Ы. Алтынсарин атындағы жобб мектептің информатика пәнінің мұғалімі, «Сымсыз желілер»



жүктеу 185 Kb.
Дата25.12.2019
өлшемі185 Kb.
#24931
түріСабақ

Айнагүл Баймұратқызы Тохлиева,

БҚО, Теректі ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББ мектептің

информатика пәнінің мұғалімі,

«Сымсыз желілер»

(Қысқа мерзімді сабақ жоспары, 6-сынып)

Ұзақ мерзімді жоспардың атауы: 1-тоқсан, 1-бөлім. Компьютерлік жүйелер мен желілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.3.2-сымсыз байланыстың артықшылығын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:сымсыз технология анықтамасын білу.

Оқушылардың басым бөлігі: сымсыз технология түрлерін талдау, қосымша ақпараттарды ұсыну.

Кейбір оқушылар: берілген тапсырма арқылы практикада сымсыз желіні қосуға дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критерийі

Сымсыз технология анықтамасы, сипаттамаларын, қосымша ақпараттарды біледі;

Ноутбук арқылы сымсыз желіге қосылуды қолданады;

Сымсыз технология түрлері олардың әрекет ету қашықтығын мысалмен талдау.


Тілдік мақсаттар

Лексика мен терминология:

Сымсыз байланыс, Wi-Fi (ағылшын тілінде wirelessfidelity – сымсыз дәлдік ), WLAN, WPAN, BWA, мобильді байланыс, компьютерлік желі, компьютерлік желілер түрлері, жергілікті желі-LAN (Local Area Network)



Диалогқа/хатқа қажетті сөйлемдер: Сымсыз байланыс ұғымын білемін, артықшылықтарын атай аламын. Сымсыз байланысты қолдана аламын.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

(өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық)



Пәнаралық байланыс

ағылшын тілі, тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Сымсыз технология смартфондағы Bluetooth біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


Ұйымдастыру бөлімі

Көңіл күй тимбилдингі «Веер»

Шеңбер бойы оқушылар тұрып, Веер желпу арқылы жанында тұрған оқушыға веердің бірінші бөлігіндегі сұрақты оқиды, екінші оқушы жауап бере тұрып, келесі оқушыға веердегі сұрақты оқиды. Осылайша өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.



Веердегі сұрақтар:

1.Компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыратын және түрлі командалардың орындалуын басқаратын жүйелік программа қалай аталады? (операциялық жүйе)

2. Қолданушы мен компьютер арасындағы қарым – қатынасты қамтамасыз ететін ережелер мен құралдар жиынтығы қалай аталады? (ОЖ интерфейсі)

3. Командалық интерфейс дегеніміз не? (Алғашқы ОЖ –де компьютерді басқару үшін нұсқаулар пернетақтадан енгізіп, Enter батырмасын басу арқылы орындалатынды командалық интерфейс деп аталады.

4. Графикалық интерфейс дегеніміз не?(Бұл қазіргі ОЖ-де қолданушыға ынғайлы. Графикалық интерфейспен жұмыс істеген кезде басқару нұсқауларын пернетақтадан енгізудің қажеті жоқ. Тек қана монитор экранында орналасқан сәйкес графикалық нысанды тінтуірмен таңдау жеткілікті.

5. Windows дегеніміз не? (ОЖ)

6. Файлдар мен бумаларды не басқарады? (ОЖ)

7. Енгізу мен шығару құрылғыларын не басқарады? (ОЖ)

8. Операциялық жүйе - қатқыл дискіден мәлімет оқиды және мәлімет жөнелтеді ме? (иә)

9. Жедел жадыны не басқарады? (ОЖ)

10. Жүйе қателіктерін түзетіп, қолданушыға ескертетін не? (ОЖ)

11. Операциялық жүйенің қызметтері нешеу? (8)

12. Жұмыс үстелінде таңбашалар түрінде ОЖ-ның қандай нысандары бар? (қосымшалар, құжаттар мен бумалар. Негізгі нысаны таңбаша – корзина, компьютер, бума, браузерлер)

Дескриптор

1.Операциялық жүйе анықтамасын ұсыну.

2.ОЖ интерфейсін білуі.

3.Командылық интерфейс ұғымын біледі.

4.Графикалық интерфейс жөнінде ақпарат айтады.

5.ОЖ қызметтерін атайды.

6.ОЖ нысандарын айту.

Саралау «Жіктеу» тәсілі

Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» (мұғалім)



3 топқа бөлу.

«Беспроводные сети» бейнежазбасы

Сонымен сымсыз технологиялар дегеніміз не?

