Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
144
«Технология» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін
мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
- «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі (2017жылғы
маусым-қыркүйек).
«Технология»
пәні
бойынша
оқушылардың
үй
тапсырмасын
орындаулары
оқу
процесінің
қажетті
элементтерінің
бірі.
Дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы сабақта алынған білімді бекітуге
және тереңдетуге, сабақтарда қарастырылатын тақырыптарға деген
қызығушылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Технология» пәні бойынша сағаттар саны:
- 6-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты;
- 8-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты;
- 9-сынып – аптасына 1 сағат, жылына барлығы – 34 сағатты құрайды.
«Сызу» пәні негізгі орта білім беру деңгейіндегі 9-сыныпта оқытылады.
Курс ойдың аналитикалық және жасампаз компоненттерін қалыптастырып,
білім алушының кеңістіктік ой қабілетін дамытатын негізгізі болып табылады.
Пәнді оқыту мақсаттары:
–
логикалық
және кеңістіктік ойын дамыту;
–
геометриялық білімді негізінде тәжірибелік
жұмыс дағдыларын дамыту;
–
еңбектену іс-әрекеті дағдыларын: ұзақ күш салуға және
интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты,
бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді дамыту;
–
функционалдық
графикалық сауаттылығын дамыту;
–
шығармашылық әлеуетін және эстетикалық талғамдарын дамыту.
Оқыту міндеттері:
–
бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау
негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар
мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы
білімдерін қалыптастыру;
–
әртүрлі тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары
мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін
орындауды және оқуды үйрету;
–
заттың пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы,
онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша
суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және
динамикалық кеңістіктік
ойлау қабілетін дамыту;
–
оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді,
Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;
–
кескіні бойынша затты ойша өзгерту жалпы интеллектуалдық қабілетін
қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік
ойын дамыту;
–
графикалық білімдерін жаңа жағдайларда қолдана білу, графикалық
компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.