Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
79
Шет тілі
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың мақсаты қарапайым
деңгейде
меңгеруге
бағытталған
және
Шет
тілдерін
меңгерудің
жалпыеуропалық құзыреттіліктері (CEFR) бойынша А1 қарапайым деңгейіне
(
Breakthrough) сәйкес келеді.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34
сағатты құрайды.
3, 4-сыныптарда пәндік нәтижелер екі аспектіде көрсетілген:
3-сынып оқушылары:
1) кемінде 120 жаңа лексикалық бірлікті;
2)
синонимдер мен антонимдерді;
3) зат есімнің көпше түрін жасауды; деректі/дерексіз зат есімдерді;
some,
any белгісіздік есімдіктерін,
no болымсыз есімдігін пайдалануды;
can, may
модальдық етістіктердің болымды және болымсыз түрлерін; реттік сан
есімдерді, 100-ге дейін есептік сан есімдерді; сұраулы сөйлемдердің түрлерін
(жалпы, арнайы, альтернативті);
4)
клише-репликаларды, сөйлеу этикетінің нормаларын;
5) ағылшын тіліндегі балалар әдебиеті шығармаларын (ертегі, өлең,
ұйқастырма, санамақ, әндерді) білуі тиіс.
3-сынып оқушылары:
1) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс
ырғағын келтіре сөйлеу);
2) қатаң және үнді дауыссыздар, ұзақ және қысқа дауысты дыбыстар,
ағылшын тіліндегі ерекше
дыбыстарды ажырата білу;
3) сөйлеуде
жаңа лексиканы қолдану;
4) 3-4 репликадан тұратын этикеттік сипаттағы диалог жүргізу; диалог
көлемі диалог көлемі әр сұхбаттасушы тарапынан 3-5 репликадан тұратын
сұрастыру диалогін, әрекет етуге түрткі болатын диалогті, пікір алмасу
диалогін жүргізу;
5) нақты тақырыптық жағдайлар шеңберінде пікірін қарапайым сөздермен
жеткізу;
6) қоршаған ортаға қатысты эмоциялық-бағалық
қатынасын білдіру;
7) аудио-, бейнематериалдардың негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің
дыбысталу уақыты – 1 минутке дейін;
8) көлемі 40 сөзден аспайтын қарапайым мәтіндердің мазмұнын түсінуі;
9) жеке хат жазу, өзі туралы қысқаша ақпаратты баяндау,
коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінді жасауды білуі тиіс.
4-сынып оқушылары:
1) көлемі 450 сөзді құрайтын жаңа
лексикалық бірліктерді;
2) оқылған грамматикалық материалды (қарапайым сөйлемнің құрылымы,
өздік
есімдіктер, сын есімнің шырайлары);
3) оқытылатын тілдің елінде күнделікті қарым-қатынас жағдайларында
қабылданған мінез-құлық этикеті бойынша клише-репликаларды (сөйлеу
этикеті және іс-қимыл этикеті) білуі тиіс.
4-сынып оқушылары:
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
80
1) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс
ырғағын келтіре айту);
2)
er, -est, -y жұрнақтары арқылы сын есімдер жасау, күрделі зат есімдер
жасау:
toy shop, shoe shop, etc;
3) әр сұхбаттасушы тарапынан 4-5 репликадан тұратын этикеттік
сипаттағы диалог, сұрастыру диалогін, әрекет етуге түрткі болатын диалог,
пікір алмасу диалогін жүргізу;
4) өзі, туыстары, достары туралы (жұмыс түрі, кәсібі, қызығушылықтары
мен әуестігі, мектептегі оқуы туралы және т.б.), үй және жабайы жануарлар
туралы, жыл мезгілдері туралы
ақпараттарды ұсыну;
5) монолог көлемі 5-6 сөйлемді құрайды;
6) аудио-, бейнематериалдардың негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің
дыбысталу уақыты – 1 минутке дейін;
7) дұрыс дауыс ырғағымен және дұрыс екпінмен дауыстап мәнерлеп оқу;
8) оқудың негізгі түрлерін ажырата білу (танысу, зерделеу және, іздеу-
қарау), мәтін көлемі 50-60 сөзден артық емес;
9) жеке және электрондық хаттарды жазу, хаттың көлемі – 30-40 сөзге
дейін; өзі туралы қысқаша ақпаратты баяндау, коммуникативтік міндеттерге
сәйкес мәтіннен үзінді көшірмелер жасай білуі тиіс.
3-сыныптан бастап шет тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді жазуға арналған
сөздіктерді енгізу ұсынылады. Оқушылардың жаттығулар мен грамматикалық
тапсырмаларды орындауға арналған жұмыс дәптерлері болуы қажет.
Бақылау жұмыстарының ұсынылатын нормалары
Алған білімдерінің динамикасын анықтау мен мониторингін жасау үшін
әрбір тоқсанның аяғында бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады.
Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала
отырып, әрбір тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және
грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым – 5 тапсырма, оқылым – 5
тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға – 14-20 балл, «3» деген
баға – 1-13 балға қойылады.
Жазба жұмыстарының ұсынылатын нормалары
Жұмыстың бұл түрі оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын және жазу
дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мысалы, жеке хат, электрондық хат,
суреттегі адам туралы бірнеше сөйлем жазуды ұсынуға болады (оқушы бұл
адамның аты-жөнін, мекенжайын ойдан шығарады), мәтінді ағылшын тілінде
көшіріп жазу, оқу міндетіне сәйкес одан сөздерді теріп жазу немесе оған
сөздерді қойып жазу, үлгіге
қарап отырып, қысқаша құттықтаулар жазу:
3-сыныпта – 20-25 сөзге дейін,
4-сыныпта – 30-40 сөзге дейін.
«МАТЕМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде «Математика»
білім саласының кіріктірілген оқу пәні болып табылады. Оны оқып-білу нөл