Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет62/137
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1480
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
146 
 
 
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
Дене  шынықтыру  оқу  пәні  –  бұл  дене  шынықтыру  қызметі, 
оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі. 
Пәнді  оқыту  тұлғаны  қалыптастыру,  адамның  танымдық  белсенділігінің 
дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя 
сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды  
Оқыту мақсаты:  
 өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-
қозғалыс  негіздерін  игеру  арқылы  оқушылардың  дене  мәдениетін 
қалыптастыру; 
 дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуын; 
 салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі  құралдарын 
шығармашылық жолмен қолдану. 
Оқыту міндеттері: 
 денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және 
негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту
 дамыту  және  сауықтыру  бағытындағы  дене  жаттығулары,  базалық 
спорт  түрлерінің  іс-қимыл  әдістері  мен  техникасы  арқылы  қимылдық 
тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру
 дене  шынықтыру  және  спорт  туралы,  олардың  тарихы,  қазіргі  дамуы 
және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру
 өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен  қарау,  денсаулықты  сақтау  мен 
нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу
 тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс  әрекеттерінде 
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау. 
Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» 
(ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент). 
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным 
белсенділігінің  дамуы  туралы  негізгі  түсініктері  және  қауіпсіздік  техникасын 
қадағалау  мен  талап  етудің  ережелері  берілсе,  «Денені  жетілдіру»  бөлімінде 
оқушылардың  дене  дайындығын  арттыруға  бағытталған  және  жалпы  дене 
шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген. 
Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға 
айқындалған  маңызы  бар базалық  спорт  түрлерінен  (жүзу,  шаңғымен жарысу, 
спорттық  ойындар,  жеңіл  атлетика,  акробатика  элементтерімен  гимнастика) 
дене  шынықтыру  жаттығулары  мен  қозғалыс  әрекеттері  берілген. 
Қазақстандағы  дене  шынықтыру  туралы  тарихи  ерекшеліктерді  ашатын 
«Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді. 
Сабақтарда  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  және  зерттеушілік  дағдыларын 
дамытуға  бағытталған  мақсаттар  жүзеге  асырылады,  бұл  мақсаттар  оқылатын 
музыка  өнері  туындылары  бойынша  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында 
орындалады.  


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
147 
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:  
 мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс 
дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің 
материалдарымен  толықтыруға  (оқушыларға  қойылатын  негізгі  талаптарды 
жүзеге асыру барысында) құқылы; 
 «Гимнастика»  тарауын  («Жалпы  дамытатын  жаттығулар»  және 
«Ырғақты  гимнастика»  бөлімдерін)  меңгертуде  қатаң  тәртіпті  сақтау  міндетті 
емес; 
 мұғалім  апта  кестесіндегі  сабақ  санына  сәйкес  балалардың  даярлығы 
мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады; 
 оқушылардың  тактикалық  ойлауын  дамытуға,  дене  қасиеттерін 
тәрбиелеуге  әсерін  ескере  отырып,  ең  оңтайлы  қозғалыс  ойындарының 
мазмұны болуы қажет; 
 оқушылардың  қозғалыс  ойындарын  игеруін  тексеру  мақсатында 
бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс; 
 дене  шынықтыру  сабақтарының  тиімділігі  екі  параметр  бойынша 
бағаланады:  
а) жекелеген бақылау оқу нормативтерін орындау нәтижелері;  
ә) мұғалімнің таңдауы бойынша нормативтерді орындау нәтижелері. 
«Шаңғы  дайындығы»  және  «Жүзу»  тараулары  бойынша  сабақтарды 
толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды 
алмастыру  ұсынылады.  Мектеп  ұжымының  педагогикалық  кеңесінің  шешімі 
бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және 
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық,  кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы 
мүмкін. 
Оқу жылы ішінде 4 реттен кем емес жалпы мектептік «Денсаулық күні» 
өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.  
 «Дене  шынықтыру»  пәнін  оқыту  барысында  оқушыларды  топқа  бөлу 
медициналық  тексерістің  нәтижесі  көрсетілген  анықтаманың  негізінде  іске 
асырылады.  
Оқушылардың дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындаулары 
оқу  процесінің  қажетті  элементтерінің  бірі  болып  саналады.  Дұрыс 
ұйымдастырылған  жағдайда,  үй  тапсырмасы  сабақта  алынған  білімді  бекітуге 
және  тереңдетуге,  сабақта  қарастырылған  тақырыптарға  қызығушылықтарын 
қалыптастыруға  (қозғалыстарды  қайталау,  гимнастика  жасау  және  т.б.) 
мүмкіндік  береді.  Үй  тапсырмасын  тұжырымдау  барысында  оқушылардың 
жеке және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. 
«Дене  шынықтыру»  пәні  сабақтарын  ұйымдастыру  және  өткізу 
мәселелері  бойынша  мұғалімдерге  әдістемелік  көмек  көрсету  мақсатында 
Ұлттық  ғылыми-практикалық  дене  тәрбиесі  орталығы  әдістемелік  құралдар 
әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырған (www.nnpcfk.kz). 
Сабақтың,  сабақтан  тыс    және  сыныптан  тыс  іс-шаралардың  тәрбиелік 
мақсатын «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Дене  шынықтыру»  пәні  бойынша  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
ұйымдастыру  және  жоспарлау  барысында  2017-2018  оқу  жылында 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау