кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№
269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек
қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1)
алынып тасталды - ҚР 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау,
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен
келiсу бойынша айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге
асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр
энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуіл өткізуді келіседі;
5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және қызметкерлердің өңірлік
бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасайды;
6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым
ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар қызметкерлерінің еңбек нормаларын және
еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
тәртіппен қарайды және келіседі;
белгілеген
7) Қазақстан Республикасының
айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру
заңдарында
үшін
квота белгілейді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22
№ 478-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013
№ 121-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Конституциялық заңымен; 17.01.2014
№ 165-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
19-бап. Еңбек қатынастарының субъектілері
1. Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек қатынастарының субъектілері болып табылады.
Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс
берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін орындайды.
2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтік құқықтық актілер, сот шешімдері, сондай-ақ
құрылтай құжаттары не сенімхат негізінде өздеріне берілген өкілеттіктер
шегінде қызметкерлердің
немесе жұмыс берушінің мүдделерін білдіреді.
20-бап. Еңбек қатынастарының туындау негіздері
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек
қатынастары қызметкер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының
негізінде туындайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушінің
актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасау алдында:
1) лауазымға сайлану (сайлау);
2) тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;
3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;
4) заңда уәкілеттік берілген органдардың белгіленген квота есебіне жұмысқа жіберуі;
5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.
21-бап. Белгіленген квота есебіне жіберілген
азаматтармен еңбек шартын жасасу
1. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының
айқындалған халық
заңдарында
санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілейді.
2. Жұмысқа орналасу үшін жіберілген адамдардың біліктілігі жұмыс берушінің талаптарына
сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушілер белгіленген квота шегінде олармен еңбек шартын жасасады
.
22-бап. Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Қызметкердің:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге,
толықтыруға және бұзуға;
2)
жұмыс берушіден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат
алуға;
5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы
төленуіне;
6) бос тұрып қалу үшін осы Кодекске сәйкес ақы алуға;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;
8) егер Қазақстан Республикасының
өзгеше
,
өз еңбек құқықтарының
заңдарында
көзделмесе
берілуі мен оларды қорғау үшін,
немесе басқа да бірлестіктер құру, сондай-ақ оларға
кәсіподақ
мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге;
9) өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын
әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
10) осы Кодексте көзделген тәртіппен кәсіптік даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және
өзінің біліктілігін арттыруға;
11) еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына
келтірілген зиянды өтетуге;
12) Қазақстан Республикасының
көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік
заңдарында
сақтандырылуға;
13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен
қорғауға;
15) бірдей еңбегі үшін қандай да болмасын кемсітусіз бірдей ақы алуға;
16) еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
18) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
,
заңнамасында
сондай-ақ еңбек шартында,
ұжымдық шартта
талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану
көзделген
құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;
19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде, бұл
туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас
тартуға;
20) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеуі себепті
ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
21) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жағдайларына тексеру жүргізу
туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын,
қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға
өкілдік етіп қатысуға;
22) жұмыс берушінің еңбек және сонымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы
іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;