Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
140
бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту
қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік
эстетикалық
эталондары, өнер тілін меңгеруі негізінде қалыптасады.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық
жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке
немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау
күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек
еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және
зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу
материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны тәжірибеде іске асырудың
құралдарын береді, үшінші бөлім тапсырма тақырыбының рухани-
адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші
бөлім
бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері
мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық,
тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы
бірге) әр сабақта әртүрлі шамада кездесіп отырады. Барлық бөлімдер кешенді
түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік
болмысын көрсететін:
- «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі»;
- «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары»;
- «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне»;
- «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған.
Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел»
идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
– Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
– «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017жылғы
маусым-қыркүйек).
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6-сыныпта –
аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология» пәнін оқыту бағыты білім алушыларды материалдық
құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен
таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті
дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
141
қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының
жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
Пәнді оқытудың
мақсаты техника мен технология саласында
оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне
бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз еті, технологиялық
ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын
дамыту.
Оқыту міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген
білімін қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалауды іске
асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер
мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілеті мен еңбекке деген шығармашылық
көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек
нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде
анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, дене
және құқықтық тәрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту
барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі
мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын
көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік,
тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған
байланысты 6,8,9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша
тақырыптар беріледі.
32-кесте – 6, 8, 9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің
тақырыптары.
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі
техника және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
4. Металды қолмен және меха-
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
3. Металды қолмен және меха-
никалық өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің