23)
біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына,
сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта
көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;
25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен,
ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар.
2. Қызметкер:
1) еңбек міндеттерін еңбек шартына,
ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес
орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік
санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына
қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны
туралы жұмыс берушіге
хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған
құпияны,
мемлекеттік
,
және
құпияларды құрайтын мәліметтерді жария
қызметтік
коммерциялық
заңмен қорғалатын
өзге де
етпеуге;
7) жұмыс берушіге келтірілген зиянды осы Кодексте белгіленген шектерде өтеуге міндетті.
3. Қызметкердің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де
міндеттерді атқарады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
№ 102-V
(
алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс берушінің:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша
өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар.
Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 48-бабына сәйкес
жүзеге асырылады;
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау
мақсатында бірлестіктер
құруға және оларға кіруге;
5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің
және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға
тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің
келтірген зиянын өтетуге;
8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа
жүгінуге;
9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге;
10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға
байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
2. Жұмыс беруші:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек
шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға;
2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда
қызметкерлермен
еңбек шарттарын жасасуға;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге;
5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында
, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы
және толық мөлшерде төлеуге;
6) қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен және жұмыс берушінің
қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық
шартпен таныстыруға;
7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу,
ұжымдық шарттар жасасу,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге;
8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге және осы
Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға;
9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық
шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
10) қызметкерлерді жабдықпен,
құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін
атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына
қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға;
13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға;
14) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан
сақтандыруға;
15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың
және оларды зейнетақымен
қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және
мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен
кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге;
18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар
қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар
жүргізуге;
19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (
ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр
жұмыстардың нақты есебін
жүргізуге;
20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың біліктілігін