Жалпы бөлім 1-БӨлім. Жалпы ережелер



жүктеу 4,8 Kb.
Pdf просмотр
бет4/61
Дата21.11.2017
өлшемі4,8 Kb.
#1247
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

басымдығы; 
      6) еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын 
қамтамасыз ету; 
      7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 
      8) қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі; 
      9) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін 
бірігу құқығын қамтамасыз ету; 
      10) әлеуметтік әріптестік; 
      11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу; 
      12) қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық
бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
      5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуіне 
             жол бермеу
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен 
тәртіптен басқа, ешкімнің де еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.
      6-бап. Еңбек бостандығы
      Әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және
мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және 
қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
      7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
      1. Әркімнің де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын іске асыруға тең 
мүмкіндіктері бар.
      2. Ешкімді де өзінің еңбек құқықтарын іске асыру кезінде жынысына, жасына, дене 
кемістіктеріне, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік, әлеуметтік және лауазымдық жағдайына, 
тұратын жеріне, дінге көзқарасына, саяси сеніміне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық 
бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.
      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, еңбек делдалдығын көрсететін жеке
және заңды тұлғаның, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау үшін бос жұмыс орындары туралы 
еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарды қамтитын ақпаратты орналастыруына тыйым 
салынады.
      3. Еңбектің осы түріне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтік және құқықтық 
басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнінде мемлекеттің ерекше қамқорлығынан туындаған 
өзгешеліктер, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды.
      4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар Қазақстан 
Республикасының 
 белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы
заңдарында
.
      
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 
N 106-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу
      Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. 
      Мәжбүрлі еңбек, мынадай жұмыстарды: 


      жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және жұмысты 
орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын
жағдайда қандай да бір адамнан соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты талап етілетін; 
      төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында талап етілетін жұмыстарды қоспағанда, қандай да 
бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қаупімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам 
ерікті түрде өз қызметін ұсынбаған кез-келген жұмысты немесе қызметті білдіреді. 
       
 
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.04.29. 
N 154-IV
Заңымен.
      9-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
      1. Осы Кодекс:
      1) еңбек;
      2) еңбек қатынастарына тікелей байланысты;
      3) әлеуметтік әріптестік;
      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.
      2. Осы Кодекс, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық 
шарттарда өзгеше көзделмесе:
      1) қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері 
шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында 
орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне;
      2) жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе 
акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының 
аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.
      3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы 
Кодексте және 
 
 
 
 белгіленеді.
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
      4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, бостандықтар мен 
кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
      9-1-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік
                стандарттар
      Айлық жалақының ең төмен мөлшері, еңбекке ақы төлеудің ең төмен стандарты, күнделікті 
жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, жыл сайынғы негізгі ақылы еңбек демалысы «Ең төмен 
әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 
 
Заңына
сәйкес еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.


      
Ескерту. 1-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.05.2015 
№ 315-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік 
              тараптарының келісімдері, ұжымдық шарттар, жұмыс 
              берушінің еңбек саласындағы актілері
      1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар
еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімде және ұжымдық шартта реттеледі. 
      2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, жұмыс
беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің 
жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. 
      3. Келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары біржақты тәртіппен 
өзгертілмейді.
      
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      11-бап. Жұмыс берушінің актілері
      1. Жұмыс беруші осы Кодекске және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, еңбек шартына, 
келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады. 
      2. Жұмыс беруші осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер 
өкілдерінің келісімі бойынша немесе пікірін ескере отырып, актілер шығарады. 
      3. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, 
келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында 
көрсетілген рәсімдер сақталмай шығарылған актілері жарамсыз болып табылады және қолданылмауға 
тиіс.
      
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде 
              қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру немесе 
              олармен келісу тәртібі
      1. Жұмыс беруші осы Кодексте, келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда 
қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып немесе олармен келісе отырып актілер шығарады.
      2. Актіні шығарар алдында жұмыс беруші оның жобасын және ол бойынша негіздемені 
қызметкерлердің өкілдеріне ұсынады.
      3. Жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен асырмай 
қызметкерлердің өкілдері талқылайды.
      4. Қызметкерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда қызметкерлер 
өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың 
ұсыныстары болса жазылады.


жүктеу 4,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау