ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Шайманова Ақзада Жүгінісқызы Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1-курс магистранты ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР - Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әлауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және осыған қажетті жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар: - ▪қауіпсіз;
- ▪қолжетімді;
- ▪әртүрлі;
- ▪мол;
- ▪мазмұнды;
- ▪көп атқарымды;
- ▪өзгермелі;
- ▪тартымды;
- ▪қызығушылық аймақтарына бөлінген;
- ▪қозғалыс ойындары аймағы тыныш ойындардан алысырақ орналастырылған.
Жас топтары бойынша заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптар: - 1) ерте жас тобында және кіші топта: танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар.
- 2) ортаңғы топта: дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар, шағын модельдер.
3) ересек және мектепалды топтарында (сыныптарында): - дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар.
- Сонымен қатар, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру барысында барлық топтарда ойыншықтар мен ойын материалдарын толықтырып отыру қажет, таңдалған тақырып бойынша баланың қызығушылығын оятып, оны тарту үшін өзгертіліп отырады. Көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.
Ойын алаңы: - - ойын жабдықтары
- - слайд
- - рокер
- - құмсалғыш
- - әткеншек
- - спорттық құрылыс
- - 15 орындық беседка
- Назарларыңызға көп-көп рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |