Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
201_ жылғы «__» ____________
№___ бұйрығына
1-қосымша
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары
Жалпы ережелер
Осы Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеудің жалпы тәртібін, мөлшерін және шарттарын белгілейді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
2) жұмыс берушi – жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындар санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;
4) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;
5) мүгедек – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;
6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;
7) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2. Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тәртібі, квота белгілеудің мөлшері мен шарттары
3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүмкіндігі шектеулі адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың, болжаудың;
өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар санының;
жұмыскерлердің штаттық саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік санының;
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдауының;
квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектер арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдауының;
6) халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз ретінде тіркеген және квота бойынша жұмысқа орналасқысы келетін мүгедектер тізімінің негізінде әзірлейді.
4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектердің және мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган тиісті актімен ұсынған ұсыныстардың негізінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 6) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота бекітеді және жұмыс берушілердің назарына алдағы күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір ай қалғанша жеткізеді.
6. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы нормативтік құқықтық актіні өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ ресми интернет сайттарда орналастырады.
7. Квотаны аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның тізімдік санының пайыздық көрсетілімінде белгілейді және жыл сайын қайта қарайды.
8. Еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті санатқа жатқызылған ұйымдар үшін жұмыскерлердің тізімдік санына еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша еңбек жағдайлары ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті санатқа жатқызылған жұмыскерлер кірмейді.
9. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 3 ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.
10. Квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер жұмысқа орналастырылады.
11. Квота ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді.
Белгіленген квота көбірек бүтін санды құраған жағдайда, санды дөңгелектеу бүтін мәнге азайту жағына қарай жүргізіледі.
12. Жұмыскерлерінің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:
1) елуден жүз адамға дейін - квота жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде белгіленеді;
2) жүзден екі жүз елу адамға дейін – квота жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде белгіленеді;
3) екі жүз елуден артық адам – квота жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленеді.
13. Қазақстан Республикасының заңдарында қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда, квота белгіленбейді.
14. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектердің саны жұмыскерлердің орташа жылдық тізімдік санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.
15. Елді мекендерде еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектер болмаған жағдайда, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.
16. Ұйым үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда, күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.
17. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.
18. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес нысан бойынша үш айдан кем емес мерзімге жасалған еңбек шартымен расталған жұмыс берушінің бос немесе белгіленген квота шеңберінде ұсынылған жұмыс орындарына мүгедектерді жұмысқа орналастыруы туралы мәліметтер ұсынуы квотаны орындау болып табылады.
19. Квота есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыскерлерді жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) жұмыскерді өз еркімен жұмыстан босату жұмыстан босатылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына мiндетті түрде хабарлай отырып жүзеге асырылады.
20. Халықты жұмыспен қамту орталығы мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.
Ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы оргындарына ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
201_ жылғы «__» ____________
№___ бұйрығына
2-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ жылғы ________ айы
Индекс: 1-ЖОК
Кезеңділігі: тоқсан сайын;
Ұсынады: мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;
Нысан кімге ұсынылады: ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына. Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтары аудандардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына. Ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады;
Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.
Ұйымның атауы
|
Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
|
Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %)
|
Мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)
|
Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)
|
Мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)
|
Мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы
|
Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны
(бірлік)
|
Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер
|
Кәсіби білімі
|
Орташа айлық
жалақысы (теңге)
|
Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)
|
Жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша)
|
Басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) ________________________ _____________
басшы (қолы)
Күні 20__ жылғы «__» ____________.
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Жалпы ережелер
Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер» ақпаратын мынадай мәліметтерді:
ұйымның атауын;
жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;
квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %);
мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын;
ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота санын;
мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;
мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;
кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;
бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, оның ішінде: кәсіби білімін, орташа айлық жалақысын (теңге), еңбек және қызмет жағдайын (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі), жұмыс өтілін (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша), басқа да талаптарды (тарифтік разряд, санат) көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.
Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.
2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
3-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %) көрсетіледі.
4-бағанда мүгедектер санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
5-бағанда ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны көрсетіледі.
6-бағанда мамандықтар бойынша мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.
7-бағанда мүгедектерге арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы көрсетіледі.
8-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.
9-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің кәсіби білімі көрсетіледі.
10-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің орташа айлық жалақысы көрсетіледі.
11-бағанда жұмыскердің еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі) көрсетіледі.
12-бағанда жұмыскердің жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша) көрсетіледі.
13-бағанда бос лауазымға үміткер жұмыскерге қойылатын басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат) көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
201_ жылғы «__» ____________
№___ бұйрығына
3-қосымша
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер
Есепті кезең 20___ жылғы ________ айы
Индекс: 2-ЖОК
Кезеңділігі: тоқсан сайын;
Ұсынады: мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;
Нысан кімге ұсынылады: ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына. Ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтары аудандардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына. Ауданның халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына. Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына ұсынады;
Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.
Облыстың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.
Жұмыскерлердің тізімдік саны
(адам)
|
Белгіленген квота
(адам)
|
Квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны
(адам)
|
Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны
(адам)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) ________________________ _____________
басшы (қолы)
Күні 20__ жылғы «__» ____________. м.о.
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Жалпы ережелер
Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектерге арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты «Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер» ақпаратын мынадай мәліметтерді:
жұмыскерлердің тізімдік санын;
белгіленген квотаны;
квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің санын;
квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің санын көрсете отырып ұсынады.
Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.
Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1-бағанда жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.
2-бағанда белгіленген квота көрсетіледі.
3-бағанда квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектердің саны көрсетіледі.
4-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектердің саны көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |