Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
71
Оқушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін
алдыңғы сабақтардың бірінің соңындағы 10-15 минутты бөлу керек.
Тестілеудің тапсырмаларына ұқсас 1-2 тапсырманы тақтаға жазып қойып,
оларды оқушылармен бірге орындау ұсынылады.
10-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормасы
Базалық деңгей
0 - 60%
60 - 77%
77 - 90%
90 - 100%
бағасы «2»
бағасы «3»
бағасы «4»
бағасы «5»
Төмендегі 11-кестеде тоқсандар бойынша қазақ тілінен ұсынылатын
қорытынды бақылау жұмыстарының саны көрсетілген.
11-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының саны (грамматикалық
тапсырмалары бар диктанттар)
Тоқсан
3-сынып
4-сынып
Тақырыптық Бақылау Тақырыптық Бақылау
I
2
2
2
2
ІІ
2
1
2
1
III
2
1
2
1
IV
2
1
2
1
Барлығы
8
5
8
5
12-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері
Жұмыс
түрлері
Сыныптар
III
IV
I
жартыжылдық
II
жартыжылд.
I
жартыжылдық
II
жартыжылд.
Мәтінді
бақылау
ретінде
көшіру
1
2
1
1
Бақылау
шығармасы
-
-
1
-
Бақылау
мазмұндамасы
-
-
-
1
Бақылау
сөздік
диктанты
2
2
1
1
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
72
Төмендегі 13-кестеде 3, 4-сынып оқушылары үшін ұсынылатын диктант
мәтінінің көлемі көрсетілген.
13-кесте – Диктант мәтінінің көлемі
Сыныптар
Тоқсандар/сөздер саны
I
II
III
IV
3-сынып
32-35
35-40
40-55
55-60
4-сынып
63-65
65-68
68-70
70-75
Грамматикалық тапсырманы орындағандағы бағалау нормасы
«5» бағасы барлық тапсырмалар қатесіз орындалса, қойылады.
«4» бағасы оқушы кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса,
қойылады.
«3» бағасы егер оқушы тапсырмалардың 1/2 бөлігінен артығын дұрыс
орындаса, қойылады;
«2» бағасы егер оқушы кемінде тапсырмалардың 1/2 бөлігін дұрыс
орындаса, қойылады.
Мәтінді көшіріп жазудан (оқулықтан, тақтадан және т.б.) тұратын
оқушылардың жазбаша ағымдық және қорытынды тексеру жұмыстарын
жүргізуде төмендегі нормалар қолданылады:
14-кесте – Мәтінді көшірудің көлемі
Сыныптар
Тоқсандар
I
II
III
IV
3-сынып
40-45
45-50
50-55
55-60
4-сынып
63-65
65-68
68-70
70-75
15-кесте – Мәтінді көшірудің бағалау нормалары
Бағалар
3-сынып
4-сынып
«5»
қатесі жоқ
қатесі жоқ
«4»
1 қате, 1 түзету
1 қате, 1 түзету
«3»
2 қате, 1 түзету
2 қате, 1 түзету
«2»
3 қате, 1-2 түзету
3 қате, 1-2 түзету
Әдебиеттік оқу
«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және
жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және
грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
73
қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана
тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны
қалыптастыруға ықпал етеді.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі – дұрыс, мәнерлеп және
шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге
жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-
шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген
қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің
барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-
адамгершілік тәрбие беру.
Пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар
өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-
танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы
түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді меңгертеді, монолог,
диалог құруға дағдыландырады.
«Әдебиеттік оқу» пәні 3, 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып,
оқу жылы бойынша әр сыныпта 136 сағатты құрайды.
Қорытынды тексеруді ұйымдастыру үшін және оқыту нәтижелерін
бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:
- кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін);
- әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру
үшін);
- өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тест тапсырмалары;
- дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған
сұрақтары мен тапсырмалары бар мәтіндер;
- оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық
тапсырмалар және тест тапсырмалары;
- дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен
тапсырмалар (әр жартыжылдық соңында);
- іштей оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (3,
4-сыныптардың соңында);
- оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша
кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдық соңында);
- қорытынды тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды
жұмыстардың бір түрі);
- 3-сыныптан бастап балалар кітабымен жұмыс бойынша тапсырмалар
оқығандығы және өтілген шығармаларды білуі бойынша ағымдық және
қорытынды тексеруге жатады.
16-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны
Тоқсан
3-сынып
4-сынып
Тексеру
Бақылау
Тексеру
Бақылау
I
1
1
1
1
II
1
1
1
1
Достарыңызбен бөлісу: |