Сымсыз технологиялар – ... байланыс арқылы ... қашықтарға ақпарат ... үшін ... ететін технологиялар. (нүктенің орнына тиісті сөздерді қызмет, тасымалдау, ұзақ, кабельсіз)


А3 форматы, маркерлер

слайд


Сабақтың ортасы

20 минут

Білу, түсіну

(теория 10 минут)

(2 минут)

Тимбилдинг

1 мин

Қолдану

Практикалық жұмыс

9 минут


Жаңа тақырыппен танысу

«Өкіл» әдісі арқылы оқулықтағы мәтінмен танысу, өз ойларын А 3 форматына түсіру. (төрайымы, баяндамашы, хатшы, time keeper)



1- «Wi-Fi» тобы–«Сымсыз технология түрі Wi-Fi сипаттау және ақпарат тасымалдау үшін не қажет?»

2 -«WiMAX» тобы – «Сымсыз технология түрі WiMAX сипаттау және сымсыз технологияларды қашықтан әрекет ету ұзақтығына қарай топтастыру»

3- «Bluetooth» тобы –« Сымсыз технология түрі Bluetooth сипаттау және сымсыз желі»

Дескриптор:

Білім алушы:



  • Сымсыз технология түрі Wi-Fi сипаттайды және ақпарат тасымалдау үшін не қажет екенін біледі;

  • Сымсыз технология түрі WiMAX сипаттайды және сымсыз технологияды қашықтықтан әрекет ету ұзақтығын топтастырады;

  • Сымсыз технология түрі Bluetooth сипаттайды және сымсыз желі жөнінде қызықты ақпарат береді;

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі.

1-топтың тапсырмасын 2-топ қорғайды;

2-топтың тапсырмасын 3-топ қорғайды;

3-топтың тапсырмасын 1-топ қорғайды.

«Менің қалпағым»

Менің қалпағым ұшбұрышты,

Үшбұрышты менің қалпағым.

Егер менің қалпағым үшбұрышты болмаса,

Онда ол менің қалпағым емес.

Жеке орындалатын практикалық жұмыс.

«Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі

3 түрлі стакан бойынша бір – біріне көмек көрсетеді.

- көмек қажет; (қызыл)

- орындай аламын; (жасыл)



  • сұрақ (сары)

Компьютер немесе ноутбукті бапталған Интернетке қосу үшін мына әрекеттерді орындаңдар.

  1. Тапсырмалар тақтасында (төменгі оң жақ бұрышта орналасқан) желі белгішесін басыңдар.

  2. Қолжетімді желілер тізімінен өздеріңе белгілі желіні таңдап, Қосылу (Подключение) батырмасын басыңдар.

  3. Пайда болған сұхбат терезесінде желінің құпия сөзін енгізіңдер.

  4. Ок батырмасын басыңдар.

Дескриптор:

  • Тапсырмалар тақтасындағы желі белгішесін басу;

  • Қолжетімді желіні белгілеп, Қосылу батырмасын шерту;

  • Сұхбат терезесінен желінің құпия сөзін енгізу;

Саралау «Қорытынды» тәсілі

Қ.Б. «Мадақтау» арқылы мұғалім оқушыларға «Жарайсың! Керемет! Тамаша! Сенің қолыңнан келеді!» деп вербалды бағалайды.

6-сынып оқулығы А3 форматы, маркерлер

3 түрлі стакандар

6-сынып оқулығы


Сабақтың соңы

Талдау, жинақтау

4 минут

1 минут

Рефлексия

3 минут

«Үш бөлімді күнделік» кестесін толтыру.

Сымсыз технология түрлері

Әрекет ету қашықтығы

Мысалы

Сымсыз дербес желілер










100 метрге дейін










WiMAX

Дескриптор:

  • Сымсыз технология түрлерін табу;

  • Әрекет ету қашықтығын анықтау;

  • Мысалдар келтіру.

Саралау: «Тапсырма» тәсілі.

Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек»



Қосымша тапсырма: Сымсыз байланыстың екі артықшылығын келтіріңіз.

Үйге тапсырма: Кестені толтыру. Сымсыз технологияға түсініктеме беру.

Сымсыз технология түрлері

Wi - Fi




WiMAX




Bluetooth




«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы

оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:



  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • енді мен......аламын.



А3форматы, маркерлер

таратпа қима қағаз



Саралау

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздікк техникасын сақтау

Оқушыларды тапсырмаларды орындау қажеттілігіне қарай саралау тәсілдері:

«Диалог және қолдау көрсету»

«Қорытынды» тәсілі

«Тапсырма» тәсілі.

Оқыту үшін және оқуды бағалауда қалыптастырушы бағалауды қолдандым:

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»;

  • «Бағдаршам»;

  • «Мадақтау»;

  • «Аяқталмаған сөйлем»



Тапсырмалар арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. Техникалық қауіпсіздік ережесін сабақ барсында естеріне салып отыру

Сабақ бойынша рефлексия





жүктеу 185 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау