интуитивті  ойлау  –  Канттың  білімі  бойынша  «пайымдау»  жолын  ашу, 
логикалық 
және 
сараптамалық 
дәлелдемелерге 
қатысынсыз 
ішкі 
бағыттылықтың шынайы жолына эвристикалық үдеріс арқылы жету (шығарма, 
суырып салмалық, шығарманы орындау);     
сыни  ойлау  –  логикалық  көзқарас  бойынша  ақпаратты  сараптау  қабілеті, 
сыни  ойлау  –  бұл  дегеніміз  өзінің  орнын  дәлелдеу,  өзін-өзін  бағалауға  сай 
қабілетіне талпыну (сыни шығармаларды жазу, шығарманы сараптау); 
конвергентті ойлау – жалғыз бір ғана шешім табатын қабілет (музыкалық 
бақылау жазу);  
латералды ойлау – шығармашылық ойлау түріне жатады. «Шаблонды емес 
ойлау»  тікелей  танылатын  объектінің  жанама  объектіге  айналуы  арқылы 
анықтауға болатын кең таралған назардың негізі (шығарма құрастыру); 
шығармашылық  ойлау  –  кез-келген  субъективті  және  объективті  өнімді 
құру (шығарма, импровизация) [91].    
Көріп 
отырғанымыздай, 
ұлттық 
музыканы 
меңгеру 
үдерісі  
композиторлардың  ойларын  шығармашылық-бейнелі  түрде  ашу  ойлаудың 
логикалық  түрлеріне  байланысты  кешендік  ойлауға    (сараптамалық  мәтінді 
талдау),  көрнекілік-бейнелік  (шығарамашылық-бейнелі  мазмұнды  салыстыру-
салғастыру)  және  ойлаудың  көрнекілік-іс-әрекеттік  түрлеріне  (тәжірибелік 
қызметтегі орындаушылық жоспарды жүзеге асыру) сүйенеді. Осылайша, бұл 
музыкалық  ойлаудың  түрлерін  тұтас  ойлаудағы  маңызды  сапалық  қасиетін 
дәлелдеуге мүмкіндік береді.   
 «Бейнелі  ойлау»  мен  «ойлау  түсінігі»  –  бұл  қоршаған  ортадағы  екі 
қосалқы қарым-қатынас. Түсінікті-логикалық ойлауда шығармашылық-бейнелі 
танымға  қатысты  әртүрлі  түрлері  бар.  Адам  барлық  танымның  бірыңғай  іс-
әрекетін ұсынатын тұтас ойлаудағы екі «ойлауға» ие бола алмайды [92].
 
Ұлттық  музыканы  меңгеру  үдерісіндегі  мұғалімдердің  ойлау  түсінігін 
ойша  жалпылауда  мұғалімдердің  ойлауындағы  шығармашылық-бейнені 
қалыптастыру  үшін  келесі  тұжырымдаманы  ұсынайық:  ұлттық  музыка 
шығармасындағы  іс-әрекеттік  үдерісте  бейнеленетін  шығармашылық  ойдың 
мәнін ашу интеллектуалдық ойлау үдерісіне бағытталады.   
Тұлғаның  танымдық  қызметіндегі  келесі  психикалық  үдеріс  жады  (ес) 
болып табылады.   
Жады  (ес)  –  танымдық  саланы  қайта  келтіру  немесе  оны  қайта  қолдану 
қызметіндегі  мүмкін  болатын  өткен  тәжірибені  есте  сақтау  мен  ұйымдастыру 
үдерісі.    Сондай-ақ,  ол  өткен  субъектінің  қазіргісі  мен  болашағын 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау